Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет10/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Ӛзек сәулелері. Кейбір ағаш тұқымдастарының кӛлденең қималарында 
(мысалы, емен) ӛзектен қабыққа қарай радиус бойымен таралған
және ӛзек 
сәулелері деп аталатын жылтыр ақшыл сызықтар жақсы кӛрінеді. Ӛзек 
сәулелері барлық ағаш тұқымдастарында болады, алайда кейбір ағаш түр-
лерінде олар ӛте енді болып келеді және кӛлденең қимада құралсыз кӛзбен 
жақсы кӛрінеді. 
Діңнің кӛлденең қимасында ӛлшенетін, ӛзек сәулелердің ені ағаш түріне 
байланысты 0,005 бастап 1 мм дейінгі аралықта ауытқиды. Ені бойынша 
сәулелердің үш түрін ажыратады: 1) ӛте жіңішке, құралсыз кӛзбен кӛрінбейді; 
2) жіңішке, құралсыз кӛзбен қарап ажырату қиын; 3) жуан, құралсыз кӛзбен 
айқын кӛрінеді. Соңғылары, шынайы немесе жалған жуан (агрегатты) болуы 
мүмкін, яғни бір-біріне жақын орналасқан жіңішке сәулелердің шоғырынан 
тұрады. 
Шынайы жуан сәулелерге емен, шамшат (1.5-суретті қараңыз) және шынар 
ағаштары; жалған жуан (агрегатты) сәулелерге – қызылқайың, қандыағаш және 
жаңғақтық ағаштары ие. Жіңішке, бірақ құралсыз кӛзбен кӛрінетін сәулелер 
үйеңкі, қарағаш тұқымдастарының (шегіршін, самырсын, қарағаш), жӛке, 
қызыл тал және басқа да кейбір ағаш сүректерінде болады. Кейде дәл радиал 
қимада (дұрысы жарылымда) ғана байқауға болатын ӛте жіңішке сәулелер 
барлық қылқан жапырақты және кӛптеген жапырақты ағаш тұқымдастарының 
сүректеріне (шаған, қайың, кӛктерек, сүмбіл терек, ақтал, алмұрт, шетен және 
т.б.) тән. Кейбір ағаш түрлерінде сәулелер жылдық қабаттардың шекараларын 
кесіп ӛту кезінде ұлғаяды (шамшат). 
1.5-сурет. Шамшаттың қималардағы ӛзек сәулелері: 
а – кӛлденең; б – радиал; в – тангенциал 


16 
Сүректің радиалды қимасында сәулелер кӛлденең жылтыр сызықтар 
немесе қоршап тұрған сүрекке қарағанда күңгірттеу немесе ақшылдау дақтар 
түрінде байқалады (1.5, б-суретті қараңыз). Сызықтардың ені сәулелердің 
биіктігіне тәуелді, ал ұзындығы – қима жазықтығының сәуле бағытымен 
сәйкестігінің дәрежесіне. Кейбір ағаш тұқымдастарында бұл сызықтар радиал 
қимада әдемі сурет қалыптастырады (шынар, үйеңкі және т.б.). 
Тангенциал қимада ӛзек сәулелері ұршық немесе бұршақ тәрізді пішінге ие 
болады (1.5, в-суретті қараңыз); олардың биіктігі ағаш тұқымдасына 
байланысты үлкен шектерде ауытқиды (емендегі 50 мм бастап қылқан 
жапырақты ағаштардағы миллиметр үлесіне дейін). 
Ӛсіп тұрған ағашта ӛзек сәулелері негізінен суды және қоректік заттарды 
кӛлденең бағытта ӛткізу үшін және қыста қоректік заттардың қорын сақтау 
үшін қызмет етеді. Олар белгілі бір механикалық функцияны орындайды
Сүректегі ӛзек сәулелері саны ӛте кӛп. Сонымен, қарағай мен қайыңда 
тангенциалды қимадағы 1 см
2
жазықтыққа 3000-нан артық сәуле сәйкес келеді 
деп есептейді, ал ӛзек сәулелері ӛте жіңішке болып келетін аршада – 15000 
дейін жетеді. Ӛзек сәулелердің кӛпшілік бӛлігі діңнің тӛменгі бӛлігінде 
орналасқан. Дің бойымен жоғарылаған сайын (желекке қарай бағытталғанда) 
сәулелер саны азаяды, ал желек аймағында жоғарылайды. Ӛзек сәулелерінің 
саны мен ӛлшемдері (ені мен биіктігі) ӛзектен қабыққа дейінгі бағытта жоғары-
лайды. Ӛзек сәулелерінің кӛлемі күзде қурап түсетін (жалпақ жапырақты) және 
мәңгі жасыл (қылқан жапырақты) ағаш тұқымдастарында ӛзгешелігі айқын. 
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерінде ӛзек сәулелерінің 
үлесі орташа шамамен сүректің жалпы кӛлемінің 5...8% құрайды, жалпақ 
жапырақтыларда – шамамен 15%, яғни 2,5...3 есе кӛп. Тіпті қыста қылқандарын 
түсіруші балқарағайдың ӛзінде ӛзек сәулелерінің саны онымен бірдей шартта 
ӛскен мәңгі жасыл қылқан жапырақтыларға (қарағай, шырша) қарағанда 
(кӛлемі бойынша) шамамен екі есеге кӛп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет