ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Т.И. Сүлейменов,  
ҚР Сыртқы істерінің бірінші министрі,  
ҚР төтенше және өкілетті елшісі,  
саясат ғылымдарының докторы  
 
 
 
 
 
 
 
  
 
К.З. Сәрекенов,
 
Д. Әбішев атындағы  
химия-металлургия институтының  
бас ғылыми қызметкері,  
техника ғылымдарының докторы  
 
 
 
 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ –  
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ  
  
Еліміздің 
қоғамдық-саяси 
өміріндегі 
ең 
маңызды 
оқиға 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір 
мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  Жолдауы  болды.  Онда  Елбасы 
еліміздің  дамуының  басым  бағыттары  мен  ұзақ  мерзімді  «Қазақстан  - 
2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады [1]. 
Кезектегі  Жолдаудың  ерекшелігі  –  ел  Президенті  «Мәңгілік  Ел»  - 
ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік 
сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.   
«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?  
Ұлттық  идея  –  халықтың,  ұлыстың  және  ұлттың  өмір  сүру  мәнін 
айқындайтын  ұлттық  сана-сезімнің  жүйелі  жиынтығы.  Ол  қоғам 
ықпалдастығының, 
тұлғаның 
әлеуметтенуінің 
және 
әлемдік 
қауымдастықта  мемлекеттің  өзіндік  теңесуінің  зор  мүмкіндіктерін 
қамтитындықтан, 
мемлекет 
дамуының 
әр 
кезеңінде 
қажет. 
Тұжырымдамалық 
рәсімделген 
идеялардың, 
түсініктердің 
және 
көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның 
және  азаматтардың  өмірін  ұзақ  мерзімге  айқындайтын  негізгі 
идеологиялық  тұжырымдаманы  қамтитын  кең,  сонымен  қатар,  ықшам 
формула болып табылады.     

12 
 
Мемлекет саясаты туралы идеологияның, құныдылықтардың, айқын 
түсініктің  болмауы  қауіпті  салдарларымен  қолайсыздыққа  ұшыратады. 
Себебі  адамдар  санасындағы  ваккум  ұлтшылдық,  шовинизм,  жікшілдік 
және  т.б.  идеяларымен  толады.  М.М.  Телемтаев:  «егер  ұлт  өз  рухын 
сақтап, жетілдірмесе, тәніне бөгде рух кіреді» деп айтқан [2].  
Ұлттық  идеяның  мынадай  белгілері  жалпы  жұрт  қабылдаған  болып 
саналады:  ол  шағын  және  түсінікті  болуы  керек;  көру  бейне-нышаны 
болуы  және  идеологияға  сүйенуі  керек;  тарих,  аңыз,  әфсаналар  арқылы 
бабаларымызға  тиесілі  болуы  керек;  адамға  да,  қоғамға  да,  билікке  де 
тиімді  болуы  керек.  Бұл  ретте  ұлттық  идея  билік  пен  қоғаның 
шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске 
асуға  мүмкіндік  алатынын  көрсете  кеткен  жөн.  Бұл  теориялық  тұрғыдан 
негізделген  ұлттық  идеяны  еліміздің  басым  бөлігі  ұғынып,  қабылдаған 
кезде мүмкін. 
Қоғамды  шоғырландыру  мен  біріктіру,  бір  мемлекет  аясында  оның 
аумақтық  және  көп  этникалық  бірлігін  нығайту  және  сақтау  мәселесімен 
соңғы жүз жыл ішінде егемендік алған барлық жас мемлекеттер бетпе-бет 
кездесті.  Көптеген  елдердің  тәжірибесінде  ұлттық  идея  бір  ұмтылыста 
біріккен  ұлттардың  өзіндік  болмысын  іске  асыру  бойынша  қандай  да  бір 
қызмет жобасы болды. 
Бұл жағдайда негізіне екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 
ұлттық  жапондық  рух  пен  жаңа  батыс  технологиясын  біріктіру  туралы 
идея  алынған  Жапонияның  ұлттық  идеясының  үлгісі  анағұрлым  айқын 
болып  табылады.  Жапондықтарды  осы  идея  төңірегінде  біріктіру  тек 
Жапонияның  қайта  өркендеуіне  ғана  емес,  сондай-ақ,  бұл  елдің 
экономикасы жақсы дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына енуіне алып 
келді.  
Дұрыс тұжырымдалған ұлттық идеяның тімділігін көрсететін тағы да 
бір жарқын мысал әлдеқашан жетілдірілген ауқымды жобаларды табысты 
іске  асырудың  көрнекті  үлгісіне  айналған,  «Азия  барыстары»  (Оңтүстік 
Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань) болып саналады. 
Қытайдың  жүйелі  реформаларды  жүргізуде  шығыс  және  батыс 
тәсілін оңтайлы үйлестіруі де көрнекті мысалдардың бірі. Бүгінде Қытайда 
экономикалық өсу аясында халықтың ұлттық рухын көтеру және нығайту 
бойынша  белсенді  идеологиялық  жұмыстар  жүзеге  асырылуда,  осы 
мақсаттарға қол жекізу үшін үлкен ресурстар бөлінуде.  
Қазақстан  үшін  ұлттық  идеяның  қажеттілігі  туралы  сұрақ  еліміз 
егемендігін  алған  алғашқы  жылдары  туындаған  және  бұл  ғалымдар  мен 
саясаткерлердің  көптеген  пікірталастарының  тақырыбына  айналды.  Көп 
ұлтты  және  көп  конфессиялы  Қазақстан  үшін  ұлттық  идеяны 
қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму 
принциптері  мен  мақсаттары  тұжырымдалған  «Қазақстан  -  2030» 
стратегиясы,  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  ену 

13 
 
стратегиясы  сияқты  құжаттар  қазақстандық  қоғамның  ұлттық  идеясын 
қалыптастыруға негіз болды.  
Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық. 
Ел  Президенті  өз  Жолдауларында  айтып  өткендей,  қазақстандық  ұлттық 
идея  этникалық  тиістілігіне  қарамастан  еліміздің  барлық  азаматтарының 
мүдделерін  біріктіре  отырып,  көп  ұлттылыққа  сүйенуі  керек;  қазіргі 
қазақстандықтардың  ділін  қамтуы  керек;  елдің  өзіндік  ерекшеліктерін 
және  қазақстандықтардың  жақсы  жақтары  мен  үздік  сапаларын  нақты 
түрде  көрсетуі  қажет.  Сонымен  қатар,  біздің  еліміздің  ұлттық  идеясы 
уақыт  сынынан  өткен  қазастандық  жол  тәжірибесінен  туындайтын  нақыт 
құндылықтарға құрылуы керек.  
Мұның  барлығы  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  негізі  бола 
отырып,  барлық  қазақстандықтар  біріктіретін  және  оларды  «Қазақстан  - 
2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына 
көрініс тапты.  
««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы 
ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп 
айтып өткен Елбасы өз Жолдауында. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  негіздемесі  жеті  негізгі  мемлекет 
құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.  
1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана 
Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне 
ие:  әлемдік  қауымдастық  мойындаған  мемлекеттік  шекара,  БҰҰ  мен 
халықаралық  жетекші  ұйымдарға  толық  мүшелік.  Біздің  еліміз  көптеген 
әлем  елдерімен  екі  жақты  қатынастарда  беделді  және  жауапты  серіктес 
ретінде  танылған.  Егемендік  жылдары  ішінде  жаһандық  және  өңірлік 
экономикалық  жүйелердің  бір  бөлігі  болған  динамикалық  экономика 
құрылған,  елде  қазақстандықтардың  әл-ауқатын  арттыруға  бағытталған 
ауқымды  даму  стратегиялары  мен  бағдарламалары,  жобалары  іске 
асырылуда.  Қазақстанның  тәуелсіздігін  қазақстандық  этникалық  топ 
өкілдерінің  барлығы  мойындайды.  Бұл  –  бздің  ортақ  патриоттық 
құндылығымыз. 
Астана  –  тәуелсіздіктің  алғашқы  сәтті  жетістіктерінің  бірі,  барлық 
қазақстандықтардың  патриоттық  мақтанышы.  Халық  жұмылып  тұрғызған 
Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық 
экономиканың локомативіне айналды.    
Тәуелсіздікті  қадірлеу  және  Астананы  сүю  –  Қазсақстан  патриоты 
мен азаматының маңызды сапалары [3]. 
2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім  
Қазақстандық  қоғамдағы  этносаралық  келісім  Ата  заңда және  басқа 
да  Заңдарда  берік  бекітілген.  1995  жылы  Қазақстан  халықтарының 
Ассамблеясы  –  азаматтық  бейбітшілік  пен  келісімнің  бірегей  институты, 
жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. 

14 
 
Халқымыздың  қоғамдық  келісімі  мен  жалпы  ұлттық  бірлік,  барлық 
азаматтардың  этникалық,  діни,  нәсілдік  тиістіліктерінежәне  өзге  де 
өзгешелектеріне  қарамастан  тең құқықтығы  – әркімнің және барлығының 
табысы  мен  лайықты  өмірін  білдіретін  тұрақты  шоғырландырылған 
фактор. 
Қазақстан  Республикасының  әр  азаматының  патриоттық  борызы  – 
Қазақстанның  халықтарының  достық  пен  келісім  дәстүрін  сақтап, 
ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.   
3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық   
Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң 
үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы 
сипаты  экономикадағы  өрлеудің,  білім  беру,  денсаулық  сақтау  және 
мәдениеттің  ұлттық  жүйесін  табысты  дамытудың  ең  маңызды  шарты. 
Сонымен  қатар,  қазақстандықтар  үшін  әрқашан  рухани  беталыс  пен 
адамгершілік  құндылықтар  мағызды  болады,  әрқашан  діни-мәдени 
дәстүрлер,  әр  азаматтың  белгілі  бір  дінді  ұстану  немесе  ешқандай  дін 
ұстанбау құқығы сұраныста болады. 
XXI  ғасырда  Қазақстанда  мәдениет  пен  дін  диалогының  ғаламдық 
орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.   
Балалар мен қарт адамдарды қамқорлық көрсету, қоғам негізі ретінде 
отбасын  нығайту  дәстүріне  сүйенетін  патриотизм,  жаңғыру,  табыс  пен 
жоғары адамгершілік рухы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан арғы 
ілгерінді дамуының негізі болады. 
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу   
Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне 
Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.  
Біздің  басты  міндетіміз  –  өндірісті,  білім  мен  ғылымды  біріктіру, 
инновациялық-индустриялық  кластерлерді  дамыту.  Сондықтан  елімізде 
ғылым  саласының  шешуші  реформалары,  білім  беру  жүйесін  жаңғырту 
жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді 
жүйесі жасалды.  
Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы 
барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.   
Мықты  индустриялық  база  инновациялық  өрлеуге  ауысу  негізі 
болады,  экономикада  инновациялық  өсу  нүктерлерін  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Тек  осы  негізде  Қазақстан  бәсекеге  қабілетті  экономика,  бәсекеге 
қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.      
Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл 
нағыз патриоттар міндеті.  
5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы  
Жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамы  –  қазақстандықтарды  әлеуметтік 
жұмыспен  қамтудың  ең  маңызды  шарттарының,  қазақстандық  отбасылар 
табысының  тұрақты  өсуінің,  өмір  сапасын  тұрақты  жақсарту,  барлық 

15 
 
қазақстандық  еңбекшілердің  шығармашылық  және  өмірлік  әлеуеттерін 
толықтай ашу кешені.    
Еңбек  өнімділігін  арттыру  –  өнеркәсіпте,  ауыл  шаруашылығында, 
энергетикада,  инфрақұрылымдық  қызмет  салалары  мен  секторларында, 
мемлекеттік  және  корпоративтік  басқару  жұмыс  атқаратын  барлық 
патриоттардың үлкен еңбегі.   
Қазақстанның  барлық  шынайы  патриоттарының  маңызды  міндеті  – 
қоғамымызда  бастамашыл,  лайықты,  адал  еңбек  құндылықтарына 
негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту [4]. 
6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы  
Туған  жеріміздің  тарихында  бірнеше  мыңжылдықтар  бар,  оның 
беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.   
Қазақ  халқының  тарихы  –  бұл  бірігу  тарихы.  Тек  бірлікті  сақтай 
отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және 
дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.    
Тариз бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры 
ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.   
Өз еліңнің тарихын біоу, түсіну және құрметтеу  – әр қазақстандық-
патриоттың міндеті.  
Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің 
бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды 
шарттарының бірі.  
Қазақстан  жері  мыңжылдықтар  бойы  мәденит  пен  өркениеттің 
кездесуі мен өзара әрекеттесуінің жері болды. Осының арқасында сақтауға 
және дамытуға тұрарлық бай бірегей мәдение мұра қалыптасты.    
XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – 
Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу.   
Әр  нағыз  патриоттың  парызы  –  мемлекеттік  тілді  білу  және 
отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.   
Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін 
жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.  
7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік 
мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы   
-  мемлекетіміздің  белсенді,  теңдестірілген,  сындарлы  және  жауапты 
ішкі саясатының басты мәні. 
Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: XI ғасыр 
әлемінің бес маңызды принципін атады: 

 
революция емес, эволюция; 

 
әділдік, теңдік, бәтуаластық; 

 
ғаламдық төзімділік және сенім

 
ғаламдық ашықтық; 

 
сындарлы көп даңқтылық [5]. 

16 
 
Бұл – Қазақтанның басқа мемлекеттермен ауқымды ынтымақтастығы 
мен  өзара  әрекетін  дамытудың,  еліміздің  біріктірілген  жобаларға,  өңірлік 
және  ғаламдық  қауіпсіздікті  нығайту  бойынша  жұмыстарға  қатысуының 
мағыналы негізі.   
G-GLOBAL  принциптері  –  бұл  Қазақстанның  бүгінгі  және  болашақ 
ұрпағы  үшін  мәңгілік  құндылық.  XXI  ғасырда  ұлттық  қауіпсіздігінің 
орнықты жағдайларын өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесінінен 
тыс жасау мүмкін емес.  
Елбасы  Н.АӘ  Назарбаев  тұжырымдаған  ұлттық  идеяның  іргетасы 
егемендік жылдары ішінде көп ұлтты Қазақстанда этникалық тұтастықтың 
– Қазақстан халқының, құндылықтар жүйесі ортақ, тарихы ортақ, тағдыры 
мен  мақсаты  ортақ  қазақстандықтардың  қалыптасуының  мойындалуы 
болып  табылатынын  айта  кеткен  жөн.  «Біз,  қазақстандықтар,  біртұтас 
халықпыз!  Біздің  тағдырымыз  да  ортақ  –  ол  біздің  «Мәңгілік  Ел»,  біздің 
беделді  және  ұлы  Қазақстан!  «Мәңгілік  Ел»  –  бұл  біздің  жалпы 
қазақстандық  үйіміздің  ұлтық  идеясы,  ата-бабаларымыздың  арманы». 
Президенттің  бұл  сөздері  ұлттық  идеяның  негізін  де,  тереңдігін  де 
толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін 
ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат  – саулық 
пен  молшылық,  келісім  мен  достық  үстемдік  ететін  ортақ  үйімізді  – 
Қазақстан Респуликасын құру.  
 
Әдебиеттер тізімі  
 
1.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
2.
 
Телемтаев М.М. Системная философия («Саф Сана»: Идея, Нация, 
Страна). Алматы: ИЦ ИНФОПРЕС, 2001. 210с. 
3.  Назарбаев  Н.А.  Астана  -  великая  эпоха  и  стратегический  вектор 
Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля. 
4.  «Социальная  модернизация  Казахстана:  Двадцать  шагов  к 
Обществу Всеобщего Труда» // Казахстанская правда, 2012, 10 июля. 
5.  Назарбаев  Н.А.  Пять  принципов  G-Global.  V  Астанинский 
экономический форум. Интернет ресурс: //www.bnews.kz 
 
 

17 
 
 
А.Е. Даниярова, 
т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, 
доцент 
e-mail: aina171173@mail.ru 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА 
ЖАСАУДАҒЫ БАСТАМАСЫ. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ –  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ 
БАҒЫТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Қоғамдық-саяси  жағдай  өткенді  шолып  қарасақ  та,  қазіргі  таңда  да 
қоғамның  дамуына  әлеуметтік-экономикалық  фактордың  әсер  ету 
заңдылығын  негіздейді.  Біздің  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  Бес 
институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  мақсатында  ұсынған  «100 
нақты қадам» бағдарламасы – бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз 
мемлекет  қатарына  кіру  жолындағы  сенімді  қадамдары,  қазақстандық 
қоғамды  өркениетті  дамытуға,  адам  мәселелерін  шешуге  бағытталған  әрі 
жаһандық  және  ішкі  сын-қатерлерге  жауап  ретінде  ұсынылатын 
мемлекетті 
жаңғыртудың 
кешенді 
бағдарламасы. 
Бүгінгі 
күні 
мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негіздерін 
қарқынды дамытуға арналған кең ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. 
5  институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты 
қадам Қазақстанның юарлық салада ұзақ мерзімді өркендеуіне әкеледі. Ұлт 
жоспарын  тиімді  жүзеге  асыру  мемлекеттік  органдардың,  сараптама 
қауымдастығының  және  азаматтық  сектордың  белсенді  өзара  қарым-
қатынасқа түсуін талап етеді. 
Бағдарламалар  – бұл мемлекеттік шешімдер өмірге келтірудегі негізгі 
тәсілдердің  бірі.  «Бағдарлама»  сөзі  «мақсаттар  ағашы»  ретінде  реттелген, 
шаруашылықты  дамытудағы  бір  немесе  бірнеше  мақсаттар  мен  мүдделерді 
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешені дегенді білдіреді» [1]. 
 
«Ұлт  жоспарының  негізін  құрайтын  100  қадам,  бірінші  кезекте, 
мемлекеттік  құрылыс  процесін  нығайту  деген  сөз.  Ұлт  жоспарының 
ерекшелігі  –  оның  тарихи  маңызды  кезеңде,  мемлекет  эволюциясының 
сапалы тұрғыда жаңа кезеңде қабылдануы. Қазақстандық қоғамның сенімі 
мен әлеуеті 100 қадамды сәтті жүзеге асырудың екінші құраушысы болып 
табылады,  ол  белсенді  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістер 

18 
 
үшін  жасалған»,  -  дейді  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
«Интеллект  Орда»  Халықаралық  әлеуметтік-гуманитарлық  зерттеулерді 
біріктіру институтының бас директоры С. Мәжитов [2]. 
 
Бірінші  реформа  –  кәсіби  мемлекеттік  аппарат  құру,  оған  сәйкес 
мемлекеттік  қызмет  туралы  жаңа  заң  қабылданады,  мемлекеттік 
органдарда  жұмыс істеуге  үміткерлерді  іріктеген  кезде  құзыреттілік  тәсіл 
басты  құраушы  болып  табылады  және  қызметтік  саты  бойынша  өсу  тек 
конкурстық негізде жүргізілетін болады.  
Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету бес сатылы сот жүйесінен үш 
деңгейлі инстанцияға көшуден; соттардың есеп беру міндетін күшейтуден, 
судьялардың  жаңа  этикалық  кодексін  жасаудан;  құзыреттілік  тәсіл 
негізінде полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсартудан; қоғамдық 
кеңестер  мен  ғаламтор  порталы  жүйесін  жасау  арқылы  полиция 
ашықтығын қамтамасыз етуден тұрады. 
Келесі  реформа  –  индустрияландыру  мен  экономикалық  өсу. Бұл 
мақсатқа  қол  жеткізудің  негізгі  құралдары  –  инвестициялық  климатты 
жалпы  жақсарту,  сәйкес  салаларға  (қайта  өңдеу  секторы,  туризм  саласы, 
энергия  үнемдеу,  сүт  және  ет  өндірісін  дамыту)  инвестициялар  тарту, 
экспортты ынталандыру механизмдерін жасау, өмірге бейімді экспорттық 
өндірістер  қалыптастыру.  Білім  беру  саласында  –  орта  білім  беретін 
мектептерде  12  жылдың  оқытуға  бірте-бірте  көшу,  жоғары  оқу 
орындарының  академиялық  және  басқару  дербестігін  кеңейту.  «Басты 
мақсат – шығатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім 
беру секторының экспорттық әлеуетін өсіру» [3].
 
Бағдарламаның басты реформаларының ішіндегі «Мәңгілік Ел» атты 
жеті  принцип  дамудың  негізгі  құндылықтарын,  Қазақстан  халқынының 
мүдделері  мен  тарихи  тағдырының  ортақтығын  көрсетеді.  Мемлекет  жас 
буынды  төзімділікке,  өзара  құрметтеуге,  отанға  деген  махаббатқа,  оның 
өткені мен болашағына деген мақтанышқа тәрбиелеуге ұмтылады, бұл, өз 
кезегінде, патриоттық сезімді тудырып, қалыптастырады. 
Жалпығы Ортақ Еңбек атты кең ауқымды идея одан әрі дами  түсті, 
оның  негізінде  нақты  өндірістік  еңбек  жатыр,  бұл  кезде  әлеуметтік 
қорғаудан  әлеуметтік  прогреске  көшу  үшін  жағдайлар  жасалады.  Идея 
Президентіміздің Жалпыға Ортақ Қоғам құру туралы идеясы мазмұны мен 
мағынасы  жағынан  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылымдар  үшін  де,  әр 
қазақстандық үшін де әрекет етуге арналған нұсқаулық болып табылады. 
Қазақстан халықтарының ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлттық 
бірліктің  бірегей  үлгісі  ретінде  және  Қазақстанның  сәйкестігі  мен 
азаматтық  бірлігін  нығайту  үшін  «Үлкен  ел  –  үлкен  отбасы»  жобасын 
әзірлеп, жүзеге асыруы керек. 
Әр  ұлттың  тарихы  ұрпақтан  ұрпаққа  жетеді.  Өткеннен  келе  жатқан 
рухани және мәдени құндылықтар заманауи қоғамның игілігіне айналады. 
Тарих адамдардың ойы  мен сезіміне эмоционалдық әсер етеді, ол адамды 

19 
 
үйлесімді 
тәрбиелеуге 
белсенді 
қатысады 
және 
патриотизмді 
қалыптастыруға ықпал етеді, Отанымыздың тарихын дәріптеу мақсатында 
«Қазақстан энциклопедиясы» ғаламторлық жоба жасалуда. 
Есеп  беретін  мемлекет  құру  –  бұл  ауқымды  құжаттың  бесінші 
реформасы.  На  основе  новых  законов  ««Мемлекеттік  аудит  және 
қаржылық бақылау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» сияқты жаңа 
заңдар  негізінде  аудит  және  мемлекеттік  аппаратты  бағалаудың  жаңа 
жүйесі енгізілетін болады әрі «Ашық үкімет» іске қосылады. Мемлекеттік 
органдардың  басшылары  жыл  сайын  стратегиялық  жоспар  мен  аймақты 
дамыту бағдарламалары бойынша жұмыс нәтижелері бойынша тұрғындар 
алдында  сөз  сөйлейді.  Мемлекеттік  органдар  жанындағы  қоғамдық 
кеңестердің ролі күшейе түседі. 
Разработка  государственного  Плана  нации  «100  нақты  қадам» 
мемлекеттік  Ұлт  жоспарын  әзірлеу  мемлекеттік  саясатты  мемлекетті 
дамытудың  басым  бағыттары,  экономиканың  жеке  салалары  және 
әкімшілік-аймақты  бірліктер  бойынша  жүзеге  асыруға  ықпал  етеді.  Бұл 
мақсатқа  қол  жеткізу  қаржылық,  материалдық-техникалық  және  еңбек 
ресурстарын  ұлттық  экономиканы  дамытудың;  орталық  және  жергілікті 
атқарушы  билік  органдарының,  кәсіпорындардың,  мекемелер  мен 
ұйымдардың  қызметін  үйлестірудің  басым  бағыттарына  шоғырландыру 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ең  басты  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  –  әр 
қазақстандықтың  өмірін  жақсарту,  азаматтық  сәйкестік  пен  патриотизмді 
нығайту,  қазақстандықтарды  біріктіру,  қоғам  мен  экономиканы  дамыту, 
мемлекетті гүлдендіру және барлығына ортақ заманауи мемлекет құру! 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Лапуста  М.Г.,  Никольский  П.С.  Современный  финансово-
кредитный словарь. - М.: ИНФРА-М, 2009. 
2.  Турысбеков  Е.  Программа  пяти  институциональных  реформ 
является конкретным шагом на пути реализации курса «Мәңгілік Ел» - С. 
Мажитов // КАЗИНФОРМ. – 2015, 8 мая

3. План нации «Сто конкретных шагов» Президента Н.А. Назарбаева 
// Казахстанская правда. – 2015, 20 мая. 
 
 

20 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет