Резуанова ғалияпану кабиевна


тарамдала- тізбектелген полисемия



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата18.10.2023
өлшемі4,05 Mb.
#118869
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

тарамдала-
тізбектелген полисемия. 
Мұндай көп мағыналылыққа 
тәтті 
сөзі 
мысал бола алады. 
1) дәмі бал, қант, кәмпит сияқты тіл 
үйіретін; 2)дәмді, нәрлі, жұғымды, сіңімді; 3) зат. мағ. кәмпит, 
қант, шекер, нуат; 4) ауыс.мағ.: артық, қымбат; 5) жанға жайлы, 
жұғымды, сүйкімді; 6) ынтымақты, тату, сыйлас; 7) өмірдің 
қызығы, рақаты, жақсы жақтары. 
Бұдан байқайтынымыз, бір 
мағыналар негізгі мағынамен тікелей байланысса, екінші 


43 
біреулері қандай да бір мағыналар арқылы байланысады. Сондай-
ақ екінші мағынаның негізгі мағынамен тікелей байланысы бір 
жақты емес. Олар негізгі мағынамен қандай компоненттер арқылы 
байланысты (категориялды-лексикалық, дифференционалды немесе 
потенционалды) соған орай ажыратылады. Көп мағыналы сөздің 
ішкі сөздік парадигмасының құрылымын сипаттауды кей 
ғалымдар үш кезеңге бөледі: а) парадигманы сан жағынан 
сипаттау; ә) негізгі мағынамен тікелей байланысты мағынаны 
сипаттау; б) негізгі мағынамен жанама байланысқан мағынаны 
сипаттау. Мұндай талдау жасау барысында сөздің неше мағынасы 
бар және мазмұны түсіндірілген түсіндірме сөздікке сүйену керек. 
Үлгі ретінде 
жосы 
сөзіне осындай талдау жасап көрейік: 
жосы 
көп мағыналы сөз. а) Бұл сөздің ішкі сөздік семантикалық 
парадигмасы алты мағына, яғни алты семантикалық варианттан 
тұрады. Атап көрсетсек: 1) қан, су, көз жасы сияқты сұйық 
заттардың тез ағуы, сорғалай жөнелуі. Мысалы: 
Тоқал жердегі 
тпемірмен Нұрышты нақ бастан ұрды. Қан 
жосып 
кетті, Нұрыш 
қалпақтай түсті 
(Б.Майлин, Шығ.). 2) қашу, босу, зыту, безу. 
Мәселен, 
Елде үрей жоқ. Бір үйден бір үйге кіріп 
жосып 
жүр. 
Бәрінің аузында: «Кім айтты, кімнің аузынан естідің»... 
(Б.Тоғысбаев, Асыл адам). 
Еліміз мұнан үркіп, кеткен жосып, 
Сіздерге кез келтірді құдай қосып. Кеше түсте атып ем бір 
аққуды, Отырмын осы жерде соны тосып 
(Батырлар жыры).
 
3) шұбау, шұбыру, сабылу. 
Сарын жақындаған сайын 
жылқының дүбірі айқындала түсті. – О, ғажайып, желге қарсы 
жосыған 
бұл не жылқы 
(Ә.Әбішев, Найзағай). 4) жорту, жүйтку, 
жөңку. 
Астымдағы өрістен ұстап мінген колхоздың бәйгі 
қарагері. Ауық-ауық пысқырынып койып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет