ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

К.Ш. Джалилов,  
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  
кафедрасының доценті, к.ғ.к. 
e-mail: djakur7@mail.com
 
 
 
 
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫ. 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ 
 
Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір 
сүруінің  үйлесімді  шарттарын  ұстану  бойынша  тиімді  қызметті 
қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми 
және тәжірибелі мәселе.  Ұлттық қауіпсіздік саяси ғылым деңгейі ретінде, 
тарихи  қалыптасқан  нақты  жағдайдағы  ұлттық  қызығушылықтарды  іске 
асыруды  қамтамасыз  ететін  қоғамдық  институттар  мен олардың әрекетін, 
қоғамдық  түсінік  пен  қарым-қатынастарды  қарастыратын  толық  жүйе 
ретінде сипатталатын қауіпсіздіктің ұлтпен байланысын көрсетеді.   
М.У. Спанов мен Г.К. Ахметжанованың пікірі бойынша, қауіпсіздік 
«ішкі және сыртқы қауіптен қорғану жағдайы» деп түсіндіріледі [1, 32 б.]. 
Бұл,  ғылыми  әдебиеттердегі  қауіпсіздік  анықтамасының  көптігімен 
сипатталатын орталық жағдай болып келеді.   
Ұлттық  қауіпсіздікте  қауіпсіздіктің  үш  деңгейі  ерекшеленеді:  жеке 
тұлға,  қоғам  және  мемлекет.  Олардың  орны  мен  ролі  қоғамдық  қатынас 
сипатымен,  саяси  құрылғылармен,  ішкі  және  сыртқы  қауіптер  сипатымен 
анықталады.  Ұлт  үшін  қысылшаң  кезеңдерде  қоғам  қауіпсіздігі  немесе 
мемлекет қауіпсіздігі іске қосылады. 
Ұлттық  қауіпсіздік  түсінігінде  саяси,  экономикалық,  әскери, 
экологиялық, ақпараттық  қауіпсіздік пен ұлттың мәдени даму қауіпсіздігі 
қарастырылады.  Осының  барлығы  1999-2005  жылдары  кезеңіндегі 
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Стратегиясында көрсетілген. Бұл құжатта 
мүмкін  болатын  қауіптер  талданып,  олардың  алдын  алу  жолдары  алты 
маңызды  салаларда  –  сыртқы,  әскери,  экономикалық,  әлеуметтік-саяси, 
экологиялық  және  ақпараттық  қауіпсіздік  салаларында  қарастырылған. 
Жалпы  мемлекеттің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  сұрақтарға  мұндай 
кешенді  талдау  мемлекет  ұйымдарына  осы  салада  жүйелік  және  дәйекті 
сипаттама  берді.  Бүгінгі  күнде  қойылған  басымдықтардың  дұрыстығы 
туралы нық сеніммен айтуға болады.  
Бірақ,  халықаралық  жағдай  мен  геополитикалық  орта  динамикалық 
түрде  өзгеруде  және  әрдайым  жақсы  жаққа  емес.  Солтүстік  Африкадан 

31 
 
және  Шығыстан  Солтүстік-Шығыс  Азияға  дейін  тұрақсыздық  кеңінен 
жайылды.   
Күш теңгерімі әлемдік деңгейде, сонымен қатар жер шарының басқа 
да  аймақтарында  күшті  өзгерістерді  бастан  кешіруде.  Сәйкесінше,  БҰҰ, 
ЕҚЫҰ,  НАТО,  ҰҚШҰ,  ШЫҰ,  АӨСШК  және  т.б.  сияқты  аймақтық 
қауіпсіздік  механизімінің  ролі  артуда.  Орталық  Азияда  ұлттық 
қауіпсіздіктің жаңа қауіптері пайда болды.  
Бұл  жағдайда,  Қазақстанның  сыртқы  саясаты,  ішкі  саясат  тәрізді 
басым болу керек.  
Жаңа  Қазақстандық  патриотизм  –  біздің  көп  ұлтты  және  көп 
конфессионалды қоғамның табысының негізі болып келеді.  
«Берілген бағыттағы біздің басты мақсатымыз айқын және түсінікті: біз 
қоғамдық келісімділікті сақтап, оны бекітуіміз керек. Бұл – біздің ұлт ретінде, 
қоғам ретінде, мемлекет ретіндегі тіршілігіміз үшін бұлжымас шарт.  
Қазақстандық  патриотизм  негізі  –  бұл  барлық  азаматтардың  теңдігі 
және олардың Отан ар-ожданы үшін жауапкершіліктері.  
Болашаққа  деген  сенімсіздікпен  толыққанды  мемлекет  құру  мүмкін 
емес.  Мемлекет  мақсаты  мен  азаматтың  басты  мақсаттары  барлық  негізгі 
бағыттар  бойынша  біртұтас  болу  өмірлік  маңызды  болып  келеді.  Осы 
мемлекеттің басты міндеті болып саналады» [2]. 
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизм – 
бұл,  этникалық  айырмашылыққа  қарамастан,  барлық  қоғамды  біріктіру» 
деп атап өтті.  
Біз - көп ұлтты халықпыз. Ұлтаралық қарым-қатынастарда ешқандай 
екілік стандарттар болмауы керек.  
Қазақстан  –  бірегей  мемлекет.  Біздің  қоғамда  әртүрлі  мәдени 
элементтер бір-бірін сіңіріп, толықтырып, бірігіп кеткен.  
Қазақстан  Республикасының  мемлекет  Басшысының  Жолдауында 
«Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  ұлттық 
зиялылардың ролі аталып өтті.  
Зиялылар 
құрылған 
мемлекет 
деңгейінде 
жалпы 
ұлттық 
құндылықтарды бекітуде басты күш болулары керек.  
Зиялылар Қазақстан – 2050 жаңа саяси бағыты негізінде мемлекеттің 
болашағының  дүниетанымдығы  мен  ментальдылығын  жобалауда  негізгі 
роль атқара алады және атқару керек.  
Барлық  қазақстандық  бірлестік  біздің  халықтың  тарихи  санасының 
негізі болуы керек.  
Бүгінгі  кез  келген  этникалық  немесе  діни  сенімдегі  қазақстандық  – 
бұл өз елінің тең құқылы азаматы болып саналады.  
Біз бірлік құндылығы мен келісімділікті қоғам негізі қылдық, біздің 
ерекше қазақстандық толеранттылығының  негізі еттік.   
Біздің  мемлекеттің  зайырлы  сипаттамасы  –  бұл  Қазақстанның 
табысты дамуындағы басты шарт болып келеді.  

32 
 
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы-2050:  бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Жолдауы  барлық  Қазақстан  халқы  үшін 
рухани шақырту болды.   
Халықаралық  және  ішкі  саясаттың  шарттарының  өзгеруін  ескере 
отырып,  Қазақстан  Республикасының  тарихи  дамуындағы  қағидалы 
айқындама  мен  қисынды  жалғасы  Президенттің  18.01.2014  жылғы 
Жолдауы болды.  Бұл жолдау есеп бойынша 18-ші жолдау болды және оны 
халық тағатсыздана күтті.  
2012  жылдың  желтоқсан  айында  жарияланған  Стратегиядан 
«Қазақстан-2050»  кейін,  оны  іске  асыру  үшін  бірқатар  жұмыстар  іске 
апсырылды,  жоғарғы  старт  қойылды  және  келешектегі  шамшылдық 
мақсаттарды  іске  асыру  үшін  қандай  қадамдар  жасалатындығы  туралы 
қазақстандықтарға  жарияланды.  Мемлекет  басшысының  ауызынан 
мемлекет жетістіктері мен қоғам алдына қойылған жаңа міндеттер туралы 
есту  маңызды  болды.  Ал,  2050  жылға  дейін  республиканың  даму 
Стратегиясындағы  басты  мақсат  Қазақстанның  дамыған  30  мемлекеттер 
қатарына  қосылу  болғандықтан,  Президенттің  сөз  сөйлеуіндегі  осы 
жалпыға маңызды міндетті іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарын 
айқындағаны таңқалдырмады.   
Көптеген  жоспарлар  бойынша,  алдағы  15-17  жыл  Қазақстанның  –
ауқымды  түрде  алға  ілгерілеуінің  «мүмкіндік  терезесі»  болады  деп 
мемлекет Басшысы атап өтті. Осы уақыт аралығында біз үшін сыртқы орта 
оңтайлы  болып  келеді,  яғни,  ресурстардың,  қуат  көзінің  және  саудадағы 
сұранымы  артады,  Үшінші  индустриалды  революция  жетіледі.  Біз  осы 
уақытты тиімді қолдануымыз керек.   
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  Жолдауында  жұмыстың  жеті 
басымдылық  бағытын  ерекше  атап  өтті.  Бұл  –  инновациялы 
индустриализация  трендын  жөндеу  және  арттыру,  агроөндірістік  кешенді 
инновациялы  рельске  ауыстыру,  ғылымға  сыйымды  экономика  құру, 
агломерацияның  қарқынды  дамуы,  көлік  пен  энергетика  саласын  өзіндік 
«үштік  инфрақұрылым»  жасау,  орта  және  кіші  бизнесті  дамыту, 
қазақстандықтардың  әлеуеттігін  ашу  үшін  жаңа  мүмкіндіктер  ашу, 
сонымен қатар мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Осы берілген 
бағыттар  бойынша,  қойылған  мақсаттарға  тиімді  қол  жеткізу  үшін  жеке-
жеке  белгілі  міндеттер  қойылып,  нақты  тапсырмалар  берілді.  Сонымен 
қатар,  Президент  алға  қойылған  бастамаларға  барлық  халықтың 
қолдауының  маңыздылығын,  мемлекет  пен  халықтың  дамуы  мен 
гүлденуіне  байланысты  болатын  барлық  бастамаларға  республиканың 
барлық азаматарының атсалысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.  
Қазақстандарға  Жолдауында  Президент  біздің  біріккен  халық 
екендігімізді  еске  салып,  «Мәңгілік  ел»  атты  жаңа  патриоттық  актіні 
қабылдауды  ұсынды,  бұл  актіде  халықтың  ата  –  бабаларының  арманын 

33 
 
іске асыру және бірігіп абзал және ұлы тәуелсіз Қазақстан құру ынтасына 
негізделген жалпы ұлттық ой тұжырымдалған [2]. 
«Егеменді  дамудағы  22  жыл  ішінде  басты  құндылықтар  жасалды, 
олар барлық қазақстандықтарды біріктіріп, біздің болашақ еліміздің негізін 
құрайды.  Олар  ойдан  шығарылған  қағидалар  емес.  Бұл  құндылықтар  – 
уақыт  сынынан  өткен  Қазақстан  жолының  тәжірибесіә  деп  жариялады 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.    
Елбасымыз,  осы  құндылықтар  ішінде  –  Қазақстан  тәуелсіздігі  және 
оның  астанасы  Астана  қаласы,  ұлттық  бірлестік,  бейбітшілік  пен 
ынтымақтастық,  зиялы  қоғам  мен  жоғары  руханилылық,  инновация  мен 
индустриализация  негізінде  экономикалық  даму,  тарихи  тұтастық, 
мәдениет пен тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен біздің елдің аймақтық 
және  жалпы  әлемдік  мәселелерді  шешуге  жаһанды  қатысуын  ерекшелеп 
өтті.  Дәл  осы  мемлекет  түзуші,  жалпы  ұлттық  құндылықтар  Жаңа 
Қазақстандық патриотизмнің бірегейлі негізі болып саналады.  
Сөз  соңында,  Елбасы,  барлық  ұлы  мақсаттар  ел  игілігі  үшін 
қойылады  деді  және  барлық  қазақстандық  қоғамдарды,  оның  ішінде  ел 
жастарын  өз  елінің  тағдырына  немқұрайлы  қарамауға,  Стратегия-2050 
басты  мақсатына  жету  бойынша  атқарылатын  жұмыстарға  белсенді 
қатысуға шақырды.  
Қазақстанда,  елдің  көп  түрлі  этностық  мәдениетін  қоғамдық 
дамудың  позитивті  факторына  айналдыруға  барлық  алғышарттары  бар, 
себебі  барлық  қлт  өкілдері  өздерін  Қазақстан  халқының  –  жаңа  мәдени 
қоғамының бастамасы екендіктерін сезінеді.  Тәуелсіз Қазақстанда бүгінгі 
таңда  этносаяси,  этномәдени  процестер  өзекті  болып  келеді.  Олар  жан-
жақты  саяси  талдауды  қажет  етеді.  Қазақстан  –  әлеуметтік 
дифференцияланған  саяси  этникалық  одақ,  бұл  жерде  субъектілер  үшін 
түрлі  қызығушылықтар  мен  түрлі  мәдени  деңгейліктері  мен  саяси 
белсенділігі  сипатталады.  Саяси  және  мемлекеттік  құрылғының 
Қазақстандық  моделі  демократиялық  дамудың  жалпы  қабылданған 
заңдылықтарымен үйлеседі.  
Тәуелсіз  ел  болғалы  осы  22  жыл  ішінде  мемлекетте  қоғамдық 
қалыптылықты  қамтамасыз  етудегі  өзіндік  моделі,  ұлтаралық  келісім, 
қазақстандық  теңдік  пен  жалпы  қазақстандық  патриотизм  –  Қазақстан 
халқының Ассамблеясы қалыптасты.   
Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясының  ХХ  сессиясында  ҚР 
Президентә Н.Ә. Назарбаев «Біз ашық демократиялық, гүлденуші қоғам және 
құқықтық  мемлекет  құрудамыз,  онда  дамыған  демократия  жетістіктері  мен 
біздің көп ұлтты қоғамымыздың үздік салттары үйлеседі» деп атап өтті [2]. 
ҚР  Статистика  жөніндегі  агенттік  ақпараттары  бойынша  бүгінгі  күнде 
республикада 120 этнос пен этникалық топтар өмір сүруде. Жалпы республика 
халқының басым бөлігі қазақтар – 58,6 % және орыстар – 26,1 %. Басқа этностар 
мен этникалық топтар республика халқының 15,3 % құрайды.  

34 
 
Халықтың  саяси  этникалық  құрамы  әлемнің  жаңа  заманғы 
мемлекеттеріне  сәйкес.  Дәл  осы  жағдай  мемлекет  үшін,  сонымен  қатар 
жалпы  қоғам  үшін  этника  аралық  қалыптылықты  қамтамасыз  етуді 
қарастырады.  Этника  аралық  қалыптылықты  айта  отырып,  ұлтаралық 
қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптандыруды  біз  ұлттық  қауіпсіздіктің 
жалпы  концепциясын  құрастырушы  ретінде  қарастыруымыз  керек. 
Қазақстан  саяси  этностық  одақ  болып  саналады,  мұнда  түрлі  этно 
мәдениеттің мүшелері өмір сүреді.    
Ұлтаралық  қарым-қатынастың  сипатына  ықпал  ететін  факторлар 
саяси  және  әлеуметтік  шарттар,  сонымен  қатар,  әртүрлі  мәдениеттермен 
қарым-қатынасын  негіздейтін  тұлғалық  бағыттар  болып  саналады. 
Қазақстан  ұлтаралық  қарым-қатынастардың  моделі  ретінде  БҰҰ,  ЕҚЫҰ 
және  басқа  да  бірнеше  қатар  беделді  халықаралық  ұйымдардың  жоғары 
бағасына ие болуы кездейсоқ емес. 
Бүгінгі таңда бірде бір мемлекетте ұлттық саяси құралының осындай 
беделді және өкілді саясаты жоқ.  
Біздің  көп  ұлтты  мемлекетіміздің  барлық  халқының  қызығушылығын 
ескере  отырып,  Ассемблея  депутаттары  Қазақстандағы  этника  аралық 
бейбітшілік пен ынтымақтастықтың  берік болуында маңызды роль атқаруда. 
Осы бірлікті арттыру мақсатындағы қазақстандық институт ары қарай дамуда. 
Ассамблеямен  сайланған  депутаттар  аса  маңызды  жауапкершілікті  сезінуде, 
әрдайым  Ассамблеямен  және  оның  жергілікті  ұйымдарымен  байланыста. 
Ұлттық  саясаттың  базалық  элементтерінің  бірі  басқа  этностарға  арналған 
қолайлы  жағдайларды  біруақытта  жасау  барысындағы  қазақ  мәдени 
ядросының мақсатты дамуы болып табылады.  
Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  негізінде  аймақтық,  этностық, 
ұлттық саясатты іске асырудың тиімді механизмі құрылған деп нық сеніммен 
айтуға болады. Берілген ұйым ұлтаралық қарым-қатынастағы үйлесімділіктің 
орталық  буыны  болып  келеді  және  саяси  қалыптылық  және  бейбітшілік  пен 
ынтымақтастықты сақтауда маңызды роль атқарады. 
2015  жылдың  15-ші  сәуіріндегі  ҚХА  ХХII  сессиясы  «Мәңгілік  ЕЛ: 
бір ел-бір тағдыр» атты ұранмен өткізілді. ҚР Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев өзінің сөзінде «Барлық менің бастамаларым: «2030 және 2050» 
стратегиялары,  ол  біздің  Отанымыздың  тұрақты  дамуына  бірнеше  жылға 
ілгері есептелген жобалар. Оларды тек бүкілхалықтық механизм іске қоса 
алады, ол болашағы бір Ұлт бола алады» [4]. 
Осыған байланысты ҚХА-ға бірнеше міндеттер қойылды: 
1.  Болашағы  бір  ұлттың  жалпықазақстандық  кілті  жалпы-
қазақстандық мәдениет болып табылады.  
2.  Қазақстандық  ұлттық  рухтың  басты  қайнар  көзі  –  ол  жалпы 
рухани-өнегелі құндылықтар негізіндегі халық бірлігі. 
3.  Біз  өскелең  ұрпақтың  патриоттық  тәрбиесіне  баса  назар 
аударуымыз қажет. 

35 
 
4. Бірегей мемлекеттік тіл туралы жүйелілік қамқорлық үштілділікті енгізу. 
5.  ҚХА  халықтық,  саяси  өкілдіктің  ерекше  механизмі  ретінде 
транспарентті  мемлекеттегі  қоғамдық  бақылаудың  жүйесінде  маңызды  рөл 
атқаруы қажет.  
6. 
ҚХА-ның 
алдында 
этносаралық 
қатынастар 
аясының 
саясаттандырылуын болдырмау міндеті тұр.  
7.  ҚХА  Еуразиялық  экономикалық  одақ  бойынша  біздің 
серіктестерімізбен  мәдени-гуманитарлық  өзарақатынасты  тереңдетуге 
жүйелі жұмыс жасауы қажет.  
Ұлтаралық 
қатынастың 
мәдениетін 
арттырудағы 
маңызды 
құрылымдық  рольді  Қазақстанның  әр  аймақтары  бойынша  әрекет  ететін 
ұлттық-мәдени бірлестіктер атқарады.   
Қарағанды  облысы  біздің  еліміздің  саяси  этникалық  аудандарының 
бірі болып саналады. Бұл жерде 115 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстың 
74  этностық  мәдени  бірлестіктің  жетекшілері  өз  одақтарында  басты 
мемлекеттік ұлттық саяси жол сілтегіштері болып келеді.   
Этномәдени бірлестіктің жұмысы ұлттық тілді дамытуға, мәдениетті 
және  ұлттық  салттарды  дамытуға  және  ұлтаралық  бейбітшілік  пен 
ынтымақтастықты  сақтау.  Этномәдени  ұйымдар  барлық  қоғамдық-саяси 
іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Ұйымның барлық жұмыстары және 
облыстың  этномәдени  бірлестіктерінің  консолидациясының  әрекеттері 
Қазақстан  халқының  кіші  Ассамблеясының  хатшылығымен  жүйелі  түрде 
басқарылып отырады [3]. 
2015  жылдың  қаңтар  айында  облыстық  әкімшілікте  Қарағанды 
облысы бойынша Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының ХV сессиясы 
өтті.  Сессияға  Ассамблея  мүшелерін  қоспағанда,  барлық  мемлекеттік 
ұйымдардың  жетекшілері,  қала  және  аудан  әкімдері  және  БАҚ  қатысты. 
Сессияны  қорыта  келе,  облыс  әкімі  Нұрмұхамбет  Әбдібеков  Қазақстан 
халқының  бірлігін  ортақтастыратын  фактор  болып  табылатын  қазақстан 
халқының  консолидациясын,  этносаралық  бейбітшілік  мәдениетін 
қалыптандыру бойынша облыс халқы арасында күнделікті жұмыс жүргізу 
қажеттілігін айтып кетті.  
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1. Спанов М.У., Ахметжанова Г.К. Вызовы социальной безопасности  
Казахстана // Саясат. 1999. №6 (49) С. 32.  
2.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.  
3. Под общим шаныраком. – Караганда: Экожан, 2010. – 270 с. 
4.  ХХII  сессия  Ассамблеи  Народа  Казахстана.  15  апреля  2015  г., 
Астана 2015. 
 

36 
 
 
А.К. Жарылқасынова,  
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
Кәсіпорын менеджменті  
кафедрасының аға оқытушысы  
е-mail: аriko.52@mail.ru 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН 
ӘЗІРЛЕУ. ДСҰ ЕНУ – ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА БІРІГУ 
 
Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық 
өзара  тәуелділік  тұрақты  ұзақ  мерзімді  дамуды  талап  етеді.  2030 
Стратегиясының әзірлемелерін ескере келе, 2050 жылға дейін ұлттың жаңа 
саяси  бағытын  құру  керек.  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  –  біздің 
еліміздің  жаңа  даму  кезеңіндегі  алғашқы  ұзақ  мерзімді  2030 
Стратегиясының  жалғасы.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  өмір 
сүру  сапасын  арттыру,  мемлекеттік  аппаратты  кәсіптендіру,  ұлттық 
экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және  ұлттық  экономканы 
диверсификациялау  бойынша  міндеттер  маңызды  болып  қалады  және 
жаһандық 
тұрақсыздық 
пен 
табиғи-ресурстық 
әлеуетті 
сарқу 
жағдайларында  өз  шешімдері  үшін  жаңа  тәсілдер  іздеуді  талап  етеді. 
Осының бәрі жаңа стратегиялық  құжат  –  «Қазақстан – 2050»-ді  әзірлеуге 
себеп  болды.    Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  әлемнің  ең 
дамыған мемлекеттерінің қатарына ену. 
2050  жыл  –  бұл  жай  ғана  символдық  күн  емес.  БҰҰ-да  2050  жылға 
дейін  өркениетті  дамытудың  Жаһандық  болжамы  әзірленді.  2050  жылға 
дейінгі  болжамдық  баяндаманы  Бүкіләлемдік  азық-түлік  ұйымы 
жариялады. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді 
стратегияларды әзірлеп және қабылдап келеді.    
Қазақстан  мақсатты  және  шабытпен,  біздің  бірінші  орындағы 
мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек: 
- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.   
- Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу. 
-  Жеке  кәсіпкерлікті  –  ұлттық  экономиканың  жетекші  күшін  жан-
жақты қолдау. 
- Жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру.   
-  Білім  беру  және  денсаулық  сақтауда  қазіргі  заманғы  және  тиімді 
жүйелер құру.   

Мемлекеттік  аппарат  жауапкершілігін,  тиімділігін  және 
функционалдығын арттыру.   

37 
 
-  Жаңа  күрестерге  барабар  халықаралық  және  қорғаныс  саясатын 
орнату [1]. 
Жаңа  бағыттың  экономикалық  саясатының  мәні  –  жалпы  қамтитын   
экономикалық прагматизм. Бұл дегеніміз: 
Бірінші.  Экономикалық  мақсаттылық  пен  ұзақ  мерзімді  мүдделер 
тұрғысынан  экономикалық  және  басқару  шешімдерінің  барлығын  дерлік 
қабылдау.  
Екінші.  Жаңа  нарық  текшелерін  анықтау,  мұнда  Қазақстан  тең 
құқылы  бизнес-серіктес  ретінде  қатыса  алады.  Экономикалық  өрлеудің 
жаңа нүктелерін жасау.  
Үшінші.  Экономикалық  әлеуетті  арттыру  мақсатында  қолайлы 
инвестициялық  климат  жасау.  Инвестицияларлдың  пайдалылығы  мен 
қайтарымы. 
Төртінші.  Экономиканың  тиімді  жеке  секторын  құру  және 
мемлекеттік-жеке  меншік  серіктестікті  дамыту.  Экспортты  мемлекеттік 
ынталандыру [1]. 
2050  жылға  дейін  мына  мәселелердің  кезең-кезеңмен  шешілуін 
қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады:   
- мемлекеттің  макроэкономикалық саясатын жаңғырту
-  бюджеттік  саясаттың  жаңа  принципімен  қарулану  –  тек  өз 
мүмкіндіктері  шегінде  жұмсау  және  тапшылықты  максимум  ықтимал 
минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске деген қатынас 
жеке меншік қаражат бөлу сияқты ұқыпты әрі ойластырылған болу керек. 
Басқаша  айтқанда,  бюджеттен  бірде  бір  теңге  босқа  жұмсалмауы  керек. 
Мемлекет  бюджеті  ұзақ  мерзімді  перспектива  тұрғысынан,  экономиканы 
диверсификацияялау мен инфрақұрылымды дамыту сияқты жемісті жалпы 
ұлттық жобаларға тоғысады.  
-  өндіріс  пен  жаңа  технологиялар  саласында  қолданылатын  салық 
салу  нысандары  үшін  қолайлы  салық  режимін  енгізу  қажет;  салықтық 
басқаруды  ырықтандыру  мен  кедендік  басқаруды  жүйелендіру  саясатын 
жалғастыру  керек;  салықтық  есеп  беруді  жеңілдетіп,  минимумдау  керек. 
Жақын  бес  жылда  онлайн  электрондық  есеп  беру  режиміне  көшу  керек. 
2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – 
кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.   
Осылайша,  болашақ  салық  саясаты  бизнес-деңгейде  ішкі  өсімді  және 
сыртқы  нарыққа  отандық  экспортты  ынталандыруы  керек,  ал  азаматтар 
деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.  
Әлемдік  экономикадағы  қолайсыз  жағдайды  ескере  отырып, 
Қазақстанның  әрбір  тұрғынының  табысын  қорғауды  және  экономикалық 
өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл 
жай  ғана  макроэкономикалық  мәселе  емес,  бұл  елдің  әлеуметтік 
қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін 
атқаруы  және  кредиттік  ресурстарда  экономиканың  нақты  секторының 

38 
 
талаптарын қамтамасыз етуі тиіс.  Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды 
босаңдатуға  болмайды,  банктерді  проблемалы  кредиттерден  босату  керек 
және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет.  
Келесі міндет – инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсу 
мүмкіндіктерін  кеңейту.  Инфрақұрылымды  екі  бағытта  дамыту  керек: 
ұлттық  экономиканы  жаһандық  ортаға  шоғырландыру,  сонымен  қатар  ел 
ішіндегі  аймақтарға  жылжу.  Қазақстан  шекарасынан  тыс  өндірістік 
көліктік-логистикалық  нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, пайданы 
мұқият  есептеп,  ой  жинақтау,  біздің  транзиттік  әлеуетімізді  дамыту 
маңызды  болып  табылады.  Бүгінгі  күні  бірқатар  ірі  жалпы  ұлттық 
инфрақұрылымдық  жобалар  жүзеге  асырылып  келеді,  олардың  нәтижесі 
ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау 
екі  есе  ұлғаяды.  2050  жылға  қарай  транзиттік  тасымалдаулар  10  есе 
артады.  Қойылған  мақсаттар  басты  міндет  –  біздің  экспортымыздың  тек 
қазақстандық  өнім  мен  қызметтерге  ұзақ  мерзімді  сұраныс  болатын 
әлемдік 
нарыққа 
ғана 
өткізу 
міндетіне 
бағынышты 
болады. 
Инфрақұрылымды  құру  рентабельділік  заңына  бағынуы  тиіс.  Оны  жаңа 
бизнестерді дамыту және жұмыс орындарын құру жолына қою керек.   
Қазақстан экономикасын дамытудың одан арғы міндеті – оны тиімді 
басқару.  Еліміз  бір  тұтас  корпорация  ретінде  жұмыс  істейді,  ал  мемлекет 
оның  негізі  болады.  Корпоративтік  ойлаудың  күші  барлық  процестердің 
бір  тұтас  ретінде  қарастырылатындығында  жатыр.  Барлық  деңгейдегі 
мемлекеттік  басқарушылар  осындай  бизнесті  –  ойлауды  үйренеді. 
Тиімділіктің  басты  критерийі  –  мемлекет  қаражаттан  түсетін  қайтарым 
деңгейі.  Еліміздің  өндірістік  әлеуетін  неғұрлым  жылдам  арттыра  алатын 
болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ халықаралық нарықтың шылауы 
емес, толыққанды өкіліне айналады. Мемлекет ақпараттық технологиялар 
саласында    транзиттік  әлеуетті  дамытуға  түрткі  болуы  тиіс.  Біздің 
технологиялар сұранысқа ие болып, нарықты қажет болған жағдайда ғана 
еліміз нақты пайда көреді. Олай болмаған жағдайда  инновация  – бұл бос 
ақша жұмсау болып қалады.   
Келесі міндет – экономикалық өсуді, масштабты сыртқы саяси және 
сыртқы  экономикалық  келісімдерді  қамтамасыз  ету  үшін  ресурстарды 
Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы ретінде пайдалану.  
Қазіргінің  өзінде  шикізатты  халықаралық  нарыққа  шығаруды 
максимум  жылдамдату  керек,  олар  жаңа  қаржылық  күйреу  жағдайында 
тұрақсызданады.  Біздің  негізгі  импортерлеріміз  шикізат  сатып  алуды 
айтарлықтай  қысқарта  алады,  ал  бағалар  күрт  түсуі  мүмкін.  Ал  біздің 
алдын  ораушы  стратегиямыз  нарықтың  тұрақсыздануы  басталғанға  дейін 
қаражатты  өте  жылдам  жинауға  мүмкіндік  береді,  олар  өз  кезегінде 
еліміздің жаһандық ықтимал дағдарыстан өтуіне көмектеседі.  
Технологиялық  революция  шикізатты  тұтыну  құрылымын  өзгертеді. 
Мысалы, композиттер технологиясы мен бетонның жаңа түрлерін енгізу темір 

39 
 
рудасы  мен  көмір  қорын  құнсыздандырады.  Бұл  қазіргі  жоғары  әлемдік 
сұранысты  ел  мүддесіне  пайдалану  үшін  табиғи  ресурстарды  өндіру  мен 
әлемдік рынокқа жеткізу қарқынын арттырудың тағы бір факторы.   
Көмірсутекті  шикізат  нарығындағы  ірі  өкіл  бола  тұра,  республика 
энергияның  балама  түрлерін  өндіруді  дамытуы,  күн  мен  жел  энергиясын 
пайдаланатын  технологияларды  белсенді  енгізуі  керек.  Бұл  үшін  бізде 
барлық  мүмкіндік  бар.  2050  жылға  қарай  энергияның  балама  және 
жаңартылатын  түрлеріне  барлық  энергия  тұтыну  жиынтығының  кем 
дегенде жартысы тиесілі болады.    
Аймақтардың  инвестицияларды  пайдалануға  деген  қызығушылығын 
арттыру  үшін  жер  қойнауын  пайдалану  мораторийін  алып  тастау  қажет. 
Шикізатты қарапайым жеткізуден энергия ресурстарын қайта өңдеу саласында 
ынтымақтастыққа және ең жаңа технологиялармен алмасуға көшу керек; 2025 
жылға  қарай  өз  нарығымызды  экологияның  жаңа  стандарттарына  сәйкес 
жанармай-майлау  материалдарымен  толығымен  қамтамасыз  ету  керек; 
инвесторларды  біздің  елімізге  ең  жаңа  заманауи  өндіру  мен  қайта  өңдеу 
технологияларын  жеткізу  жағдайларында  ғана  тарту  емес,  сондай-ақ, 
инвесторларға  Қазақстан  аумағында  ең  жаңа  өндірістер  жасаудың  орнына 
қолдағы шикізатты өндіру мен пайдалануға рұқсат ету.   
Қазақстан  Республикасы  Еуразиядағы  технологиялар  инвестициясы 
мен  трансферті  үшін  тартымды  жер  болып  табылады,  бұл  үшін  бізде 
инвесторларға  арналған  барлық  басымдықтар  бар.  Барлық  өндіруші 
кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізеді.   
Табысты  экономикалық  даму  үшін  2050  жылға  қарай  Қазақстан  ең 
жаңа  технологиялық  стандарттарға  сәйкес  өзінің  өндірістік  активтерін 
толығымен  жаңартуы  тиіс.  Ең  ірі  бәсекеге  қабілетті  салаларда  отандық 
өндірушілер  үшін  жаңа  нарық  текшелерін  белсенді  әзірлеу  қажет.  Бұл 
индустриясыздандырудың әлеуетті деструкциялық әсерлерін, әсіресе ДСҰ-
ға кіру перспективасын ескергенде, болдырмауға мүмкіндік береді [2, 1-б.]. 
Отандық  тауарлар  бәсекеге  қабілетті  болуы  керек.  Осы  мақсатта 
Қазақстан, 
Ресей 
және 
Беларусияның 
қатысуымен 
Еуропалық 
Экономикалық  Кеңістік  құрудың  практикалық  кезеңі  басталды.  Бұл  170 
миллион тұтынушыны біріктіретін, суммалық ЖІӨ-і АҚШ-тың 2 триллион 
доллары  болатын  орасан  нарық.  Осы  экономикалық-интегралдау 
процесінде Қазақстан соңғы роль атқармайды. 
Қазақстан  экспортқа  бағытталған  шикізаттық  емес  секторды 
ұлғайтуға  баса  назар  аудара  отырып,  жаңа  өндірістерді  дамыту  керек, 
Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасын 
өнеркәсіптік  күш  импортына  тоғыстырып,  технологиялармен  алмасуды 
және ортақ халықаралық компанияларды дамыту қажет. Алдыңғы қатарлы 
екі  инновациялық  кластерлер  –  Назарбаев  Университеті  мен 
Инновациялық  технологиялар  саябағының  дамуын  жалғастыру  қажет.  Біз 
төмен көміртекті экономикаға қарқынды көшуіміз керек.  

40 
 
Елбасының  ұсынысы  бойынша  2013  жылы  «Жасыл  көпір» 
халықаралық ұйымы құрылды, сондай-ақ Алматы жанындағы төрт серіктес 
қала негізінде Green4 жобасының жүзеге асырылуы басталды.  
Елдің  «жасыл»  даму  жолына  көшуіне  алдағы  уақытта  Астанада 
өтетін  ЭКСПО-2017  көрмесі  күшті  түрткі  болады.  Еліміздің  астанасында 
ғылым  мен  техниканың  ең  үздік  дүниежүзілік  жетістіктері  көрсетіледі. 
Қазақстанның  көптеген  тұрғындары  Қазақстан  ұмтылып  келе  жатқан 
«болашақ  энергиясын»  өз  көзімен  көре  алады.  Ұлттық  қор  жаңа 
экономикалық саясатқа көшудің «қозғаушы күшіне» айналу керек. Бірінші 
кезекте  Ұлттық  қор  қаражатын  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  жобаларға 
бағыттаған  жөн.  Мемлекет  ұлттық  компаниялардың  атынан  Үшінші 
индустриялық  революция  нәтижесінде  пайда  болатын  секторларды 
ескеретін  болашақ  экономикасын  дамытуға  ынталандыру  керек.  Отандық 
индустрия  Қазақстанда  өндірілуі  жоспарланып  отырған  ең  жаңа 
композитті материалдарды тұтынатын болады. 
Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  Жолдауында  елдің  Үшінші  Индустриялық 
революция дайындығына тәуелді болатын түбегейлі мәселелерге назар аударды.  
Президент 
өз 
сөзінде 
ауыл 
шаруашылығын, 
әсіресе 
ауылшаруашылық  өнімдеріне  дүниежүзілік  сұраныстың  өсуі  жағдайында, 
кең ауқымды жаңғырту қажеттілігін атап өтті.  
2050  жылға  қарай  Қазақстан  сумен  қамтамасыз  ету  туралы 
проблеманы біржола шешуді жоспарлап отыр.  
Отандық  кәсіпкерлік  жаңа  экономикалық  бағыттың  қозғаушы  күші 
болып табылады.  
Мемлекет  адамның  бизнесте  жұмыс  істеп  көруіне,  елде  өткізіліп 
жатқан  экономикалық  өзгерістерге  толыққанды  қатысуына  жағдай  жасау 
керек, ал әр адам өз  кезегінде оның мәселелерін ол үшін мемлекет шешеді 
деп күтіп отырмау керек. 
Жаңа  реалияларды,  оның  ішінде  біздің  Еуропалық  Экономикалық 
кеңістік  жұмысына  қатысуымызды,  алдағы  Дүниежүзілік  Кедендік  Қоғамға 
кіруімізді  ескере  отырып,  отандық  өндірушілерді  қолдау  механизмдерін 
жетілдіруіміз  керек  және  олардың  мүдделерін  қорғау  мен  дамыту  үшін 
барлық қажет шараларды қолдануымыз керек. Бүгінгі күннің тапсырмасы  – 
шағын  кәсіпорындар  мен  жеке  кәсіпкерлердің  орта  бизнес  өкілдерінің 
қатарына көшуі үшін қолайлы жағдай жаску және алғышарттар ұсыну.  
Үкімет  «Атамекен»  одағымен  бірлесе  отырып,  Ұлттық  кәсіпкерлер 
палатасына  міндетті  түрде  мүше  болу  туралы  тұжырымдамалық  модель 
әзірледі [3, 2-б.]. 
«Қазақстан  жолы  –  2050»:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 
Жолдауында Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің қарқынды прогрессивті дамуына 
негіз  болатын  Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы,  ерекше  білім  жүйесін 
қалыптастыру туралы стратегиялық мақсат қояды.  

41 
 
27.07.2015  жылы  Женевада  Қазақстанның  ДСҰ-ға  қосылуы  туралы 
құжаттар  пакеті  ресми  түрде  қабылданды.  Рсепубликамыздың  әлемдік 
сауда жүйесіне бірігу кезеңдерін қарастыратын болсақ, шамамен 20 жылды 
құрайтын  ұзын  жолдан  өткенімізді  байқауға  болады.  Қазақстан  тең 
құқылы, 162-ші болып, ДСҰ мүшесі болады. 
Нарықтық өзгерістер мен элемдік экономикаға бірігуді жүзеге асрыа 
отырып,  Қазақстан  жаһандық  процестерден  тыс  қалмас.  ДСҰ-ға  кіру 
әлемдік  сауданың  97  %-ынан  көбін  қамтитын,  осы  ұйымның  толыққанды 
мүшелері  болып  табылатын  150-ден  астам  мемлекеттің  арасындағы 
құқықтық қатынастарды көп жақты негізде реттейді. 
Кез  келген  мемлекет  ДСҰ-ға  кіре  отырып,  капиталының, 
мамандарының,  тауарлары  мен  қызметтерінің  жоғары  дәрежеде  еркін 
қолданылу мақсатында бұл қадамға өз еркімен және саналы түрде барады. 
Және  белгілі  бір  артықшылықтарға  қол  жеткізу  кез  келген  мемлекеттің 
ДСҰ-ға  кіруіне  мақсат  болады.  Қазақстан  үшін  бұл  еліміздің  ДСҰ-ның 
барлық  мүшелерімен  қарым-қатынас  орнатқанда  анағұрлым  қолайлы 
жағдай  қол  жеткізу  болып  табылады  [4].  Қазақстанның  ДСҰ-ға  кіруі  – 
тарихи оқиға. Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Әлемнің барлық 
экономиктері  Қазақстанды  сауда  саясатын  халықаралық  құқық 
нормаларына  сәйкес  жүргізіп  келе  жатқан,  инвестициялық  климаты 
қолайлы мемлекет ретінде мойындады. 
ДСҰ-ға  кіру  –  бұл  бүкіл  Қазақстанның  жеңісі,  оның  жаһандық 
экономикалық  жүйенің  ажырамас  бөлігі  ретінде  мойындалуы.  ДСҰ-да 
жұмыс істеу стандарттары Бес халықтық реформа рухына сәйкес келеді.  
ДСҰ-ға  кіру  біздің  әлемдік  экономикаға  бірігуімізге,  әлемнің 
жетекші 30 мемлекетінің қатарына енуімізге және «100 нақты қажам» ұлт 
жоспарын орындауымызға ықпал етеді [5]. 
ДСҰ  қатарына  кіру  белгілі  бір  шығындардың  жұмсалуын  қажет 
етеді.  Алайда  бұл  шығындардың  орны  болашақта  артықшылықтармен 
толады,  олардың  негізгілері  –  сыртқы  нарыққа  анағұрлым  бәсекеге 
қабілетті  жағдайда  қол  жеткізу,  инновациялық  технологияларды 
анағұрлым  белсенді  түрде  транферлеу  және  тікелей  әрі  портфенльді 
инвестицияларды  ынталандыру  мүмкіндігі.  Қазақстандағы  барлық 
экономикалық реттеу құралдарының ДСҰ-ның халықаралық стандарттары 
мен  нормаларына  сәйкес  келтірілетіндігін  ескеретен  болса,  бұл  біздің 
экономикамызды іштен өсу әлеуетімен қамтамасыз етеді, әрине, мұны әлі 
де жүзеге асыра алу қажет.  
ДСҰ-ға  кіру  Қазақстанның  жаһандық  сауда-экономикалық  қарым-
қатынастар  жүйесіне  бірігу  саясатын  жүзеге  асырудың  басты  кілті, 
еліміздің ЕЫҰ-ға кіруінің міндетті шарты, өндіріс пен ішкі нарықты өсіру, 
инновацияларды енгізуді қалыптастыру ынтасфы болап табылады. ДСҰ  – 
әлемдегі ең дамыған 30 мемлекет қатарына кіру стартегиясының орындалу 
кепілі.  

42 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь  -  2050:  Единая  цель,  Единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
2.  Есекина  Б.  «Задачи  по  интеграции  Казахстана  в  мировую 
экономику решены успешно» // Деловой портал Kapital.kz  
3.  Заявление  Президента  Казахстана  Нурсултана  Назарбаева  в 
поддержку  предпринимателей  страны  //  Казахстанская  правда,  2014,  28 
февраля. 
4. Кошебаева Г.К. Новые задачи для нашей системы. //Казахстанская 
правда, 2015, 30 июня. 
5.  Обращение  Главы  государства  к  народу  Казахстана  в  связи 
завершением  переговоров  о  вступлении  во  всемирную  торговую 
организацию // Казахстанская правда, 2015, 23 июня. 
 
 
 
 
 

43 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет