Адам ресурстарын басқару
52
Ал АРБ қызметін
нормативтік-құқылық қамтамасыз ету
мəселесіне келсек, бұл жерде тиісті құжаттарды қолдану жəне
қызметкерлерді басқаруға байланысты нормативтік шаруашы-
лықты дұрыс жүргізу қажеттігін айту керек. Ұйым ішінде
пайдаланатын нормативтік-əдістемелік құжаттарға ішкі тəртіп
ережелері, ұжымдық келісім, бөлімше туралы ереже, лауазым-
дық нұсқаулар жəне қызметкерлерді басқару
функцияларын
реттейтін басқа ұйымдастырушылық-нормативтік құжаттар
жатады.
Біздің кəсіпорындар үшін ерекше көкейкесті мəселенің бірі
болып АРБ қызметінің құқылық қамтамасыз етілуі саналады.
Осы уақытқа дейін еңбек қатынастарының құқылық реттеуінің
көп жағы толық аяқталмаған. Құқық қатынастарын реттеуде заң
бөлімінің рөлі зор. Егер де əлеуметтік-еңбек қатынастарының
жетекші рөлін ескерсек, заң бөлімін АРБ қызметі құрамына
енгені дұрыс деген ұсынысты қолдауға болады. Өз жұмысында
мамандар осы қатынастарды реттеуде орталықтан түсетін жəне
жергілікті актілерге сүйену керек. Біздің елдегі еңбек
қатынастарын реттейтін негізгі заңнама актілері қатарына
мыналар жатады:
- Азаматтық кодекс;
- Еңбек кодексі;
- Жұмыспен қамтамасыз ету Заңы;
- Əлеуметтік серіктестік туралы Заң;
- Кезекті жылға қабылданған республикалық бюджет
туралы Заң жəне т.б.
Сонымен қатар, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігі еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, жұ-
мыспен қамту, зейнетақымен жəне əлеуметтік қамсыздандыру,
басқа əртүрлі еңбек жəне əлеуметтік мəселелері бойынша
нормативтік құқылық актілерді əзірлеп, бекітеді. Ұйым
деңгейінде əлеуметтік-еңбек қатынастары ұжымдық жəне жеке
адамдармен бекітілген еңбек келісімдерімен, лауазымдық
нұсқауларымен, ішкі ережелерімен, жұмыс тəртібімен жəне сол
сияқты құжаттармен толықтырылып, реттелінеді.