Қорытынды.
1. Сауалнамалық пікіртерімнің нәтижелері ЖОО-ны таңдау мен ол туралы
ақпараттану дәрежесінің арасындағы өзара әрекет деңгейі туралы қорытынды
жасауға мүмкіндік береді. Талапкердің ЖОО туралы ақпараты неғұрлым толық болса, соғұрлым оған
ЖОО-ны таңдау оңай.
2. Ақпараттың біршама толық болуы талапкерге қазіргі білім беру қызметі нарығын ескере отырып,
ЖОО мен мамандықты таңдау жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
3. ЖОО-ның нарықта орнығуының айқын стратегиясы болғанда, ақпарат арналарын басқарудың
және ұсынылатын білім беру қызметі туралы халықты ақпараттандырудың тиімді әдістері болғанда,
ақпараттық саясаты жүйелі және тиімді болады.
Әдебиеттер:
1. Степанова О.Н. Маркетинг в сфере физической культуры и спорта. – М.:
Советский спорт, 2003. – 240 с.
2. Котлер Ф. Основы маркетинга. – М., 1992. – 145 с.
3. Бекболатулы Ж. Основы рекламы: учебное пособие. – Алматы, 2009. –
102с.
***
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
113
Дошыбеков А.Б., Андрущишин И.Ф.
Особенности спортивного маркетинга высшего образования Республики
Казахстан
Развитие системы высшего образования характеризуется в настоящее
время широким выбором и значительной конкуренцией предоставляемых
образовательных услуг государственными и негосударственными образовательными
учреждениями. В условиях информационного общества новое поколение
потребителей образовательных услуг переносит часть своей деятельности в
электронную среду. Это создает новые возможности для маркетинговых
исследований вуза за счет сочетания преимуществ классических методов
исследования
и
интерактивных,
основанных
на
интернет-технологиях.
Использование таких технологий имеет специфику применения на различных
стадиях разработки и продвижения образовательных программ вуза, в
маркетинговых исследованиях с различными целями, но в целом служит единой цели
– повысить качество проводимых исследований и их прикладного результата.
Ключевые слова: маркетинг, абитуриент, инфармационный прогресс,
специальность.
***
Doshybekov A.B., Andruschishin I.F
Features of sports marketing of the higher education of the Republic of Kazakhstan
The development of the higher education system is currently defined by extensive
range of optionsand significant competition of educational services in public and private
educational institutions. In the information society a new generation of consumers of
educational services transfers part of their activities in the electronic environment. This
creates new opportunities for marketing research of university by combining advantages of
classic and interactive research methods based on Internet technologies. The use of such
technologies has the specificity of the application at various stages of development and
promotion of educational programs of university in marketing research for various
purposes, but in general it serves a common goal which is to improve the quality of the
researches and their applied results.
Keywords: marketing, entrant, information progress, specialty.
***
ӘОЖ 373 (075.8)
Иргалиев А.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
E- mail:
asylbek_78@mail.ru
Жумасейтова А.Е. – Батыс Қазақстан гуманитарлық
академиясының магистранты
E- mail: islamarai@mail.ru
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МОДЕЛІ
Аннотация. Мақалада қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетте
«кәсіби» және «психофизиологиялық» дайындық ұғымдары, педагогикалық іс-әрекет
құрылымы мен мазмұны, психофизиологиялық дайындықтың компоненттерін,
кәсіби-шығармашылық қабілеттерінің құрамдық бөліктері, педагогикалық іс-әрекет
үшін маңыды мұғалімнің психологиялық
қасиеттері, жоғары оқу орнының
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
114
студенттерінің психологиялық дайындығының 3 компоненттері (интеллектуалдық,
эмоциялық-еріктік, коммуникативтік-тұлғааралық) сипатталады.
Кілт сөздер: кәсіби дайындық, психофизиологиялық дайындық, кәсіби-
шығармашылық қабілеттер, мұғалімнің психологиялық қасиеттері, студенттерінің
психологиялық дайындығының компоненттері.
Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық әдебиетте адамның еңбекке, түрлі
іс-әрекеттерге дайындығының феномені туралы кең ауқымды теориялық және
эксперименттік материал жинақталып, дайындық ұғымына анықтама беріліп,
дайындықтың мазмұны, құрылымы, негізгі параметрлері мен оның байқалу
динамикасына,
ұзақтығына
және
тұрақтылығына
ықпалы
анықталған
(Д.И.Водзинский, А.Д. Ганюшкин, М.И. Дьяченко, А.С. Иргалиев, А.А. Калюжный,
Л.А. Кандыбович, А.А. Қалыбекова, Қ.С. Ұспанов, А.А. Молдажанова,
Ә.М.Мұханбетжанова, А.Б. Ынтықбаева, Б.А. Утегенова, П.Р. Чамата және
басқалары).
Жалпы педагогикалық мәселелерді зерттеу саласында дайындық, мектепке
дайындық, жоғары оқу орнында оқуға дайындық, кәсіби іс-әрекеттің белгілі бір
түрлерін орындауға дайындық, педагогикалық міндеттер немесе күрделі
жағдаяттарды шешуге, т.б. дайындық ретінде қарастырылады.
Қолданыстағы тәсілдемелерді талдағанда көретініміз, көбінесе дайындық
сананың, психиканың, функциялық жүйелердің жауапты сәттердегі немесе жауапты
әрекеттерге дайындалу жағдайындағы күйі ретінде зерттеледі. Дайындық субъектінің
жоғары деңгейде әрекет етуге қабілеттілігі, мүмкіндік алуы ретінде көрсетіліп, еңбек
жағдайларына, кәсіби жетілу мен біліктілікті арттыру жағдайларына тез бейімделудің
шешуші қасиеттеріне негізделеді.
Бұл зерттеуде дайындық бізді ең алдымен кәсіби дайындық, яғни белгілі бір
кәсіби іс-әрекетті орындауға өзін қабілеттімін деп санайтын және оны орындауға
тырысатын тұлғаның субъективті күйі ретінде қызықтырады.
Айтар болсақ, қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетте «кәсіби» және
«психофизиологиялық» дайындық ұғымдарының ажыратылуы жиі кездеседі. Бір
авторлар (көпшілігі) кәсіби дайындықты кеңірек ауқымда қарастырып, оның аясында
психофизиологиялық дайындықты бөлек көрсетеді (В.А. Моляко, В.А. Сластенин,
А.Г. Мороз және басқалары), басқалары (К.К. Платонов) - керісінше пайымдайды
(психофизиологиялық дайындық аясынан кәсіби дайындықты бөліп көрсетеді),
үшіншілері - оларды тұлғалық және функциялық деңгейлердегі екі өзара бөлек,
дербес дайындық түрі ретінде ажыратады (А.Г. Ковалев).
Біздің ойымызша, психофизиологиялық дайындық белгілі бір жүйе ретінде
кәсіби дайындықтың маңызды компоненті болып табылады, тұтас жүйенің барлық
маңызды қасиеттеріне ие, алайда бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бар.
Психофизиологиялық дайындықтың кәсіби дайындықтың элементі ретіндегі деңгейі
кәсіби іс-әрекеттің табыстылығынан байқалады.
Жалпы алғанда кәсіби іс-әрекетке дайындық іс-әрекетті туындататын тұлғаның
белсенді күйі; іс-әрекет салдары; кәсіби жағдайлар мен міндеттерге беталыстарын
анықтаушы қасиеттер; мақсатқа лайықты іс-әрекеттің алғышарты, оның реттемесі,
тұрақтылық, тиімділігі, субъект іс-әрекетінің жалпы жағдайлар ағынындағы формасы
ретінде қарастырылады.
Көптеген ғалымдар мазмұны жөнінен қарастырылатын дайындықтың келесі
компоненттерін бөліп көрсетеді:
- мұғалім мамандығына деген оң көзқарас, педагог іс-әрекетінің белгілі бір
түрлеріне деген оң беталыс;
- тұрақты кәсіби қызығушылықтар; педагогикалық іс-әрекеттің тұрақты
мотивтері;
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
115
- нәтижелер үшін жауапкершілікті сезіну;
- кәсіби іс-әрекеттің тұлға қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне
сәйкестігі;
- мамандық үшін маңызды білім, білік, дағдылар, оларды жұмылдырып,
белсендіруге қабілеттілік;
- дамыған педагогикалық қабілеттер; кәсіби міндеттерді шешудегі дербестік;
- эмоциялық, еріктік, сезім саласының дамуы (шабыттанушылық, табысына
сенімділік, өзін-өзі басқара алу, күмәнділікті, қорқыныш-үрейді жеңу, т.б.);
- қабылдау, зейін, ойлаудың тұрақты, мамандық үшін маңызды ерекшеліктері.
Оның үстіне кәсіби іс-әрекетке дайындық кәсіби дайындықтың салдары болып
табылады.
Біз кәсіби іс-әрекетке дайындықты әрі психикалық күй, әрі тұлғаның
қасиеттері ретінде қарастыруға бейімбіз.
Педагогикалық іс-әрекет құрылымы мен мазмұны, кәсіби дайындық (соның
ішінде кәсіби педагогикалық іс-әрекетке дайындық) мәселеріне қатысты
қолданыстағы ғылыми тәсілдемелерді (М.В. Гамезо, И.А. Зимняя, А.К. Маркова,
Л.Ф. Спирин, А.И. Щербаков, және басқалары) талдаған кезде біз қарастырып жатқан
дайындықтың екі негізгі құрамды бөлігін бөліп көрсете аламыз:
А) психологиялық;
Б) әрекеттік.
Әрекеттік
дайындыққа
сәйкес
келесі
компоненттерді
ажыратамыз:
құрастырушылық,
ұйымдастырушылық,
коммуникативтік,
гностикалық.
Психофизиологиялық дайындықта - мотивациялық-құндылықтық; когнитивтік-
бағалаушылық; эмоциялық-сезімдік; ұйымдастырушылық-тұлғалық және әлеуметтік-
перцептивтік компоненттер.
Бастапқыда психофизиологиялық дайындықтың келесідей компоненттерін
қарастырайық:
1.
Мотивациялық-құндылықтық
компонент.
Дайындықтың
бұл
компонентінің құрамына біз балаларға, педагог еңбегіне деген сүйіспеншілікті,
жауапкершілік сезімін, балаларды оқыту мен тәрбиелеуге деген ықыласты,
балалармен жұмыс жасауға деген қажеттілікті, педагогикалық мамандықты
құндылық деп қабылдауды қосамыз.
Балаларға деген сүйіспеншілік педагогқа шексіз қайрат сыйлайды, ол оның
жекелеген мінез-құлық әрекеттерін бағыттап қана қоймай, өміріне мән береді,
педагогтың кәсіби маман ретінде өзін-өзі табуына көмектеседі. Балаларға деген
кәсіби сүйіспеншіліктің ерекшелігі сол - ол педагогқа тәрбиеленушілерінің рухани
өсіп-өнуін көруге, әр баланы түсініп, оны ерекшеліктері, ынтасы, өзіндік ойлау тәсілі,
мінез-құлқы қалыптасқан адам ретінде, жоғары құндылық ретінде, қайталанбас дара
тұлға ретінде қабылдауға көмектеседі.
Бұл мотив тұлғаға бағытталған педагогикалық өзара әрекеттесу жағдайында
көрініс береді - біріншіден, баланың тұлғалық бастамасын күшейту жөніндегі
мақсатқа сай іс-әрекетте, оның бойындағы әлеуметтік және тұлғалық құндылыққа ие
бұғып жатқан мүмкіндіктерін ашуға ұмтылуда, осылайша оның тұлға ретіндегі өзін-
өзі орнықтыру перспективаларында; екіншіден, баланың өзіндік «Менін»
орнықтыруда, оның өзін-өзі таныту қабілеттерін дамытуға ынталы болуда, тұлғаға
айналу қажеттіліктерін қалыптастыруда.
2.
Когнитивтік-бағалаушылық
компонент
студенттердің
болашақ
мамандық туралы ұғынымдарынан, олардың өз педагогикалық мүмкіндіктерін
бағалай білуден тұрады. Ұғыным - бұл еске алу немесе өнімді түрде көз алдына
елестету негізінде туындайтын заттардың, көріністер мен оқиғалардың бейнелері.
Болашақ педагогтың келешек кәсібіне қатысты ұғынымдары неғұрлым
айшықты болса, ол іс-әрекет міндеттерін
соғұрлым жақсы түсініп, мақсатқа
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
116
жетуге лайықты, дұрыс шешімдерді қабылдап, оларды дұрыс орындайды. Олар
кәсіби іс-әрекеттің күтілетін шарттарының өзіндік ішкі моделі болып табылады,
университетте алынған білімді болашақта «қолдануға келетін» және «қолдануға
келмейтін» деп бөлуге көмектесетін бағдаршалар ретінде қызмет етеді, кәсіби
қасиеттердің, дағдылардың пайда болуына, студенттердің оқу үрдісіне дұрыс
қатынасының қалыптасуына ықпал етеді.
3. Ұйымдастырушылық-тұлғалық компонент болашақ педагогтың келесі
негізгі кәсіби маңызды қасиеттерінен тұрады:
1) балаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік педагогикалық іс-әрекетке
деген қажеттіліктің, әділдіктің, педагогикалық қырағылық пен байқағыштықтың,
педагогикалық әдептіліктің, педагогикалық қиял, тіл табысқыштық, талап
қойғыштық, табандылық, мақсатқа ұмтылғыштық, ұйымдастырушылық қабілеттер,
байыптылық және ұстамдылық, кәсіби жұмысқа жарамдылықтың көрінісі ретінде;
2) баланы түсіне білу, оның психологиялық ерекшеліктерін, мінез-құлқын оңай
тану, білімінің, сенімдерінің, моралдық қасиеттерінің деңгейін дұрыс анықтай алу;
балаларға оқу материалын жетімді тілмен түсіндіруге қабілеттілік; оқушыларды
қызықтыра білу, олардың бойында энтузиазм (білуге деген құштарлықты) ояту,
қызықтыру, сәйкесінше эмоцияларын туындату; адамдарды сендіре білу;
ұйымдастырушылық қабілеттер; педагогикалық такт; талап қойғыштық, балаларға
жеке тәсілдемені таңдау, өз жұмысының нәтижелерін көре білу, шығармашылық
жұмысқа қабілеттілік; белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға сай шұғыл және уақытылы
әрекет етуге қабілетті болу;
3) азаматтық жауапкершілігінің, әлеуметтік белсенділігінің, балаларға деген
сүйіспеншілігінің жоғары болуы, оларға шын жүрегімен берілу, шынайы зиялылық,
рухани мәдениеттілік, басқа адамдармен жұмыс жасай білу және қажетсіну, кәсіби
шеберлілік,
ғылыми-педагогикалық ойлаудың
инновациялық
стилі,
жаңа
құндылықтарды жасақтауға және шығармашылық шешім қабылдауға дайын болу,
толықтай өзін-өзі жетілдіру мен өз білімін арттыруға дайындық, физикалық және
психикалық денсаулық, кәсіби жұмысқа жарамдылық (И.Б. Котова мен Е.Н.
Шиянов).
4. Дайындықтың әлеуметтік-перцептивтік компоненті сәйкестендіру, эмпатия,
аттракция, рефлексия механизмдеріне негізделеді. Бұл компоненттің ерекшелігі сол -
онда тұлғаға бағытталған педагогикалық өзара әрекеттесудің сипаттамалары
анығырақ қарастырылған.
Сәйкестендіру - бұл басқа адамды танып-білу тәсілі, оның ішкі жан-дүниесі
туралы пайымдарын серігінің орнына өзін қойып көріп негіздейді, яғни өзін басқа
субъектімен теңдестіреді. Эмпатия - бұл басқа адамдарға эмоциялық сезімдері
арқылы тілектестігін білдіру немесе басқалардың сезімдерін түсіну. Эмоциялық
үндесу арқылы біз басқалардың ішкі күйін түсіне аламыз. Эмпатия басқа адамның
ішінде болып жатқан нәрселерді ұғынуға, оның тебіреністерін, қоршаған әлемді
қалай қабылдайтынын елестетуге негізделген. Эмпатия неғұрлым жоғары болған
сайын, адам соғұрлым басқа адамдардың ішіндегісін жақсы елестетіп, бір оқиғаны
әртүрлі адамдардың қалай қабылдайтынын түсінуге қабілетті болады, түрлі
көзқарастардың туындауын заңдылық деп қабылдауға бейім болады.
5. Дайындықтың эмоциялық-сезімдік компоненті педагог тұлғасының сезім
саласының даму деңгейін оның эмоцияларының сан қырлары арқылы анықтайды.
Басты қасиеттерде біз интеллектуалдық, эстетикалық және адамгершілік сезімдерді
бөлек айырамыз. Олар тұлғаның таңдану, күмәндану, қызығушылық білдіру,
эстетикалық ләззат алу, махаббат, басқаның күйзелісіне ортақтасу, жақсылық тілеу,
адал болу, адамгершілік, ізгілік танытуы арқылы көрсетіледі.
Эмоциялық сала тұлғаны, оның ерекше өмірлік құндылықтарын дамытудың
өзіндік реттегіші болып табылады.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
117
Әртүрлі зерттеушілер педагогтың кәсіби-шығармашылық қабілеттерінің
құрамдық бөліктерінің құрамы әртүрлі екенін көрсетеді. Айталық, мысалы, А.И.
Щербаков педагог тұлғасының келесідей жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін
бөліп көрсетеді, оның кәсіби-шығармашылық жетістіктерінің деңгейі олардың
дамуына байланысты: жоғары танымдық қызығушылықтар, балаларға деген
сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге деген қажеттілік, мінездің мықтылығы
мен жігерлілігі, дербестік пен іскерлік, педагогикалық қабілеттер (мұғалімнің баланы
дұрыс қабылдауы, педагогикалық болжамдау) және практикалық дағдылар мен
біліктер: жалпы педагогикалық (ақпараттық, дамытушы-жұмылдырушылық),
бағдарлық, жалпы еңбектік, коммуникативтік, өз білімін дамытушылық [1].
Педагогикалық қабілеттерді талдаудың басқа да тәсілдемелері бар. Мысалы,
Н.В. Кузьмина келесілерді бөліп көрсетеді: коммуникативтік, ұйымдастырушылық,
гностикалық [2]. Әрине, бөліп алынған педагогикалық қабілеттердің әрқайсысы түрлі
жағдайларда, соның ішінде шығармашылық жағдайында байқалуы мүмкін, мұндағы
педагогтың шығармашылығы студенттерге көрсетіліп, олар оны меңгеріп алады.
Сондықтан педагогтың шығармашылық тұлға ретіндегі маңызды қасиеттерінің бірі -
бұл эмпатияның айрықша жоғары деңгейі немесе В.Левидің кітабының атымен
айтатын болсақ: «Басқаларды түсіну өнері» [3].
Арнайы педагогикалық қабілеттердің деңгейі тереңіректен, мұғалімнің өз
оқушыларының
даму
ерекшеліктері
туралы
алатын
ақпаратының
жан-
жақтылығынан, өз іс-әрекетін қайта құру жылдамдығынан көрінеді. Арнайы
педагогикалық қабілеттердің ішінде мұғалімнің іс-әрекетіне немесе тәрбиешінің
жұмысына да жатпайтын, екеуіне де қатысы бірдей ерекше қабілеттер бар. Бұл
педагогикалық қарым-қатынасқа деген қабілеттілік. В.А. Кан-Калик осы қабілеттерді
көп жылдар бойы зерттеп, педагогикалық еңбектің құрылымында 200 астам
компонент барын анықтаған [4, 5-13 бб.]. Қарым-қатынас оның ең күрделі
жақтарының бірі, өйткені педагогикалық жұмыстағы ең маңызды іс - мұғалім
тұлғасының оқушы тұлғасына ықпалы –осы арқылы жүзеге асырылады.
А.К. Маркова және Л.М. Митина сияқты бірқатар авторлар педагогикалық іс-
әрекет үшін маңыды мұғалімнің келесі психологиялық қасиеттеріне тоқталады [5, 5-
18 бб.]. Оларды тізіп өтейік.
Педагогикалық эрудиция - мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу
кезінде икемді пайдалана алатын қазіргі заманға лайық білімінің қоры.
Педагогикалық мақсат қою - мұғалімнің өз еңбегін жоспарлауға деген
қажеттілігі, міндеттерді педагогикалық жағдайға сай өзгерте білуге дайындық.
«Педагогикалық мақсат қою - бұл мұғалімнің қоғам мақсаттары мен өз мақсаттарын
біріктіріп, оларды соңынан оқушыларға қабылдаулары мен талқылауы үшін ұсынуға
қабілеттілігі» [6, 54 б.].
Педагогикалық жағдайларды талдау барысында жағдайларды салыстыру және
жіктеу, олардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау арқылы педагогикалық іс-
әрекеттің көзден таса, сырттай көрсетілмеген қасиеттерін анықтау үрдісінде
педагогикалық ойлау қалыптасады.
Бұл жерде практикалық педагогикалық ойлау ерекше қызықтырады. Бұл
теориялық заңдылықтарды пайдалана отырып, нақты жағдайларды талдау және
соның негізінде педагогикалық шешімдерді қабылдау болып табылады.
Мұғалімнің ойлау қабілетін талдау үшін оның екі түрін қатар қойып қарастыру
қажет: аналитикалық дискурсивтік (уақыты созылған, анық білінген кезеңдері бар)
және интуитивтік ойлау қабілеті (тез өтетіндігімен сипатталады, анық білінген
кезеңдері жоқ, санадан өткізілмеген).
Мұғалім оқушыны және өзін-өзі танып-білу барысында басқа да қабілеттерді
жетілдіреді. Педагогикалық байқағыштық, қырағылық, педагогикалық есту қабілеті,
педагогикалық оптимизм, педагогикалық
тапқырлық.
Педагогикалық
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
118
болжамдай білу - оқушылардың педагогикалық жағдайлар басталғаннан аяқталғанға
дейінгі мінез-құлқы мен реакциясын жорамалдай білу. Педагогикалық рефлексия -
мұғалім санасының өзіне қарай бағытталуы, оқушылардың мұғалім іс-әрекеті туралы
ұғынымдарын және мұғалімнің оқушы іс-әрекетін қалай түсінетіні туралы
ұғынымдарын есепке алу.
Педагогикалық іс-әрекеттің колледждің білім беру үрдісіндегі аталған
бағыттарының жүзеге асырылуы олардың тиісті қағидаттарға сүйенуін талап етеді.
Біздің пікірімізше, студенттермен жұмыста ең тиімді қағидаттар келесідей:
- жүйелілік және оңтайлылық қағидаты аталған дайындықтың қалыптасу
мақсаттарының, мазмұнының, формаларының, әдістері мен тәсілдерінің бұл үрдіс
нәтижелеріне берілген бағаға сәйкес келуін талап етеді. Үрдістің жүйелілігі,
тұтастығы көбінесе теориялық және әдіснамалық негіздердің дамуымен, талданып,
ой елегінен өткізілуімен қамтамасыз етіледі.
- ЖОО білім беру ортасында өз білімін көтеру мен ұйымдастырылған
білім беру-қалыптастырудың өзара әрекеттесуінің бірлігі қағидаты, бір
жағынан, өз білімін көтеру мотивтерінің дамуына, кәсіби өрлеуді жетілдіруге, ал
екінші жағынан, болашақ мұғалімнің құзыреттілігі қалыптасатын рефлексиялық-
инновациялық ортаны құруға бағытталады.
- болашақ педагогтың тұлғаға бағдарланған тәсілдемені жүзеге асыруға
кәсіби дайындығын қалыптастыру үрдісін басқарудың сызықтық емес қағидаты оның
гуманистік бағыттылығынан көрінеді.
- ресурстардың шектеулілігін есепке алу қағидаты, өйткені ЖОО
ресурстары мен білім беру әлеуеті педагогикалық іс-әрекетті игеру тұрғысынан
алғанда шектеулі, қалыптастыру стратегиясы бойынша болашақ педагогтың
Достарыңызбен бөлісу: |