Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, баптау, айыру, ажырату, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т б [7]


Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі



бет4/5
Дата21.10.2022
өлшемі33,22 Kb.
#44616
1   2   3   4   5
Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да сөз тудырудың бұл тәсілі өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің өз (ішінде бірнеше түрге бөлінеді) түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл арқылы саналады. Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы, қарлы, достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір, өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, басқарма, басшы, басшылық, бастау, бастама және т.б. сөздер енеді. Орыс тілінен морфологиялық тәсілдердің аффиксті к түрінен (орысша суффиксиальный тип) басқа префикстік деп аталатын түрдегі сөз тудыруды (Мысалы, орысша, выбросить, высказать, расхвалить) сөз тудырудың морфологиялық (оның ішінде аффикстік) тәсіл тіл – тілде ең өнімді тәсіл болып саналады.

Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы туынды сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы кеңейіп байиды [8,151 б].


Сөздік құрамының аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Өйткені, оған кірме сөздер, термин сөздер де, сондай-ақ диалектизмдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреуі одан шығып қалып жатады.
Неологизмдер басқа тілдерден енген сөздермен де жасалады.
Қазақ тіліне монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен енген сөздер ХІІІ ғасырдан басталып қолданысқа енді. Мысалы: абдара, алтын, абймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа т.б. Араб, иран тілінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәнсік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді: 1. шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта т.б.; 2. мәдени және ғылыми қарым- қатынастар арқылы әсіресе, Фердауси, науаи, Омар Хаям, Хафиз. Шығармалары мен бірге енген, масалы: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б.; 3. дін мен байланысты енген сөздер; ғимарат, ораза, намаз, аруақ, ақырет т.б.
Орыс тілінен енген неологизмдер қазақ тіліне сөз енуі ХVIII ғасырдан бастады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бұл күнде өте көп. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерді қазан төңкерісіне дейінгі сөздер қазан төңкерісінен кейінгі енген сөздер екіге бөлуге болады. Қазан төңкерісінен бұрынғы орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырады.
Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар ғылым мен техникалық өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер жаңадан қолданысқа енгенде неологизм болады.
Неологизмдер негізінен мынандай жолдармен жасалады:

  1. бұрынан бар сөздерге түрлі жұрнақтардың қосылуы арқылы: оқулық, көр-ер-мен, аял-да-ма, бал-мұз-дақ, өмір-шең, үйір-ме, ұш-ақ;

  2. жалқы есімдерді жалқы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер, т.б.

  3. екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық, бесжылдық, жеделхат, әуежай, саяжай жағажай, мұражай, шипажай, жедел жәрдем, төраға, төреайым, гүлзар, жолсерік, сүндет той, мерейтой, мүшелтой, бағдарлама, бағдаршам, төлқұжат, мұражай т.б.

  4. Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: огратехникалық шаралар, жергілікті ты ңайтқыштар, егіс дақылдары, шаруа қожалығы.

Жаңадан енген сөздердің тың жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады [5,12б].
Неологизмденрдің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологзм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындағында болса керек. Спутник, космос, сөздері ұғыммен бірге жиі қолданылып тез актив лексикаға айналады. Телевизор сөзі де дәл осылай халқты жатырқатқан жоқ. Тіпті 1980 жылдары пайда болған мердігер сөзі (подрятың баламасы) күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесмін бастан кешіріп отыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Тілімізге енген жаңа сөздердің қай-қайсысы дап халық өмбіріндегі жаңалық белгісі іспеттес колхоз, совхоз, бес жылдық, тың, тыңгер, спутник, космос т.б. деген сөздер өздері неологизмдік дәуірді бастан кешкен уақытымен елімізде болған жаңалықтарды еске түсіреді.
20—30 жылдар кезінде қазақ тілінде неологизмдер жеке сөз ретінде де (председатель, басқарма, тілші, қызыл әскер, комсомол, секретарь т. б.), сөз тіркесі ретінде де көптеп жасалынды.
Мәселен, тап деген түбір морфема негізінде ғана тап тартысы, тап күресі, тап қайшылығы, тап жауы, тап дұшпаны, тап мүддесі, тап қырағылығы, тап тілегі, жұмысшы табы, еңбекші тап, қанаушы тап, қаналушы тап, таптық сана, тапсыз қоғам т. б. толып жатқан сөз тіркесі — неологизмдер пайда болды.
Сондай-ақ, шыл — шіл аффиксі негізінде лениншіл, марксшіл, жікшіл т. б. неологизмдер туды.
Стилистикалық неологизмдер де болады. Мәселен, Ілияс Жансүгіров «колбаса» сөзінен «колбасалат» (Ал, малдан бұл байғұсты, сөзді созба, балалат, колбасалат, сал ауызға), ал Сәкен Сейфуллин социалистан, біздің стан, совстан, тіздеу, сымдау, автобіл (Күйлетіп Көкшетаудан ен далаға, Автобіл басып озды кер көжектен! Советстан, біздің стан, Совстан. Экспресс, талма екпінді шабыстан!) тәрізді стилистикалық неологизмдер жасады.
Неологизмдер тілде бұрыннан бар сөздерді біріктіру, қосарлау арқылы да жасалады: еңбеккүн, онкүндік, өнеркәсіп, баспа-сөз, орақ-балға, саяси-тәрбие, жұмысшы-шаруа т. б.
Сөз мағынасын ауыстырып қолдану тәсілдері арқылы да көптеген неологизм пайда болған. Мысалдар: Жас құрылыс майданында ескілікті сүзелік; Надандықты трактормен айғызда! (С. С); Техниканың тілін біліи, электрді жегіпсің (Б. М. ) — метафоралар; Қырда айқасты. балға-орақ (I. Ж.)—метонимия; Кимешектер кітап оқып, Малма тұмақ мылтық алды; жалба шекпен жауға аттанды (I. Ж.) синекдоха.
Бір кезде қазақ тіліне баяндамашы, тәрбиеші, әкімшілік, оқулық, бесжылдық, құрылыс, төңкеріс, басқарма, үйірме, ұйым, колхоздасу, кітапша, өлшеуіш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш тәрізді сөздер неологизм болып енген. Бүгінде мұндайларды жаңадан кірген деп ешкім ойламайды.

  1. Соңғы кездерде газеттерде «брифинг» деген сөз пайда болды. Бұл сөздің «пресс-конференция» дегеннен қаншалықты айырмасы бар? Былай қарасаң, орыс тіліне брифинг сөзін — терминді енгізудің қаншалықты қажеті болды екен дегендей сұрақ туады.

Осы тәрізді, бір кездерде баспасөзде СОЛТ, СОЛТ-2. кейінірек ОСВ, ОСВ-2 дегендер — таза орыс аббревиатурасы пайда болды.
Бір кездегі неологизм енді бір кезде көнерген сөзге айналып кетуі мүмкін. Мысалдар: ұя (ячейка), қосшы ұйымы (союз кощи), волком (волостной комитет), саужой — сауатсыздықты жою мектебі (ликбез) т.б.
Тілдегі неологизмдердің пайда болу себептерін біз өндіріс пен шаруашылықтың, сауда мен транспорттың, техника мен ғылымның өсуімен байланысты, сол сияқты халықтың әлеуметтік құрылысының өзгеруімен байланысты қарадық. Неологизмдердің жасалу жолдары белгілі тілдің ішкі заңымен байланысты. Турасын айтқанда, қазақ тіліндегі неологизмдер қазақ тілінің ішкі заңдарына сәйкес жасалады. Қазақ тіліндегі неологизмдердің жасалуының ең негізгі жолдары мынадай:

  1. Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы неологизм жасалады. Октябрьден кейінгі кезеңде көптеген сөздер жаңа мағынаға ие болды, өйткені олардың бұрынғы мағыналары жаңа ұғыммен үндесіп, жаңа тенденциямен шектес болды. Кейбір архаизмдер немесе ескірген сездер де жаңа мағынаға ие болды және әдеби тілде қолданылып, соның арқасында олардың көпшілігі қазіргі қазақ тілі сездік құрамына мықтап орнықты.

Мысалы, қазақ тіліндегі талқылау деген сөз Октябрь револю-циясынан бұрын иленген қайысты жұмсарту процесі мағынасында қолданылып келді, ал қазір талқылау (обсуждать) жаңа мағынаға ие болды. Қарау деген етістік: Бұл мәселені жиналыста қарадық деген контексте мүлде жаңа мағынада. Талңылау мен қарау етістіктері өздерінің негізгі мағынасында ертеден мәлім, бірақ олардың осы соңғы қолданыстары таныс еместі. Мұндай сездердің ұшы-қиыры жоқ. Мысалы, тайғақтау (буксовать), ба-йыту фабрикасы (обогатительная фабрика), жақтау (оклад), сызу (черчение), іздеу (изыскание), еңбек (наклон), қақ (окалина, накипь) т. с. Көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келтірейік: Көшекбаевтың орындауында Сейтектің «Бес қыз» және «Заман» атты күйлері нотаға түсірілді. Сережа сызуларын осы ас дайындайтын беті бұжыр столдың үстінде сызатын.
Осы типті неологизмдер мезгілді баспасөздерде де жиі кездеседі. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бір номерінде жазушы М. Әуезовтың келемді бір мақаласы жарияланған. Бұл мақалада біз мынандай неологизмдерді кездестіреміз: талдау (анализировать) деген сөздің орнына жүйелеу; мысалы, Аударманың теориялық және практикалық мәселелерін жүйелейтін жеке кітаптар, зерттеулер… пайда бола бастады. Үлгі деудің орнына өнеге. Мысалы, Советтік реалистік аударма өнегесінің заңдылыщ жайларын ғылыми теория тарапынан түсіну міндеттері тіпті ұлғая түсіп отыр (сонда). Түбірлі орнына түбегейлі. Бұл айтылғандар… аудару ғылымының түбегейлі негізі болмақ (сонда).
Мұра орнына мирас, әрине — әлбетте, тұжыру — тұйықтау, барлық — барша, пысықша орнына пысықай, әлем орнына ғаләм, шұңғыл — шүңет тағы басқалар орынды қолданылған неологизмдер.
Бұл келтірілген сөздер бізге таныс; біз оларды естуіміз де, әдебиетте кездестіруіміз де мүмкін, алайда бұл мысалдарда олар басқаша мағынада құлпырып жайнап, неологизм болып тұр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет