сөтке (сутки)
сөзі –
тәулік
сөзімен,
кірпіш (кирпич)
–
қыш, саман
атауларымен,
проект
–
жоба
сөзімен синонимдеседі. Бұдан байқайтынымыз, кірме сөздер
де синоним жасауда өз үлесін қосқан.
Синонимия құбылысы едәуір жақсы зерттелген семантикалық
категориялардың бірі. Лингвистика ғылымында синонимдерді
зерттеу өте ертеден басталды. Сондықтан да оған арналған
көптеген теориялық мақалалар мен арнайы еңбектер де баршылық.
Олардың
көпшілігі
өте
қызғылықты
ойлар
мен
нәзік
бақылаулардан тұрады. Жалпы қай тілде болмасын синонимдер
жөнінде көптеген еңбектер бар.
Лексиканың құрамды бөлшегі ретінде синонимдер сөздік
құрамның құрылыс материалы болып есептеледі де тіл білімінің
лексикология саласында қарастырылады. Сондай-ақ стилистика
оқулығында да синоним мәселесіне арнайы тарау берілген.
Стилистикалық тұрғыдан алып қарағанда қай стильде болса да
65
синоним сөздер қолданылады. Бірақ олардың қолданылу дәрежесі
бірдей
деңгейде
емес.
«Ресми-кеңес,
ғылыми
стилде
синонимдердің жеке бір сыңары кейде ретіне қарай қолданылады.
Ал екі не үш синоним бірдей, қатар жұмсалмайды. Бұлай тек
публицистикалық не сөйлеу стилінде, көбінесе көркем әдебиет
стилінде жұмсалады» [36, 77].
Жалпы сөйлеу тілі стиліне тән синонимдер бар да,
публицистикалық көркем әдебиет стилінде қалыптасқан
синонимдер өз алдына бөлек. Бұл екі топтағы синонимнің әдеби
аясындағы қолданылуы бірдей емес. Көркем шығармада автордың
өзіндік стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын
синонимдердің кейбіреулері ғана жалпы халықтық сипат ала алады.
Ал, көпшілігі белгілі бір публицистикалық стильдегі, әсіресе,
көркем әдебиет стиліндегі синонимдердің біразы контекстік
синонимдер. Ресми-кеңсе, ғылыми стильдерде мұндай контекстік
сипаттағы синонимдер қолданылмайды. Оларда тек көркем әдебиет,
публицистикалық стильдегі және сөйлеу тіліндегі жалпы халықтық
сипат алған синонимдер жұмсалады. Онда да екеуі не үшеуі
қатарынан емес, бір ғана сыңары алынады. Ал көркем әдебиет,
публицистикалық, сөйлеу тілі стильдерінде, әсіресе, контекстік
синонимдер керісінше қос-қосымен, қабат жұмсала береді. Қайткен
күнде де синонимия мәселесі тіл ғылымы үшін әрқашан да
қызығушылық тудырып отырады. Синонимия мәселесіне соқпай
өткен тілшілер жоқ десе де болады. Синоним құбылысын сөз еткен
ғалымдардың біреулері оны стилистикалық аспектіде қарастырса
(мәселен, Черемисова П.Г. Опыт исследования стилистической
синонимии; Даняров А. Стилистические функции синонимов в
современном узбекском языке; Османова А.А. Семантико-
стилистические функции глагольных синонимов в казахском языке),
енді біреулері синонимдік қатынасты ғылыми тұрғыдан сөз қылады.
Оған дәлел орасан көп мақалалар саны және толығымен синонимия
категориясына арналған бірнеше еңбектердің жарық көруі. Олар
жалпы лингвистикалық немесе жалпы лексикологиялық және
семантикалық сипаттағы синоним мәселесіне байланысты айтылған
құнды пікірлері бар еңбектер. Сонымен қатар синоним мәселесіне
арнайы жазылған еңбектер де бар: Р.А. Сиротина, Лексическая
синонимия в русском языке; В.К. Фаворин, Синонимы в русском
языке; М. Мухамедиева, Синонимы в современном таджикском
языке; Р. Мескутов, Синонимы в современном туркменском языке; С.
66
Исмухамедова, Синонимы в современном узбекском литературном
языке; Ш. Ханбикова, Синонимы в татарском языке; Б.Т. Абуллаев,
Лексические синонимы в современном азербайджанском языке;
М.Сергалиев, Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті синонимдер;
Ә.Болғанбаев, Қазақ тіліндегі синонимдер; О.Жұмашев, Қазақ
тіліндегі етістікті синонимдер; М.Ф. Палевская, Синонимы в русском
языке, Очерки по синонимике современного русского литературного
языка; Авторлық ұжыммен дайындалған «Лексическая синонимия»;
Ю.Д. Апресян, Лексическая семантика и синонимы современного
русского языка; Синонимы русского языка и их особенности т.б..
Синонимия құбылысын теориялық тұрғыдан шетел тілшілері де
едәуір қарастырған. Онда да жаңа ойлар айтылып, тілдік единица
мағыналық баламасына жаңаша қараған. Кейбір авторлар синонимия
мәселесін лексикографиялық немесе тарихи аспектіде сөз қылады.
Бұл жерде К. Тальявини, Б. Техтмейер, Р. Банера мақалаларын атауға
болады. Тіл-тілде қазір синонимдік сөздіктер де басылып шықты.
Синонимия құбылысына қатысты еңбектердің баршасын
қарастыра отырып, біз синонимге анықтама беру барысында тіл
мамандарының біраз уақытқа дейін ортақ бір пікірге келе
алмағандығын байқадық. Олардың кейбіреулері «синонимдерді
сөздердің мағыналық ерекшелігіне қарай шешіп, мағынасы
жағынан жақын сөздерді синоним дейміз»,- десе, енді біреулері «сөз
мағынасын контекске байланыстыра шешіп, белгілі бір контексте бірін-
бірі алмастыруға жарайтын сөздерді синоним дейміз»,-дейді. Мәселен,
А.А. Булаховский: «Слова способные в том же контексте или
контекстах, близких по смыслу, заменить друг-друга без ощущения
заметного различия по смыслу носят название синонимов», -
дейді [45, 38]. Осы пікірге жақын пікірді І.Кеңесбаев, Ғ.Мүсабаев
та айтады: «Синоним дегеніміз мағынасы жақын болғандықтан белгілі
контексте бірін-бірі алмастыруға жарайтын сөздер» [25].
Қазақ лексикологы, ғалым Ә.Болғанбаев синоним болатын
сөздерге қойылатын басты шарттарды санамалап көрсету
барысында: «Белгілі контексте бір қатынастағы қолданылатын
синонимдердің бірінің орнына екіншісін ауыстырып қолдануға
болатын жағдайда, олар сөйлемнің бір ғана мүшесі болу керектігін
айтады. Мысалы,
Ақ қағазға маржандай тізілген ұсақ жазуы тым
әдемі
(Ғ.Мұстафин) деген сөйлемдегі
әдемі
сөзі баяндауыш
қызметінде тұр. Мұндағы
әдемі
сөзін
«көркем, сұлу, әйбат»
сөздерінің кез келгенімен ауыстырып қолдануға болады. Бұлар
67
сөйлемде басқа қызмет атқармайды, тек әдемі сөзінің мағыналық
баламасы ретінде баяндауыш қана болып жұмсалады. Ал басқа
ауыстырып қолдануға, болмайтын
«ару, әсем, көрікті»
сияқты
синонимдер өзінің ол сөздермен синонимдік қасиетін жойып
жібермейді, қайта әрқайсысы өзіндік қасиетін өзгертпей, толық
сақтап тұрады. Демек, синонимдер бірінің орнына екіншісі кез
келген контексте міндетті түрде талғаусыз ауыстырылып қолданыла
беруі шарт емес» [46, 34]. Осындай шарттардың бірі ретінде сөздердің
өзара ауысуы ұсынылады, яғни синоним сөздер деп өзара орын
ауыстырып қолданғанда мәтін мазмұнына ешқандай өзгеріс
келтірмейтін сөздерді жатқызамыз. Алайда, егер сөздер бір-бірінен
міндетті түрде қалай дегенде де айырмашылығы болады деп есептесек
(дәл осы шарт олардың тілде болуына мүмкіндік береді), онда өзара
орын ауыстырып қолдану шарты «өз-өзінен шығып қалады,
өйткені бір синонимді екіншімен ауыстыру барысында сөйлемнің
мағыналары немесе оның стилдік бояуы өзгереді». Дегенмен өзара
ауыстырып қолдану мүмкін, бірақ оны синонимдердің жалпы
қасиеті деп емес, синонимдердің жеке көрсеткіш деп қарастыру
керек. Бұл жөнінде Шапиро былай деп көрсетеді: «Следует со всей
категоричностью сказать, что один лишь признак взаимозаменяемости
не может служить основанием для признания слов синонимов» [47, 75].
Ал Д.Н. Шмелев болса, керісінше, өзара ауыстырып қолдану шартын
синонимді анықтау негізіне жатқызған: «Исходя из парадигматических
связей слов, можно сказать, что синонимы – это слова несовпадающими
семантическими признаками которые являются только такие признаки,
которые могут устойчиво нейтрализоваться, в определенных позициях.
Чем больше таких позиций, тем выше степень синонимичности
соответствующих слов, тем чаще осуществима их взаимозаменяемость»
[48, 128]. Д.Н. Шмелев өзінің синонимге берген анықтамасымен
синонимнің өзара ауысу белгілеріне семантикалық негіз құрғандай
болды. Синонимдер кейде орын ауыстырып қолданылмайды, себебі
олардың семантикалық белгісі сәйкес келмейді, ал кейде кейбір
сөздердің мағыналық қасиеті ұқсас болғандықтан, өзара ауысып
қолданыла береді. Мәселен,
алыс – қашық – жырақ; амандасу –
сәлемдесу; жылдам – тез; анық –айқын; сүйсіну – сүйіну; зат – нәрсе;
бұйым – мүлік – дүние – жасау
деген синонимдерді көптеген тіркестерде
бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болады. Мұндай
синонимдерді қазіргі тіл білімінде «толық» немесе «абсолютті»
синонимдер деп атап жүр. Мәселен, «Лингвистикалық түсіндірме
68
сөздікте»
«қораз – әтеш», «сәби – бөбек»
деген мысалдармен көрсеткен.
Синонимдер атауыштық мәндері жағынан бір-біріне қаншалықты жақын
болғанымен де үнемі абсолюттік бірлікте бола бермейді. Сондықтан да
олар әрдайым бірінің орнына екіншісі ауысып келмейді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |