Ресурстарын


-бап. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату



Pdf көрінісі
бет115/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142
53-бап. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату 
1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталуына бай-
ланысты тоқтатылады. 
 
54-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың 
негіздері  
1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 
1)  жұмыс  беруші – заңды  тұлға  таратылған  не  жұмыс  беруші – жеке 
тұлғаның қызметі тоқтатылған; 
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 
3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазы-
мына немесе орындайтын жұмысына сəйкес келмеген; 
4)  өзінің  жұмысын  жалғастыруына  денсаулық  жағдайының  кедергі  келтіруі 
салдарынан  қызметкер  атқаратын  лауазымына  немесе  орындайтын  жұмысына 
сəйкес келмеген; 
5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нəтижесі дұрыс болмаған; 
6)  қызметкер  бір  жұмыс  күні  (жұмыс  ауысымы)  ішінде  дəлелді  себепсіз 
үш жəне одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 
7)  қызметкер  жұмыста  алкогольдік,  нашақорлық,  психотроптық,  уытқұ-
марлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні 
ішінде  алкогольдік,  нашақорлық,  уытқұмарлық  масаңдық  (соларға  ұқсас) 
жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; 
8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға 
əкеп  соққан  немесе  соғуы  мүмкін,  еңбекті  қорғау  немесе  өрт  қауіпсіздігі  не 
көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 
9)  қызметкердің  жұмыс  орнында  басқаның  мүлкін  ұрлау  (оның  ішінде 
ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру əрекеті заңды күшіне енген сот 
үкімімен немесе қаулысымен анықталған; 
10)  ақшалай  немесе  тауарлық  құндылықтарға  қызмет  көрсететін  қызмет-
кердің кінəлі əрекеттер жасауы немесе əрекетсіздігі, егер бұл əрекеттер немесе 
əрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз 
болса; 
11)  тəрбиелік  функциялар  атқаратын  қызметкер  осы  жұмысын  жалғас-
тырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 
12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мəлім болған 
мемлекеттік  құпияларды  жəне  заңмен  қорғалатын  өзге  де  құпияны  құрайтын 
мəліметтерді жария еткен; 
13) егер тəртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дəлелді себеп-
сіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; 
14)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайларда  қыз-
меткердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 
15)  еңбек  шартын  жасасу  кезінде  түпнұсқа  құжаттар  немесе  мəліметтер 
еңбек  шартын  жасасудан  бас  тартуға  негіз  болатын  жағдайда  қызметкер  жұмыс 
берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мəліметтер ұсынған; 
 
 


Адам ресурстарын басқару 
 
218
 
 
16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасары-
ның не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс 
берушіге материалдық залал келтіруге əкеп соққан; 
17) қызметкер жүктілігі жəне босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ 
егер ауру Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін еңбекке  қабілетсіздіктің 
анағұрлым  ұзақ  мерзімі  белгіленген  аурулар  тізбесіне  енгізілген  жағдайларды 
қоспағанда,  қызметкер  еңбекке уақытша  қабілетсіздігі салдарынан  қатарынан екі 
айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет