Республики казахстан


ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СИНОНИМДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СИНОНИМДЕРДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация.  Адамның  ойлаған  ойын,  көңіл-күйі  мен  көзқарасын  нақты  әрі 
көркем  түрде  жеткізу  үшін  синонимдер  айрықша  қызмет  атқарады.  Оларды  өз 
шығармаларында  орынды  қолдана  білу  –  ақын-жазушылар  тілінде  аса  маңызды, 
өйткені  синонимдер  айтылар  ойдың  мәнері  мен  мәнісін  жеткізеді,  оқиға  жағдайын  
нақтылайды,  демек  олардың  тілді  білу 
өресін де, суреткерлік қабілет  өресін 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
233 
де  танытады.  Мақалада  Қ.Мырзалиев  өлеңдерінде  синонимдердің  түрлі  нұсқада 
пайдаланылып, тілімізді көріктей түскендігі баяндалады.  
Кілт  сөздер:  синоним,  поэзия,  контекст,  экспрессивті-эмоционалды, 
көпмағыналылық, ұйқас, контекстік синонимдер, мағыналық реңк. 
 
Тұлғалары  бөлек,  мағыналары  жуық  сөздер  болып  табылатын  синонимдер 
тілдің  кемеліне  келіп,  қаншалықты  жетілгендігін,  оның  образдылығы  мен 
дамығандығын  көрсететін  көрсеткіш  деп  есептеледі.  Синонимдердің  сыры  көп. 
Алдымен,  бұл  –  толассыз  қозғалыста  тұратын,  яғни  әрқашан  толығып,  дамып, 
тазарып, жаңарып, өзгеріп отыратын құбылыс. Ал синонимдердің пайда болу жайы – 
бүтін  бір  тарих.  Біз  бұл  мәселені  қарамаймыз.  Өйткені  суреткер  әр  синонимнің  туу 
тегіне  қарамайды,  ұғым  дәлдігіне,  айтылу  ажарына  қарайды.  Біздің  ана  тілімізде 
синонимдік  қатардағы  сөздердің  саны  кейде  қырықтан  да  асып  жығылады. 
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: 
1.
 
Сөздің дыбысталуында аз да болса тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 
2.
 
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек. 
3.
 
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс.  
Бұл үш белгі  –  сөздерді  синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар 
бір  сөз  табынан  болған  синонимдер  бірыңғай  грамматикалық  тұлғада  келуі  мен 
контексте  бірін-бірі  алмастыруға  икемді  болғанда,  бір  ғана  сөйлем  мүшесінің 
қызметін  атқарады,  синонимдердің  қосымша  белгілерін  көрсетеді.  Дыбысталуы  әр 
басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді [1, 35 б.]. 
Адамның ойлаған ойын, көңіл-күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде 
жеткізу  үшін  синонимдер  айрықша  қызмет  атқарады.  Оларды  өз  шығармаларында 
орынды  қолдана  білу  –  ақын-жазушылар  тілінде  аса  маңызды,  өйткені  синонимдер 
айтылар  ойдың  мәнері  мен  мәнісін  жеткізеді,  оқиға  жағдайын    нақтылайды,  демек 
олардың тілді білу өресін де, суреткерлік қабілет өресін де танытады. 
 
Синонимдердің  атқаратын  негізгі  стилистикалық  қызметі  –  ерекшелеп 
айтылатын  ойды  нақтылауға  көмектесу.  Әдетте  лексикалық  синонимдер  мен 
стилистикалық бейтарап синонимдердің қайталанып келуі ойды неғұрлым толық, дәл 
жеткізуге  қызмет  етеді.  Бұл  туралы  қазақ  тіліндегі  синоним  сөздерді  жан-жақты 
зерттеп,  теориясын  қалыптастырған  ғалым  Ә.  Болғанбаев  «Синоним  сөздер  жалпы 
мағыналық  бірлестігіне  қарай  топтастырылады.  Яғни  бір  ғана  ақиқат  шындықты 
көрсетіп,  бір  ғана  ұғымды  білдіретіндіктен  олар  синоним  болып  табылады»,-  деп 
анықтама  беріп,  синонимдердің  екі  түрлі  қызметін  атап  көрсетеді.  Біріншісі, 
синонимдер  бірін-бірі  алмастыруға  бейім  келеді,  екіншісі,  синоним  сөздердің  бірі 
екіншісін нақтылап отырады [2, 104 б.]. 
Ал,  ғалым  Р.  Сыздықова  «Синонимдер  бір-біріне  сайма-сай  мағынадағы 
сөздер  емес,  әрқайсысында  өзіне  тән  мағыналық  реңкі  бар,  ұқсас,  мағыналы  сөздер 
болса,  олардың  қолданысы  көркем  әдебиетте,  әсіресе  өлең  тілінде  ерекше  орын 
алады.  Өйткені  поэзияда  әрбір  сөздің  мағыналық  та,  стильдік  те  жүгі  ауыр  келеді. 
Ғылым тілімен айтсақ, әрбір ең шағын көркем контекстің экспрессивтік арқауы – сөз 
болса, оның экспрессия тудыратын күші семантикасында: мағынасы мен мағыналық 
реңктерінде» деген пікір білдіріп және мағыналас сөздер өлең тілінде бір-біріне тең 
түспейді,  әрқайсысының  өз  қолданылу  орны,  контекстік  ортасы  болуы  қажет    деп 
санайды [3, 8 б.]. 
Синонимдер  -  поэзия  тілінің  ең  бір  қажетті  құралы  десек,  Қ.Мырзалиев 
өлеңдерінде олар түрлі нұсқада пайдаланылып, тілімізді көріктей түскендігін айтуға 
болады. Мысалы, ауыл, мекен, ел, жұрт, туған жер, Отан сөздері синоним сөздер 
бола  тұрса  да,  бірін-бірі  ауыстыра  бермейді,  өйткені  өздеріне  ғана  тән  мағыналық 
реңктері бар.  Бұл синонимдер ақын тілінде төмендегідей көрініс тапқан:  
Елім-жерім!  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
234 
Едің сен байлық неткен!  
/ «Елім-жерім»/,  
Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен, 
Мен далаңнан нәр алып аман келем. 
/ Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен/. 
Қадыр  ақын  ел-жер,  мекен-жұрт  синоним  сөздерін  қосарлап  қолданып, 
өлеңдерінің  мазмұнын  аша  түссе,  дала  сөзін  де  осы  жерде  синонимдік  қатарға 
қосады. Өйткені ақын ұғымында, жалпы қазақ ұғымында «Дала» сөзі туған жермен, 
елмен бара-бар. Бұл жөнінде ғалым А. Салқынбайдың: «мағына арқылы нақтылы зат 
не  құбылыстың  өзі  емес,  сол  туралы  халық  қалыптастырған  ұғым  қабылданады. 
Табиғаттағы зат, құбылыстың адам танымында танылған және танылмаған белгілері 
мен  қасиеті  болады.  Танылған  белгілер  мен  қасиеттер  арқылы  ұғым  қалыптасып, 
кейін бұл ұғым бірте-бірте дамиды, жетіледі. Ұғым дамуы арқылы сөз мағынасы да 
дамып, синонимдік, көпмағыналылық, антонимдік қатарлар қалыптасады» [4, 58 б.], - 
деген пікірін айтуымызға болады.    
 
 
Біреулер бар,  
Оларға тек бас қайғы,  
Халық десең,  
Қадам алға баспайды.  
Олар үшін Отан жоқ та,  
Ауыл бар,  
Жақсылығы сол ауылдан аспайды.  
О, Туған жер!  
О, жерұйық, гүлстан!  
Алдыңғылар сенің үшін жұлысқан.  
Ал соңғылар перзент емес өзіңе,  
Демек маған бола алмайды туысқан!  
/Біреулер бар асып туған тұстастан/ 
деген  өлең  жолдарында  тіпті  «ауыл»  мен  «Отан»  сөзінің  мағынасын  салыстыру 
арқылы, туған жер деген кең ұғымның қадір-қасиетін арттыра түскендей. Ал «жұмақ 
жер,  бейіш,  жайлы  қоныс»  мағынасын  беретін    жерұйық  сөзі  мен  «гүлденген, 
құлпырған  мекен»  ұғымындағы  гүлстан  контекстік  синонимдерін  ақын  бұл  жерде 
қолданбаса, өлеңнің экспрессиялық-эмоциялық мағынасы әлсіздеу болар еді.  
 
Адамның  жеке  басындағы  әр  түрлі  қасиет-белгілерді  көрсетуде 
қолданылатын зат есім синонимдер:  
  
 
 
Бұл өмірде дос-жолдасым көп деме,  
Бұл өмірде қас-дұшпаным жоқ деме 
/«Бұл өмірде дос-жолдасым көп деме»/. 
Субстантивтенген  сын  есім  синонимдер  (дос-жолдас,  қас-дұшпан)  көбіне  адам 
қаракетіне байланысты айтылып, ойды жинақтап көрсетіп тұр.  
Ал адамды уайым жейді, күдік жейді, жейді ой,  
Бақыт сенен, байқаймын, үрікпепті, 
Абыройын, атағын ірікпепті 
 /«Ақынға тұрмысқа шыққан әйелге» /, 
Керегі жоқ басқа атақ,  
Басқа абырой 
/«Туған жер-ай, күнім де, дінім де сен»/, 
Сарқылмастан  әл-қуатың, 
күшің де,  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
235 
Асыл арман кете барды ішіңде  
/«Күндер, күндер сағым түстей жоғалды»/, 
Күн көңілді кісілердің мейірі 
Күрт ерітті қасіреттің тоң-мұзын 
/«Қорқып едім өте ме деп мерекем»/.  
Бұлармен қатар дерексіз зат есім синонимдер де: 
Қашады ол қарғыс айтып тәңіріне,  
Қашады ол безіп дауыл әмірінен...  
/ «Көшпелі құм»/,  
Тура әділдік, ақиқат үшін кейде,  
Туған жердің өзін де тастайды адам!  
/«Эмигрант испан ақыны Альбертиге»/,   
Ортақ біздің  сырқат та, жарамыз да,  
Ортақ қайғы-қасірет, қараңыздар!  
/«Мақтан етіп жомарт жұрт, әз ортаны»/, 
 
 
Қайда жүрсем, сен менің арымдасың,  
Рухымда, жадымда, қанымдасың  
/«Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен»/, 
Бітіресің тәмам ғып,  
Болса болды тыныштық,  
Болса болды амандық  
/ «Бастасаң-ақ жұмысты»/, 
 
Жалғыз ұлы жалынады: 
Жоламашы құса-мұң   
/ «Жанып тұрған жалын әлі»/, 
Әйткенменен жоғалмайды бір құса,  
Әйткенменен жоғалмайды бір қайғы !..  
/ «Әр күн сайын»/, 
Кейін де тағдыр-тәңірдің,  
Көп болды басқа салғаны 
 / «Бақытты ұлдай талтаңдап»/  
деген  өлең  жолдарында  әділдік-ақиқат,  сырқат-жара,  қайғы-қасірет,  тыныштық- 
амандық,  құса-мұң,  құса-қайғы    тәрізді  синонимдерге  айрықша  мән-мағына  беріп, 
айтылмақ  ойды  нығыздап,  бекіте  түседі.  Құдай,  Алла  тағала,  құдіретті  күш  иесі 
мағынасын  беретін  тәңір  сөзіне  тағдыр,  әмір  сөздерін  синоним  етіп  алады. 
«Тағдырдың  жазуы»,  «Тәңірдің  басқа  салғаны»  дегенге  саяды.  Сол  сияқты  ар,  рух, 
жады,  қан  -  стильдік  синонимдер.  Осы  стильдік  синонимдер  мәтін  ішінде  өзіндік 
қызметі  бар  мәндес  сөздер.  Алдыңғы  сыңарға  қарағанда  соңғы  сыңарлардың 
мағынасы  бірінен-бірі  күштірек.  Адамға  байланысты  атауларды  ұтымды  жұмсап, 
өлеңнің көркемдігін  арттыра түскен.  
 Ал  «Боз жайлауда бүгін  той, Ойын-сауық...»   деп басталатын  «Бәйге» атты 
өлеңінде  ат,  жылқы  сөзімен  мағыналас  арғымақ-сәйгүлік-тұлпар-пырақ–күлік-
Құлагер  синонимдерін ақын өз ойын әрі  толық, жан-жақты жеткізу үшін, әсерлі де 
үдемелі  екпін,  ырғақ  туғызу  үшін  аса  шеберлікпен  қолданады  және  көз  алдымызға 
бәйге галереясын жайып салғандай болады: 
Алашына атымен әйгілі кім, 
Алып келген бәрі де сәйгүлігін. 
Тұлпарларға болмаса жер тарпыған,  
Тұғырларға мұндай күн қайғылы күн. 
Ақтарылып ауылдың мият-
нәрі, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
236 
Аталады әруақтың жиі аттары.  
Құйқа-жерге 
Құйғытқан пырақтардың 
Қадалады шаншудай тұяқтары!  
/«Бәйге»/ 
Сонымен  қатар  ақын  шығармаларында  мағыналық  стилистикалық  сын  есім 
синонимдер  де  кездеседі.  Стильдік  жағынан  шектелмей  қолданылатын  сын  есімдер 
мен  экспрессивтік-стилистикалық  мәні  арқылы  ерекшеленетін  сын  есімдерден 
тұратын өзара мәндес сөздер  мағыналық-стилистикалық синонимдер деп танылады. 
Сын есім мағыналық-стилистикалық синонимдерде жалпыхалықтық бейтарап сөздің 
болуы – басты шарттың бірі. Демек, мағыналық-стилистикалық синонимдердің басты 
ерекшелігі  –  оның  құрамында  арнаулы  бір  стильде  қолданылатын  сөзден  басқа, 
стильдік жағынан бейтарап, өзіндік мағыналық реңкі бар жалпыхалықтық сөздердің болуында. Мысалы: 
«тәкаппар» сын есімі стильдік жағынан шектелмей, әдеби тілдің барлық салаларында қажетінше қолданыла 
беретін сөз. Тәкаппар сөзімен синонимдес болып тұрған өркөкірек, паң, өр сын есімдері  көтеріңкі 
стильде айтыла келіп, экспрессивті реңкке ие болады. Бұл сөздер Қадыр өлеңдерінде 
төмендегідей түрде қолданылады:  
Өркөкірек, паң дегеннен қорқатұғын шығарсың 
/ «Күдік»/,  
Тәкаппар ем бір кісідей, бір кісідей өр едім, 
Тұқымындай ақсүйектің, тұқымындай төренің 
/  «Жауқазын  жыр,  жапырақ  ой  болып 
жалғыз қорегім»/,  
Аңғырт-аңқау бабамыз, - нанасың ба,- 
Адаспаған жарты әлем даласында  
/ «Перзент қиын үмітті ақтамаған»/ 
өркөкірек, паң, тәкаппар, өр, аңғырт-аңқау  дәстүрлі сын есім синонимдермен қатар,  
Қырқып ап оралымсыз олақ тілді, 
Келеді айдалаға лақтырғым 
/ «Менің құпиям»/,  
Тұңғиық түпсіз тереңнен,  
Тартқылап ойдың шыжымын  
/ «Отырмын үйде созбалап»/, 
Қайда Абайдың от кезі, тарпаң кезі? 
Құдірет боп билеген Арқаңды өзі? 
Қайда, қайда жүрегі лүп-лүп соққан 
Данамыздың даладай дарқан кезі?!  
/«Абай ескерткіші»/ 
 
деген  жолдардағы  ауыспалы  мағынада  жұмсалған    сын  есім  синонимдер  арқылы 
өлеңге  ерекше  өң  береді.  Бұл  жерде  ақын  от,  тарпаң,  дарқан  сөздерін  бір 
синонимдік  қатарға  қояды.  Алайда  бұл  сөздер  мәтіннен  тыс  уақытта  ерекше 
синонимділікке ие бола алмайды. Себебі, «от кезі» көңілдің қозған, аса шабытты кезі, 
«тарпаң  кезі»  –    еркін  (тура  мағынасында  жойылып  кеткен  жабайы  жылқы),  ал 
«дарқан» - кең, жомарт. Дана Абайдың мінезін берер тұста осы сөздердің мағыналық 
әлеуетін пайдалана отырып, синонимдік  қатарға енуіне мүмкіндік берген. Ақынның 
айтпақ ойын шүбәсіз, айқын, әсерлі етіп жеткізу үшін және поэтикалық бейнені дәл 
беру  үшін  синонимдік  қатарларды  талғап,  таңдап,  өте  шебер  де  ұтымды  пайдалана 
білгенін көреміз.  
 Тағы  бір  айта  кетер  жайт,  ақын  өлеңдеріндегі  синонимдер  сөз  табының 
барлық  түрінен  жасалған.  Соның  ішінде  етістік  синонимдер  қимыл-әрекетті 
суреттеуде  қолданылған  көркемдеу құралы 
болып табылады. Жалпы етістіктер - 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
237 
мағына жағынан синонимдер қатарын түзуге өте бір икемді сөздер. Қадыр ақын бұны 
да қалт жібермеген. Мысалы,  
Әзірейіл мәз болмасын,  
Күлмесін,  
Жасыттым деп ойламасын кәрі Ажал 
/ «Ажал»/,   
Мені мұңға төзбейді деп жабықпа,  
Мені сынға төзбейді деп қамықпа  
/ «Жаны ашырға»/,   
Өзің сүйеп, сен өзің мақұлдасаң, 
Жалтақтамай, жасқанбай, батыл басам  
/ «Саған деген айтылар назым әнмен»/,  
Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп, 
Мөлдір көзге алғандай бір мұң құйып 
/ «Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп»/,  
 
 
Өліп-өшіп сенің үшін,  
Сенің үшін арып-ашам!  
/ «Боласың деп жарым қашан»/,    
Гүл арманды үмітпенен суарып, 
Кейде жүдеп, кейде тіпті шын арып 
/ «Мен өзіңді армандадым, көкседім»/,  
Көркіне паңдана ма, бәлдене ме?  
Күн-сұлу кірпік қақпай қалды неге? 
/ «Жаз жамалы»/, 
 
Тұсаңдар, тізгіндеңдер, еріктерің –   
Түбінде талант дірдек қақтырады  
/ «Білемін, тырағайлап қашпағанмен»/ 
деген өлең жолдарында жабықпа-қамықпамың өртеніп-мың күйіп, өліп-өшіп, арып-
ашып,  жүдеп,  паңдана  ма-бәлдене  ме,  тұсаңдар-тізгіндеңдер  деген  лексикалық 
синонимдерді  қолданады.  Ал  мәз  болмасын,  күлмесін  сөзіне  жасыттым  деп 
ойламасын  тіркесін  осы  контексте  ғана  синонимдік  қатар  деп  тануға  болады, 
сонымен қатар жалтақтамай-жасқанбай - батыл басам етістіктері де бұл контексте 
мағыналары  жуықтатылған  қолданыстар.  Бұл  орайда  ғалым  Ә.  Болғанбаев: 
«Контекстік  синонимдер  сөздің  жалпы  халыққа  таныс,  қалыптасқан    үйреншікті 
мағыналарынан  тумайды,  бір  заттың  бойындағы  ерекшеліктерін,  қасиетін  басқа  бір 
затқа  ұқсатып,  балап,  ауыстырып  қолдану  арқылы  белгілі  контексте  пайда  болады. 
Сондықтан  мұндай  өзіндік  жеке  сөз  қолданыстары  көбінесе  көркем  шығармаларда 
белгілі  ақын-жазушылардың  туындыларынан  жиі  кездеседі.  Контексте  синонимдер 
мағына  жағынан  өте   тиянақсыз,  өзгермелі  әрі  құбылмалы  болады.  Бұларды  біз  тек 
шартты түрде ғана синоним деп атаймыз», - дейді [2, 262 б.]. Бұл мәселе орыс тілші - 
ғалымдары  В.В.  Виноградов,  И.И.  Ковтунова,  Д.Н.  Шмелевтер  еңбектерінде  де 
көтерілген.  Сондай-ақ  Ә.  Болғанбаев  контекстік  синонимдер  сөздіктен  белгілі  бір 
орын ала алмайды, тек стилистикалық зерттеу обьектісіне тиісті екенін ескертеді [2, 
263 б.].  
Ұйқас  жасауда  да  ақын  синонимдердің  көмегіне  жүгінеді,  бір  сөзді  қатар 
келген  өлең  жолдарында  қайталамау  үшін  де  синонимдер  қатары  пайдаланылады. 
Мысалы,  
Өстіп-ақ жүріп, болармын әлі кәрия,  
Өзеннен өтсем тұрады алда дария  
/ «Арман»/.      

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
238 
Ақын  арманның  жеткізбейтіндігін,  бірінен  өтсең,  келесісі  тұратынын  мағыналық 
реңктері  жағынан  үдей  түсетін  өзен-дария  контекстік  синонимдері  арқылы  берген. 
«Өзеннен өтсем тұрады алда тағы өзен» деп ақын бір сөзді қайталамай, оның орнына 
экспрессивтік  мағынадағы  дария  сөзін  орынды  қолданған.  Және  осы  сөзге  ұйқас 
ретінде қарт, ақсақал сөздерімен мағыналас кәрия сөзін таңдайды.  
Арамдықты, зұлымдықты індету –  
Азаматтық, жауынгерлік міндетің 
/ «Бейбіт күннің өзі майдан мылтықсыз»/.      
Бұл  өлең  жолдарындағы  арамдық,  зұлымдық  -  адам  бойындағы  жағымсыз 
қасиеттерді  білдіретін  синонимдер.  Алғашқы  синонимдік  сыңарға  қарағанда  екінші 
сыңардың салмағы басымдау көрінеді. Ақын осы жағымсыз қасиеттерді болдырмау, 
жою мағынасында қимыл-әрекетті баяндайтын, сирек қолданылатын індету етістігін 
таңдайды  да  және  оны  жою  сенің  азаматтық  -  жауынгерлік    міндетің  дейді. 
«Азаматтық  міндетің»  тіркесі  –  жалпыхалықтық  қолданыс,  ал  «жауынгерлік»  - 
ақын ойынан туындаған контекстік синоним.  
Қадыр Мырзалиев тілімізде бұрыннан бар дәстүрлі синонимдерді, контекстік, 
стильдік  синонимдерді  тек  образ  үшін  ғана  емес,  өлеңнің  көркемдік  күш-қуатын, 
экспрессивтік-эмоционалдық  бояуын  айқындата  түсу  үшін алып,  таңдап  қолдана 
білген.  Олар  сөз  төркінін,  мән-мағынасын,  күллі  қырын  танып,  орнымен 
қолданылып,  ақын  өлеңдерін  ажарлап,  әрлендіріп,  көріктендіріп  жіберген.  Ал  бір 
мағынаны  білдіретін  он  сөз  ойлап,  оның  өзіне  ең  қажеттісін,  ең  қонымды, 
үйлесімдісін танып, таңдап алып  пайдалану –  ақындық шеберлік. Біз Қ.Мырзалиевті 
осындай ақын деп танимыз. 
Әдебиеттер: 
1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1988. – 145 б.  
2. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы, 1970. – 336 б. 
3. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат 1995. – 206 б. 
4.  Салқынбай  А.  Тарихи  сөзжасам.  Семантикалық  аспект  /  Филол.  ғыл.  канд. 
дис. – Алматы, 1999. – 284 б. 
5. Мырзалиев Қ. Көш. – Алматы: Жазушы, 1973. – 306 б. 
*** 
Аронов К.Г., Сисенбаева Р.Ж. 
Особенности синонимов в поэзии К.Мырзалиева  
Для  точного  и  художественного  изображения  мысли,  настроения  человека 
синонимы  в  речи  играют  очень  важную  роль.  Уместное  использование  их  в  своих 
произведениях для писателя очень важно, так как синонимы выражают значение и 
манеру мысли, уточняют обстоятельство случая, а значит, показывают широту и 
художественные  навыки  языка.  В  данной  статье  рассматривается  всеобразное 
использование  К.Мырзалиевым  в  своих  произведениях  синонимов  как  украшение 
языка стиха. 
Ключевые  слова:  cиноним,  поэзия,  контекст,  экспрессивно-эмоциональный, 
полисемия рифма, синонимы в контексте, оттенок смысла 
*** 
Aronov K.G., Sisenbayeva R.Zh. 
Distinctive features of synonyms in the poetry of K.Myrzaliev 
For an accurate and artistic image of thought the synonyms in speech play a very 
important role. Appropriate use of them in works, is very vital for every writer as synonyms 
express the meaning and manner of impression, clarify the circumstances of the case and, 
therefore, show   the breadth  and inventive skills  of the language. This article discusses  a 
variety  use  of  different  synonyms  by  K.Myrzaliev,  in  his  works  synonyms  are  used  as  a 
beautification  of  language. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
239 
Keywords: synonym, poetry, context, expressive and emotional, rhymes, synonyms 
in the context, shade of meaning.
   
 
*** 
ӘОЖ  821.512.122.32.09  
 
   Қадыров Ж.Т. –  филология ғылымдарының кандидаты, профессор,   
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
                                                                     E-mail: zhkadyrov_777@mail.ru 
 
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ 
КӨЗҚАРАСТАР  
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  әдеби  шығармашылық  туралы  көзқарастар 
жүйеленіп,  әдеби  дарынның  әлеуметтік,  биологиялық,  психологиялық,  кәсіби 
факторларға  байланысты  екендігі  қарастырылады.  Жазушы  тұлғасы,  автор  тұлғасы 
сияқты  ұғымдарды  жеке  және  жүйелі  түрде  қарастырудың  тиімділігі  мен  нәтижесі 
көркем  шығармашылықтың  табиғатын  тереңірек  түсінуге  көмектесетіндігіне  назар 
аударылады. 
Кілт  сөздер:  талант,  көркем  әдебиет,  қаламгер  тілі,  әдеби  шығармашылық, 
модернистік  көзқарас,  интермәтіндік  теория,  гомоцентристік  идея,  әдеби  дарын, 
суреткер тұлғасы, холистік теориясы, әдеби дискурс. 
 
Адамзаттың  ғасырлар  бойы  сарсылып  іздеп,  тап  басып  таба  алмай  келе 
жатқан  әлемдік  құпияларының  бірі  –  талант  формуласы.  Әдеби  талант  туралы 
тамсанып  талай  сөздер  айтылғаны  мәлім,  оған  әр  түрлі  теңгерме  терминдер  де 
табылып  жатты.  Талант  негіздері  тәрбиеге,  ортаға,  дәстүрге,  мінез-құлыққа 
байланысты,  тіпті  тәуелді  деген  пікірлер  ғасырлар  бойы  жаңғыртылып  келеді,  бұл 
туралы  дау-дамай,  ғылыми  дискуссиялар  да  үнемі  жүріп  жатады.  Суреткерлерге 
талант  иесі,  аса талантты, тума талант, табиғи талант  деген  бағалар  беріп жатамыз. 
Өлшеусіз,  шеті  мен  шегі  жоқ  бұл  ұғымды  әркім  өзінше  түсіндірер,  қадари  қалы 
келгенше  анықтар,  оның  шығармашылыққа  әсер-ықпалы  жалпылай  да,  қадап  та, 
санап  та  айтылған,  бірақ  назар  аударарлық  ұстамды  пікірлер  көп  емес.  Қоғам 
алмасқанда,  дәуір  жаңарғанда  нәрі  мен  бары  жоғалып  кететін,  шығармалары 
ұмытылатын  таланттар  бар,  ал  данышпандықтың  жөні  бөлек,  оған  уақыт  пен 
оқиғаларың анау айтқандай әсер ете алмайды. Сыртқы сымбаты мен ішкі қымбатын 
жоймайтын туындылары жасай береді. 
Өнер  түрлерінің  ішінде  көркем  әдебиеттің  орны  айрықша  екені  туралы 
тұжырым  көп,  олардың  дені  сөз  өнерінің  ең  негізгі  материалы  тіл  және  айтылым 
ерекшелігі  төңірегінде  ғана.  Көбінесе  күнделікті  қолданыста,  тұрмыстық  деңгейде 
қатынас  құралы  болып  жүрген  қарапайым  сөздердің  көркем  мәтінде  ажарланып, 
айшықталып,  құбылып,  түрленіп  болмыстың  аса  күрделі  мәселелерін  көркем 
бейнелеуге  пәрмені мен әлуеті молынан жететін құбылысқа айналуына ерекше назар 
аударылады  екен.  Сонымен  қатар  үнемі  лайықты  жауап  күтетін  өте  қиын  сұраққа 
жауап  табу  оңай  емес  мәселе  –  қаламгердің  тілді  ол  -  тілді  осындай    әмбебап 
деңгейде қолдану құпиясы неде және осындай сөзбен сурет  салу  кімнің пешенесіне 
тиесілі деген сауал Данте, Пушкин, Абай сияқты өнерпаздардың тілді меңгеруі, оны 
әдеби шығармашылықта қолдану деңгейінің өте жоғарылығы, шеберлігі талайларды 
тәнті  етіп,  таң  қалдырған.  Осындай  керемет  мысалдар  мен  үлгілерді  салыстыра 
зерттеу  күнделікті  тұрмыстағы  қолданылатын  тіл  мен  көркем  әдебиеттің  тілінің 
арасындағы айырым болатынын байқатып, сол алшақтықтың шамасын аңғартады. Ал 
осы алшақтық ұлғайған сайын ол өзі сөз өнерін құпияға толы, сыры тылсым әлем деп 
қарауға  негіз  болып  келеді.  Адамзат 
тарихының  ерте  кезеңдерінде  өнер 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
240 
табиғатын  шығармашылық  үдерісті  діни,  мифтік  түсініктер  тұрғысынан  бажайлау 
көне  мәтіндерде  жиі  кездеседі.  Суреткердің  құдай  мен  адам  арасындағы  делдал 
екендігі  көп  уақыт  әңгіме  өзегі  болғаны  мәлім.  Ақын  Пиндардың  мадақтамасында 
осы мәселеге көп көңіл бөлінгені назар аудартады. Осындай мәтіндерге көп сүйеніп 
отырған  Платон  өз  кезегінде  ақынға  абсолюттік  идеяға  жетуде  музалар  сыйлаған 
«құдайлық қуат» жол ашатынын атап көрсеткен [1, 67 б.]. Сонымен қатар ол Ақынды 
болмысы жеңіл,  шабытының қанаты бар әулие тұлға деп таныған. Ойшылдың тағы 
бір  назар  аударатын  пікірі  мынадай:  ақын  керемет  шабыттанбаса,  оның  нәтижесі  – 
экстаз үстінде есін жоғалтпаса, жаза алмайды-мыс. Осындай пікірден соң біраз уақыт 
бойы  шабыт  табиғаты,  экстаз  күйі  туралы  көп  әңгіме  болғаны  аян,  бірақ  орнықты 
пікір, тұрақты тұжырымға көпшіліктің келе алмағаны тағы белгілі.  
Адамзаттың ойшыл ұлдарынын қинаған осындай сұрақтар Абайдың жанына 
да тыныштық бермегеніне мысал көп. Ақынның осы орайдағы бір үзік ойы мынадай  
«Тәңірінің берген өнері,  
  Көк бұлттан ашылса». 
Өнер  –  тәңірден  деген  пікірін  Абай  басқа  шығармаларында  да  дамытып, 
өрлетіп отырғаны тегін болмаса керек. 
 
Классицизм  дәуірінде,  романтизм  белең  алған  кезеңдерде  ғылыми  әңгіме 
көбінесе  әдеби  үдеріс  айналасында  өрбіді,  ал  өнерпаз  хақында  жаңа  көзқарас  бола 
қоймады.  Шелли  өзінің  «Поэзияны  қорғау»  атты  атақты  шығармасында  дарын, 
шабыт,  елігу,  өзін-өзі  ұмыту,  «жасағанның  жарлығы»  сияқты  қасиеттердің 
шығармашылықтағы  орны  мен  қызметіне  кеңінен  тоқталған,  оның  көне  грек 
аңыздарындағы  құдайларға,  мифтік  образдарға  көп  сүйенгенінің  сыры  тереңде 
жатыр. 
Жұрт  сияқты  бір  қалыпты  өмірі  бар,  тіпті  күнделікті  тұрмыстық 
тауқыметтерді  шешуге  қауқарсыз  болып  көрінетін,  іске  зауықсыз,  ойға  енжар 
адамның  бір  кезеңде,  кей  сәтте  не  себепті  бұрқанған  ой  иесіне,  белсенді 
шығармашыл  тұлғаға  айналып  шыға  келуінің  сырларын  білуге  де,  түсінуге  де 
оқымыстылар  мен  ойшылдар  көп  күш  жұмсаған.  Мысал  жетерлік,  бірақ  көпшілік 
мойындайтын  тоқтам  аз.  Қисында  пікір  бар,  қабырғалы  көзқарас  жоқ.  Өзін-өзі 
мансұқтаған  Гюго,  Пушкин  сияқты  суреткерлер  аз  болмаған,  бірақ  олар  да  көп 
нәрсенің  басын  ашып  айта  алмаған.  Абай  өлеңдерінде  де  осы  сұрақтарға  жауап 
іздеудің нышандары жетерлік. 
Данышпан  өнер  тұлғасының  құпиясы  ХVІІ-ХІХ  ғасырларда  ғалымдар 
арасында 
көбінесе 
мистикалық 
тұрғыдан 
түсіндірілді. 
И.Кант 
әдеби 
шығармашылықтың  құпиясы  мен  заңдылықтарын  тану  мүмкін  емес  деген.  Бір  топ 
ғалымдар «ақынның басына идея мен образдың қалай келетінін оның өзі де білмейді, 
ендеше  ол  мұны  өзі  де  ешкімге  айтып  түсіндіре  де  үйрете  де  алмайды»  деген 
пікірлерді  қайталаумен  болды.  Мұндай  көзқарастар  жалғастығы  ХХ  ғасырда  да 
байқалды.  АҚШ  ғалымы  Г.Блюм  өзінің  1975  жылы  шыққан  еңбегінде  поэтикалық 
дарын  иесін  әулие  деңгейіне  дейін  көтеруді  ұсынды,  өзі  Д.Мильтонды  қарапайым 
оқырманды  өлеңі  арқылы  қаһарман  ете  алатын  құдыретті  күш  иесі  деп  таныған. 
Әрине, оған қарсы пікірлер де аз болған жоқ. 
Әдеби  шығармашылықты  ғылыми  тұрғыдан  зерттеуде  И.Тэн,  О.Конт  және 
олардың  жақтастары  өздерінше  көп  еңбек  етті.  Олар  ақынға  шабыт  сыйлайды-ау 
делініп  келген  мәні  көмескілеу  ұғымдардың  орнына  «әдеби  ықпалдастық»  сияқты 
мағынасы  айқынырақ  сөз  тіркесін  ұсынды.  Олар  мәтіндегі  автордың  «өзінікі»  мен 
«өзгенікін»  айырып  беретін  деректерді  табуға  ұмтылды.  Бұл  көзқарасты  белсенді 
қолдаған психологтар ақыр аяғында  әдеби дәстүр ұсынған дайын нәрселерді өзінше 
құрастыратын, 
шама-шарқынша 
өңдейтін 
еңбекті 
ғана 
авторға 
тиесілі 
шығармашылық  деп  санады.  Мұндай 
пікірлер 
орыс 
ғалымы 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
241 
Л.С.Выготский  еңбектерінде  қызық  жалғасын тапқан,  дәстүрлі  ойлау  мен  автордың 
өзінше  ойлауының  қарым-қатынасын  қарастырудың  нәтижесінде    психолог-ғалым 
екі  ойлаудың  арасындағы  жалғастық,  кереғарлықтың  себеп-салдарларын  сараптаған 
[2,  97  б.].  Әдеби  шығармашылықтағы  автордың  өзіндік  орны  мен  үлесіне  екіұшты 
қарауды 1970-1980 - жылдары постмодернистер жалғастырды. 
И.Женетт, Ю.Кристева сияқты модернистік көзқарас өкілдері көркем мәтінді 
екі  тін(ось)  бойлап  жататынын,  олардың  бірі  –  авторды  оқырманмен 
байланыстыратын  горизонталь  тін,  екіншісі  –  мәтінді  оған  дейінгі  басқа 
шығармалармен байланыстыратын вертикаль тін болатынын атап көрсеткен. Бұл екі 
тінді ортақ мифологиялық код біріктіріп тұрады  – мыс. Әрбір мәтінді қабылдау мен 
түсіну  сол  мәтін  ішіндегі  бір-бірімен  синхронды  байланыстағы  көптеген  қосымша 
мәтіндердің  трансформациясына  байланысты  екендігін  басқа  да  модернистік 
көзқарастағы  ғалымдар  қуаттаған.  Р.Барт оқырман  талқылауына  еркіндік  беру  үшін 
авторды  мүлдем  «өлтіріп»  қойды,  Ж.Женетт  болса,  оны  дайын  материалды  өзінше 
өңдеуші  деп  қана  таныған.  Ал  авторды  белгіленген  бағдарламаны  жүзеге  асырушы 
тұлға  деп  санайтын  Поль  де  Мэн  көркем  мәтінді  оқу  барысында    автордың  «мені» 
және  оқырманның  «мені»  бір-бірін  жоқ  қылуға  тырысатын  қарама-қарсы  күштер 
екенін өзінше дәлелдеуге күш салған. 
И.В.  Гюббенет  өзінің  1991  жылы  шыққан  «Көркем  мәтінді  филологиялық 
талқылаудың  негіздері»  деген  еңбегінде  «вертикаль  контекст»  деген  жаңа  терминді 
пайдаланған.  Ғалымның  пікіріне  сүйенсек,  бұл  ұғымда  аса  маңызды  тарихи 
филологиялық  ақпарат  сақталады  екен.  Сонымен  қатар  әдеби  аллюзия  мен  «дәуір 
мәнмәтіні»  сияқты  түсініктер  де  көркем  мәтінді  толығырақ  түсінуге  қызмет  етеді 
деген  қызықты  пікір  айтылған,  талқылау  барысында  бұл  ұғымдарды  пайдаланған 
тиімді. 
Интермәтіндік  теориясының  кейбір  қағидаттары  мәтінді  оқу  барысында 
адресатта  пайда  болған  сұрақтарға  жауап  берудің  орнына,  мәтіндер  сондай 
сауалдарды  өздері  тудырады-мыс.  Мысалы,  орта  ғасырлар  әдебиетіндегі  авторы 
белгісіз  мәтіндердің  қайсысын  «оригинал»,  қайсысын  «плагиат»  деп  санау  керек 
деген мәселенің байыбына бару оңай емес. Тақырыппен таныс адамдардың арасынан 
«автор»  ұғымының  тарихи  құбылыс  екендігіне  дау  айтатындар  көп  бола  қоймас. 
Доспамбет,  Марғасқа  сияқты  жыраулардың,  Абай  мен  Махамбеттей  ақындардың 
қазіргі  оқырманмен  поэзия  тілінде  бүгінгі  замандасындай  сырласатын  тұстары  аз 
емес,  олардың  өлеңдеріне  жүгіну,  мәтіндеріне  сілтеме  жасау,  тіліне  емірену, 
шеберліктеріне  таң  қалу  қай  уақытта  болсын  жалғаса  беретін  болар.  Түйіп  айтсақ, 
ұлы  ақындар  мен  жазушылардың  әлемдік  тұтас  көркем  кеңістіктің  бір  нүктесінде 
үнемі шығармашылығымен айналысып жатқандай болып көрінетініне ғалымдар көп 
назар аударған.  
Р.Барт  көркем  әдебиет  тілі  қай  жерде  болсын  қолдануға  дайын  бесаспап 
«тіл»  сияқты  болғандықтан,  оның  ата-ана  мен  орта  мектеп  үйрететін  ана  тілден 
айырмашылығы  жоқ  дейді  [3,  137  б.].  Өз  ойын  дамыта  отырып,  ғалым  көркем 
мәтіннің оқырманның «екінші санасын» қалыптастыратынын, яғни оның адамға әсері 
мен  ықпалы  тіпті  өзгертуші-қалыптастырушы,  бағыттаушы,  айқындаушы  рөлге  ие 
болатынын айтқан. Жазушы өз шығармасында тілді қалай сөйлетсе, тіл де жазушыны 
солай  үйретпек  деген  пікірдің  мазмұны  терең.  Бұл  пікірдің  айтылу  түрі  екпінді 
болғанымен, санада әрқилы көзқарас тудыратыны даусыз. 
Интермәтіндік  теориясы  шығармашылдық  еңбекке  қатысты  дәстүрлі  әдеби 
көзқарастарды  мойындай  қоймайды.  Бұл  қағидаттарды  қуаттайтын  зерттеушілер 
әдеби  үдерісті  болмысты  бейнелеудің  белсенді  түрінен  гөрі  пассив  қалпына 
жақындатады, бірақ бұл оймен келіспейтіндер де жетерлік. Француз модернистерінің 
АҚШ-тағы  ізбасарлары  жазушыны  бақ  бір  роботқа  айналдырып  алған.  Олардың 
ойынша,  автор  -  дайын  әдеби  «шикізатты» 
алдын-ала 
белгіленген 
бір 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
242 
«бағдарламалар» арқылы өңдейтін механизмге ұқсас, сондықтан оның ізденісі әдеби 
сыншыға  қызық  емес.  Г.Блум  деген  ғалым  шығармашылық  тұлғалар  арасындағы 
ыңғайластықты,  жалғастықты,  үндестікті,  ынтызарлықты,  сарындастықты  әдеби 
«дәстүрдің»  ең  басты  компоненті  деп  санайды.  Ғалым  «ықпал»  деген  түсінікті 
кеңінен қарастыра отырып, ақындарды басқаларға әсер ету сипатына  қарай «күшті» 
және «әлсіз» деп бөліп тастап, әдеби үдерістің қозғаушы күші ретінде жазушылардың 
«тіршілік  үшін  күресін»  бағалайды  [4,  97  б.].  Сонымен  қатар  бұл  зерттеушінің 
шығармашылық  тұлғаның  психологиясында  жаулап  алушының,  басқыншының 
инстинкті  басты  қызмет  атқаратынын  өзінше  дәлелдеуге  тырысқаны  белгілі.  Оның 
әдеби  «мектеп»  сияқты  өзара  пікірлес,  ынтымақтас  жазушылардың  творчестволық  
одағының  қызметінде  айтарлықтай  көркем  нәтиже  жоқ  дегенімен  келісу  қиын. 
«Күшті»  ақындардың  өз  қасиетін  оңды-солды    тарата  бермейтіні  туралы  ойларына 
мән беруге болар. Сондықтан олардың ықпалына көбінесе «осал» ақындар түсетінін 
айта  келіп,  ғалым  «суреткерлік  санаға»  творчесволық  жомарттық  мүлдем  тән 
еместігін алға тартады. Шығармашылық еңбек барысы идея мен тақырыпты, сюжетті 
біреуден «қарызға алу», өзгенікін «иемденіп кету», тіпті «қымқыру», «ұрлық» сияқты 
әрекеттерден  тұрады  деп  есептеген  Г.Блум  мықты  жазушылар  ғана  алдыңғы 
буынның  қалаулысына  айнала  алады  деген.  Тағы  бір  пікірінде  ол  «күшті»  
ақындардың өзін-өзі тануы, өзін өзгеге танытуы да оңай еместігін  алға тартып, бұл 
жолда талант иесінің өзін жаратқанға балауы, періштеге теңеуі, ібілістің досы қылып 
көрсетуі де бола береді деген. Мұндай мысалдарды қай әдебиеттен де келтіру қиын 
емес.  Осындай  «басбұзарлық»  пен  «асаулық»  ақынға  өзіне  дейінгілерден  тек 
«беделділерді»  таңдап  қана  мойындауға,  оларды  сыни  тұрғыдан  бағалай  отырып 
өзінше  түзетуге  мүмкіндік  береді  –  мыс.  Өзінің  әріптестеріне  деген  суреткер 
бойындағы  мұндай  «қаскөйлектің»  төркінін  Г.Блум  қаламгердің  өзінің 
шығармашылығына жаңадан жол ашу, бөлек көркем кеңістік жаулап алу мақсатымен 
жасалған «қызметін  асыра пайдаланудың» жеке көрінісі ғана   деп есептейді [4, 102 
б.]. Мұндай пікірге толық қосыла қою қиын, бірақ ойланатын сәттер де  баршылық. 
Артық  айтып,  кем  түсетін,  Абай  айтпақшы  «кемшілігі  әр  жерде  көрініп  тұр-ау» 
дейтін пікірлерге, тек осылай қарамау керек сияқты. К.Мырзалиевтің «Ақынға керек 
ақыл көп, Асаулық керек аздаған» деген пікірі де осы мәселеге өзіндік көзқарас екені 
қаперде болғаны жөн. 
«Мифтерді  жою»  деген  теорияны  мансұқтаған  ХІХ  ғасыр  позитивистерінің 
дәстүрін  жалғастыруға  тырысқан  ХХ  ғасыр  модернистері    шығармашылық 
құдыретке  ие  делініп  келген  автордың  «сағын  сындырудың»  басқа  жолдарын 
іздестірді.  Ақын  олар  үшін  енді  құдырет  иесі  емес  еді.  Мифтік  көзқарас  кезінде 
суреткердің  жеке  тұлғасына  мән  берілмегенін  алға  тартқан  Б.Пэрис  есімді  ғалым 
Ақын  талантына    таң  қалу,  оны  жаппай  табыну  нысанына,  еліктеу-солықтау 
бейнесіне айналдыру  суреткер еңбегінің нәтижесін шынайы бағалауға бөгет  болады 
дей отырып, қаламгерді адами  қарама-қайшылығымен, пенделік сан алуан құбылу, 
өзгерулерімен  қоса  қабылдау  ғана  оның  ақын  ретіндегі  ұлылығын  аша  түседі  деп 
санаған.  Бұл  зерттеушінің  көркем  әдебиеттің  ұлы  туындыларының  пайда  болуын 
түсіндіруі  назар  аударарлық:  оның  ойынша,  ұлы  қаламгердің  өмірді  көру  қабілеті 
оны  түсінуінен  әлдеқайда  терең  де  ауқымды  екен,  мұндай  парадоксты  тек  өнерге 
деген іңкәрлікпен түсіндірудің қиындығы, қисынсыздығы байқалып қалады. 
Адамды бүкіл болмыстың өлшемі деп есептейтін гомоцентристік идеяның да 
шығармашылық  табиғатына  қатысы  мен  ықпалы  бар.  Бұл  идеяны  өзінің  пенделік 
құнсыздығы  жайлы  ойдан  қорғану  үшін  адамның  өзі  ойлап  тапқан  қарапайым 
метафорасы  деп  есептеп  отырғандар  кездесуде.  Олар  суреткердің  ізденіс  аумағы 
өзінің өмірі жайлы толғаныстардан аспайтының, ал әлемдік маңызы бар ұғымдарды 
өз  түсінігіне  сәйкес  сөздермен  ғана  ауыстыруға  деген  шектеулі  құлшынысы  мен 
құмарлығын 
сынайды. 
Модернистік 
ұстанымдағы  әдебиетшілердің  жеке 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
243 
қаламгердің өмірлік құндылықтарын қарапайым адамдардың көптеген қасиеттерімен 
салыстыра зерттеуге деген ерекше ынтасының сыры белгілі. Оның астарында талант 
пен  тобырдың  бір-бірінен  айырмашылығы  өте  аз  екенін  қайта-қайта  дәлелдеуге 
тырысу жатыр. Түпкі нысана  – суреткердің ешқандай ерекше қасиетінің жоқ екенін 
көрсету.  Олар  шығармашылық  дарынның  қайнар  көздерін  әр  түрлі  әлеуметтік, 
психологиялық  ауытқулардан  іздеумен  әуре.  Талантты  адамдар  ағзасында 
биологиялық, химиялық, физикалық процестер өзгеше жүреді деген пікірді ұстанып, 
суреткердің  дарын  сипатын,  қаламгерлік  қуатын  айқындауға  осылайша  тырысып 
жүргендер жетерлік, дей тұрсақ та мұнда ілтипатқа алар кейбір ойлар да бар.  
Біраз  ғалымдар  ұзақ  уақыт  бойы  жазушылық  қабілетті  тектіліктен,  қанмен 
берілетін қасиеттерден іздеген, әлі де болса бұл мәселе күн тәртібінен түсетін емес. 
Әкелі-балалы  Дюмалар,  Толстойлар  әулеті,  Абай  және  оның  балалары  Мағауия, 
Тұрағұл  мысалдары  бұл  көзқарас  үдесінен  шығып  тұр.  Сонымен  қатар  Шекспир, 
Руссо,  Бальзак,  Гоголь  т.б.  әулетінен  ғасырлар  бойы  ешкім  әдеби  талантымен 
танылмағаны  тағы  белгілі.  Әрине,  қоғамдық  құрылым,  әлеуметтік  орта,  тәрбие  мен 
дәстүрдің суреткер  болып қалыптасуға әсер-ықпалы болатындығы көп жазылған, аз 
айтылмаған.  Қазақ  әдебиеттануында  да  аталмыш  әңгіме  төңірегінде  дерегі  қызық, 
дәйегі  мардымды  зерттеулер  баршылық.  Абай,  М.Әуезов,  І.Жансүгіров, 
Ж.Аймауытов, 
Б.Майлин, 
С.Сейфуллин, 
М.Жұмабаев, 
Ә.Нүрпейісов 
шығармашылдығы  туралы  толайым  еңбектердегі  қызықты  тұжырымдарға  назар 
аударған артық емес. 
Жоғарыда  сөз  етілген  көзқарастарды  жүйелесек,  зерттеулерде  әдеби 
дарынның  әлеуметтік,  биологиялық,  психологиялық,  кәсіби  факторларға  әлдеқалай 
байланысты  екендігін  күйттеу  көбірек  байқалады.  Бір  қызығы  қазіргі  кезде  де 
тұлғаның  физиологиясы  мен  психикасы  арқылы  оның  шығармашылдық  қызметіне 
баға  беруге  құмарлық  жиі  кездеседі,  бірақ  олардың  адамның  санасы  арқылы 
бақыланбайтын  құбылыстар  сипатынан  екені  естен  шығып  кете  беретін  сияқты. 
Мұндай  ұстаным  басынан-ақ  әдеби  шығармашылық  еңбекті  адамның  қалыпты 
күйден  ауытқуы  деп  санауға  саяды,  бұл  зерттеушілер  кейде  әдебиетшіден  гөрі 
көбінесе  психиатрға  немесе  дәрігер-невропатологқа  ұқсап  кетеді.  Ч.Ломброзо  деген 
ғалымның  белгілі  жазушылардың  түр-тұлғасын,  мінез-құлқын  сырттай  ұзақ  уақыт 
зерттегені  мәлім,  ол  жазушылық  қабілетке  ие  бола  алатын  адамдардың  мынадай 
портретін  жасаған:  оның  бойы  –  аласа,  денесі  –  арық,  бас  сүйегінің  ассиметриясы 
бар,  жағымсыз  қылықтарға  үйір,  аурушаң.  Дегенмен  Э.По,  Гофман,  Петрарка, 
Флобер  сияқты  суреткерлердің  болмысын  егжей-тегжей  зерттеген  ғалым  бұлардың 
кемшіліктері  шығармашылықтарына  үлкен  бөгет  емес,  керісінше  творчестволық 
қозғаушы күш болғанын айтқан. Осыдан кейін біраз  уақыт  бойы жазушының «ішкі 
тартысының»  себептері  мұқият  зерттелген,  ақырында  оның  әдеби  ізденістің  басты 
себепкері  деп  саналған  кездері  де  болған.  Модернистік  бағыттың  өкілдері  әр  түрлі 
алыпқашпа  әңгімелер,  жекелеген  пародокстер  арқылы  Ақын  рөлін  төмендетуге 
тырысып баққаны мәлім. Б.Перис атты оқымысты адамның денінің саулығы, рухани 
әлемінің  байлығы,  ойының  даналығы  әдеби  шығармашылық  үшін  қажет  емес 
қасиеттер  деген,  өйткені  оның  өзінің  жазушылар  арасында  жан-жақты  дамыған 
тұлғалар  аз  кездеседі  деген  пікірін  дәлелдеумен  әлек  болғаны  белгілі.  Бұған  қарсы 
дау айтатындардың уәждері жетерлік. Шығармашылыққа бұлай біржақты қарау  – әр 
заманның өз амалы шығар дегеннен әрі аса алмай отырғандар көп.  
Суреткер  тұлғаға  деген  бұдан  да  өткен  аяусыз,  қазымыр  көзқарасты 
З.Фрейдтің ізбасарларының жазбаларынан кездестіруге болады, ұстаздарының шетін 
теориясын  шығармашылық  тұлғаның  болмысын  бағалауға  кеңінен  қолданған 
олардың  автор  жайлы  әңгімелерінде  түс  көру,  түс  жору  терминдерін  көп 
қолдануының  себептері  бар.  Әдеби  іске  бейімділіктің  түп  төркінін  жүйкедегі  түрлі 
құбылыстардан  іздеудің  мақсаты  мынада: 
бір  нәрсемен  ұзақ  және  үзіліссіз 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
244 
айналысқан адамның бірте-бірте истерияға бой ұруы, үлкен күйзеліске түсуі өмірде 
кең  тараған  құбылыс,  яғни  ол  –  ұйқы  мен  сергектік  сәттерді,  реалдылық  пен 
иллюзияны  ажырата  алмайтын  бейсаналық  күйге  түсу  және  одан  шыға  алмаудың 
машақаты.  Фрейдтің  жақтастары  нағыз  әдеби  шығармашылық  тек  осындай  күйде 
ғана  жүзеге  асады  деп  санайды.  Мұны  Д.Блейчтің  мына  пікірінен  аңғаруға  болады: 
«Өнер  туындысын  түс  көруге  теңеуге  болады,  ал  автор  ойы  дегеніміз  –  осы  түстің 
мотивіне айналған жасырын мүддесі» [5, 128 б.]. Л.Фидлер деген ғалым түс көру мен 
әдеби  шығармашылықтың  түпкі  негізі  бір,  ол  –  кезекті  миф  ойлап  табуға  деген 
адамзатқа  ортақ  пиғыл  дей  келіп,  көркем  әдебиеттің  үрей  мен  қорқынышқа 
байланысты  тақырыптарды  жиі  қозғау  арқылы  үнемі  мифті  жаңартып  отыратынын 
алға тартады. 
Модернистердің,  фрейдистер  мен  постмодернистердің,  кейбір  әдеби 
антропологиялық  бағыттың  өкілдерінің  суреткер  тұлғасының  әртүрлі  паталогиялық 
кемшіліктері мен ерекшеліктері арқылы әдеби шығармашылық табиғатын тануға ден 
қоюына  кезінде  түсіністікпен  қарағандар  болды,  дегенмен  күмәнмен  қарағандар 
қатары да аз емес еді. Аталған гипотезалардың кейбір көріністері жекелеген ақындар 
мен жазушылардың бойынан табылып қалуы да мүмкін, бірақ мұндай паталогиялық 
ауытқулар шығармашылықпен шұғылданбайтын қарапайым адамдарда да кездесетіні 
бар ғой. Сонымен қатар өнер иелерінің  ішінде дені сау, жүйкесі мықты, ойы тұнық 
тұлғалардың көп екеніне дау айтатындар табыла қоймас. Дегенмен көркем мәтіндерді 
талдауда,  аударуға  дайындық  кезінде  автор  тұлғасына  қатысты  биографиялық, 
ақпараттық  мәні  бар  деректерге  назар  салу  артық  емес.  Әдеби  туындылардан  оның 
авторының  мінез-құлқындағы  психикалық  ауытқулардан  белгі  беретін  мысалдарды 
табуға арналған зерттеулерде бір нәрсеге назар аударылмаған болатын. Суреткердің 
психикалық  ауытқуларын  діттегеннен  гөрі  автордың  өмір  бойы  сол  дертпен  күресе 
білуінің,  сол  жолда  жеңіске  ұмтылуының  өзі  шығармашылық  үдеріске  дем  беруі 
әбден  мүмкін  ғой.  З.Шүкіров  сияқты  ақындардың  шығармашылығын  осылай 
талдаудың қисыны жетерлік. 
А.Маслоудың  көпшілікке  мәлім  холистік  теориясының  да  әдеби 
шығармашылыққа тікелей қатысы бар. Аталмыш ғалым әдебиет үшін тұлғаның өзін 
өзіне және өзгеге танытуға бағытталған ішкі ізденістерінің ерекше күш көзі екендігін 
айта  келіп,  шығармашылықтың  бастауы    ретінде  «self  –  actualization»  деген  термин 
ұсынған.  Оның  ойынша,  адамзаттың  1  пайызына  ғана  тән  осы  қасиет  барлық  
дамудың  қозғаушы  күші  болып  табылады  екен.  Бұл  қажеттілік  өз  иесін  сырттай 
қарағанда қолдан келмейтін әрекеттерге бастайды, сонымен бірге ондай  адам санасы 
мен  ойындағы  әрқилы  шектеулермен  белсенді  күреске  түседі.  Адам    мен  қоғам 
арасындағы қарым-қатынастың көп жағдайын айқындайтын осы күрес барысы әдеби 
шығармада  әр  түрде  өтеді  екен.  Бір  түрі  –  адамдарға  деген  ерекше  ынтызарлық 
арқылы  олардың  көңілінен  шығу,  қолдауына  ие  болуға  тырысу  сипатында  жүрсе, 
екіншісі-адамдарды  өзінің  дегеніне  қалай  да  көндіруге  бағытталса,  үшіншісі  –  өзін 
түсінбеген орта мен адамдардан бөлектену, Отанын менсінбеу, қоғамнан жеріну және 
әр  түрлі  жатсыну  немесе  өзін-өзі  дамытумен    ғана  үздіксіз  айналысу,  атақ  пен 
қызметті  мансұқтау,  «нарциссизм»  көріністері  болады  екен.  Қауызына  ғана  сиятын 
тарыдай тіршілік кешкен талант иелерін де тарих біледі. 
Суреткердің  интраверттік  пиғылдары  мынадай  пенделік  мотивацияларға  да 
байланысты  делінеді:  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  қалыптастыру,  өзін-өзі  бағалау,  өзімен-
өзі  арнайы  қарым-қатынас  жасау.  Шығармашылық  үдерісте    өзгені  өзіне  телу, 
басқаның бейнесіне еніп кету, түбегейлі түлеу сықылды метамарфозалар да кездесіп 
отырады. 
К.Хорни,  Б.Пэрис  сияқты  ғалымдар  А.Маслоудың  «өзін  актуалдандыру» 
деген  ұғымын  әдебиет  теориясында  өзінше  пайдалана  бастаған.  Олар  қаламгерлер 
қатарында 
ақкөңіл, 
адал, 
дарынды, 
жастарға 
барынша 
қамқор 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
245 
тұлғалармен  қатар  көрсеқызар,  қызғаншақ,  ашушаң,  мақтаншақтар  да  болатынына 
назар  аударған.  Сонымен  бірге  материалдық  байлық  пен  табысқа  жиіркенішпен 
қарайтындар,  өзін-өзі  мақсатсыз  қамшылаумен  өмірін  еш  өткізетіндер  де  әдеби 
кеңістік  пен  айналымда  жүретінін  айтқан.  Оған  қоса  әдеби  шығармашылықтың 
фанаттары, табысқа қол жеткізу үшін ібіліспен де келісімге келуге дайын пысықтар 
сирек те болса бар екен. Жалпы алғанда, А.Маслоудың көзқарасын шығармашылық 
табиғатын және көркем мәтінді оқып-үйрену барысында қолдануға болатындай, бірақ 
объективтік ақпараттарды да назардан тыс қалдырмаған абзал. 
Әдеби  шығармашылықты  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы    психологиялық 
үрдіс деп қана қарастыратын модернистер еңбектерін зерделеп талдаған адам қызық 
жайттарға  тап  болады.  Олардың  қолданған  амалдарының  кәдімгі  психоанализбен 
емдеу әдістеріне ұқсас екендігіне көз жеткізу қиын емес. Externalization деп аталатын 
соның  бірінің  мәні  мынадай:  жүйкесіне  әсер  ететін  дертті  әдеби  шығарма  арқылы 
адамның  бойынан  күшпен  ығыстырып  шығару,  сонан  кейін  науқасты  өз-өзіне 
сырттай бақылатып қою, яғни адамға өзінің ішкі тартысқа толы мазасыз күйін өзіне 
қатысы    шамалы,  қауіпсіз  мәселеге  айналдыру,  өз  басындағыны  өзгенікі    сияқты 
қабылдауға қол жеткізу. Екінші әдіс  – projection деп аталады, оның мәнісі  – адамға 
болмысы, мінезі, түрі өзіне ұқсас әдеби бейнені  таңдап алғызып немесе оны ойдан 
шығару одан кейін өз сезімдерін, көңіл-күйін сол адамға түбегейлі сыйлатқызып, өз 
тауқыметтерін  оның  мойнына  артып  қою  арқылы  өз  ойы  мен  бойын  жеңілдету. 
Interjection  деп  аталатын  үшінші  әдіс  арқылы  адам  өзгелердің  қам-керекетін,  іс-
әрекетін  өзіне  шақтап,  бағалап,  өлшей  отырып,  сол  арқылы  өзіндегі  ішкі  күйімен 
тысқы  жағдайды  теңшеуге  тырысуды  көздейді.  Көркем  әдебиеттің  осындай 
қасиеттерін  адамды  емдеу  үшін  қолдануды  ұсынғандардың  түпкі  ниетінің  қандай 
екені анықталған жоқ. 
Г.Блумның    мұндай  «өзін-өзі  қорғау  механизмдерін»  автордың  фантазиясы 
мен  риторикасына  үлкен  әсері  бар  құбылыстар  дегені  белгілі.  Оларды  автордың 
өзінің  басындағы  әрі-сәрі  күйге,  өлім  туралы  ойларға,  меланхолиялық  азапты 
толғаныстарға 
берген 
жауабы 
деп 
санағандар 
болған. 
Б.Пэрис 
бұл 
психоаналитикалық  тәсілдер  суреткердің  өзінің  көркемдік  әлемін  қандай 
персонаждармен толтыратынына белгілі түрде әсер етеді дейді. Бұл көзқарас арқылы 
АҚШ  постмодернистерінің  көбінесе  роман  мен  драмаға  неге  үйірсек  болғанын 
анықтауға мүмкіндік туған. Америка прозасында ХХ ғасырда өз дегеніне жету үшін 
өз-өзімен,  өзгемен  толассыз  күресетін,  қайткенде  де  жеңіске  жетуге  тырысатын 
агрессор  кейіпкердің  өлімімен  немесе  оның  әрқилы  жатсынуымен  аяқталатын 
шығармалар  легі  көбейіп  кеткеніне  алаңдаушылықтан  туған  ойлар  шығар.  Жан-
жақты  дамыған,  рухани  дүниесі  бай  адамдардың  өмірінен  қазіргі  оқырман  үшін 
қызғылықты  «сюжет»  шығару  қиын  екендігін  алға  тартатындар  шықты.  Мұндай 
үрдіс қазіргі қазақ прозасында да байқалады. Жалғыз қалған қария, жесір әйел, жетім 
бала, жолы болмаған талант туралы туындылардың көбейіп кетуінің астарына үңілу 
керек.  
Сыншылар  мен  зерттеушілердің  қаламгер  тұлғасына  деген  жеке 
көзқарастарын әдеби дискурс те қарастырады. Оқырманға қаламгердің жеке басының 
қасиеттері  ұнамаса  сол  оқырманға  осы  автордың    романы  да  ұнамайды  деп  кесіп 
айтқан  Д.Блейчке  Т.Элиот  қарсы  шықты,  ол  қаламгер  жайлы  айтылатын  қандай 
пікірдің  болсын  мейлінше  обьективті  болуын  қалаған.  Көптеген  әдебиетшілер 
жазушы  тұлғасын  оның  шығармашылығынан  бөліп  қарастырудың  дұрыстығын 
қуаттайды.  «Жазушының  жеке  тұлғасы»,  «автордың  көркем  мәтіндегі  образы», 
«оқырманның санасындағы автор» сияқты ұғымдарды жеке-жеке және жүйелі түрде 
қарастырудың  тиімділігі  мен  нәтижесі  көркем  шығармашылылықтың  табиғатын 
тереңірек түсінуге көмектесетініне жеткілікті назар аударатын кез келген сияқты.  
Әдебиет: 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
246 
1.
 
Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы, 2009. – 147 б. 
2.
 
Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 1983. – 207 б. 
3.
 
Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. – М., 1994. – 221 б. 
4.
 
Блум Г. Страх влияния. – Екатеринбург, 1988. – 298 б. 
5.
 
Блейч Д. Утопия. Психология культурной фантазии. – М., 1988. – 198 б. 
*** 
Кадыров Ж.Т. 
Научно-теоретические взгляды на литературное творчество  
В этой статье систематизированы взгляды на литературное творчество и 
рассмотрена  связь  литературного  дарования  с  социальными,  биологическими, 
психологическими и профессиональными факторами.  Обращается внимание на то, 
что  в  результате  личностного  и  системного  восприятия  понятия  личности 
писателя  и личности автора мы имеем возможность более глубоко понять природу 
художественного творчества. 
Ключевые  слова:  талант,  художественная  литература,  язык  писателя, 
литературное  творчество,  модернисткий  взгляд,  интертекстовая  теория, 
гомоцентрическая 
идея, 
литературный 
талант, 
личность 
художника, 
холистическая теория, литературный дискурс. 
*** 
Kadyrov Zh.T. 
Scientific-theoretical conceptions of literary work 
The given paper deals with the systematization of conceptions of literary work, and 
the  scrutiny  of  the  connection  between  literary  endowment  and  social,  biological, 
psychological,  and  professional  factors  which  influence  it.  As  a  result  of  individual  and 
systemic comprehension of the notions of the writer’s personality and the author’s image, it 
is possible to understand the nature of artistic work better and deeper. 
Keywords:  endowment,  fiction,  the  author’s  language,  literary  work,  modernist 
approach,  intertextual  theory,  homocentric  principle,  literary  endowment,  the  artist’s 
personality, holistic theory, literary discourse. 
*** 
 
 
ӘОЖ 821.512.122 
Секей Ж. – филология ғылымдарының кандидаты,  
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Е-mail: janbota2010@mail.ru 
Доскеева Ш.А. – филология ғылымдарының кандидаты,  
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
Е-mail: shaizaasanovna_@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет