Республики казахстан


СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ТЕХНИКАСЫН



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ТЕХНИКАСЫН  
ОҚЫТУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУ   
 
Аннотация:    Мақалада  студенттердің  жеңіл  атлетика  сабағында  қысқа 
қашықтыққа  жүгіру  техникасын  оқытуды  жеңілдету  мақсатында  алға  қойылған 
міндеттер бойынша жұмыстануға басты назар аударады.  
Кілт  сөздер:  жеңіл  атлетика,  қысқа 
қашықтыққа жүгіру, міндет, студент, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
184 
техника, төменгі сөре,  жылдамдық,   жаттығу. 
 
Жеңіл  атлетика  студенттердің  жаппай  айналысатын  көпшілікке  танымал  
спорттың  тарихи  бай  түрі  болып  табылады.  Жүгіру,  секіру  және  лақтыру  адам 
баласының  еңбегіне  және  күн  көрісіне  қажетті  болғандықтан  адам  баласымен  бірге 
дүниеге  келген.    Көптеген  адамдар  әлемнің  түкпір-түкпірінде  жеңіл  атлетикамен 
айналысып, спорттың ең танымал көпшілік сипатына  ие болды.  
Ерте  жастан  бастап  жеңіл  атлетика  жаттығулары  мектепке  дейінгі 
мекемелерде,  мектептерде,  орта  және  жоғарғы  оқу  орындарында  қолданылады. 
Жеңіл  атлетика  жаттығулары  ағзаның  барлық  жүйелерінің  қызметін  жақсартып,  әр 
түрлі аурулардын алдын-алудың басты факторларының бірі болып табылады.  
Жаттығулардың  қарапайымдылы,  қол  жетімділігі  мен  материалдық- 
техниканың  аз  шығынына  байланысты  жеңіл  атлетика  жаттығуларының    әр  түрлі 
түрлерімен  кез-келген    ауылдық  елді-мекендерде,  қалалық  жерлерде  айналысуға 
болатындығымен тиімді.   
Жеңіл  атлетикадағы  қысқа  қашықтыққа  жүгіру  мен  жарыстық  әрекеттер  
спортшылардың өздерінің потенциалдық қабілеттерін жүзеге асыруға, тұлға ретінде 
өзін-өзі  көрсетуге,  психологиялық  дайындығы  мен  мінезін  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді.  
Жоғары  оқу  орындарында  жеңіл  атлетиканың  қысқа  қашықтыққа  жүгіру 
жаттығуларын кеңінен қолдану студенттердің дене қасиеттерін, жылдамдық қимыл-
қозғалыстарының    дамып  жетілуіне,  күш-қайратының  молаюына  ықпал  етеді. 
Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады [1, 3 б.].   
Жеңіл  атлетиканың  пайда  болуының  бірінші  жылдары  ат  жарыстарындағы 
сөре  секілді  сөрелік  жүрісті  пайдаланды.  Содан  кейін  спортшы  бір  аяғын  артқа 
қалдырып және сәл алға қарай еңкейіп, жоғары сөрелік қалыпты пайдаланды.  
Қысқа қашықтыққа жүгіру жеңіл атлетиканың басқа түрлеріне қарағанда ерте 
кезден-ақ әйелдер үшін де қол жетімді екендігі мойындалды.  
1928  жылы  Олимпиадалық  ойындардың  бағдарламасына  енгізілді.  Қазіргі 
уақытта көптеген жаттықтырушылар қысқа қашықтықтарға жүгірудің техникасы аса 
жеке  және  белгілі  бір  биомеханикалық  сипаттамаларға  қарамастан  спортшының 
нақты  ерекшеліктеріне,  ал  сонымен  қатар  онымен  қол  жеткізетін  қуаттылық  пен 
жылдамдық  деңгейіне  байланысты  екендігіне  көз  жеткізді.  Бұл  әрине  техникалық 
барлық  элементтер  үшін  жалпыға  бірдей  екенін  естен  шығармайды,  оны  тиісті 
деңгейде жетілдірумен бұл жаттығу түрін қазіргі заманға дейін жеткізді.  
Оқыту  –  бұл  әр  түрлі  спорт  түрлерін  үйрету  негіздерін  қарастыратын  
мамандандырылған  процесс.  Ол  соңғы  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін 
педагогиканың  нақты  заңдарына  бағынады.  Ең  алдымен  оқыту  процесінің  мәнін 
түсіну қажет. 
Дене  тәрбиесі  саласында қозғалыс әрекеттерін үйрену немесе жүзеге  асыру 
негізгі оқу болып саналады. 
Қазіргі  уақытта  көптеген  жаттықтырушылар  қысқа  қашықтықтарға  жүгірудің 
техникасы  жеке  және  белгілі  бір  биомеханикалық  сипаттамаларға  қарамастан 
студенттің  нақты  ерекшеліктеріне,  ал  сонымен  қатар  онымен  қол  жеткізетін 
қуаттылық пен жылдамдық деңгейіне байланысты екендігіне көз жеткізді [1, 158 б.].   
Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  техникасын  талдау  үшін  студенттер  мыналарды 
шарты түрде бөліп, есте сақтау  қажет: 
-
 
сөрелік қалып; 
-
 
сөрелік жылдамдық; 
-
 
қашықтық бойынша жүгіру; 
-
 
мәреге жету. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
185 
Сөрелік қалып. Жарыс ережесіне сәйкес қысқа қашықтыққа жүгіруде сөрелік 
станоктарды пайдаланып, төменгі сөре қолданылады.  
 
Сөрелік  станоктардың  орналасуы  қатаң  және  студенттің  кәсібилігіне  және 
оның  дене  дайындығына  байланысты.  Тәжірибиеде  төменгі  сөреде  тіректердің 
орналасуы бойынша төрт түрі пайдаланылады:  
1)
 
қарапайым; 
2)
 
созылған; 
3)
 
жақындатылған 
4)
 
тар. 
Қарапайым сөре сәті кезінде сөре сызығынан бірінші тірекке дейін қашықтық 
1,5 -2 табандар, бірінші тіректен екіншісіне дейін қашықтық тап осындай болады. 
Бастапқы жаттығушы студент үшін жіліншек ұзындығы бойынша орналасуын, 
яғни  бірінші  тіректерге  дейін  немесе  бірінші  тіректен  екіншісіне  дейін  пайдалануға 
рұқсат етіледі.  
Созылған  сөрелік  қалып  кезінде  сөре  сызығынан  бірінші  тірекке  дейін  2 
табаннан  3 табанға дейін, бірінші тіректен екіншісіне  дейін 1,5 табаннан 2 табанға 
дейін үлкейтіледі. 
«Дайындал!»  командасы орындалғанда    студент    аяғының табанын  тіреуішке 
тіреуі қажет, қолдарын сөре сызығына және бір тізесін жерге тірейді, яғни, бес негізді 
түрге  келеді.  Бас  пен  дене  бір  қалыпты,  арқа  тік  немесе  сәл  бүгіңкі,  қолдарын 
шынтақпен  қоса  тік  және  иық  көлемінен  сәл  кеңірек  немесе  екі  есе  кең  қояды. 
Жанарларын  сөре  жолағынан  1  метрге  алға  қарауға  тырысады.  Қолдарын  сөре 
сызына    бас  және  сұқ  саусақтарымен    параллель  тірейді.  Аяқтарының    ұшы  жерге 
тірелетіндей етіп табандарын  тіреуішке орналастырады. 
«Назар  аудар!»  командасы  бойынша    студент  тізесін  алу  арқылы  жамбасын 
көтереді.  Қалыпты  жағдайда  жамбастың  көтерілу  биіктігі  иық  деңгейінен  7-15  см. 
биік  болады.  Иық  сөре  сызығынан  шамалы  алға  шығады.  Маңыздысы  басталу 
бұйрығына дейін студенттің тіреуішке барынша мықты тірелуін қадағалау қажет.  
Бұл жағдайда студенттің аяқ тізесінің дұрыс бүгілуі маңызды болып табылады. 
Студенттің бел мен тіреуіш тізе арасындағы бұрыш 92-105° болуы қажет. Дене мен 
алдыңғы тұрған аяқ арасындағы бұрыш 19-23° құрайды.  
Жүгірер  алдында  студенттің  сабырлы  және  жинақы  болуын  ескерту    керек. 
Яғни,  жинаулы,    серпімді  қалыпында  болуы  керек,  аз  уақыт  аралығында  жүгірісті 
бастауға дайын болуы керек, өйіткені  «Назар аудар!» мен «Алға!» командаларының 
арасындағы уақыт ережеде жоқ, ол уақыт тікелей төрешіге байланысты [2, 90 б.].   
Жалпы  жағдайда  студенттің  қолдары  еркін  қимылдау  қажет.  Сөре  дыбысын 
естіген  бойда  (пистолеттен  ату,  дауыстай  бұйрық)  студент  алға  қарай  қимылын 
бастайды,  ол  үшін  бір  уақытта  қол  және  аяғымен  бірдей  итеріледі.  Аяқпен  итерілу 
үшін тіреуіштерді пайдаланады. Ары қарай қол-аяқтарын сермеу арқылы қозғалысын 
жалғастырады.               
Студенттің  бірінші  адымдары  кезінде  итерілуші  аяқ  пен  тіреуші  аяқ 
арасындағы  бұрыш  90°  болады.  Бұл  жалпы  орталық  массаның  төмен  деңгейде 
болуын қамтамасыз етеді және итерілуші аяқтың жылдамдық бағытына жақындатуға 
мүмкіндік береді.  
Сөре  уақытында  студенттің  басы  мен    дененің  дұрыс  қойылмауы  алда 
жасайтын  қимылдар  кезінде  қателіктерге  әкелуі  мүмкін  екенін  ұмытпау  керек. 
Бастың  тым  төмен  түсіп  тұруы  және  жамбастың  керісінше  тым  биіктеп  кетуі 
студенттің түзелуіне мүмкіндік  бермеуі мүмкін және сүрінуге әкеліп соғуы мүмкін. 
Ал бастың тым жоғары, жамбастың тым төмен түсуі студенттің ерте тіктелуіне, сол 
себепті алғашқы жылдамдығынан айырылуына әкеледі. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
186 
Алғашқы  үдемелі  жылдамдық.  Алғашқы  үдемелі  жылдамдық  студенттің 
мүмкіндігіне  байланысты  15-30  метрге  созылады.  Басты  мақсаты  –  барынша  үлкен 
жылдамдық  алу.  Бастапқы  адымдардың  дұрыс  орындалуы  дұрыс  итерілуден  және 
студенттің  қозғалыс  жылдамдығына  байланысты.  Бастапқы  адымдарын  еңкею 
арқылы, келесі адымдарында (6-7-ші) денесін көтереді. Алғашқы үдемелі жылдамдық 
алу кезінде денені бірден тік көтермей, біртіндеп бірқалыпты көтеру жақсы алғашқы 
үдемелі  жылдамдық  алуға  мүмкіндік  береді.  Бастапқыда  итеруші  және  сермеуші 
аяқтардың арасында 90° болуы инерция туғызып, жылдамдық бағытын жоғары емес, 
алға  жұмсайды.  Алғашқы  адымдарында  студент  сермеуші  аяғын  төмен-артқа 
қалыпында қозғайды, сол себепті денесі алға жылжиды. Бұл қимылдар қаншалықты 
тез орындалса, соншалықты жылдамдық тез алынады. 
Студенттер алғашқы адымын барынша тез және мықты жасау керек. Дененің 
көлбеу орналасуына байланысты алғашқы адымның ұзындығы 100-130 см. құрайды. 
Студенттің  өзі  еркімен  адым  ұзындығын  азайтып  керек  емес,  өйткені  бұл 
жылдамдықты  азайтады.  Алғашқы  адымда  студенттің  жалпы  орталық  массасы 
алдыңғы тіреу  нүктесіне  орналасады,  соның  әсерінен  тиімді  итерілу  бұрышы  пайда 
болады  және  горизонталь  жылдамдықты  арттырады.  Осы  уақытта  ара  қашықтыққа 
жүгіру кезіндегідей дене тіктеледі. Жылдамдық артқан сайын үдеу азаяды.  Яғни, 25-
30  метрден  соң  үдеу  азаяды,  сол  уақытта  студенттің  максималды  жылдамдығының 
90-95% құрайды. Алғашқы үдемелі жылдамдық пен қашықтыққа жүгірудің арасында 
көп айырмашылық жоқ екенін айту керек. 
Сөренің  қарқынды  жүгіру  жылдамдығы  жоғары  дәрежеде  қадамдардың 
ұзындығын  ұзарту  есебінен  және  төменгі  дәрежеде  қадамдар  жиілігінің  есебінен 
жоғарылайды.  Студенттерде  қадамдар  ұзындығының  шамадан  тыс  жоғарылауын 
болдырмау  қажет.  Бұл  жағдайда  секірулер  мен  жүгіріс  орын  алады  және  жүгіріс 
қозғалыстарының ырғағы бұзылысы пайда болады. Тек қана қадамдар ұзындығы мен 
жиілігін  ұтымды  пайдалануы  студентке  жүгірудің  ең  жоғары  жылдамдығын  алуға 
және жүгіру қозғалысының тиімді ырғағына  ие болуға көмектеседі [3, 81 б.].   
Қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  аяқ  ұшына  тіке  қойылады  және  тіпті  табанға, 
әсіресе  сөре  сәтінің  қарқынында  түспейді.  Аяқты  жерге  тез  тіреп  итеру  жүгіру 
жылдамдығын жоғарлату үшін маңызды мағынаға ие. 
Сөре  сәтінің  қарқынында  қолдарды  алға–артқа  қарай  ширақ  қимыл  орындау 
қажет, сонымен қатар үлкен амплитудамен аяқтарды үлкен серпумен қозғалыстарды 
орындауға  мәжбүр  ету  қажет.  Табанда  қашықтыққа  жүгіруге  қарағанда  бірнеше 
кеңірек,  шамамен  бірінші  қадамдарда  иық  деңгейінде  қойылады,  содан  кейін 
аяқтардың  қалпы  бір  сызыққа  жақындатылады.  Бірінші  қадамдарда  табанның 
шамадан  тыс  кең  қойылысы  жанына  итермелеу  тиімділігін  төмендетіп  дененің 
теңселуіне  әкеледі,  себебі  итермелеу  күшінің  векторы  бұрышымен  жалпы  орталық 
массаға  әсер  етеді.  Егер  сызықтар  бойынша  сөре  сәтінен  бұл  жүгіру  қашықтықтың 
шамамен 12-15 метрінде  аяқталады. 
Қашықтық бойынша жүгіру. Қашықтықтар бойынша жүгіру кезінде еңіске тіке 
қатынасы  10-15°  құрайды.  Жүгіруде  еңіс  өзгереді:  итермелеу  кезінде  иықтар  аздап 
қана  артқа  қарай  апарылады,  осылай  еңіске  төмендетіп,  ұшу  фазасында  еңіс 
жоғарылайды.  
Табандар  бір  сызық  бойынша  қойылады.  Аяқ  жамбас  буыны  нүктесінің 
сызбасынан  табанның  алшақ  нүктесіне  дейін  33-43  см.  қашықтықта  табанның 
алдыңғы  бөлігінен  бастап  серпімді  қойылады.  Тежелу  фазасында  жамбас  пен  тізе 
буындарында  және  жіліншек  табан  буындарында  бүгілу  болады,  сонымен  бірге 
кәсіби спортшыларда табанға толықтай түсуі болмайды.  
Тізе  буындарында  бүгілу  бұрышы  ең  үлкен  тежелу  сәтінде  140-148°  жетеді. 
Итермелеу  фазасында  студенттің  күшімен  алға-жоғары  қарай  серпімелі  аяқты 
шығарады  және  де  итермелі  аяқтың  тік 
ұсталуы  серпімелі  аяқтың  саны 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
187 
жеткілікті  түрде  жоғары  көтерілген    сәтінде  болады.  Итермелеу  тірейтін  аяқты 
түзетумен  аяқталады.  Көзбен  шолып  байқау  кезінде  жерден  аяқты  алу  тік  ұсталған 
аяқ  кезінде  жүзеге  асырылады,  бірақ  баяулатылған  жылдамдықпен  киноға  түсіру 
кадрларын  қарастыру  кезінде  жерден  аяқты  алу  сәтінде  тізе  буын-дарын  бүгу 
бұрышы  162-173°  жететіндігі  көрінетінін  біз  көреміз,  яғни  жерден  аяқты  алу  тік 
ұсталған  емес,  ол  аяқтың  бүгілісте  болатынын  көрсетеді.  Бұл  жүгіру  жылдамдығы 
жеткілікті  түрде  жоғары  болған  кезде  қысқа  қашықтық  бойынша  жүгіруде 
байқалады.  
Ұшу  фазасында  сандардың  белсенді,  өте  жылдам  жерге  қойылуы  жүреді. 
Итермелеуден  кейін  аяқтың  екпін  күші  бойынша  бірнеше  артқа  жоғары  қарай 
қозғалады,  серпімелі  аяқтың  санын  жылдам  алу  жиілігін  табан  буынын  бөксеге 
жақындатып,  жоғары  қарай  қозғалуға  мәжбүр  етеді.  Серпімелі  аяқтың  санын  алға 
шығарудан  кейін  жіліншек  алға-төмен  қарай  қозғалады  және  «жинақтауыш» 
қозғалыспен аяқ табанның алдыңғы бөлігіне берік қойылады.  
Қысқа қашықтыққа жүгіруден табаннан тік қашықтық бойынша тік алға қарай 
қойылады,  табанның  сыртқа  қарай  артық  бұрылысы  итермелеуді  нашарлатады. 
Жүгіруде оң және сол аяқтармен қадамдардың ұзындығы көбіне бірдей емес. Қысқа 
қашықтықта керісінше қадамның тік ұзындығына, ал сонымен қатар ырғақты жүгіру 
мен бірқалыпты жылдамдыққа жету өте маңызды.  
Қысқа қашықтықта қолдардың қозғалысы өте жылдам болады. Қолдар шынтақ 
буындарында  шамамен  90°  бұрышымен  бүгіледі.  Қолдар  әртүрлі  қозғалады:  алға 
қарай  қозғалысы  кезінде  -  қол  бірнешеге  ішке  қарай  қозғалады,  артқа  қарай 
қозғалысы кезінде  – аздап сыртқа  қарай қозғалады. Жанына қарай көп екпіндеумен 
қолдардың  қозғалысын  орындауға  болмайды,  себебі  дененің  теңселуіне  әкеледі. 
Қолдармен  тез  қозғалыстар  иықтардың  көтерілісін  болдырмауы  қажет  –  бұл  артық 
кернеудің бірінші белгілері болып табылады.  
Жүгірудегі  бөгеліп  қалушылық,  жүгіру  техникасындағы  бұзылыс  жүгіруші 
студенттің    жұмыста  осы  сәтте  қатыспайтын  бұлшықет  топтарын  босаңсыта 
білмеуінен  болады.  Кез-келген  жағдайда  студентке  жеңіл,  бос,  артық  қозғалыссыз 
және кернеусіз жүгіруді үйрету қажет.  
Аяқтармен және қолдармен қозғалыстың жиілігі өзара байланысты және кейде 
жүгіруші  студент    жүгіру  жылдамдығын  ұстау  үшін  жиі  және  белсенді  түрде 
қолдармен жұмыс жасаған жеткілікті.  
Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  техникасын  оқыту  жеңіл  атлетиканың  басқа 
түрлерін  оқытудағы  ретпен  жүрмейді,  себебі  жүгіру  адамның  тез  қозғалуының 
табиғи  тәсілі  болып  табылады.  Алайда,  спорттық  жүгіру  техникасы  әдеттегі  жүгіру 
техникасынан  өзінің  тиімділігімен  едәуір  ажыратылады  және  қозғалыстың  табиғи 
еркіндігін сақтауды талап етеді [1, 158 б.].   
Жалпы  жаттығуларды  үйретудің  келесідей  әдістері  бар:  толықтай, 
бөлшектелген, аралас, қалыпты және проблемалық.  
Көпшілік  авторлар  толықтай  және  бөлшектелген  үйрету  әдісін  жаттығудың 
тәжірибелік орындау тобына жатқызады.  
Толықтай  әдіс  –  бұл  толық  барлық  элементтерді  оқытуды  білдіретін  үйрету 
және  қарапайым  әрекеттерді  үйрету  кезінде  қолданылатын  әдісі.  Ол  сонымен  қатар 
координациялық қабілеттердің жоғары дәрежесіне ие келешектегі жаттығушыларды 
үйрету кезінде пайдаланылады.  
Толықтай  әрекеттерге  үйрету  шарасы  бойынша  назар  қозғалыстың  жалпы 
бейнесіне,  оның  негізгі  қызметіне  (мысалы,  ұзындыққа  неғұрлым  әрі  қарай  секіру) 
аударады,  ал  содан  кейін  қозғалыстың  сапалы  техникасын  қалыптастыруға  кедергі 
жасайтын сәтсіз бөлек бөлшектер үйретіледі және түзетіледі.  
Қозғалыстар  мен  әрекеттердің  тәжірибиелік  жаңғыртылуы  ойша  түсінікті 
жүзеге  асырып,  жаттығушы  техниканы 
меңгереді.  Бұл  әртүрлі  жолдармен 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
188 
және ең алдымен жалпы жаттығуды үйрету әдісімен және бөлшектеп жаттығуларды 
үйрету әдісімен жетеді.  
Жаттығу  әрекетінде  болашақта  біреулер  әрекетті  тез  игере  бастайды  және 
әрекеттерді  жақсы  және  жылдамырақ  орындайды,  ал  басқалары  төмен  және  жай, 
кейін біртіндеп жеке тапсырмаларға көше бастайды.  
Өте қиын техникаға тұтастай жаттығу әдісімен үйрету кезінде алдымен оның 
мәні өзгеріссіз қалуы үшін үйретілген әрекетті жеңілдету қажет.  
Бөлшектелген  әдіс  –  бұл  өте  кең  таралған  үйрету  әдісі  және  үйретудің 
бастапқы  кезеңінде  және  техникалық  тұрғыдан  әрекеттерді  үйрету  кезінде 
қолданылатын  әдіс.  Толықтай  әрекет  талдауға  ұшырайды,  бөлімдерге  (техника 
бөлшектері)  бөлінеді,  оларды  бөлек  орындауға  болады.  Содан  кейін  бөлек 
бөлшектерді  үйрету  кезінде  кезектілігі  анықталады,  олардың  техникасын  үйретудің 
жоспар-сызбасы құрастырылады, оқыту әдістері мен құралдары таңдалады.  
Келесі кезең – бөлшектер тобының қажеттілігі бойынша үйрету, яғни техника 
бөлшектерінің арасында құрылымдық байланыстар қалыптастырады.  
Қорытынды  кезеңі  жалпы  барлық  әрекетті  үйрету,  толықтай  әрекет  ету 
техникасын бекіту және жетілдіру болып табылады [3, 215 б.].   
Біз  осыған  байланысты  сабақ  барысында  студенттерге  бөлшектеп  үйрету 
әдісін  қолдана  отырып  осы  қысқа  қашықтыққа  жүгіру  техникасын  оқытуды 
жеңілдету  мақсатында  қозғалыс  техникасына  байланысты  орындалуы  тиіс 
міндеттерді анықтап, сол міндеттер бойынша біртіндеп жұмыстануды жөн санадық.  
Студенттерде қысқа қашықтыққа жүгірудің қазіргі заманғы техникасы туралы дұрыс 
түсінік  қалыптастырудан  бұрын    ең  алдымен  жеңіл  атлетиканың  бұл  түрінің 
ерекшеліктерімен таныстырып алу  қажет деп есептедік.   
1 міндет. Жүгіру ерекшеліктерімен таныстыру және студенттердің санасында  
қысқа қашықтықтарға жүгіру техникасы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.  
Бұл  міндетті  шешу  үшін  студенттер    60-100  метр  қашықтыққа  жоғары  емес 
және  орташа  жылдамдықпен  бірнеше  рет  жүгіріп  өтіп,  анықталған  қателіктерді 
белгілеу  қажет.  Жүгіріп  өтулерді  қайталау  саны  әрбір  студент  үшін  әртүрлі  бола 
береді.  Ол  студент    қашықтықты  өзіне  тән  кейіпте  жүгіріп  өтуге  үйренуіне 
байланысты. Мұнда көптеген жүгіріп өтулерге қайталанатын қателіктер белгіленеді.  
Студенттерде  жүгірудің  тиімді  техникасымен  таныстыру  мақсатында  жалпы 
қолданыстағы  құралдар  қолданылады:  түсіндіру,  көрсету,  кинодан  үзінділер, 
кинограммалар, фотосуреттер, суреттер  қарау.  
2 міндет. Студенттерді тіке қашықтық бойынша жүгіру техникасына оқыту.  
Бұл  міндетті  шешу  үшін  құралдары  болып  жоғары  емес  және  орташа 
жылдамдықпен түрлі қашықтықтарға (60-100 метр) көп рет жүгіру табылады: санды 
жоғары көтере  отырып жүгіру, 30-40 метр қашықтыққа арнайы жүгіру жаттығулары, 
ауыспалы  жүгіру,  аяқтың  ұшын  алға  шығарып  жүгіру,    адымдап  секірулермен 
жүгіру.  Барлық бұл жаттығулар еркін, біртіндеп қозғалыс жиілігін арттырумен, кейін 
әдеттегі  жүгіруге  ауысумен  орындалады.  Арнайы  жүгіру  жаттығулары  алдымен 
жеке,  кейін  барлық  топпен  орындалады.  Әрбір  сабақта  бұл  жаттығуларды  көп  рет 
қайталау  жүгіру  техникасындағы  қарапайым  қателіктерді  жоюға  мүмкіндік  береді: 
санды  толық  алға  шығармау,  итерілу  кезінде  аяқты  толық  тіктемеу,  артық  еңкею 
немесе дененің ауытқуы, білектерді денеден қашық ұстау және т.б. қателіктер. 
Әрбір  жаттығу  орындалғаннан  кейін  кейінгі  қайталау  кезінде  оларды  жоюды 
ұсына  отырып  тек  басты  қателіктерге  ғана  назар  аударған  дұрыс.  Бір  уақытта  3-4 
кемшілікті қатар көрсеткен дұрыс емес, себебі студент неғұрлым маңызды қателікті 
түзетуге назар аударуы тиіс, ал кейін келесісін түзетуге кіріседі, әйтпесе студенттің  
кемшіліктері түзетілмеген күйі қалады.  
3-міндет. Студенттерді бұрылыс бойынша жүгіру техникасына оқыту.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
189 
Бұрылыс бойынша жүгіру техникасын оқыту үшін  негізгі жаттығулар болып 
жүгіру  жолының  бұрылысында  үдемелі  жылдамдықпен  50-80  метр  қашықтыққа 
жүгіру болып табылады. Алдымен жаттығулар шеткі жолдар бойынша (6-8 жолдар) 
өтеді,  ал  кейін  1-2  жолдар  бойынша;  радиусы  20-10  метр  шеңбер  бойынша  түрлі 
жылдамдықпен жүгіру және бұрылысқа шығумен жүгіру; бұрылыс бойынша үдемелі 
жылдамдықпен  жүгіру  және  вираждан  тіке  қашықтыққа  шығумен  жүгіру;  қол 
қозғалыстарын көрсету.  
Студенттер  үлкен  радиустағы  жол  бойымен  қысқа  қашықтыққа  жүгіру 
техникасын меңгергеннен кейін аз радиустағы жол бойымен жүгіруге ауысу керек.  
Оқыту  барысында  қозғалыс  еркіндігін  және  дененің  бұрылыс  орталығына 
уақытында  еңкеюін,  аяқ,  қол  жұмыстарының  өзгерісін,  яғни  оң  қолмен  неғұрлым 
белсенді және кеңінен жұмыс кезінде табанның солға бұрылуын қадағалаған жөн. 
4 міндет. Студенттерді төменгі сөре және сөрелік екпін техникасына оқыту. 
Оқытудың негізгі құралдары болып келесілер табылады: тіке және бұрылыста 
сөрелік  қалыптар  орнату  техникасы;  «Сөреге!»  және  «Назар  аудар!»  командаларын 
алаңдығын ұзындығы, ені және ылди бойынша қалыптардың түрліше орналасуымен 
орындалуы; тіке және бұрылыс бойынша төменгі сөрелік жүгіру өздігінен, сонымен 
қатар команда бойынша орындалады. 
Төменгі  сөреден    жүгіру  алдында  сөрелік  қозғалыстардың  негіздерін 
меңгеруге және адымдардағы кең адымды еркін жүгіруге мүмкіндік беретін бірнеше 
рет жоғары сөрелік жүгірістердің болуы тиіс.  
міндет. Студенттерді мәреге жету техникасына оқыту. 
Оқыту  мәрелік  өту  мәнін  түсіндіру  және  мәреге  жетудің  негізгі  тәсілдерімен 
таныстырудан басталады: кеудемен және иықпен. Негізгі жаттығулар: 
- мәреге үдемелі жылдамдықпен 30-40 метр жүгіру; 
- түрлі жылдамдықпен  жүру және жүгіру кезінде қолды артқа жіберіп мәре  
сызығына алға еңкею; 
-  түрлі  жылдамдықпен  жүру  және  жүгіру  кезінде  иық  бұрылысымен  мәре 
сызығынан  өту.  Мәреге  жетуге  табысты  оқыту  үшін  жаттығуларды  алдымен 
өздігінен, кейін топпен орындау керек.  
6 міндет. Студенттердің жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жалпы жүгіру 
техникасын оқыту.  
Жалпы  жүгіру  техникасын  меңгеру  кезеңінде  техникалық  бөліктерін 
нақтылаумен  және  дұрыс  дағдыларды  бекітумен  жүйелі  жұмыстану  керек.  Өз 
қозғалысыңды  бақылау  отырып,  еркін  жүгіре  білуге  қол  жеткізу  маңызды. 
Техниканы  жетілдіру  процесінде  біртіндеп  күрделілік  деңгейін  арттыра  отырып 
арнайы жаттығулардың көптеген түрлерін қолдану қажет.  
Жоғарыда  атап  өтілгендей  біздің  сабақ  барысында  қолданған  қысқа 
қашықтыққа жүгіру техникасын оқытуда алға бірнеше міндеттер  қойып оқытуымыз 
студенттерге  осы  жаттығу  техникасын  төмендегідей  бағытта  жеңілдете  отырып  
игеруге мүмкіндік берді: 
Біріншіден,  студенттер  жүгіру  ерекшеліктерімен  таныса  отырып,  қысқа 
қашықтықтарға жүгіру техникасы туралы дұрыс түсінік қалыптастырды; 
Екіншіден, студенттерге жүгірудің  қиын техникасын  бөліп-бөліп  қарастыра 
отырып, қиын элементін тез игеріп алуға, үйренуді жеңілдетуге септігін тигізді; 
Үшіншіден,  студенттер  жүгіруді  орындау  кезінде  кеткен  кемшіліктерді 
уақытында түзетуге және мүмкіндігінше жоюға әрекет ете  алды; 
Төртіншіден, студенттерде өздерінің жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып,  
жүгірудің  дұрыс  орындау    дағдысын  қалыптастыруға  және  жаттығу  техникасын 
терең меңгеріп өз бетінше жетілдіре отырып жаттығуға көп көмегін тигізді.  
Осы алынған нәтижелерді ескере келе,  біздің жеңіл атлетика сабағында қысқа 
қашықтыққа  жүгіру  техникасын  оқытуды 
жеңілдету  мақсатында  бөлшектеп 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
190 
үйрету  әдісін  қолданып,  жаттығу  техникасының  орындалу  кезеңіне  байланысты 
бірнеше  міндеттерді  алға  қойып    оқытуымыз  студенттер  үшін  ең  тиімді  болғанын 
ескеру қажеттігін байқадық.  
 
 
 
Әдебиеттер: 
1. Бахтиярова С.Ж.  Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі. – Орал,  2013. – 254 б. 
2.  Кобринский  М.Е.  Юшкевича  Т.П.,  Конникова  А.Н.  Легкая  атлетика.    – 
Тесей, 2005. – 336 с.  
3.  Жилкин  А.И.,  Кузьмин  В.С,  Сидорчук  Е.В  Легкая  атлетика.    –  М.,  2003.  –  
464 с.  
*** 
Бахтиярова С.Ж. 
Облегчение  обучения студентов технике бега на короткие дистанции 
 
В  статье  рассматривается  постановка    ряда  задач  перед  студентами  и  их 
отработка с целью облегчения обучения технике бега на короткие дистанции.  
Ключевые  слова:  легкая  атлетика,  бег  на  короткие  дистанции,  задача, 
студент, техника, низкий старт,   быстрота,   упражнение. 
*** 
Bakhtiyarova S. Zh. 
Facilitating student learning technique sprint 
The  article  discusses  the  formulation  of  a  number  of  tasks  to  the  students  and 
working out in order to facilitate teaching technique sprint 
Keywords: athletics, sprint,  task, student, technique, low start, speed, exercise 
 
*** 
 
УДК 81’276.6 
Мосиенко Л.В. – доктор педагогических наук,  
доцент, Оренбургский государственный университет, 
Хажгалиева Г.Х. – аспирант Оренбургского государственного университета,  
Какимова Д.М. – магистр педагогических наук, преподаватель,  
Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет  
E-mail: khazhg@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет