Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет50/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149
Рентген сәулесі. Рентген сәулесі шамамен 5нм-ден бастап 0,6пм-ге дейінгі 
толқын ұзындығына ие. Рентген сәулелері зерттеліп отырған объектіден ӛте 
отырып оның әртүрлі аймақтарында түрліше жұтылады. Аймақтың тығыздығы 
жоғары болған сайын, ол арқылы ӛткен сәулелердің интенсивтілігі соншалықты 
тӛмен болады. Сәулелердің жолымен зерттеліп отырған объектіден кейін жарық 
экран қою арқылы одан объектінің ішкі ақауларын кӛруге болады (қуыстар, 
қосылыстар және т.б.). 
Рентген сәулелерімен ірі дӛңгелек сортименттер (диаметрлері 40...50 см 
дейін) жарықтандырылуы мүмкін; сонымен қатар, мұндай сәулелер жылжы-
малы қондырғылардың кӛмегімен ӛсіп тұрған ағаштардың діңін жарықтан-
дыруға мүмкіндік береді. Рентген сәулелерін пайдалану арқылы, сүректегі 
жасырын ақауларды анықтауға болады – ӛсіп кеткен бұтанақтар, жәндіктердің 
жолдары, ішкі жарықтар, шіріктер, қуыстар, сонымен қатар, металл қосылыс-
тары. 
Ылғалдылықтың жоғарылауы сүректің рентген сәулелерімен ӛткізгіштігін 
азайтады. Бұл қасиет кептіру үрдісі кезінде сортименттің қимасы бойынша 
ылғалдылықтың таралу сипаты мен шамасын анықтау үшін пайдаланылуы 
мүмкін. Рентген сәулелері, сонымен қатар, сүректің тығыздығын және торлы 
қабырғаның жіңішке құрылымын жарықтандыру үшін пайдаланылады. 
Иондаушы сәулелену. Иондаушы (ядролық) сәулелену радиоактивті 
заттардың ыдырауы кезінде, ауыр атомдық ядролардың бӛлінуі, ядролық 
реакциялар кезінде пайда болады. 
Ядролы сәулелену келесі түрлерге ажыратылады: зарядталған бӛлшек-
тердің ағындары, электромагнитті сәулелену және зарядсыз бӛлшектердің 
ағындары (нейтрондардың). Сәулеленудің алғашқы екі түрінің негізгі кӛздері – 
радиоактивті заттар. Мұндай сәулеленуді радиоактивті деп атайды. 
Нейтрондық сәулеленудің негізгі кӛзі ретінде ядролы реакторлар, элементар 
бӛлшектердің әртүрлі жылдамдатқыштары, нейтрондарды шығарушы заттар-
мен радиоактивті заттардың қосылысынан тұратын препараттар қызмет етеді. 


86 
Қазіргі таңда сүрекке радиоактивті сәулеленудің әсері жақсы зерттелген. 
Альфа-сәулелердің сүрекке енуі тӛмен, жоғары ӛткізгіштік қабілетке бета-
сәулелер және одан да жоғары қабілетке гамма-сәулелер ие. 
Орал орман техникалық институтының (ОЛТИ), ЦНИИМОД-ның және 
басқа да ұйымдардың мәліметтері бойынша сүректің бета-сәулелермен 
ӛткізгіштігі оның тығыздығының, ылғалдылығының және ӛлшемдерінің 
артуымен тӛмендейді. 
Б.К. Лакатоштың қарағай, шырша, емен, шамшат, қайың сүректерінің 
гамма-сәулелермен (негізгі кӛзі – кобальт-60) ӛткізгіштіне жүргізген зерт-
теулері гамма-сәулелер талшық бойымен бағытталғанда едәуір жеңіл ӛтетін-
дігін кӛрсетті (әсіресе еменде). Сүрек тығыздығының артуымен байланысты 
энергияны жұту жоғарылайды; бұл факторлардың арасындағы тәуелділік 
сызықты. Пропорционалдылықтың ең үлкен коэффициенті тең тығыздықтағы 
шамшат сүрегіне тән. Ылғалдылықтың артуымен жұтылатын энергияның 
мӛлшері күрт ӛседі; ол жарықтандырылатын материалдың қалыңдығына тура 
пропорционал. 
Гамма-сәулелер сүректің дефектоскопиясы үшін, оның ылғалдылығын 
және тығыздығын анықтауда, сонымен қатар, үздіксіз ӛндірістік ағында 
бӛлшектердің ӛлшемдерін контактысіз тәсілмен бақылау үшін пайдаланылуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет