38
тұлғалары,
аллофондар мен фондар, алломорфалар мен морфтар,
сөздің лексикалық-семантикалық варианттары т.б.) бірліктердің
«аталық деңгей» атаулары (варианттар деп танылады) [17, 6].
«Сөздің жеке семантикалық варианттары негізгі мағына үшін
дифференциалды, тіпті потенциалды болатын белгілер арқылы
өзара байланысуы мүмкін. Егер сөздің қандай да бір мағынасы
екінші бір мағынамен ең құрығанда кішкене бір сема арқылы
байланысса, онда ол семантикалық
варианттың бірі ретінде сол
сөздің ішкі сөздік парадигмасының мүшесі болып қалады. Сөздің
жеке мағыналарының байланысы айқын компоненттік сипатта
болмауы да мүмкін. Көбінесе семантикалық варианттың негізінде
күрделі психологиялық ассоциация жатады. Оны мағынаның жеке
компоненттерге жай ұқсастығы деп түсінуге келмейді» [13, 103].
Тіліміздегі сөздердің көпшілігі табиғатынан семантикалық
жақтан түрленіп, көп мағыналы болуға бейім келеді. Бірақ,
сөзде
кез келген мағына емес, парадигмалық байланыс арқылы берілген,
айрықша айқындалған мағына ғана дамиды. Оны Д.Н. Шмелевтың
сөзімен
айтатын
болсақ:
«регулярной
является
такая
многозначность, при которой вторичное значение (или вторичные
значения) слова, входящего в
определенный лексико-
семантический ряд, предопределено общей семантической
характеристикой всего
данного ряда, т.е. первичными
значениями соответствующих лексических единиц» [31,16].
Көп мағыналы сөздердің мағыналарының дамуы олардың жиі
әрі кең қолданылуымен де тікелей байланысты.
Сондай-ақ, біз
жоғарыда сөздің екі жағы болады, әрі оның екі жағы да
комбинаторлық сипатта болады дедік. Лексикалық мағына
(сема) компоненттерінің құрамы қозғалмалы өзгерімпаз болып
келеді. Біреулері анықталып, әрі күшейіп
өзін көрсетсе, екінші
біреулері әлсіреп құриды. Міне бұл сөздің мағыналық түрленуінің
негізін салады. Сөйтіп, әр түрлі себептердің негізінде сөз алғашқы
мағынасының үстіне бірнеше қосымша мағына үстеп көп
мағыналылыққа ие болады.
Ал енді осы көп мағыналы сөздерді талдауға келетін
болсақ өзіміз басшылыққа алып отырған еңбекте: «Көп мағыналы
сөзді
талдаудың
нысанасы
нақты
сөз
қолданылатын
семантикалық вариант дәрежесіндегі полисемантизмді сөз болуы
мүмкін. Көп мағыналы сөздерді талдаудың екі жолы бар:
1) әр
мағынасын типологиялық сипаттау. 2) сөздің ішкі сөздік
39
семантикалық парадигмасын жалпы сипаттау.
Талдаудың екі жолы
да көп мағыналы сөздердің әрбір мағыналарының мазмұнын
компонентті талдауға сүйенеді», -
дей келе оны нақты мысалмен
суреттеп көрсетеді [13, 114-115].
Полисемиялы сөзді талдаудың бірінші жолын қарастырсақ.
Ол, сөздің әрбір жеке мағынасы сипаттала алатын білім
параметріне сүйенеді. Оған келесі сипаттар жатады.
а) негізгі - негізгі емес
ә) еркін - контекстке байланысты
б) тура - ауыспалы
в) бейтарап (нейтральное) - стилистикалық.
Осы жолмен қазақ тіліндегі
ауыр
сөзінің бірнеше
мағынасын алып бірінші тәсіл бойынша талдап көрелік: Талдау
барысында оны компоненттік талдауға әкелетін,
сөздің талданып
отырған мағынасының мазмұнын анықтауға тиісті төрт негізгі және
бір дайындық кезеңін көрсетуге болады. Мысалы:
1.
Қодардың
ауыр
балғасын ол ұршықша ойнатады, өзін аттан
аударып алып қабырғасын күйретеді
(М.Әуезов, Әр жыл.).
Ол
торсықтың
Достарыңызбен бөлісу: