1.3 Сҥректің, ӛзектің және қабықтың микроскопиялық қҧрылымы
Ӛсімдік жасушалары мен тіндері. Қарапайым жарықтық (фотондық)
микроскоптарды және жарық түсіруші (ПВЭ) және кӛшіріп алушы – едәуір
қуатты электрлі микроскоптарды (РЭМ) пайдалану арқылы сүрек пен қабық
құрылымының ұсақ бӛлшектерін кӛруге болады. Кӛшіріп алушы электрлі
микроскоптар үшӛлшемді кӛрініс береді. Жарықтық микроскоптың кӛмегімен
барлық ӛсімдіктер әртүрлі пішіндегі жасушалардан тұратындығы, сонымен
қатар, әрбір жасуша – қабықтан және тірі зат – протопластан тұратындығы
анықталды.
Ӛсімдік жасушаларының барлық түрлерін пішіні бойынша негізгі екі топқа
бӛлуге болады: паренхимді және прозенхимды. Паренхимді (латыншадан
аударғанда par – бірдей және énchyma – құйылған) жасушалар дӛңгелек немесе
үш бағыт бойынша шамамен бірдей ӛлшемдегі кӛпқырлы пішінге ие (0,01...0,1
мм), жасушалардың қабықтары әдетте жұқа. Прозенхимды (латыншадан
аударғанда pros –...дейінгі бағыт бойынша) жасушалар талшыққа ұқсайтын, ӛте
созылыңқы пішінге ие (мұндай жасушалардың диаметрі 0,01...0,05 мм, ал
ұзындығы 0,5..3 кейде 8 мм) және қабықтары жиі қалың болады. Ӛсіп тұрған
ағаштың сүрегі негізінен ӛлі жасушалардан тұрады, және жасушалардың бір
бӛлігі ғана (паренхимділер) тірі протопласты сақтайды.
Бірдей құрылымдағы, бірдей функцияларды орындайтын жасушалар
жиынтығы тіндерді құрайды. Ӛсіп тұрған ағашта тіндердің келесідей түрлері
кездеседі:
1)
жамылғылар
ӛсімдіктің
ең
ұшында
орналасады;
2) механикалық тіндер, ӛсімдік денесіне беріктік береді; 3) ӛткізгіштер,
ерітілген қоректік заттармен бірге суды ӛткізу үшін қызмет етеді; 4) қор
жинаушы, қоректік заттардың (қант, крахмал және т.б.) қоймасы болып
табылады; 5) құраушы, кӛпреттік бӛліну жолымен жаңа жасушаларды құрау
функциясын орындайды; 6) ассимиляциялық, фотосинтез үрдісі кезінде
кӛмірқышқылын сіңіреді.
Ассимиляциялық тін жапырақтарда ең үлкен дамуға жетеді. Сүрек
ӛткізгіш, механикалық және қор жинаушы тіндерден
*
тұрады, қабықта оларға
жамылғы тіні қосылады; сүрек пен қабық арасында құраушы тіннің жіңішке
қабаты – камбий – орналасқан.
Камбийдің жасушалары оның белсенділігі периодында дің радиусының
бағытында созылады және тангенциал аралықтарға бӛлінеді. Бұл кезде жаңадан
21
құралған жасушалардың бірі камбиальды болып қалады, ал басқасы тағы бір-
екі бӛлінуден кейін сүректің немесе қабық талшығы болып қалыптасады. Сүрек
жаққа жасушалар қабыққа қарағанда 4...6 есе жиі жинақталады, сондықтан
діңдегі сүрек қабыққа қарағанда үлкен.
Қалыптасқан сүректе жасушаның жұмырланған бұрыштарының арасында
бос немесе әртүрлі заттармен толтырылған қуыстар – жасушаралық болады.
Кесілген сүрек ӛлі протоплас жасушаларынан тұрады, яғни жалғыз жасуша
қабықтарынан, сондықтан сүрек қасиеттерін материал ретінде зерттей отырып,
жасушалы қабықтың құрылымына ерекше назар аударады. Сүректің
техникалық анатомиясында үлкен жасушадан қалыптасқан қабықты жасушалы
қабырға деп айту қабылданған.
Жасуша қабырғасын құрастырушы негізгі зат – целлюлоза (латыншадан
аударғанда cellula – жасуша). Бұл ұзын тізбек молекулалы кӛмірсу полимері.
Ұсақ,
алайда
электрлі
микроскоппен
ажыратылатын
құрылымдық
құрастырылым – элементар фибрилла (латыншадан аударғанда fibra – талшық)
– целлюлюза макромолекулаларының шоғыры болып табылады. Элементар
фибрилланың орташа шартты диаметрі 3,5нм тең [1 нанометр (нм) = 10
-3
микрометр (мкм) = 10
9
м], алайда кейбір мәліметтер бойынша ол 10нм дейін
жетеді. Элементар фибрилланың құрамына шамамен 30...40 целлюлоза
молекуласы кіреді. Элементар фибриллалар реттеліп (кристал аймақтар) және
реттелмей (аморфты аймақтар) орналасқан целлюлоза молекулаларының
аудандарынан тұрады.
Әртүрлі орналасулары жасуша қабырғасының қабаттық құрылымын
жасайтын құрылымдық элементтер микрофибриллалар деп аталады. Мұндай
таспа тәрізді құрылымдар 5...10нм қалыңдыққа, 10...30нм енге, бірнеше
микрометр ұзындыққа ие және ӛзіне элементар фибриллаларды қосады.
Кейде кәдімгі жарық микроскобынан кӛрінетін ӛте ірі құрылымдық
бӛліктер ерекшеленеді. Олар кӛлденеңінен ӛлшемдері шамамен 400 нм және
одан да кӛп болатын микрофибрилла немесе жай ғана фибриллалар.
Торлы қабырғалардың қабатты құрылысын кәдімгі жарық микроскобы
арқылы кӛруге болады, бірақ торлы қабырғалардың ӛте ұсақ егжей-тегжейлі
бӛліктерін кӛруге электронды микроскопты пайдаланамыз. ӚЭМ кӛмегімен тор
қуысына қарауға және кӛлденең және тік қималардағы торлы қабырғалар
құрылысының қиындықтарына кӛз жеткізуге болады. Целлюлозалық микро-
фибрилла арасындағы кеңістік кӛміртекті емес полимер – лигнинмен (латынша
lignum – ағаш), және де целлюлозаға жақын, бірақ молекулаларының ұзындығы
азырақ зат – гемицеллюлозамен толтырылған.
Егер химиялық әдіспен ағаштан лигнин мен гемицеллюлозаны алып
тастайтын болсақ, онда торлы қабырғалар микрофибрилдік құрылымын, яғни
целлюлозалық каркасты алуға болады.
Торлы қабырғалар құрылымының сұлбасы 1.7-суретте кӛрсетілген. Осы
кеңістік моделіндегі әрбір «баспалдақта», берілген қабаттарға сәйкес, торлы
қабырғалардың бӛліктері жойылған. Микрофибрилланың орналасқан жерлері
жіңішке сызықтармен кӛрсетілген.
22
1.7-сурет. Трахеидтің торлы қабырғасының құрылымының сұлбасы
Модельдің тӛменгі бӛлігінде орташа пластинка М (жасушааралық зат)
суреттелген. Қалыңдығы шамамен 0,5 ... 1,5 мкм ауытқиды. Орташа
пластинканың 60 ... 90%-ы лигниннан тұрады. Сонымен қатар, оның құрамында
гемицеллюлоза және пектин (аморфты кӛмірсутек), және де аздаған мӛлшерде
минералды заттар бар.
Біріншілік қабықта Р аз қалыңдыққа ие. Табиғи күйінде кӛп мӛлшердегі су
әсерінен оның қалыңдығы 0,1 ... 0,5 мкм; құрғақ күйінде – шамамен 3 есе аз.
Біріншілік қабықта торланған микрофибриллалар кездеседі.
Лигнин мазмұнына дәл деректер оқшауланған бірінші қабықшада жоқ,
қиын ортаңғы пластинада жасушааралық заттарды есептегенде, олардың
шамамен 70%-ы, целлюлозаның 10%-ға жуығы, қалғандары – гемицеллюлоза
мен пектин.
Екінші қабық негізінен бірінші қабыққа қарағанда 10 рет қалыңдау. Онда
микрофибрилла клетканың тік осіне әртүрлі бұрыштар жасап спиральды
орналасады. Жіңішке сыртқы қабатта S
1
(оның қалыңдығы шамамен Р
қабықшасынікіндей) микрофибриллалар тор осіне үлкен бұрыш жасап
орналасады. Ең қуатты ортаңғы қабатта S
2
микрофибриллалар ӛте үлкен емес
бұрыш жасап, спираль түрінде орналасады.
Қалыңдығы 0,1 ... 0,2 мкм болатын ішкі қабатта S
3
фибриллалар 50 ... 90°
бұрыш жасап, кӛлбеу спираль бойынша орналасады. Тұқым қабаттарында тор
қуысының қабаты мембрана мен кедір-бұдырлы бӛлшектерден тұратын
жіңішке тӛсеніш қабықшалармен қапталған. Бұл қабықша сүйелді қабат W деп
аталады.
Негізінен целлюлозадан және кейбір мӛлшері гемицеллюлозадан тұратын
қабықша S қабықша P-ға қарағанда аз лигниннен тұрады. Микрофибриллалар
арасында су да болады. Түгелімен құрғақ тор қабырғаларында капиллярлар
тіптен болмайды. Микрофибриллалар тор осінің ұзындығына кӛлденең емес,
айрықша бойлай бағытталған.
23
1.8-сурет. Тор қабырғасындағы тесіктер:
а – қарапайым; б – жиектелген; 1 – тесік қуысы; 2 – мембрана; 3 – торус
Екінші қабыққа тереңдеу тән – қарапайым және жиектелген қуыстар (1.8-
сурет). Әдетте қуыс жұптарын кӛрші орналасқан торлардан қарастырады.
Қуытар арасында жасушааралық заттар мен біріншілік қабықшадан тұратын
ӛткізгіш мембрана болады. Егер екінші қабықша қуыс астында дӛңес күйінде
салбырап тұрса, онда қуыс жиектелген деп аталады, дӛңес болмаған жағдайда
қуыс қарапайым деп аталады. Кейде екі кӛрші тордың бір қабықшасында дӛңес
күйінде жартылай жиектелген қуыстар кездеседі.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының жиектелген қуыстарының
мембрана ортасында ӛте әркелкі форманың ӛткізбеуші жуандалуы – торус
болады. Саңылаулы кіріс тесіктері бар қуыстар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |