Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, баптау, айыру, ажырату, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т б [7]



бет5/5
Дата21.10.2022
өлшемі33,22 Kb.
#44616
1   2   3   4   5
Байланысты:
неологизм

Аффикстік неологизмдер. Соңғы кездерде жаңа сөз жасау үшін көне аффикстер сирек қолданылады. Мысалы, бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое), сақтағыш (предохранитель), қорытпа (сплав), басқарма (правление), қолжазба (рукопись), құрам (состав), құрама (соединение), сызу (чертеж), қабаттама (прослойка), сеппе (вкрапленность, прибор), салық (налог), сөйлемше (выражение) тағы басқалар. Мысалы, Бастауыш жазудың негізгі түрлері. Басңарма мүшелерінің жиналысы болып бітті. Дерсу көп уақыт көздеп, басын құндақтап екі рет көтерді, шамасы серппені басқысы келмеді. Бірақ бұл жылдарда дивизияның құрамы ңатты өзгерді.

 Бұл мысалдардан -ыш, -ғыш, -ма, -ба аффикстерін және олардың-ж, -ық, -шетағы басқа варианттарын көреміз. Бұлардың барлығы байырғы түбір сөздердің негізінде жаңа сөздер жасайтын қазақ тілінің енімді аффикстері. Орыс тілінен енген сездердің түбірінен қазақ тілі қосымшалары арқылы неологизм жасалады. Мысалы, награда — наградтау, кокс — кокстеу, мартен — мартендеу, реакция — реакцияшылдық, кристалл тағы сол сияқтылар.
Сонымен, қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор.

  1. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдер. Неоло-гизмдердің бұл түрі екі сөздің бірігуі арқылы түбірдегі екі компоненттің мағыналарынан мүлде басқа үшінші бір мағынаны тудырады. Соның нәтижесінде ол неологизм болып лексикаға ене бастайды. Мысалы, бесжылдық — бес және жылдық деген сөздердің бірігуінен жасалып, орыстың күрделі сөзі пятилетка деген сөзінің мағынасын білдіреді. Сол сияқты, он жылдық — он және жылдық деген сөздерден, бүкіл одақтық — бүкіл одақ, қолөнер — қол және өнер деген сөздер қосылып, біріккен түрде ремесло мағынасын білдіреді;

Қазіргі қазақ тіліндегі бұлар сияқты біріккен сөздер үш топқа бөлінеді:
а) Неологизм болып біріккен сөздердің бір тобы өздерінің жаңада ғана жасалғандығына қарамай-ақ, тез арада қалыптасып, жалпы халықтық лексикаға ауыса бастайды. Неологизмнің бұл тобына еңбеккүн, шетел, көзқарас т. б. сөздер жатады.
ә) Бір топ сөздер қазақ тілі лексикасы құрамына көптен енгеніне қарамастан, олардың қолданылу сиректігінен жалпы халықтық сипатты қабылдай алмай келеді. Мысалы, гостерминком, антбұзар (клятвопреступник) деген сөзді қазақ терминологиясына аудармашылардын. талабы бойынша енгізсе де, күні бүгінге дейін қалыптасып кете алған жоқ. Бұл сияқты, көкейге қонымсыз, ескірген ұғымдармен байланысты, ойдан шығарған, кездейсоқ неологизмдер варваризм дәрежесінен аса алмай, тілдің лексика құрамына енбейді, сөйтіп біраз жүреді де, бара-бара ұмытылады.
б) Бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан, тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы, шертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло), үндеухат (листовка) тағы басқалар. Бұл сөздер көбінесе аударма әдебиеттерде кездеседі, ал қолтума көркем әдебиетте біз оларды сирек кездестіреміз. Бұған бір жағынан орфографиялық ережелердің тұрақтамауы да әсер етеді, өйткені сөздер бірде бөлек, екіншіде бірге жазылып, әлі жалпыға мәлім, таныс сөздер қатарына кіріп әдебиеттен кең қолданыс таба алмай келеді.

  1. Орыс тілінен ауысып енген неологизмдер. Тілдің сөздік құрамына жаңа ұғымдармен, жаңа заттармен, техникамен бірге басқа тілдерден жаңа атаулар келіп енеді. Біздің тілімізге ең алдымен орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден көптеген жаңа сөздер енді. Бұл неологизмдер өздерінің өмірге қажеттілігі нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында тез қалыптасады. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде шығып тұрған «Айқап» журналында: «Қара жерде ат арба, от кемемен жаһанды кезді. Атсыз жүретұғын арба һәм шана (автомобиль) шығарды.

Дүнияның төрт бұрышыменен тездетіп, телеграмма арқылы сөйлеседі. Ерінсе, үйінде отырып, телефон арқылы сөйлеседі. Автомобиль, электричество, телеграмма, телефон, трамвай ол кезде, яғни XX ғасырдың басында (1912—1913 ж.ж.), неологизм еді. Бұған текстегі берілген адаптация дәлел бола алады. Бұл келтірілген мысал сөздер бір тілден екінші тілге ауысқанда, екінші тілге ең әуелі варваризм түрінде еніп, одан кейін неологизмге айналып, ал одан әрі сол енген тілінің сөздік құрамына кіретіндігін растайды. Сондықтан трамвай, автомобиль, телеграмма, телефон, электричество деген сөздер осы айтылған сатылардың бәрінен өтіп, қазақ тілінде қалыптасып, жалпы халықтық характерге ие болды, неологизм дей алмайтын сатыға кетерілді.
Сонымен, лексиканың даму процесінде неологизм ұғымы өте-мөте жылжымалы болып саналады. Өйткені тілде жаңа сөздер туып жатады да, бұрынғы неологизмдер жалпылама лексикаға үздіксіз ауысуда болады. Бұл—сапырылысу емес, дамудан туған қозғалыс. Сондықтан, договор, гонорар, вотум, арбитр, аванс, проза, алименты, авиатор, селекционер, держава, дилемма, лагерь, вагонетка, купе, трест, директор, ларек т. б. әзірге неологизм. Мысалы, Договордағы үй қайда, жұмыс киім, аванс қайда? Ол бірнеше ларек ашқан соң ауданға кетіпті. Арба саймандарының бұзылғаны бол-са, трест жөндеп береді. Көркем прозадағы образдылыц тәсілдер олардың еңбегінде де орасан зор орын алған. Алматыдағы бір фабриканың директпорының әйелімін. Купедегі столдың астынан, үлкендігі кісінің ңұшағына әзер сыятын, қабығы жасыл жолақты қарбызды Байжан тартып алды .

  1. Калькалау арқылы пайда болған неологизмдер оншама көп емес; мысалы, өндіріс сөзі калька болып есептеледі, ал төрт қыр (четырехгранник) калька емес, өйткені ол — орыс сөзінің дәл аудармасы. Сонымен, «калька» деген терминнің өзі де, оның ұғымы да қазіргі өскелең қазақ тілінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан біз бұдан былайғы жерде сөзбе-сөз аудармада орыс тілінің қазақ тіліне тигізген әсері жөнінде айтқанда «калька» терминін кең мағьшада қолданамыз; яғни «калька» деген ұғымға орыс тілінен қазақ тіліне дәл аударылған сөздерді де қосамыз. Мысалы, көбейткіш: сөздің түбірі көп, -ейт— аффикс, кіш—аффикс, орыс тіліндегі множ-и-тель қосымшасына сайма-сай келеді; анықтауыш (определение) деген сөз определение дегенге дәлме-дәл; сондай-ақ, шығарма — произведение, қалыптандыру — восстановление, құбылыс — явление, серпінді — упругий, еселік — кратность, толықтауыш — дополнение, басқарма — правление, бастауыш — начальный, есептік — коли-чественный т. б. толып жатыр. Мысалдар: Оның үстіне бұл жүйе-дегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтауиіы негіздері тара-пында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ Қөбейтілетін санды көбейер, көбейпгетін санды көбейткіш деп айтамыз. Бұл арада Ғабдолла Тоқайдың шығармалары туралы сын айтқалы отырған жоқпын Ауылдағы бастауыш мектепті екеуі де «өте жақсы» деген бағамен бітірген Партияғаалу туралы мәселе бастауыш партия ұйымының жалпы жиналысында талқыланып шешіледі.

Қазақ тіліндегі қазіргі кездегі калькалардың революциядан бұрынғы кезеңдегі калькалардан айырмашылығы — жаңа ұғымдарды саналы түрде аудару арқылы өмір қажетінен тууының нәтижесі болып табылады. Сондықтан қазіргі калькалар орыс тілінін, тәжірибесіне сүйеніліп жасалады.
Қазақ тілінде калька жасауда орыс тілінің игілікті әсері ерекше байқалады. Неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кен, таралып, жиі қолданылуына қарай, тілдің лексикасына еніп, қалыптасып кетеді. Бірақ, негізінде, калька қай тілде болса да жағымды құбылыс болып саналмайды. Өйткені неологизмнің өзге түрлері қазіргі күндегі өскелең мәдениеттің күнделікті әдебиеттері арқылы тез тарап, тілде тез қалыптасып отырса, кальканың ішінде әуел баста халыққа түсініксіз болғандықтан, тілде тез арада қалыптасып кете алмай, лексикадан шығып қалатыны да болады. Сондықтан мүмкіншілігінше калькадан аулақ болған жөн.
Сондай-ақ, калькаға аббревиатурларды да жатқызуға болады, бірақ қазақ тілі тәжірибесінде бірен-саран қысқартулар болмаса, көбіне орыс тілінің аббревиатурлары түгелге жуық алынып отырады. Мысалы, СССР, КПСС, ҚХР (русс. КНР), АҚШ (русс. США), мехцех (механический цех), жилкомбинат, Минпрос (министерство просвещения) тағы басқалар; аэрошана (аэросани), автоара (автопила), автосуарғыш. (автопоилка), автоқалам (авторучка) тағы басқа күрделі сөздер де неологизмге жатады.
Неологизмдер, жоғарыда айтылғандай, тарихи категория, өйткені олар тек белгілікезеңге дейін ғана неологизм болып, жаңа сөз ретінде тосырқауға ұшырайды да, бар-бара қалыптасып, тілдің сөздік құрамына еніп, неологизм болудан қалады.[5,149-153 б].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет