1.4 Бес синонимдік қатардан орын алатын полисемия
Адал: 1) пайдалы; 2) ақ ниетті; 3) алдаусыз; 4) жан ашыр; 5) күнәсіз.
І Адал – пайдалы – жарамды – таза – арам емес
ІІ Адал – ақ ниетті – таза ойлы – әділ
ІІІ Адал – алдаусыз – арамдықсыз
ІҮ Адал – жан ашыр – таза сезімді
Ү Адал – күнәсіз – жазықсыз – тура – шын
221
Айналдыру: 1) үйіру; 2) аудару; 3) кәсіптену; 4) кешіктіру; 5)
дөңгелету.
І Айналдыру – үйіру – дөңгелету
ІІ Айналдыру – аудару – астын үстіне шығару – ішін тысқа қарату
ІІІ Айналдыру – кәсіптену – айналысу
ІҮ Айналдыру – кешіктіру – бөгеу
Ү Айналдыру – дөңгелету – шырмау – шатастыру
Айналу: 1) орағыту; 2) басқа күйге ауысу; 3) дөңгелету; 4) бөгелу; 5)
соғу.
І Айналу – орағыту – айнала жүгіріп өту
ІІ Айналу – басқа күйге ауысу
ІІІ Айналу – дөңгелету – зырылдату
ІҮ Айналу – бөгелу – кідіру – кешігу
Ү Айналу – қайта оралу – соғу
Ақы: 1) төлем; 2) бағасы; 3) аласы; 4) пара; 5) парыз.
І Ақы – төлем – өтеу
ІІ Ақы – бағасы – нарқы
ІІІ Ақы – аласы – алашақ
ІҮ Ақы – пара – аузы бастық
Ү Ақы – парыз – міндет
Ат: 1) есім; 2) атақ; 3) лауазым; 4) атау; 5) мән.
І Ат – есім – ныспы
ІІ Ат – атақ – даңқы
ІІІ Ат – лауазым
ІҮ Ат – атау – белгілену
Ү Ат – мән – мағына – жөн
Аттау: 1) адымдау; 2) аяқ басу; 3) өту; 4) сиреу; 5) уәдені бұзу.
І Аттау – адымдау – секіру – қарғу – ырғу
ІІ Аттау – аяқ басу – жүру
ІІІ Аттау – өту – шектен шығу
ІҮ Аттау – сиреу – селдір тігу
Ү Аттау – уәдені бұзу – айтқанына тұрмау
Ауысу: 1) орын алмасу; 2) көшу; 3) өту; 4) қайырымдылық жасау; 5)
жындану.
222
І Ауысу – орын алмасу – кету – басқа жерге бару
ІІ Ауысу – көшу – ауытқу
ІІІ Ауысу – өту – екінші біреуге тән болу
ІҮ Ауысу – қайырымдылық жасау – бір нәрсе беру
Ү Ауысу – жындану – ақылдан естен ауырылу
Аша: 1) ағаш; 2) айыр тіреу; 3) адалбақан; 4) сайдың бір тармағы; 5)
айыр.
І Аша – ағаш – мама
ІІ Аша – айыр тіреу – діңгек
ІІІ Аша – адалбақан
ІҮ Аша – сайдың бір тармағы – саласы
Ү Аша – айыр
Ашық: 1) есігі, төбесі жоқ; 2) бос жер; 3) анық; 4) жайдары; 5)
бұлтсыз.
І Ашық – есігі, төбесі жоқ
ІІ Ашық – бос жер
ІІІ Ашық – анық – айқын
ІҮ Ашық – жайдары – жарқын – ашық жүзді
Ү Ашық – бұлтсыз – райлы
Басылу: 1) тынышталу; 2) екпіні қайту; 3) тиылу; 4) таусылу; 5) көңілі
қайту.
І Басылу – тынышталу – тыну – жайбарақаттану
ІІ Басылу – екпіні қайту – бәсеңдеу
ІІІ Басылу – тиылу
ІҮ Басылу – таусылу – құру – біту
Ү Басылу – көңілі қайту
Бет: 1) бастың алдыңғы жағы; 2) ажар; 3) үстіңгі жағы; 4) кітап т.с.с.
парағы; 5) бет-алыс.
І Бет – бастың алдыңғы жағы – жүз
ІІ Бет – ажар – көрік – түр-түс – өң – шырай – пішін – кейіп – кекін –
дидар
ІІІ Бет – үстіңгі жағы
ІҮ Бет – кітап т.с.с. парағы
Ү Бет – беталыс – бағыт
223
Биік: 1) жоғары; 2) асқар; 3) зәулім; 4) зор; 5) атағы зор.
І Биік – жоғары
ІІ Биік – асқар – заңғар
ІІІ Биік – зәулім – зеңгір
ІҮ Биік – зор – ұзын – еңселі – сырықтай – сұңғақ
Ү Биік – атағы зор – мәртебелі – дәрежелі
Бөлек: 1) өз алдына; 2) оқшау; 3) басқа; 4) ерекше; 5) бөлшек.
І Бөлек – өз алдына – жеке-дара
ІІ Бөлек – оқшау – шеткері – оңаша
ІІІ Бөлек – басқа – бөтен
ІҮ Бөлек – ерекше – айрықша – өзгеше
Ү Бөлек – бөлшек – бір бөлігі
Бөлу: 1) бөлшектеу; 2) үлесіп алу; 3) алшақтау; 4) арнау; 5)
шекарасын айқындау.
І Бөлу – бөлшектеу
ІІ Бөлу – үлесіп алу – үлестіру – бөлісу
ІІІ Бөлу – алшақтау – жекелеу – оқшаулау – ажырату – саралау
ІҮ Бөлу – арнау – шығару – белгілеу
Ү Бөлу – шекарасын айқындау – жігін ажырату
Байқау: 1) сезу; 2) абайлау; 3) бақылау; 4) қарау; 5) байқап бақ.
І Байқау – сезу – аңғару
ІІ Байқау – абайлау – сақатану
ІІІ Байқау – бақылау – тексеру
ІҮ Байқау – қарау – көру
Ү Байқау – байқап бақ – байқап жүр
Бұрқырау: 1) шашылу; 2) будақтау; 3) аңқу; 4) ашулану; 5) ағылу.
І Бұрқырау – шашылу – қолбырау – көпсу – жайылу
ІІ Бұрқырау – будақтау
ІІІ Бұрқырау – аңқу – иісі шығу
ІҮ Бұрқырау – ашулану – ашу қысу – долдану – ызалану
Ү Бұрқырау – ағылу – саулау
Езу: 1) сұйылу; 2) мыжу; 3) жаншу; 4) қайғы-мұңға батыру; 5)
мыжыңдау.
І Езу – сұйылту – еріту
224
ІІ Езу – мыжу – мыжғылау
ІІІ Езу – жаншу – жаныштау – таптау
ІҮ Езу – қайғы-мұңға батыру – еңсесін көтертпеу
Ү Езу – мыжыңдау – көп сөйлеу – қырт
Ел: 1) халық; 2) өскен; 3) шыққан тегі; 4) отан; 5) дос.
І Ел – халық – жұрт – қауым
ІІ Ел – өскен – орта – туған жер
ІІІ Ел – шыққан тегі – негізі – заты – руы
ІҮ Ел – отан – мемлекет
Ү Ел – дос-жар – жақтас – ұрандас – жау емес
Елбеңдеу: 1) ырғалу; 2) қараң; 3) селтең ету; 4) қаңғалақ қағу; 5)
жаны қалмау.
І Елбеңдеу – ырғалу – теңселу – желп-желп ету
ІІ Елбеңдеу – қараң-құраң ету – ербеңдеу
ІІІ Елбеңдеу – селтең ету – ербеңдеу
ІҮ Елбеңдеу – қаңғалақ қағу – ұшқалақтану – жеңілтектену
Ү Елбеңдеу – жаны қалмау – қалбалақтау – бәйек болу
Елеңдеу: 1) алаңдау; 2) елең ете қалу; 3) білгісі келу; 4) қорқу; 5)
едіреңдеу.
І Елеңдеу – алаңдау – көңілі бөліну – көз тастау
ІІ Елеңдеу – елең ете қалу – елпектеу – қауқалақтау – елпілдеу
ІІІ Елеңдеу – білгісі келу – құлағын тігу
ІҮ Елеңдеу – қорқу – үрейлену – сескену – секем алу
Ү Елеңдеу – едіреңдеу – еліру
Елпілдеу: 1) тез жүру; 2) елпек қағу; 3) ұшып-қону; 4) жаны қалмау;
5) желігу.
І Елпілдеу – тез жүру – ылдам-жылдам басу – лапылдау – бүкең
қағу
ІІ Елпілдеу – елпек қағу – елпектеу – қауқалақтау – елпілдеу
ІІІ Елпілдеу – ұшып-қону – қолды-аяққа тұрмау – қалбалақтау –
ұшқалақтау
ІҮ Елпілдеу – жаны қалмау – құрақ ұшу – бәйек болу – құрдай
жорғалау
Ү Елпілдеу – желігу – желпіну – еліру
225
Еліру: 1) елеңдеу; 2) делебесі қозу; 3) қызбалану; 4) елеуреу; 5)
жындану.
І Еліру – елеңдеу – едірең-едірең ету – алақтау
ІІ Еліру – делебесі қозу – бүйірі қызу
ІІІ Еліру – қызбалану – даурығу – желігу – желпіну – есіру – елеуреу
– көтерілу
ІҮ Еліру – елеуреу – есіру – есі шығу
Ү Еліру – жындану – есер соқтану
Еркін: 1) қағажу көрмеген; 2) тәуелсіз; 3) тыйымсыз; 4) оп-оңай; 5)
мейлінше.
І Еркін – қағажу көрмеген – бетімен өскен
ІІ Еркін – тәуелсіз – ерікті – бостан
ІІІ Еркін – тыйымсыз – кедергісіз
ІҮ Еркін – оп-оңай – жеп-жеңіл – еш қиындықсыз
Ү Еркін – мейлінше – қалауынша – армансыз
Еселе: 1) қосу; 2) үдеу; 3) асыру; 4) бүктеу; 5) көбею.
І Еселе – қосу – үстемдеу – толтыру
ІІ Еселе – үдеу – күшею
ІІІ Еселе – асыру – арттыру
ІҮ Еселе – бүктеу – қабаттау – қаттау
Ү Еселе – көбею
Ескіру: 1) көнеру; 2) күні өту; 3) естен шығу; 4) қартаю; 5) былғану.
І Ескіру – көнеру – тозу – өңі кету
ІІ Ескіру – күні өту – уақытысы біту – ерісі көріну
ІІІ Ескіру – естен шығу – ұмытылу
ІҮ Ескіру – қартаю – елде тарту
Ү Ескіру – былғану – дәмі бұзылу
Жабайы: 1) тағы; 2) жұпыны; 3) өзінен-өзі өсіп-өніп тұратын; 4) көзге
қораш; 5) жасқаншақ.
І Жабайы – тағы
ІІ Жабайы – жұпыны – жай – қарапайым
ІІІ Жабайы – өзінен-өзі өсіп-өніп тұратын – түздік
ІҮ Жабайы – көзге қораш – дөрекілеу
Ү Жабайы – жасқаншақ – ұялшақ
226
Жетімсіреу: 1) жетім болу; 2) жалғызсырау; 3) бос қалу; 4) қараусыз,
күтусіз қалу; 5) назардан тыс қалу.
І Жетімсіреу – жетім болу – жетімдену
ІІ Жетімсіреу – жалғызсырау – елегізу
ІІІ Жетімсіреу – бос қалу – қаңырау
ІҮ Жетімсіреу – қараусыз, күтусіз қалу – жүдеп-жадаулану
Ү Жетімсіреу – назардан тыс қалу
Жөн: 1) жай-әншейін; 2) мән-мәнісі; 3) ыңғай; 4) дұрыс; 5) кім
екендігі.
І Жөн – жай – әншейін
ІІ Жөн – мән – мәніс – сыр – жағдай
ІІІ Жөн – ыңғай – рет – орын
ІҮ Жөн – дұрыс – ақиқат – әділ – шын – рас
Ү Жөн – кім екендігі – шыққан тегі – аты-жөні – жай-жапсары
Заң: 1) қаулы; 2) жоба; 3) белгілі тәртіп; 4) орындалуы шарт; 5) әдет-
ғұрып.
І Заң – қаулы – қара – декрет – акт
ІІ Заң – жоба – ереже – тәртіп жүйе
ІІІ Заң – белгілі тәртіп – жүйе
ІҮ Заң – орындалуы шарт – міндетті іс
Ү Заң – әдет-ғұрып – салт-сана
Зәрлі: 1) улы; 2) қаһарлы; 3) үрейлі; 4) уытты; 5) ызғарлы.
І Зәрлі – улы – уытты
ІІ Зәрлі – қаһарлы – сұсты – айбатты
ІІІ Зәрлі – үрейлі – қорқынышты
ІҮ Зәрлі – уытты – мысқылды – кекесінді
Ү Зәрлі – ызғарлы – суық – сүйектен өтетін
Зор: 1) ірі; 2) мықты; 3) қатты; 4) ащы; 5) ерекше.
І Зор – ірі – үлкен
ІІ Зор – мықты – күшті
ІІІ Зор – қатты – ауыр
ІҮ Зор – ащы – қатты
Ү Зор – ерекше – орасан – айрықша
Ие: 1) иеленуші; 2) үстемдік; 3) өндіріс иесі; 4) жанұя басы; 5) алла-
227
тағала.
І Ие – иеленуші – иемденуші – қожайын
ІІ Ие – үстемдік жүргізу – әркім – басшы – бастық
ІІІ Ие – өндіріс иесі
ІҮ Ие – жанұя басы – үй қожайыны
Ү Ие – алла-тағала – құдай – жаратушы – тәңір – пір – пайғамбар
Көздеу: 1) нысанаға алу; 2) қарау; 3) мақсат ету; 4) бет алу; 5) ұнату.
І Көздеу – нысанаға алу – дәлдеу
ІІ Көздеу – қарау – бақылау
ІІІ Көздеу – мақсат ету
ІҮ Көздеу – бет алу
Ү Көздеу – ұнату – қалау – таңдау
Көмбе: 1) қойма; 2) байлық; 3) меже; 4) көмілген тезек; 5) құпия.
І Көмбе – қойма – ұра
ІІ Көмбе – байлық – кен
ІІІ Көмбе – меже – мәре – сәре – белде
ІҮ Көмбе – көмілген тезек
Ү Көмбе – құпия – сыр
Күн: 1) планета; 2) уақыт; 3) мезгіл; 4) өмір; 5) ауа-райы.
І Күн – планета
ІІ Күн – уақыт – тәулік
ІІІ Күн – мезгіл – кез-дәуір
ІҮ Күн – өмір – тіршілік
Ү Күн – ауа-райы – табиғат құбылысы
Кір: 1) ену; 2) бару; 3) пайда болу; 4) мүше болу; 5) түсу.
І Кір – ен (ішке енді) – кел
ІІ Кір – бар – соға кет
ІІІ Кір – пайда бол – олжа
ІҮ Кір – мүше бол – қабылдан
Ү Кір – түс – орналас
Кірбің: 1) разы болмау; 2) күдік; 3) қайғы; 4) кібіртік; 5) күңгірт
көрініс.
І Кірбің – разы болмау – көңілі толмау – реніш – кейіс – қаяу –
кикілжің
228
ІІ Кірбің – күдік – көңілге түскен дақ
ІІІ Кірбің – қайғы – уайым – мұң
ІҮ Кірбің – кібіртік – баяу қимыл
Ү Кірбің – күңгірт көрініс
Қарама – қарсы: 1) бір-біріне қарсы; 2) бетпе-бет; 3) бір нәрсенің
қарсы беті; 4) бір-біріне қайшы; 5) керісінше.
І Қарама-қарсы – бір-біріне қарсы – ерcілі-қарсылы
ІІ Қарама-қарсы – бетпе-бет – жүзбе-жүз
ІІІ Қарама-қарсы – бір нәрсенің қарсы беті – алды
ІҮ Қарама-қарсы – бір-біріне қайшы жағы– қарсы – кереғар
Ү Қарама-қарсы – керісінше – кері – сәйкес емес
Қуат: 1) күш-жігер; 2) қажетті, қызу; 3) шама; 4) өндіргіш күш; 5)
медеу.
І Қуат – күш-жігер – қайрат – әл – дәрмен
ІІ Қуат – қажетті қызу – кaлория
ІІІ Қуат – шама – энергия
ІҮ Қуат – өндіргіш күш – пәрмен – қарқын
Ү Қуат – медеу – тірек – сүйеніш
Қыдыру: 1) шақырусыз бару; 2) аралау; 3) бой жазу; 4) шарлау; 5)
көңіл қосу.
І Қыдыру – шақырусыз бару – қаңғыру – тентіру
ІІ Қыдыру – аралау – қақақтау
ІІІ Қыдыру – бой жазу – серуендеу – сенделу – сандалу
ІҮ Қыдыру – шарлау – шарықтау – кезу
Ү Қыдыру – көңіл қосу – жасырын жүру
Сүйреу: 1) тарту; 2) тартқылдау; 3) көмектесу; 4) азапқа түсіру; 5)
сөзбұйдаға салу.
І Сүйреу – тарту – дарылдату
ІІ Сүйреу – тартқылдау – ерікке қоймау
ІІІ Сүйреу – көмектесу – демеу – қолдау
ІҮ Сүйреу – азапқа түсіру – әурелеу
Ү Сүйреу – сөзбұйдаға салу – кешеуілдету
Сылап-сипау: 1) сипау; 2) жуып-шаю; 3) қадірлеу; 4) сылану; 5) жым-
жылас қылу.
229
І Сылап-сипау – сипау
ІІ Сылап-сипау – жуып-шаю –алдап-арбау – бипаздау
ІІІ Сылап-сипау – қадірлеу – құрметтеу – күту – мәпелеу – аймалау
ІҮ Сылап-сипау – сылану – тарану – әдемілену – сәндену
Ү Сылап-сипау – жым-жылас қылу – сыпырып – сиыру – түк
қалдырмау
Сыпыру: 1) тазарту; 2) ысыру; 3) түк қалдырмау; 4) алып тастау; 5)
шешу.
І Сыпыру – тазарту – жинау
ІІ Сыпыру – ысыру – серпіп жіберу – түсіру
ІІІ Сыпыру – түк қалдырмау – сыдыру
ІҮ Сыпыру – алып тастау – сыдыру
Ү Сыпыру – шешу – шешіп алу
Тамыр: 1) түп; 2) қан жүретін жол; 3) дос-жар; 4) ашына-жай; 5)
төркін.
І Тамыр – түп
ІІ Тамыр – қан жүретін жол
ІІІ Тамыр – дос-жар
ІҮ Тамыр – ашына-жай – көңілдес
Ү Тамыр – төркін – негіз
Тұту: 1) ұстау; 2) қыстырып қою; 3) ұстап алу; 4) жібермей қалу; 5)
қабылдау.
І Тұту – ұстау
ІІ Тұту – қыстырып қою – жаю – құру
ІІІ Тұту – ұстап алу – қолға түсіру
ІҮ Тұту – жібермей қалу – жабысу – жармасу
Ү Тұту – қабылдау – ұстау
Достарыңызбен бөлісу: |