Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет6/48
Дата25.11.2023
өлшемі464,98 Kb.
#125802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Бірінші 
топтағы 
балаларды 
түзету
-
дамыту 
үдерісінде 
ересектермен толық өзара іс
-
әрекет
 
жасауға, құрдастарымен 
қарым
-
қатынасқа
 
біртіндеп тартуға, әлеуметтік
-
тұрмыстық 
дағдылар мен коммуникация дағдыларын қалыптастыруға 
және эмоциялық қарым
-
қатынас
 
орнатуға болады. Бұл 
жұмыстың нәтижесі баланың эмоционалдық, интеллектуалдық 
және әлеуметтік дамуының мүмкіндіктерін ашады

Екінші топ.
Келесі сатыда аутистік дизонтогенез ауырлығы бойынша 
балалардың екінші тобы орналасқан. Бұл балалар қоршаған ортамен қарым
-
қатынасты
дамытуда белсендірек болады. Екінші топтағы балаларда 
өздерінің
үйреншікті
өмір
түрлері қалыптасады, алайда олар қатаң шектелген 
ережелерін өзгертпеуге тырысады. Балалардың қоршаған ортадағы 
тұрақтылықты сақтауға, өмірдің әдеттегі тәртібімен, атап айтқанда: 
тамақтағы, киімдегі, серуендеу бағытындағы таңдаулылық тән
[3].
Балалар қалыпты жағдайда қарым
-
қатынас
жасауда тыныш және
ашық 
болуы мүмкін. Бұл жағдайда олар әлеуметтік
-
тұрмыстық дағдыларды оңай 



игереді және оларды болжамды жағдайларда қолданады. Қалыптасқан 
дағдылары өте берік, бірақ олар қалыптасқан әдеттегі жағдайларға өте қатты 
байланысты және жаңа өмірлік жағдайларға қиындықпен ауыстырылады. 
Сөйлеу тілі штамптармен сипатталады. Баланың талаптары мен 
өтініштері
сөздермен және сөз тіркестерімен екінші немесе үшінші жақта 
айтылады. Бұл сөздер эхолалиялар немесе әндер мен мультфильмдерден 
алынған сөздер негізінде қалыптасады. Сөйлеу тілі стереотипті, 
коммуникативтік қызметке жатпайды және белгілі бір жағдаймен 
байланысты болады.
Моторлы және стереотиптік сөйлеу әрекеттері, аутостимуляциялар 
екінші топтағы балаларда айқын білінеді. Бұл қарапайым стереотиптік 
әрекеттер, сондай
-
ақ күрделі математикалық операциялар болуы мүмкін. Кез 
келген жағдайда, бұл стереотипті түрде бір әрекеттің қайталана беруі. 
Баланың стереотиптік іс
-
әрекеттері
оған ішкі күйлерді тұрақтандыру және 
сырттан келген қауіпті әсерлерден қорғау үшін маңызды. Сәтті түзету 
жұмысы кезінде мұндай аутостимуляцияға қажеттілік бала үшін 
маңыздылығын жоғалтуы мүмкін, тиісінше стереотиптік әрекеттер барынша 
азайтылады. Баланың іс жүзінде іске асырылмайтын мүмкіндіктері бар, олар: 
бірегей жады, музыкалық есту қабілеті, әртүрлі
сипаттағы дарындылық 
болуы мүмкін. Түзете оқыту жағдайында балалардың бір бөлігі 
бағдарламаны арнайы ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін 
мектептерде де меңгере алады. Алайда, бұл білімді нақты өмірде бала 
пайдалана алмайтын механикалық білім болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет