69
ерекшелігінің екі бөлігіне де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Оған
берілген анықтамалардың әрқайсысына тоқталу біздің мақсатымызға
кірмегендіктен, сол анықтамалардың ішінде әрі толық, әрі
дұрысырақ берілген тек біреуіне ғана тоқталып өтейік: «Әр түрлі
айтылғанмен, көбінше жақын болып келетін, бірақ әр қайсысының
өзіне тән не мағыналық, не
стилдік, не эмоционалдық сәл
ерекшеліктері бар, бір сөз табынан болған екі немесе одан да көп
сөздерді синоним деп атаймыз» [50, 141].
Осындай араларында синонимдік қатынас болатын сөздер
синоним сөздер немесе жай ғана синонимдер деп аталады, ал
мұндай сөздерді біріктіру «синонимдік қатар» терминімен
белгіленеді. Белгілі бір синонимдік қатарды құрастырушы
сыңарлар (сөздер) қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу
мүмкіншілігі жағынан әр түрлі болады. Әңгіме, сірә,
синоним туралы
ма, жоқ әлде синонимдік қатар туралы ма ақыр аяғында бәрі
синонимдік қатынасқа әкеледі.
Синонимді анықтау, оларды жіктеу принципі синонимдік
қатардың шегі мен құрамы, доминант таңдау т.б. осы сияқты
неғұрлым жалпы мәселелер орыс тіл білімі, шетел тіл білімі,
түркітану тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде синонимнің
қандай да бір тұтас теориясын шығаруға әкелмейді. Лингвистикада
бұл құбылыстың мәнін түсінуде
ортақ көзқарастың болмауы
синоним ұғымын неғұрлым кең қабылдаумен, оларда нақты
контурдың болмауымен түсіндіріледі.
Т.Л. Дегтерева: «Синонимика явление равнозначности слов или
языковой формы, необходимо закономерное явление в языке, один из
основных внутренних законов языкового развития», - деп көрсетеді
[51, 34].
Ия, тіліміздегі синонимдер лексиканың құрамды бір бөлігі
болғандықтан, сөздік құрамда болған өзгерістер оларға да
(синонимдерге) күшті әсер етіп олардың бойынан айқын көрініп
отырады.
Ендеше,
синонимдер
сөздік
құрамға
тән
ортақ
заңдылықтармен дамып, өзгеріп, байып отырады. Тіліміздегі
синонимдерді тек тілдің өзінің ішкі даму заңдылықтарымен ғана
байланыста емес, жалпы қоғам тарихымен
және қазақ халқының өз
даму тарихымен байланыстыра зерттеу қажет. Өйткені қай халықтың
болса да өміріндегі түрлі құбылыстар, басынан өткен дәуірлері оның
тіліне ізін қалдырып, белгілі бір лексикалық ұғыммен ұласып
70
жатады. Ол халықтың әлеуметтік-саяси тіршілігі де, ұлттық болмысы
және мәдени дүниесі де сөздік құрамнан, ондағы сөздердің
мағынасынан айқын білініп тұрады.
«Сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық
тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Біреуін екіншісінен бөліп
алуға келмейді. Бірін айтсақ бәрін байланыстырып қатар айтуды
қажет етеді», - деп Ә.Болғанбаев өте дұрыс айтқан [1, 140].
Қоғамның дамуымен байланысты
сол қоғамның қатынас
құралы болатын тіл де, оның қалпы, құрылысы, байлығы, ондағы жеке
сөздер де, олардың мағыналары да сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады.
Өйткені қоғамда жаңадан пайда болған заттың өзін немесе оның
бойындағы түрлі белгілерін адам бәрін бірдей бір мсзгілде танып
білмейді. Ол оны біртіндеп бақылау барысында танысып, біліп, өзінің
ойлау қабілетін дамыта түседі. Сөйтіп белгілі бір заттың сан алуан сыр-
сипатын жан-жақты, терең танып білудің нәтижесінде синоним
сөздер пайда болады. Осыған орай синонимдер кездейсоқ құбылыс
емес деп айта аламыз. Себебі олар жайдан-жай, құр бекер туа
салмаған. Олар өмірге қажеттіліктен келіп біреулері ілгері, екінші
біреулері соңынан шығып отырады. Синонимдік қатарға енетін синоним
сөздердің енді біреулері бәрі бірдей бір кезде пайда болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: