Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет32/73
Дата18.10.2023
өлшемі4,05 Mb.
#118869
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

Күшті 
сөзі негізгі 
қатарда күш мағынасымен байланысты өз төңірегіне 
әлді, қуатты, 
қайратты 
сөздерін өзара синонимдестіреді. Осылардың ішінде жиі 
қолданылып, жалпыға түсінікті болатын доминант сөз 
«күшті» 
сөзі. Енді осы 
күшті 
доминант сөзі арқылы бұтақтана, 
тармақталып тағы да бірнеше синонимдік қатар түзіліп шығады: 
күшті - мықты - нық - қатты. 
Күшті сөзінің келесі тармағы 
«қайратты» 
сөзі арқылы шығып: 
күшті - қайратты - қуатты -
құдіретті 
сияқты синонимдік қатарлар жасалады. Сондай-ақ 
күшті - 
әлді 
деген синонимдік қатар бар. Сонда бір ғана 
күшті 
сөзі 1) 
күш мағынасымен байланысты «әлді»; 2) мықты; 3) қайратты 
мағыналарында болып, бірнеше синонимдік қатар түзеуге негіз 
болады екен. Бұл қазақ тілінде жиі кездесетін байланысты 
көрсететін бір ғана мысал. Мұндай байланыс тіл-тілдің бәрінде де 
ұшырасуы мүмкін. Мәселен, татар тілінің синонимдерін зерттеген 
Ханбикова мұндай құбылысты мына бір сөзді мысалға ала отырып 
дәлелдейді: «слова 
рәт 
(қазақ тіліндегі рет) в одном случае 
синонимизируется со словом 
саф 
(ряд) составляет вместе с этим 
словом синонимическое гнездо, в другом случае со словам 
тапқыр 
(икенче рәт алай эшләмә - в другой раз так не делай); в третьем - 
со словом 
тәртип 
– (рәт белмәу – не знать порядка ); в четвертом 
мәгьнә
(смысл, толк) (рәт чикмас – толку не выйдет); пятом – 
жай 
(удобство, лад – дело пошло на лад); в шестом – 
еш 
(син ул сузне рәт 
ычкындырасың – это слово часто срывается с твоих устов); в седьмом – 
яхшы 
(хәле рәтледен түгел - состояние или здоровье не хорошее или 
положение не из хороших), - деп көрсете отырып, бірақ та бұл 
сөздер 
өзара 
синонимдесе 
алмайтындығын 
айтады. 
Слова 
саф, тапқыр, тәртип, магьнә, жай, еш, яхшы 
между собой не 
синонимичны. Они являются словами, образующими синонимические 
ряды к слову рәт – получается согнездование [60, 5].
Синонимдердің мұндай түрін, ерекшелігін кейбір тілшілер 
амплитуда (ауытқу ені) деп көрсетеді. 


80 
Полисемияның, бірнеше синонимдік қатарға енуін мынадай 
шартты белгілермен белгілеуге болады. Егер А көп мағыналы сөзі 
а, д, б 
...т.б. мағыналарға ие десек, онда 
а 
мағынасының өзі А, Ә, Б, В 
синонимдік қатарына енуі мүмкін. 
Ә 
мағынасы А, Л, М, Н синонимдік 
қатарға, ал 
б 
мағынасы А, О, П, Р т.б. синонимдік қатарларға да кіруі 
мүмкін. Б, Л, М, О, П т.с.с. сөздердің де полисемиялы сөз болуы 
ықтимал. Б сөзінде 
а
-дан басқа 
д, е, ж, з 
мағыналары да болып, олар 
көп мағыналы сөздерден тұратын басқа синонимдік қатарларға енеді. 
Міне, осылай тілде өзінің синхрониялық жағдайда сөздердің едәуір 
бөлігін алатын сөздердің үздіксіз ассоциациялық жүйесі қалыптасады. 
Сонымен, тіліміздегі бірсыпыра сөздер өзіне телінген меншікті 
негізгі (тура) мағынасымен қатар бірнеше туынды мағыналарды да 
алып жүре алады екен. Бұны сөздің көп мағыналылығы деп 
атаймыз. Қазақ тілі лексикасының ерекшелігінің өзі осында. Яғни 
қазақ тілі лексикасының құрамындағы сөздердің көпшілігі 
полисемиялы болып келуінде. Ал мұндай көп мағыналы сөздер 
жеке-жеке ұғымды білдіргендіктен, оның әрбір мағынасы бөлек-
бөлек синонимдік қатарға енеді. Сөйтеді де көп мағыналы сөз 
синонимдік блок құрайды. Оның мүшелерінің арасында 
жақындастығы әр түрлі деңгейдегі синонимдік қатынас орнығады. 
Белгілі ғалым Ә.Болғанбаев сөздік қордағы қыруар сөздер көп 
мағыналы болып келуіне байланысты белгілі бір синонимдік 
қатардағы әрбір жеке сөзден басқа қатарлар туып, олар бір-бірімен 
ұласып, шексіз кете беретін жағдайы болады және олар бірінен-бірі 
алшақтай беретіндігін және мұндай ерекшеліктер көбіне контекстегі 
сөз қолданысынан туатындығын айтады, оны мына сызбамен көрсетеді. 


81 
Сызбадағы сөздерден бірнеше синонимдік қатар бөліп шығаруға 
болатынын аңғартады. 1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет