Ресурстарын


Қызметкерлерді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру нəтижелері



Pdf көрінісі
бет96/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142
Қызметкерлерді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру нəтижелері 
[2,218-б.] 
 
Нəтижелері 
Бағалау əдістері 
Жұмыстың  объективтік 
көрсеткіштері  
Өнімділік,  жұмыстағы  ақаулар,  тапсырысты  орындау 
жылдамдығы,  жаңа  клиенттер  санын  арттыру,  сату 
көлемін көбейту сияқты көрсеткіштерді қолдану.  
Алынған білімдер мен 
үйренген тəсілдер  
Білімін тексеруге емтихан, тест жүргізу, нақты тап-
сырмалардың орындалуын бағалау. 
Мінез-құлықтық өзге-
рістер 
Жазбаша жəне ауызша түрде бағалау (мысалы, сатып 
алушылармен  қарым-қатынасының  өзгеруі,  келіс-
сөздерге қатысуы). Тікелей басшылардан, жұмыстағы 
əріптестерінен,  клиенттері  мен  сатып  алушылардан 
сұрау, қызметкердің өзін-өзі бағалауын талдау.  
Оқып-үйренушілердің 
қанағаттануы 
Оқудан  өткен  адамдардан  алынған  сауалнама  нə-
тижелерін  талдау  (оқу  бағдарламасының  мазмұны, 
қолданылған əдістері ұнады ма, басқаларға осындай 
оқу  бағдарламасынан  өтуге  ұсыныс  жасар  ма  едіңіз). 
Сұхбаттасу. 
Компанияға деген көз-
қарасы  
Оқудан кейін қызметкерлердің ұйымға деген көзқа-
расы  өзгергенін  сипаттайтын  мəліметтерді  қоры-
тындылау  (ұйымның  мəселелерін  жете  түсінетін 
болды ма, ұйымға деген көзқарасы дұрысталды ма). 
Бағалаудың жанама формалары. Тікелей бақылау. 
 
Бірінші  топ  көрсеткіштерінің  ерекшелігі – олар  өзіне  көп 
факторлардың  əсерін  сіңірген.  Оның  ішінде  қай  бөлігі  оқыту 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
199
 
 
есебіне  тиетінін  есептеу  өте  күрделі  мəселе  болып  келеді.  Оны 
шешу  үшін  ұқсас  жағдайда  мамандығы  бірдей  қызметкерлерді 
екі  топқа  бөлуге  болады:  А  тобын  оқытады,  Б  тобы  оқытудан 
өтпейді.  Оқыту  мерзімі  бітісімен,  екі  топтың  жұмыс  нəтиже-
лерін  салыстырып,  қызметкерлерді  оқыту  бағдарламасының 
тиімділігін  анықтауға  болады.  Бұдан  басқа  да  көрсеткіштерді 
қолдануға  болады:  қызметкердің  жұмысқа  көзқарасы,  тəртіпті 
сақтауы,  жұмыста  тұрақсыздығы,  орынсыз  даулардың  азаюы, 
стресс  деңгейінің  төмендеуі.  Бірақ  та  оқытудың  аталған 
көрсеткіштерге  ықпалын  біржақты  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Мысалы,  оқытудан  өткен  қызметкер  жұмысқа  қанағаттануы 
жоғарылап,  тұрақсыздық  деңгейі  төмендейді.  Ал  кейде  оқыту, 
біліктілігі  жоғарылауы  қызметкердің  бəсекелестік  қабілетін 
арттырып, басқа ұйымдарға ауысуына себеп болады. 
Жоғарыда  айтқандай,  қызметкерлерді  оқытудың  нəтижесін 
бағалау  оңай  емес,  өйткені  одан  түсетін  қайтарым  болашақта 
көрінеді.  Бұл  нəтиже  көзге  көріне  бермейді,  жанама  түрде – 
қабылданатын шешімдердің сапасы жоғарылау, жемісті келіссөз 
жүргізу арқылы білінеді. 
Ал нəтижеге қарағанда, оқытуға қажет шығындарды есептеу 
оңайға түседі [8.36-кестені қараңыз]. 
 
8.36-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет