Ғ
ЫЛЫМИ ӨМІР
Н
Н
А
А
У
У
Ч
Ч
Н
Н
А
А
Я
Я
Ж
Ж
И
И
З
З
Н
Н
Ь
Ь
ACADEMIC LIFE
***
«МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ – 7» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-
ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2015 жылдың 23 қазанында дәстүрлі «Махамбет оқулары – 7»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның
пленарлық мәжілісінде төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
1.Бисенғали
Зинол-Ғабден
Қабиұлы - ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың профессоры: «Махамбеттің
өмірі мен өлеңі туралы Ә.Кекілбаевтың
«Шандоз» баяны»;
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
294
2.Тайжанов Алтай Тайжанұлы - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина университеті «Әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының
меңгерушісі, филос.ғ.д., академик: «Махамбет және ұлт болмысы: рух пен намыс»;
3.Баймұханов Болат Шағырбайұлы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің Жұбановтану ғылыми-зерттеу лабороториясының меңгерушісі,
ф.ғ.к., доцент: «Исатай-Махамбет: ерлік, елдік мәселелері»;
4.Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы - М. Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к.: «Исатай батырдың Жәңгір
ханның Ордасын шаппауы: көзқарастар
мен тұжырымдар»;
Конференцияда пәндік ғылымдар саласы бойынша 7 секция жұмыс жасады.
Олар:
I секция - «Махамбеттану»;
ІІ секция - «Филология ғылымдары»;
ІІІ секция - «Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықта»;
ІV секция – «Жаратылыстану ғылымдары»;
V секция - «ЖОО-дағы математика,
физика,
информатиканың
өзекті
мәселелері»,
VІ секция- «Жалпы педагогика мен
психология және дене тәрбиесі», VІІ секция-
«Білім беру жүйесіндегі мәдениет пен
өнердің тарихи және даму тенденциялары».
Конференцияға барлығы 256 ғылыми
мақала
келіп
түсті.
Конференция
материалдары екі том (І том, ІІ том) болып
жарық көрді.
Конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-
оқытушылар құрамы, БҚО және Орал қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті,
тарих пәндерінің мұғалімдері, махамбеттану тарихын зерттеп жүрген жергілікті
өлкетанушылар, сондай-ақ, жас ғалымдар–магистранттар мен студенттер, ақын-
жазушылар, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары қатысты.
***
МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ
«ЕВРАЗИЙСКАЯ ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ИНТЕГРАЦИЯ:
ЭКОНОМИЧЕСКИЕ, ПРАВОВЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ»
18-19 ноября 2015г. в Западно - Казахстанском государственном
университете им. М.Утемисова прошла международная научно-практической
конференции на тему «Евразийская экономическая интеграция: экономические,
правовые и социальные аспекты».
На конференции присутствовали
следующие гости: Цатхланова Тамара
Тавиновна
–
д.э.н.,профессор
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
295
Калмыцкого государственного университета (г.Элиста, РФ), Лапенко Марина
Владимировна – к.и.н., директор информационно-аналитического центра "Евразия-
Поволжье"(г. Саратов, РФ), Балаян Аркадий Артурович – к.и.н., директор Фонда
поддержки научных исследований "Мастерская евразийских идей" (г. Саратов, РФ),
Максименко Елена Ивановна – к.п.н., старший преподаватель Оренбурского
государственного университета(г. Оренбург, РФ), Намысов Савр Викторович –
к.э.н.,доцент Калмыцкого государственного университета, Дарбакова Наталья
Евгеньевна - к.э.н.,доцент Калмыцкого государственного университета, Болдырева
Саглар Борисовна- к.э.н.,доцент Калмыцкого государственного университета.
Цель конференции: рассмотреть Евразийскую экономическую интеграцию:
экономические, правовые и социальные аспекты.
Основными направлениями работы конференции были:
Секция 1. Правовое регулирование межэкономических связей стран
участников ЕврАзЕС;
Секция 2. Роль экономической и социальной интеграции в стратегическом
развитии экономик стран евразийского пространства;
Секция 3. Перспективные направления многостороннего сотрудничества
финансово-кредитной системы стран ЕАЭС.
Секция 4. Направления интеграции и развития систем бухгалтерского учета,
аудита, статистики и оценки в странах ЕАЭС.
Республика Казахстан, как одна из самых быстроразвивающихся стран СНГ, а
также страна, владеющая большими запасами стратегических ресурсов, не может
оставаться в стороне от расширяющейся мировой интеграции. Главной причиной
экономической интеграции является стремление к повышению экономической
эффективности производства. На межгосударственном уровне интеграция
происходит путем формирования региональных экономических объединений
государств и согласования их внутренней и внешней экономической политики.
Взаимодействие и взаимоприспособление национальных хозяйств проявляется,
прежде всего, в постепенном создании «общего рынка» - в либерализации условий
товарообмена и перемещения производственных ресурсов (капитала, труда,
информации) между странами.
Интеграция рассматривается как вынужденная мера объединения стран в связи
с обострением конкуренции на мировых рынках. В современных условиях
государство не в состоянии в полной мере обеспечить свою экономическую
безопасность самостоятельно, в одиночку. Успех интеграционных процессов зависит,
среди прочего, от влияния географического фактора — т.к. выгоды от развития
интеграции проявляются прежде всего через снятие таможенных барьеров.
Наличие
интеграционных
процессов
связано
с
определенными
предпосылками: 1) близость уровней экономического развития и степени рыночной
зрелости интегрирующихся стран; 2) географическая близость интегрирующихся
стран, наличие общей границы и исторически сложившихся экономических связей
(последнее особенно актуально для стран СНГ); 3) общность экономических и иных
проблем, стоящих перед странами; 4) демонстрационный эффект (сдвиги,
происходящие внутри объединений, стимулируют желание соседних государств
приобщиться; 5) «эффект домино» — в связи с переориентацией экономических
связей на базе интеграционного объединения у соседних государств возникают
трудности.
Международная
научно-практическая
конференция
«Евразийская
экономическая интеграция: экономические, правовые и социальные аспекты»
проходит в то время, когда важным фактором достижения устойчивых темпов
экономического
роста,
активизации
торгово-экономического
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
296
сотрудничества, предотвращения негативных тенденций, связанных с обострением
кризисных явлений в мировой экономике является создание Евразийского
экономического союза.
ЕАЭС создан в целях всесторонней модернизации, кооперации и повышения
конкурентоспособности национальных экономик и создания условий для
стабильного развития в интересах повышения жизненного уровня населения
государств-членов.
Конференция прошла на высшем уровне.
***
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ, ПОСВЯЩЕННАЯ
ОБСУЖДЕНИЮ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Н.А. НАЗАРБАЕВА НАРОДУ КАЗАХСТАНА «КАЗАХСТАН В НОВОЙ
ГЛОБАЛЬНОЙ РЕАЛЬНОСТИ: РОСТ, РЕФОРМЫ, РАЗВИТИЕ» ОТ 30
НОЯБРЯ 2015 ГОДА
4 декабря 2015 года в Западно-Казахстанском государственном университете
им.
М.Утемисова
состоялась
работа
научно-практической
конференции,
посвященной
обсуждению
Послания
Президента
Республики
Казахстан
Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост,
реформы, развитие» от 30 ноября 2015 года.
В работе конференции принимали
активное
участие
руководство
университета,
профессорско-
преподавательский состав, магистранты
и студенты, представители СМИ.
Ректор
университета,
доктор
педагогических
наук,
академик
Имангалиев А.С. в своем выступлении
отметил основные поставленные задачи и
направления развития Казахстана в свете
реализации
Послания
Президента
Республики Казахстан Н.А. Назарбаева
народу Казахстана. С докладами на конференции выступили доктор экономических
наук, профессор Мергалиева Л.И., кандидат философских наук, доцент
Науанова К.М., кандидат исторических
наук,
старший
преподаватель
Жаксыгалиев
Ж.Ж.,
кандидат
экономических
наук,
старший
преподаватель
Турченко
А.А.,
преподаватель Сабыргалиева Н.Б. На
обсуждение были вынесены различные
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
297
аспекты и проблемы развития казахстанского общества, затронутые в Послании
Главы государства.
***
БІЗДІҢ МЕРЕЙТОЙ
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
OUR JUBILEES
Трибунский Владимир Степанович
Трибунский Владимир Степанович, после окончания
технического училища с отличием, работал на заводе
«Зенит» станочником, инженером по планированию.
В
1967
году
окончил
заочно
Казахский
государственный университет им. Кирова С.М. по
специальности
«Планирование
на
промышленных
предприятиях».
В 1971 году принят по конкурсу в Педагогический
институт им. А.С. Пушкина на должность преподавателя
кафедры политэкономии.
В1971-1974 гг. обучался в очной целевой аспирантуре
под руководством члена-корреспондента Академии наук
КазССР, доктора экономических наук, профессора
Толыбекова С.Е.
Защитил
кандидатскую
диссертацию
на
тему
«Совершенствование
распределительных отношений в народном хозяйстве»
За годы работы в университете опубликовано 60 научных и научно-
педагогических статей, написан учебник для студентов экономических
специальностей «Предпринимательская деятельность».
Руководит работой научно-технического семинара на факультете истории,
экономики и права.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
298
Деятельность данного семинара направлена на укрепление связи высших
учебных заведений с субъектами рыночного хозяйства. Это помогает студентам
овладеть практическими навыками по своей специальности. Кроме того
приглашались лектора, проводившие просветительскую, профилактическую
деятельность.
Владимир Степанович проводит занятия на высоком научно-теоретическом
уровне. Пользуется уважением среди преподавателей и студентов.
Хотим выразить Вам наше безграничное уважение и восхищение! Вы являетесь
примером для нас, мы отдаем дань искреннего уважения Вашей мудрости и
жизненному опыту, трудолюбию и жизнелюбию. Мы восхищаемся Вашей энергией,
силой воли и интересом к жизни, умением радоваться каждому дню и наслаждаться
каждым мгновением. От чистого сердца поздравляем Вас с прекрасным юбилеем,
80-летием, желаем долгих и счастливых лет в кругу родных и близких. Здоровья Вам,
радости!
Сардарова Жаннат Ысмағұлқызы
Құрметті Жаннат Ысмағұлқызы!
Сізді М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті Педагогика және психология
кафедрасының ұжымы 50 жылдық мерейтойыңызбен шын
жүректен құттықтайды.
Тынымсыз еңбек пен ерен білім, берік ұстаным,
іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор
құрметке бөлеп келеді.
Атырау облысы баурайынан қанат байлап ұшып,
Гурьев педагогикалық институтынан білім алған Сіз ел
білімі мен ғылымының игілігі үшін жасаған еңбегіңізбен
үлкен абырой биігінде келесіз.
Елімізге танымал әдіскер ғалым, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың
ғылыми кеңесшілігімен «Дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық
мүмкіндіктері» атты кандидаттық диссертациялық жұмысыңыз, «Білім беруді
жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы жән
практикасы» тақырыбындағы докторлық диссертацияңыздың аясында жазылған
негізгі ғылыми еңбектеріңіз, халықаралық, республикалық конференциялар
жинақтарында, республикалық басылымдарда жарық көрген 100-ге жуық ғылыми
мақалаларыңыз, 2 монография мен 5 оқу-әдістемелік нұсқауларыңыз бен сіздің
тұлғалық өмір жолыңыз ғылымдағы кейінгі толқын жастарымыздың алдында тағзым
мен дәріпке ие.
Жаннат Ысмағұлқызы! Сіздің бүгінгі таңдағы егемен еліміздің білімі мен
ғылымы, тәрбие беру саласында бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық кәсіби
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
299
мамандар дайындаудағы қажырлы қайратыңыз бен шебер іскерлігіңіз еленіп,
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен
марапатталдыңыз. Жоғары зияткерлік деңгей мен терең білімді, педагогикалық
тәжірибесі мол білікті маман ретінде қол жеткізген табыстарыңыз бен ғылым
салаларын дамытуда сіңірген зор еңбегіңізді әріптестеріңіз әркез мақтан тұтады.
Қадірлі Жаннат Ысмағұлқызы! Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр
тілейміз! Қуанышты мерейтойыңызбен кафедра ұжымының атынан ізгі көңілден
құттықтай отырып, отбасыңызға баянды бақыт, шығармашылық еңбек, әрдайым
шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп, толағай табыстарға жете беруіңізге
тілектеспіз!
Ізгі тілекпен, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың педагогика және психология
кафедрасының ұжымы
Журасова Алтынай Шұғайқызы
Құрметті Алтынай Шұғайқызы!
Білім нәрімен жас буынды суарған Ұстаз
парызын адал атқарған, абырой мен атаққа толы өмір
жолыңыздың бір белесі болып отырған – 50
жасыңызбен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің ұжымы ақ ниетпен,
шынайы көңілмен құттықтайды.
Сіздің өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беру
жолындағы қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін
ұстаздық қызметіңіз еліміз Тәуелсіздігінің алғашқы
жылдары, яғни 1991-1993 жылдар арасында Орал
педагогикалық коллдежінде тарих және қоғамдық-
саяси пәндер оқытушысы болып басталып, одан кейін
еліміздің ең іргелі жоғары оқу орнының бірі һәм
бірегейі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінде жалғасты.
Университетте қызмет атқарған жиырма екі жылдан аса уақыт ішінде
жастардың тәлімгер ұстазы бола білумен қатар, шебер ұйымдастырушы мен білікті
басшы ретінде де өзіңізді көрсете білдіңіз. Жас талантты ұстаздан бастап басқаларға
үлгі болар білікті басшыға дейінгі аралықтағы тұлғалық қалыптасу жолынан аса зор
абыроймен өте білдіңіз. Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер
кафедрасында оқу үрдісін ұйымдастыруды жаңа заман ағымы мен талабына
бейімдеуде, ғылыми – зерттеу жұмыстарының деңгейін көтеруде, «халықаралық
қатынастар», «аймақтану», «әлеуметтану» мамандықтары бойынша терең білімді де
білікті мамандар даярлауда қосқан үлесіңіз жоғары деп бағалаймыз.
Өзіңіздің педагогикалық тәжірибеңізді бірнеше рет шеберлік кластарында,
жас ұстаздарға арналған семинарларда,
оқытудың инновациялық жобалар
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
300
байқауларында көрсеттіңіз, Сіздің интерактивті сабақтар өткізу әдістемеңіз
университеттің озық тәжірибелер жинағына енгізілді.
Сіз қазіргі таңда бір монографияның, бір оқулықтың, төрт оқу құралының, үш
әдістемелік құралдың және 40-тан астам мақаланың, соның ішінде шетелдік
басылымдардағы екі мақаланың төлиесі болып табыласыз және бұл ғылыми –
теориялық зерттеулердегі аса зор жетістік екені даусыз.
Бүгінде өмір белестерінен абыроймен өте білген, тума – туыс өнеге алып, ақыл
– кеңес сұрайтын асыл анасыз. Отбасыңыз қашанда абыройлы болсын.
Болашақта да ғалымдық, ұстаздық, азаматтық еселі еңбегіңізбен елге танылып,
ғылым саласында да қомақты жетістіктерге жетіп, ұлағатты ұстаз ретінде ұзақ та
жемісті ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз.
Сізге Бақ, Абырой, Денсаулық тілейміз!
Даулеткалиева Куанышкул Нагашыбаевна
–
Ұстаз –ұлы тұлға
Даулеткалиева Куанышкул Нагашыбаевна
1995 жылы 4 желтоқсанда Қызылорда облысы Қазалы
ауданы, Қазалы совхозында дүниеге келді. Өзінің
балалық шағын ауылда өткізе отырып, сол ауылдағы
№100 орта мектебін 1973 жылы бітірді.
Өмір жолын еңбекпен байланыстырды. Соның
нәтежесінде аудандық жолдамамен Алматы қаласындағы
КазГу-дің жанынан ашылған дайындық бөліміне
қабылданды. Оны 1977 жылы ойдағыдай бітіріп, КазГУ-
дің философия и экономика факультетінің күндізгі
бөліміне қабылданды.
1982 жылы университетті бітіріп, ҚР Білім
министірлігінің жолдамасымен Орал қаласындағы
А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының (қазіргі М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) саяси экономика кафедрасына жұмысқа
орналасты.
Куанышкул Нагашыбаевна өз білімін еңбекпен жалғастыра отырып, жастарға
білім беріп, оларды талапқа сай тәрбиелеуде үздіксіз қызмет ете отырып кезекті
демалыс зейнеткерлікке шығуда.
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын
жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз.
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор
құрметке бөледі. Өмірлік еңбек пен тұрмыс
тәрбиесі,
жеке
басыңыздың
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
301
кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестеріңіз, тілектес
дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ бала-шағаңыз үшін нағыз өмір
мектебі екендігі даусыз. Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден мықты денсаулық,
қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз!
Мухамбетова Ғайнеш Гумаровна –
Құрметті Ғайнеш Гумаровна!
Адам өмірінің айтулы белесі – 50 жасқа толу
мерейтойыңызбен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы шын
жүректен құттықтайды.
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор
қолын ұсынып жүретін ұлағатты педагог ретінде жақсы
білеміз. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
информатика
кафедрасында 1989- жылдан бері жұмыс жасап келесіз.
Сол уақыттан бастап кафедраның оқу-тәрбие, ғылыми-
әдістемелік жұмыстарын жандандыруға қосқан үлесіңіз
зор.
Өзіңіздің еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға
сіңірген белсенді қызметіңіздің арқасында оқу процесін жаңа заман талабына сай
ұйымдастыруда жастардың тәлімгер ұстазы ретінде таныла білдіңіз. Тың
жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз болашақ маман дайындауда,
сондай-ақ студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуде биік
белестерден көрінуіңіз және қазіргі білім саласында ақпараттық- коммуникациялық
технологияларды қолданудағы озық педагогикалық шеберлігіңіз сіздің рөліңіздің
мол екендігін көрсетеді.
Көп бағытты информатиканың бағдарламалау саласын студенттер мен
облыстың информатика мұғалімдерін дәріптеуде сіңірген еңбегіңіз сіздің
сабақтарыңызбен шектелмейді. Облыс және республика шеңберінде танымал болған
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
302
«Паскаль
программалау
тілі»,
«Бағдарламалау»,
«Нысандық
бағдарлық
бағдарламалау» (Алматы қаласының «Бастау» және Астана қаласының «Фолиант»
баспалары) атты оқулықтарыңыз бұған дәлел.
Өмірден мол тәжірибе жинақтап, кафедраның жас оқытушыларын тәрбиелеп,
еңбек жолына бағыт беріп, бізге ақылшы, көмекші ұстаз болып отырсыз.
Сіз- 25 жылдан артық ғылыми педагогикалық қызметіңізде университет
ректоратының бірнеше алғыс хаттар, құрмет грамотасы және Махамбет Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай Батыс
Қазақстан облыс әкімінің алғыс хатының иегерісіз.
Сіз- анаңыз Жібектің мақтан тұтар қызы, жарыңыз Ғизаттың сүйікті жұбайы,
қыздарыңыз Мөлдір мен Айдананың аяулы анасы, бауырларыңыздың қамқор апасы,
қайын жұртыңыздың сыйлы келіні және достарыңыздың айнымас құрбысысыз.
Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, отбасыңыздың
қызығын көріп, белестен белеске шыға беруіңізге тілектеспіз.
МАЗМҰНЫ
СОДЕРЖАНИЕ
CONTENTS
Достарыңызбен бөлісу: |