тарамдалған (радиальный) полисемия деп
атайды. Көп мағыналы сөздің бұл түрінде барлық мағыналар ортақ
компонентке ие болады. Мәселен,
үй көп мағыналы сөзі:
1) адам тұратын, мекендейтін баспана. 2) үй ауыс. бірге тұратын адамдар, үй іші. 3) белгілі бір қоғамдық қажеттілік үшін пайдаланылатын орын, мекеме: мәдениет үйі, офицерлер үйі, пионерлер үйі, өнер үйі, ғалымдар үйі, актерлер үйі, тұрмыс үйі (дом быта), сән киімдер үйі т.б.. Бұл мағыналардың бәрі бір негізді сипаттайды – мекен-жай деген бір
ұғыммен біріккен. Сол сияқты:
табан 1) аяқтың жерге тиетін, жер басатын бөлігі; 2) аяқ киімнің адам табаны тиіп тұратын бөлігі; 3) заттың жерге тиіп тұратын астыңғы жағы, төменгі бөлігі; 4) өзеннің, сайдың, өзектің су ағатын арнасы, төменгі етегі, іші. ә) Көп мағыналы сөздің әрбір жаңа мағынасы өзіне жақын
мағыналармен байланысатын сипатта болатын
тізбекті полисемия. Мысалы,
көз деген сөз.
1. Жан-жануар, адам баласының көру мүшесі. 2. Күннің көзі (сәуле, жарығы) 3. Бұлақтың көзі (қайнар жері). Бұл мағыналардың бәрі не себепті бір ғана сөзбен берілген
деген сұраққа жауап беруге тырысайық. Адамның көру мүшесі көз
жасқа толғанда тарам-тарам жас аққаны сияқты бұлақтың суы да жер
астынан көтеріліп барып тарамдалып, тармақтанып ағады, сол сияқты
күннен де сәуле шашырап тарайды. Сондай-ақ
тазарту сөзін алсақ,
1) кір-қоқыс, шаң-тозаң т.б. нәрселерден арылып, тазалану. 2) ауыс. арам, жаман пиғылдан арылу, аршылу немесе
талас зат е.
1) белгілі бір мәселе жайында пікір тартысы, айтыс, керіс. Айтысқан
адамдардың арасында белгілі бір бәсекелестік келіп тууымен
байланысты бұл сөздің екінші мағынасы
«бәсекелес, үміткер, дәмелі» - келіп шығады. Енді бұдан тайталастық келіп,
3) тайталас, қатарма-қатар, теңбе-тең мағынасы туындайды. Ал бұл – талас
әлі шешілмегендікпен байланысты.
4) даулы, шешілмеген, анық- танығы белгісіз деген мағына пайда болады. Сөйтіп тізбекті
полисемия жасалады екен.
б) Көп мағыналы сөздің жиірек кездесетін түрі –