ауыр
екенін де сезді
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
2 .
Ер едің қажымайтын
ауыр
іске, Толтырдың не себептен
көзді жасқа
(Д.Еркінбеков, Шығ.).
3.
Командирлер мен солдаттар барлығы
ауыр
ой үстінде,
іштерінен тынып тұр
(Б.Момышұлы,Офицер.күнд.).
4. Асыл ананың
ауыр
қимылдап, аз күрсініп, қиялға батқан
ойлы кескініне назар аударды
(С.Бақбергенов, Күй).
Дайындық кезеңінде
«ауыр»
сөзінің берілген фразадағы
мағыналарының мазмұнын анықтаймыз:
1) салмақты, зілдей 2)
қиыншылығы, азабы мол: ауыртпалығы, мехнаты көп (жұмыс, еңбек,
іс) 3) қайғылы, мұңды. Жанға бататын (хабар, ой) 4) ақырын,
байсалды, жай.
Бірінші кезең сөз мағынасын анықтауда
негізгі
–
негізгі
емес
белгісіне сүйенеді.
Ауыр
сөзінің негізгі мағынасы бірінші
фразада берілген. Тексеру үшін кез келген басқа ұлттың адамын
алып ауыр сөзімен сөйлем құра десең:
мына сөмке ауыр екен, қандай
ауыр жүк т.с.с.
негізгі мағынадағы
ауыр
сөзімен сөйлем құрайды.
Бірақ бізге негізгі мағынасы осы болып көрінді, ендеше осы
негізгі мағына демей, түсіндірме сөздікке жүгінуіміз керек.
Екінші кезеңнің мақсаты – берілген
контекстке байланысты
сөз
мағынасының түрін сипаттау. Көп мағыналы сөз қолданылған
40
мысалдар мен тексттерді талдау және сөздің тіркестерін талдау
негізінде оған тән мағыналарды ажырату. Оның мағыналарын
ажыратуда қажетті және жеткілікті шарт – мәтіндер мен көп
мағыналы сөздердің әр түрлі ЛСВ қолданылған мысалдар. Ендеше
мәтінге талдау жасау арқылы көп мағыналы сөздің қайсысы
бірінші жағдайда (тексте), қайсысы екіншіде, қайсысы үшіншіде
жұмсалғанын анықтауға болады. Контекст түрінің ерекшелігі
контекстологиялық талдау жасау арқылы анықталды. Сондай-ақ
әр түрлі мағынадағы сөздердің тіркесу ерекшелігін нақты
көрсететіндіктен сөздіктерге де жүгінуге болады. Қолданылған сөз
еркін бе, тұрақты ма, синтаксистік байлаулы, конструкторлы
шартты ма
соны көрсетеді. Бұл кезеңде алынып отырған сөз
құрамында кездесетін контекстерді неғұрлым көп жинағанымыз
абзал. Себебі неғұрлым мысал көп жиналса, соғұрлым біз ол сөздің
қолданылу аясының кеңдігін байқаймыз. Міне осындай жұмыстың
негізінде
ауыр
сөзінің (1)
«салмақты, зілдей»
мағынасы (тура
мағынасы болғандықтан) көптеген сөздермен тіркесіп келіп екі
затты салыстыру процесінде жиі қолданылатындығын байқадық. (2)
«қиыншылығы, азабы мол: ауыртпалығы, мехнаты көп»
мағынасы
контексте қолданылған кезде
«жұмыс, еңбек, іс», «жол, сапар»,
«хал, тұрмыс, күй», «азап, бейнет, мұң, қайғы»
жайында ғана
әңгіме болуы мүмкін. (3)
«қайғылы, мұңды, жанга бататын»
мағынасында тіпті
«хабар, ой»
сөздерімен ғана тіркесетіндігін
байқасақ, (4)
«ақырын, байсалды, жай»
мағыналарында
«қозғалыс,
қимыл, үн»
сияқты сөздермен келетіндігін көрдік. Көп мағыналы сөзді
зерттеудегі үшінші кезеңде әрбір мағына қандай мазмұнда, яғни
тура ма, әлде келтірінді мағынада ма екендігі анықталады. Негізгі
мағына –
тура
да, негізгі емес мағынасы – туынды не
келтірінді
мағына
болып есептеледі. Келтірінді мағынада оны ішкі тура
мағынамен байланыстыратын «ішкі тұлға» жақсы көрінуі керек. Бұл
мақсат әр түрлі жолмен шешіледі. Көп мағыналы сөздің қандай да бір
ЛСВ пен аталатын болмыстағы заттардың белгілерін талдау жолымен,
әралуан лексика-семантикалық парадигманың мүшесі арасындағы
семантикалық қатынасты талдау әдісімен, семантикалық келісім деп
аталатын құбылысты талдау тәсілімен шешіледі. Төртінші кезеңде сөз
мағыналарын стилистикалық жағынан сипаттайды. Сөз келтірінді
мағына алған кезде семантикалық компонентпен бірге қызметтік те,
нормативтік те (әдеби нормаға қатысты), экспрессивтік бояуы да өзгеруі
мүмкін. Сөйтіп, сөзде стилистикалық компонент пайда болады.
41
Стилистикалық компонент дегенде біз сөздің стилистикалык бояуын
түсінеміз. Э.Г. Ризель стилистикалық бояудың үш түрін көрсетеді:
қызметтік (сөйлеу стиліне қатысты), нормативті (әдеби нормаға
қатысты) және экспрессивті. Біздің ойымызша стилистикалық
бояудың осы үш түрі сөз мағынасының стилистикалық компонентін
сипаттайды. Сөздің сөздікте берілуінде бұл да көрсетілуі керек.
Сонымен, талдау нәтижесінде біз
ауыр
сөзінің мағынасына
төмендегідей мінездеме аламыз:
1) салмақты, зілдей
–
негізгі, еркін, тура, бейтарап (жалпыхалықтық)
2) қиыншылығы, азабы мол: ауыртпалығы, мехнаты көп
–
негізгі
емес, контекстік, келтірінді, бейтарап.
3) қайғылы, мұңды, жанға бататын
негізгі емес, (морфологиялық және
синтаксистік) контекстке байланысты, ауыспалы, стилистикалық бояма.
4) ақырын, байсалды, жай
– негізгі емес, контекстке байланысты,
ауыспалы, стилистикалык, бояма.
Э.В. Кузнецованың айтуы бойынша көп мағыналы сөзді
талдаудың екінші түрі жеке мағынаның сипатын емес, жалпы ішкі
сөздік семантикалық парадигманың құрылысымен байланысты.
Жоғарыда айтып кеткендей бұл парадигма бір сөздің
мағыналарының
өзара
байланысқан
семантикалық
варианттарының жүйесін көрсетеді. Әр сөздің ішкі сөздік
семантикалық парадигмасы бір-бірінен ең алдымен сан жағынан
ерекшеленеді. Әр сөздің семантикалық варианттарының жиынтығы
әртүрлі, әркелкі болуы мүмкін. Оны түсіндірме сөздіктен көруге
болады. Бір сөздер бір мағыналы болса, енді бір сөздің он бестен аса
мағынасы бар. Бірақ басты айырмашылық семантикалық
варианттардың байланысында. Бұл байланыстар көп мағыналы
сөздің семантикалық парадигмасының ішкі құрылысын құрайды,
және оның негізінде семантикалық компоненттің ортақтығы жатыр,
сондықтан да алдымен жеке мағынаның мазмұнына компонеттік
талдау жасалуы керек.
Көп мағыналы сөздің парадигмасында басты рөлді негізгі
мағына атқаратындықтан, барлық қалған мағыналардың байланысы
осы мағынаға қатысты шешіледі. Лексикалық мағынаның түрін
және мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс
сипаттарын
анықтау
арқылы,
байланыс
бағыттарының
айырмашылықтарының негізінде ғалымдар көп мағыналы сөздің үш
түрін бөліп көрсетеді:
а) көп мағыналы сөздің барлық мағынасы бір ғана «ортақ
42
мағынамен» беріледі. Мұны
Достарыңызбен бөлісу: |