Адам ресурстарын басқару
Адам ресурстарына жете көңіл бөлінбейтіндігін ұйымдарда
еңбек кодексінің көптеген нормасының бұзылуынан көруге
болады, оның ішінде орынсыз жұмыстан босату, еңбек ақыны
дұрыс есептемеу жəне уақытында бермеу, еңбек жəне демалыс
ережесін бұзу жəне т.с.с. Осындай көптеген фактілер шетел
компанияларында да жиі кездеседі. Оларға менеджменттің жаңа
идеяларын біздің тəжірибемізге енгізеді деп артқан үмітіміз толық
ақталмай келеді. Бұған дəлел ретінде күнделікті тəжірибеден, БАҚ
материалдарынан көптеген фактілерді келтіруге болады.
Қорытындылай келе, мынадай мəселелерді атап өтуге болады:
ХХ ғасыр басқару ғылымы, оның ішінде адам ресурстарын
басқарудың өркендеген ғасыры болды. 90-жылдары басқару
теориясында басқарудың жалпы парадигмасы өзгерді. Бұрынғы
персоналды қысқартуды талап ететін, шығын ретінде
қарастырған теория орнына адам ресурстарын басқару теориясы
келді. Бұл жаңа теория бойынша қызметкерлер фирманың басты
ресурсы болып табылады, оны сауатты басқару, дамыту керек,
оған қаражат жұмсау қажет, өйткені ең алдымен осы ресурс
ұйымның жетістігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі батыс елдерінде адам ресурстарын басқару мəселелерін
теоретикалық шешу деңгейі мен оны іс жүзінде жүзеге асырылуы
арасында елеулі алшақтық бар. Осындай алшақтықты отандық
ұйым мен кəсіпорындар тəжірибесінде көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: