7
қатынасқа
жатпайды және одан
әрі белсенді
сөздік қорында
пайдаланылмайды, көрген немесе естілгеннің көрінісі болып қалады. Өзінің
белсенді сөйлеу тілі жоқ болса, олардың сөйлеуін түсіну үлкен мәселе болып
қалады. Мысалы, балалар өзіне айтылған ең қарапайым нұсқауларды
түсінбеуі мүмкін, бірақ, сирек жағдайларда болса да, оларға қатысы жоқ
айналасындағылардың әңгімелерінен естіген күрделі ақпараттарды қабылдай
алады.
Бірінші топтағы балалар сурет салынған карточкалардың көмегімен
коммуникация дағдыларын меңгереді, кейбір жағдайларда жазбаша сөйлеуді
компьютер клавиатурасының көмегімен меңгереді. Олар сенсомоторлы
тапсырмаларды шешу кезінде қосымша бетбелгілері, формалар қораптары
бар тақтайлармен жұмыс жасауда өздерінің қабілеттерін көрсете алады.
Алайда, олар
мұндай конструкцияларды мақсатсыз бір іс
-
әрекет
арқылы
орындайды және дұрыс аяқтайды. Бұл балалардың ақыл
-
ойы тұрмыстық
құралдармен, телефондармен, компьютерлермен және басқа да техникамен
әрекеттестікте
көрінеді [4].
Бірінші топтағы балалардағы аутизм дамудың
ең нашар болжамына ие,
өйткені
ол барынша тереңдігімен және күрделілігімен сипатталады. Соның
салдарынан балалар тұрақты күтімді қажет етеді
.
О. С. Никольская жетекші
патопсихологиялық синдром ретінде сыртқы ортадан оқшаулануды
анықтайды.
Сонымен қатар, бірінші топтың аутистік балалары қоршаған ортадан
адамды бөліп, ажырата алады, оларда қарым
-
қатынас
қажеттілігі
мен
жақындарына бауыр басу болады. Олар жақындары мен бөтен адамдарды
ажыратады, бұл тактильді байланыстан және кеңістіктегі ара қашықтықтан
көрінеді. Балалар ересектермен қарым
-
қатынасты
барынша білдіруге
тырысады: қолдарынан ұстайды, ересектердің қолымен оларға қажетті
нәрсені көрсете алады, сол арқылы оны беруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: