18
Алғашқы және соңғы аймақтардың арасындағы айқын айырмашылық
сақиналы түтікшелі ағаш тұқымдастарында жылдық қабаттарды әлдеқайда
анық етеді. Осы кезде, шашыраңқы түтікшелі ағаш тұқымдастарында аталған
екі аймақтың арасында айырмашылық болмайды, сондықтан жылдық қабаттар
біркелкі құрылымға ие және олардың арасындағы шекаралары нашар кӛрінеді.
Сақиналы түтікшелі ағаш тұқымдастарына емен, шаған, жеуге жарамды
каштан, шегіршін, самырсын, қарағаш, барқыт ағашы, пісте ағашы және т.б.
жатады. Шашыраңқы-түтікшелі ағаш тұқымдастарына жапырақты ағаш түр-
лерінің кӛпшілігі жатады; олардың ішінде ірі түтікшелілері – грек жаңғағы мен
құрма ағаша, ал майда түтікшелілері – қайың, кӛктерек, қандыағаш, жӛке,
шамшат, үйеңкі, шынар, сүмбіл терек, ақтал, шетен, алмұрт, жаңғақтық және
т.б.
Соңғы аймақта майда түтікшелердің шоғырлануы әртүрлі суреттер
қалыптастырады. Ақшыл жалын тілшелері түріндегі (1.6,
а-суретті қараңыз)
майда түтікшелердің радиал топтары емен, каштан үшін тән; толқынды, кейде
үзік сызықтар түрдегі (1.6,
б-суретті қараңыз) тангенциал топтар – самырсын,
шегіршін, қайың үшін тән. Бӛлек ақшыл нүктелер түріндегі шашыраңқы топтар
(1.6,
в-суретті қараңыз) шағанда байқалады.
Түтікшелер, әсіресе ірілері, бойлық қимада соқа түріндегі із ретінде
байқалады. Түтікшелер діңде дәлме-дәл тік түрде сирек ӛтеді, бойлық
қималарда соқа түріндегі іздер салыстырмалы түрде қысқа, себебі қимаға
түтікшетің бір бӛлігі ғана сәйкес келеді. Ірі түтікшелердің диаметрі 0,2...0,4 мм,
майдаларында – 0,016...0,1 мм. Түтікшелердің ұзындығы әдетте 10 см артық
болмайды, алайда еменде 3,6 м, ал шағанда 18 м дейін жетеді. Түтікшелердің
кӛлемі әртүрлі ағаш тұқымдастарында үлкен диапазонда ауытқиды, ал әрбір
ағаш тұқымдасы үшін оның ӛсіп жетілу жағдайына тәуелді болады. Дің
радиусы бойынша түтікшелердің ӛлшемі алдымен ӛзектен қабыққа дейінгі
бағытта ұлғаяды, максимумға жетеді, одан кейін тұрақты болып қалады немесе
шамалы кішірейеді. Дің биіктігі бойынша түтікшелер саны мен оның
қимасының ауданы тамырдан ұшына дейінгі бағытта артады.
Түтікшелер, әлсіз элементтер бола тұра, кесілген сүректің беріктілігін
тӛмендетеді. Түтікшелердің бар болуы жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының сүректерінде талшық бойының бағытымен сұйықтардың және судың
сіңіруімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: