Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет9/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142
 
 
 
 
 
 
2.1. Бизнесті дамыту стратегиясы жəне  
адам ресурстарын басқару 
 
РБ  стратегиясы  ұйымды  дамытудың  жалпы  страте-
гиясының ажыратылмайтын бөлігі. Ол ұйым дамуы-
ның  болашағын  ескеріп  жасалынады,  ұйымның 
стратегиялық  мақсаттары  мен  міндеттерінің  іс  жүзіне  асыруын 
қолдау – оның мақсаты болып келеді. Сонымен қатар заманауи 
теория  мен  тəжірибе  қызметкерлерді  басқару  стратегиясы 
ұйымның  даму  стратегиясына  тікелей  ықпал  жасай  алады  деп 
ұйғарады.  Озық  ұйымдар  өз  стратегиясына  түзетулер  енгізуі 
мүмкін,  егер  де,  мысалы,  оның  кейбір  стратегия  бағыттары 
қызметкерлер  денсаулығына  зақым  келтірсе  немесе  мансаптық 
өсулеріне  кедергілерін  келтірсе.  Ертеректе  айтылғандай, 
адамдар  ұйымның  маңызды  ресурсы  болып  табылады.  Басқа 
ресурстарға  қарағанда  адамдар  өзін  тұрақты  жетілдіруге  жəне 
дамытуға қабілетті, олардың мүмкіншіліктері мен қызметке, іске 
талаптануы шексіз. 
Осы  себепті  қазіргі  кезеңде  өндірістің  шешуші  ресурсы – 
қызметкерлерді  тарту,  оларды  оқыту-үйрету  жəне  дамытуға 
байланысты  инвестициялардың  экономикалық  пайдалылығы 
танылуы – адам ресурстарын басқарудың стратегиялық аспектін 
күшейтуде.  Бұл  жерде  стратегиялық  мəселелерге  байланысты 
аздап тарихқа көз жүгірткен орынды болар. 
ХХ  ғасырдың 60-жылдары  (Ансофф,  Старр,  Хаттен  жəне 
басқалар) бірінші рет «стратегиялық басқару» түсінігін енгізеді, 
сөйтіп  өндіріс  деңгейінде  ағымды  басқару  жəне  жоғары 
А 
 


Адам ресурстарын басқару 
 
20
 
 
деңгейде  атқарылатын  басқару  деп  ажыратты.  Стратегия 
ұйымды  басқару  үдерісінің  бірі  деп  қарастырылды.  Стратегия 
ұйымның ішкі емес (ұйымдастыру мəдениеті, қызметкерді күту, 
құрылым), көбінесе сыртқы қызметіне (мемлекет, өнімді өткізу, 
бəсекелестік) қатысы бар деп түсінді. 
Сол ғасырдың 80-жылдарының аяғында «стратегия» түсінігі 
дəлелденеді жəне акцент жаңаша қойылады: 
-  стратегия ұйым қызметінің ішкі факторына да қатысы бар; 
-  адам  ресурстары  ұйым  стратегиясына  жеткілікті  күшті 
ықпал жасайды, оның өзіндік стратегиялық статусы (мəртебесі) 
бар. 
Стратегия,  құрылым  жəне  қызметкерлер  арасындағы  өзара 
байланысты төменгі суреттен көруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
2.1-сурет. Диван |Фомбрун| Тичи бойынша біріктірілген  
стратегиялық концепция [4, 17-бет] 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет