Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет12/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Шайырлы жҥрістер. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының 
сүректері үшін жіңішке, шайырмен толтырылған каналдардың – шайырлы 
жүрістердің болуы тән. Олар қарағай, самырсын, балқарағай және шырша 
сүректерінде болады; майқарағай, шілік пен арша сүректерінде шайырлы 
жүрістер жоқ. Діңде орналасуы бойынша тік және кӛлденең шайырлы 
жүрістерді ажыратады; соңғылары ӛзек сәулелерінен ӛтеді және тік ағым-
дармен бірге жалпы шайырлы жүйені құрайды. Осы жүйенің арқасында 
шайырды шырынмен ӛндіру қамтамасыз етіледі (2.2 б. қараңыз). Құралсыз 
кӛзбен кӛлденең қимада кӛбіне жылдық қабаттардың соңғы аймақтарында 
ақшыл нүктелер түрінде байқалатын тек тік шайырлы жүрісдарды кӛруге 
болады. 


19 
Самырсынның шайырлы жүрістері едәуір үлкен болып келеді – олардың 
диаметрі орташа шамада 0,14 мм; қарағайдың шайырлы жүрістерінің диаметрі 
0,1 мм, шыршада 0,09 мм, балқарағайда 0,08; ағымдардың ұзындығы 10...80 см 
аралығында. 
Шайырлы жүрістердің кӛпшілік саны қарағайда, самырсында да айтар-
лықтай кӛп, балқарағайда аз, шыршада одан да аз. Соңғы екі түрде шайырлы 
жүрістер сүректің жалпы кӛлемінің 0,2% артық емес бӛлігін алып жатыр. 
Алайда ірі және кӛптеген шайырлы жүрістері бар ағаш түрлерінің ӛзінде олар 
сүректің жалпы кӛлемінің 1% кем үлесін құрайды. Сондықтан жүрістер 
ӛздігінен сүректің қасиетіне әсерін тигізе алмайды, алайда оны толтырып 
тұратын шайыр сүректің шіруге қарсы тӛзімділігін арттырады. 
Сҥректің макроқҧрылымы бойынша тҧқымдастығын анықтау. Әрбір 
ағаш тұқымдастығы оның қасиеттерінің ӛзгешеліктерін анықтайтын сүрек 
құрылымымен ерекшеленеді. Сүректің физика-механикалық және технология-
лық қасиеттерін тәжірибе үшін жеткілікті дәлдікпен бағалау егер тұқымдастық 
белгілі болса, анықтамалық мәліметтері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Ағаш ӛсімдігінің тұқымдастығын, кейде түрін де, орнату үшін (тұқым-
дастықты сәйкестендіру) сүректің макроқұрылымын сипаттаушы белгілер 
пайдаланылады. Мұндай белгілердің қатарына жататындар: ядроның болуы
сүрек қабатының ені және ядродан сүрекке ауысу айқындылығының дәрежесі; 
жылдық қабаттардың кӛріну дәрежесі және олардың кӛлденең қимадағы 
кӛріністері; сүректің алғашқы және соңғы жылдық қабаттарының арасындағы 
шекараның айқындылығы; ӛзек сәулелерінің болуы, ӛлшемі, түсі және саны
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарындағы түтікшелердің ӛлшемі, топталу 
сипаты және күйі (қуыс немесе толтырылған); қылқан жапырақты ағаш 
тұқымдастарында тік шайырлы жүрістердің болуы, ӛлшемі мен саны; кейбір 
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарындағы ӛзек қайталанымдар. 
Осындай негізгі белгілерден басқа тұқымдастықты анықтау кезінде кейбір 
қосымша белгілерді де ескереді. Оларды пайданалудың қажеттілігі негізгі 
белгілер айқын емес бейнеленген жағдайда туындайды. Қосымша белгілерге 
жылтырлық, текстура, тығыздық пен қаттылық жатады. 
Кейбір ағаш тұқымдастарының сүректері тұқымдастықты оңай анықтауға 
мүмкіндік беретін ӛзіндік түске ие. Алайда, сүректің түсі барлық уақытта 
тұқымдастықты сәйкестендіру үшін жеткілікті негіз ретінде қызмет ете 
алмайды. Себебі, сүректің қалыпты түсі сыртқы физика-механикалық фактор-
лардың, сонымен қатар, саңырауқылақтармен зақымданудың әсерінен ӛзгеруі 
мүмкін. Кейбір диагностикалық мәндер сүрек жылтырына ие. 
Сүректің бойлық қималарының бетіндегі анатомиялық элементтерді кесу 
кезінде қандай да бір болмасын сурет қалыптасады. Әсіресе ӛзіндік сурет – 
текстураны – ӛзек сәулелері қалыптастырады. Мысалы, шамшаттың тангенциал 
қимасының бетіндегі текстура бойынша (1.5, в-суретті қараңыз) бұл тұқым-
дастық қатесіз анықталады. Кейде қосымша белгі ретінде ӛзара байланысқан 
қасиеттер пайдаланылады: сүректің тығыздығы мен қаттылығы. 


20 
Үлгілердің тығыздығы (салмағы) мен қаттылығын шамамен бағалау негізгі 
белгілері жиі жеткілікті түрде айқын байқалмайтын шашыраңқы түтікшелі 
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастығын анықтау кезінде пайдалы болуы 
мүмкін. 
Әртүрлі тұқымдастық сүректерінің макроскопиялық ерекшеліктерінің 
ұқсастықтарын қамтитын кестелер және сүректің сыртқы бейнесі бойынша 
тұқымдастықты анықтағыштар әртүрлі жылдары басылымдарға шығып 
отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет