14
Дендрохронологиялық әдіс (В.Е. Вихров, Б.А. Колчин) ағаштан жасалған
археологиялық кӛне заттардың жасын анықтайтын әдіс ойлап тапты.
Діңнің биіктігіне қарай жылдық қабаттар біршама жақсы ӛседі, ол діңнің
цилиндрлік кескінге ұқсатады. Бірақ, далада ӛскен ағаштарда, жылдық қабаттар
діңнің тӛмен жағында орналасады, ол діңге конус тәрізді кескін береді.
Кейбір ӛнімдердің кӛлденең қимасында жылдық қалыңдықтардың иректігі
байқалады,
мысалы қызылқайың, шілік, аршада; шамшат пен қандыағашта
жылдық қабаттардың енді ӛзек сәулелермен айқасатын шерлерінде (келесі
суретті қараңыз) олардың араларындағы шекарасы ішке қарай иілген (ӛзекке)
ӛз кезегінде бұл құбылыс та иректік сипат береді.
Діңнің қарама-қарсы жағында орналасқан жылдық қабаттар кейде біркелкі
емес енге ие болады; егер осындай біркелкісіздік кӛршілес тұрған жылдық
қабаттардың кӛпшілк мӛлшеріне таралатын болса, онда сүрек
қабаты мен
тамыр жүйесінің (ағаш шеті) біркелкі емес дамуының нәтижесі немесе діңнің
қисаюына алып келетін желдің әсерінен дің эксцентрлі құрылымды
қабылдайды. Әсіресе эксцентрлі құрылым, бүйірлік бұталарда жақсы кӛрінеді;
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарында бұтақ ӛзегі тӛменгі қабатқа жақынырақ
жылжыған, ал қылқан жапырақты ағаштарда – жоғарыға қарай жылжыған
болып келеді.
Кӛптеген ағаш тұқымдастарында жылдық қабаттар екі бӛліктен
тұратындығы анық кӛрінеді (1.4-суретті қараңыз): ішкі
алғашқы сүрек (ол
вегетациалық периодтың бірінші бӛлігінде қалыптасады) – ӛзегінің едәуір
ақшыл боялған және жұмсақ бӛлігіне
айналған, және сыртқы
соңғы сүрек –
қабығының едәуір қаралтым және қатты бӛлігіне айналған. Алғашқы және
соңғы сүректердің арасындағы айырмашылық қылқан жапырақты ағаш
тұқымдастарында кӛбірек байқалады (әсіресе балқарағайда), және кӛптеген
жапырақты ағаш тұқымдастарында аз байқалады,
сондықтан қылқан
жапырақты ағаш тұқымдастарында жылдық қабаттар жақсы кӛрінеді және
жапырақтыларда нашар кӛрінеді.
Ӛсіп тұрған ағашта алғашқы сүректің жылдық қабаттары бойымен судың
орын ауыстыруы діңмен жоғары қарай бағытталады, ал соңғы сүрек кӛбіне
механикалық
функцияларды орындайды. Ағаш тұқымдастығына, жасына, ӛсіп
ӛну жағдайына, діңдегі орнына байланысты алғашқы және соңғы сүректің ара-
қатынасы ӛте кӛп ӛзгеруі мүмкін.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында жылдық қабаттардағы соңғы
сүректің шамасы ӛзектен қабыққа дейінгі бағытта алдымен артады, максимумға
жетеді, содан кейін қабыққа жақын орналасқан қабаттарда азаяды. Дің биіктігі
бойынша соңғы сүректің шамасы ағаштың тамырға жақын жерінен ұшқа
дейінгі бағытта кішірейеді және 1,5...2 есеге азаюы мүмкін.
Жылдық қабаттың алғашқы және соңғы сүректерінің қасиеттері
айтарлықтай ӛзгеше. Кейбір ағаш тұқымдастарында
айырмашылық айқын
кӛрінеді. Мысалы, балқарағай мен еменде, В.Е. Вихрованың мәліметтері
бойынша, соңғы сүрек алғашқыға қарағанда тығызырақ (сәйкесінше 2,3 және
1,5 есе), кӛбірек құрғайды (1,8 және 1,4 есе), созылу кезінде берігірек (3,4 және
2,3 есе).
15
Шыршада, И.С. Мелехованың мәліметтері бойынша, созылуға қарсы
талшық бойымен беріктігі соңғы сүректе алғашқыға қарағанда 2,7 есе артық.
Сонымен қатар, соңғы сүректің қаттылығы да алғашқыға қарағанда кӛбірек.
Соңғы сүрек
алғашқыға қарағанда тығызырақ, берігірек және қаралау
болғандықтан, дәл соңғы сүректің мӛлшерінен тығыздық, беріктік, сонымен
қатар кӛп мӛлшерде сүрек түсі де тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: