Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,95 Mb.
#7327
1   2   3   4   5   6

Баян БОЛАТХАНОВА«Аңғақ»

келін.  Мінезі  жібектей. «Алтынның  қолда  бар 

да,  қадірі  жоқ» – дегендей  ақымақ  қой,  сары 

бала, – деді  апам  ішіне  сыймаған  кепті  біраз 

ақтарып. 

– Е-е, о не дегендерің. Балаларым, əйтеуір 

сендер  аман  болыңдар.  Біз  не  көрмедік. «Бай, 

құлақ», – деді, Қырғыз астық. Сондағы тамыр-

танысты,  құда-жекжаттарымызды  сағалап, 

аман  қалдық.  Соғысты  да  өткердік.  Ауылда 

шиеттей  бала-шаға,  қолғабыс  тигізетін  бір 

аяқ  қолы  бүтін  ер-азамат  қалмай,  кілең  жесір-

жетім,  бар  ауыртпалық  төмен  етектіге  түспеді 

ме?  Енді  есімізді  жиямыз  ба  дегенде,  азған 

ұрпақтың  тотанағына  қалғанымыз  мынау. 

Біздің  ауылда  да  араққа  сылқия  тойып,  шаң-

шұң  төбелес  шығаратындар  жетеді.  Жас-кəрі 

демей,  сақалы  сапсиып  шалдарың  да  ащы  су-

дан ықылық атқандарын көргенде, зығырданың 

қайнайды.  Кемпірлерің  де  ерлерден  қалыспай, 

ұрттап,  татады.  Қай  бетімді  айтайын.  Китлер 

сұмырайдың ылаңы ғой бəрі, – деп қайран əжем 

де əріден қозғап, бір-ақ тоқтады. Кейіген кездегі 

əдеті.  Бүкіл  жəбір-жапасы  есіне  түсіп,  осылай 

уайым шегіп, күйгелектеніп қалады. 

Құйтақандай,  бадыраң  көз  онбір  жасар 

қара  қыз – мен  бесінші  сыныпты  бітіргенмін. 

Ауылдың  бар  баласы  жазғы  демалыста 

жүрміз.  Содан  кейін  ғой,  таңертеннен  үлкен 

кісілердің  аузын  аңдып  отырғаным.  Əйтпесе, 

мен  бұл  уақытта  сабақта  боламын.  Бірінен-

бірі  өте  майын  тамызып,  əнгіме  айтатын 

ұстаздарымның  дəрісін  тыңдаймын.  Ал,  қазір 

дүниедегі  ең  аяулы  жандарым,  тіршілікке 

шыр  етіп  келгеннен  кейін  аяғымды  апыл-та-

пыл  басып,  алғаш  айналаға  там-тұмдап  та-

нып  қараған  кезде  көрген  ең  жақындарымның 

қартаң тартқан уайымды жүздеріне жаутаңдай 

қарап,  қабақтарынан  сыр  аңлаймын.  Бұл  енді 

менің  өзім  ғана  білетін,  байқамастан  жадыма 

тоқып, үйреніп жүрген өмір мектебім болатын. 

Балалық  шағым  осынау  асыл  жандарымның 

ортасында  алаңсыз  өтіп  жатса  да  дүниеде  мен 

түсінбейтін,  шамам  жетпейтін  бір  əділетсіздік 

барын  ішкі  түйсігіммен  сезетіндеймін.  Кейде 

осылай ойға беріліп, қамыққан кездері түн бала-

сы зіл батпан қасірет қыспағына тұншыққандай 

сезім  кешетінмін.  Ал,  мына  кісілер  оның  нен-

дей  ауыртпалық  екенін  анық  біледі.  Сол 

шердің,  ащы  мұңның  дəмін  татқан  жандар. 

Дəмін  татпақ  түгіл  сол  шер  теңізге  шомылған 

сыңайлы. Содан да болар, бір-біріне байқатпай 

күрсіне  беретіндері.  Мені  қанша  еркелетсе 

де,  маңдайыма  жел  тигізбесе  де,  олар  менен 

көп  нəрсені  жасырып,  айтпай  қалатындай. 

Жас  баланың  миын  ашытып  қайтеміз  дейтін 

шығар. Бірақ, мен ерекше сезімтал едім. Аяулы 

жандарымның  кірпіктеріне  қонақтаған  мұңды 

көре-көре,  іштей  жасымнан  ерте  қартайып, 

уəйімшіл  болып  бара  жатқан  жоқпын  ба? 

Бəрібір  жарым  көңілдерін  өзімше  жұбатқым 

келетін.  Қалай?  Тек  соны  ғана  білмейтін  едім. 

Кейде  апам  еркелетіп, «Жамауым» – дейтін. 

«Жамауы» – несі?  Жыртық  көңілін  менімен 

бүтіндеп  жүргенін  айтқысы  келе  ме?  Атам 

қыз  болсам  да,  ұлға  балады. «Борашым,  Бура-

ханым», – деп,  өзімнің  Ботагөз  деген  атымды 

атамай,  тұлымымнан  сипап,  мейірленгенде  өзі 

майданға  кеткенде  шейіт  болып  кеткен  ұлын, 

Əділбай  ағамды  ойша  іздейді  ме  екен?  Ата-

анамның  көзінің  ағы  мен  қарасы  да  бір  өзім 

болғандықтан  бақытты  едім,  əрине.  Бір  үйдің 

əздегі  болудың  не  екенін  əздектер  ғана  біледі! 

Сонымен қатар жаңа əлгінде ғана айттым ғой, 

жасына жетпей естияр болған, көңілі қаяу, шер-

менде де мен едім...

Қазір  де  солай,  үлкен  кісілер  айтқан 

əңгімеге  құлақ  сала  отырып,  ішімнен  өзімше 

шешімге  келгенмін. «Мен  үлкейгенде  жаман 

аға,  əпкелерге  ұқсамаймын.  Жақсы  оқимын. 

Зор  оқуды  тауысып,  бастық  боламын.  Қарт 

ата-анамды,  əжемді  бағамын.  Ішпеймін,  шы-

лым  шекпеймін,  ешкімді  де  жəбірлемеймін. 

Өкпелетпеймін, достарымды да, ұстаздарымды 

да   ренжітпеймін. Соғыстан қайтқан қарт май-

дангер Өмірбай шалдың жалғыз қызы – мен тағы 

не  істей  аламын?  Зұлымдықпен  қалай  алыса-


10

 *«Үркер»*№72016

мын? Арақ ішетіндерді қалай ішкізбеуге бола-

ды? Сайлаубай ағам жаман адам емес, мейірімді, 

балажан. Балаларды жақсы көрмесе, ақ тəтем Ар-

ман, Бейбіт, Жеңіс, Базаркүл мен Аянды бірінен 

соң  бірін  үйелменді-сүйелменді  етіп  тумас  еді 

ғой. Татуласса екен олар. Ағатайым ақ тəтемнен 

кешірім  сұрап,  енді  қайтып  ренжітпеймін», 

–деп  уəде  берсе  екен.  Осы  сөздердің  бəрін  да-

уыстап  айтпасам  да,  боталаған  жанарымда 

жасырынып  тұрған.  Еңіреп  жылағым  келгені 

несі?  Мен  «Бір  кіндіктен»  жаралған  туған  ба-

уырым  неге  жоқ? – деп,  жалғыз  ғып  жаратқан 

тағдырыма  өкпелеп  жүрсем,  бұлары  қалай? 

Бүбина апамның қаршадай немерелерін осылай 

көздерін  ашып,  оң-солдарын  танымай  жатып, 

тарыдай  бытыратып,  шашып  жібермекші  ме?» 

Бірін-бірі жетелеп, болталаңдап ойнап жүретін 

қара  домалақ  іні-сіңілілерімді  тіптен  сағынып 

кеткендеймін.  Біртүрлі  кішкентай  жүрегім  де 

көл-көсір  жасқа  малшынғандай.  Олар  өздері 

тату-тəтті,  бауырмал-ақ.  Мұғалім  болған  соң 

ба,  ақ  тəтемнің  балалары  кішкентай  болса  да 

тəртіпті болып өсіп келе жатқан. Үй жұмысына 

да тындырымды. Үлкендері Арман үшінші сы-

ныпты  бітірді.  Інісі  Жеңіс  біріншіні  тауысса, 

Бейбіт жаңадан биыл мектепке барады». 

Көп кешікпей үйге Бүбина апам келді. Ол 

кісінің шаруасын алдын ала біліп отырған атам 

көп созбақтамады. 

– Əрине, Теріскендідегі тентектерді алып 

қайтқан жөн, – деді, – Əшірбек көкеме қазір ар-

найы  барып,  бəрін  түсіндіремін.  Ертең  жолға 

шығамыз дайындалыңыз деймін ғой. 

– Бəрекелді, осылай дейтініңді біліп едім, 

қарағым.  Алла  ризашылығын  берсін.  Өзіңнің 

де  тұяқтарың  ғой.  Ана  айуанды  жөнге  салып, 

кешке үйге келіп, қонақ болып кетіңдер. Бүбина 

апам осыны айтып, батасын беріп, үйіне қайтты. 

Кешке  атам  мен  апама  ілесіп,  мен  де 

Бүбина  апамның  үйіне  келдім.  Əшірбек  атам 

да,  басқа  туыстарымыз  да  осында  екен.  Үлкен 

кісілер жағы Сайлаубай көкеме ақылын айтып, 

жер-жебіріне  жетіп,  біраз  ұрысты. «Бəрімізді 

тірідей  жерге  қаратып,  мұның  қай  сасқаның? 

Ақылыңды  ішкеніңді  қоймасаң,  көретінің 

азап,  қор  боласың.  Шамаң  келмесе,  емдетейік. 

Қол-аяғыңды  байлап  апарып,  ауруханаға 

жатқызамыз. Əйтпесе, есіңді жи. Келінде жазық 

жоқ. Бұл сенің емес, келіннің – отаны. Жастай 

жарынан  айрылған,  көңілі  жарым  шешең,  сені 

ұл  таптым,  өшкенім  жанды  деп,  немерелеріне 

алданып,  келінін  қызықтап  отыр  емес  пе? 

Əкеңнің қос бауыры мына қос шал арнайы ба-

рып,  құдағиымыздан  кешірім  сұрап,  келін, 

бала-шағамызды  алып  қайтамыз.  Тəубеңе  кел. 

Бұдан  былай  біздің  сағымызды  сындырма» 

–  деп,  əрқайсысы-ақ  жеки,  нығырлай  сөйлеп, 

Сайлаубай  көкемнің  кешірім  сұраған  уəдесін 

алды. 


Бір  жағы  ойын  баласы  емеспін  бе? 

Атамның  басқа  ауылға  баратыны  маған 

қызық көрініп, еркелей жалынып, бірге баруға 

келісімін алдым. Сөйтіп, ертеңіне Əшірбек атам 

мен  өз  əкем  Өмірбай,  Бүбина  апам  төртеуміз 

Сайлаубай көкемнің көк москвичіне жайғасып, 

жолға шықтық. 

Облысымыз  бір  дегенмен  біз – төстегі, 

олар – ойпаңдағы  ел  екен.  Екі  ауданның  ара-

сы  бірталай  жер.  Қас  қарая  Теріскендіге  де 

келіп  жеттік.  Маған  бəрі  таңсық.  Ең  алдымен 

машинаның  қос  қапталынан  шабалаңдап,  бос 

жүрген  ауыл  иттері  үріп,  қарсы  алды.  Тас-

падай  тас  жол.  Самаладай  жарқыраған  көше 

шамдары  іңір  қараңғылығын  байқатпай  тұр. 

Ауылдың ортасындағы қызыл шатырлы, зəулім 

қызыл  үйдің  жанына  таяп  келіп  тоқтадық. 

Басқарманың  үйі  осы  екен.  Демек,  ақ  тəтем 

осында болды ғой. 

–  Қарлыға  құдағи  үлкен  баласының 

қолында  деп  естігем.  Осында  түсейік, – деген 

Бүбина апамның айтуымен қарсы алдымыздағы 

үйге бет алдық. Ұзын шынжырына оратылып, 

үй қорығыш алабай бұл жақта да жүр. Əупілдеп 

белгі берді. Еңселі келген жігіт ағасы қақпаны 

ашып, өзі қарсы алды. 

–  Ассалаумағалейкум,  жол  болсын, 


11

Баян БОЛАТХАНОВА. «Аңғақ»

қадірменді құдалар.

–  Уағалейкумассалам,  бар  бол,  құда 

бала.  Ауылыңа  ат  арылтып  кеп  қалдық.  Бала-

шағамыз осы жақта, нағашы жұртта деп естіп, 

бізде құдағиға сəлем бере келдік. Мұны айтқан 

Əшірбек атам, əкемнің ағасы. 

–  Төрлетіңіздер,  құдағиларыңыз  қазір 

алдарыңыздан  шығады.  Əлі  жата  қойған  жоқ. 

Осылай деп Алпамыс құда ішке бастады. 

Үлкендермен  ілесіп  мен  де  үйге  кірдім. 

Салған жерден ауладағы кіші тамда асыр салып, 

ойнап жүрген өзіміздің сайыпқырандар көзіме 

оттай басылды. Олар да бізге қарай арсалаңдай 

жүгіріп, бəріміз құшақтасып, мəре-сəре болып 

жатырмыз.  Бір  тұрып,  бір  жығылып  жүрген 

Аянды мен көтеріп алып, құшағыма бастым. Ақ 

тəтем де қарияларды көріп, келеді деп ойламаса 

керек, сасып қалды білем, жақындай түсіп иіліп 

сəлем берді. Құдағи ғана төбе көрсете қоймады. 

Үйге келген кімдер екенін естіп білген соң да, 

төргі  бөлмеде  төр  көрпеде  отырған  жерінен 

қозғала қоймаған. Ашуы əлі қайтпаған болды. 

Үкілеп өсірген қызын аямайтын, шиеттей бала-

шағаның  көз  жасынан  қорықпайтын  дөңкиген 

күйеу  баласын  тіпті  көргісі  келмейтін  шығар. 

Үлкен үйдің ашық есігінен төрде таудай болып 

отырған  кейуананы  көзім  шалып  қалғанмен 

осылай деп ойлап үлгердім. 

– Қане, дəу құдағиға сəлем берейік. Бас-

та, балам.Əкем осылай деп, қос қария құданың 

соңынан еріп, төргі үйге озды. 

Қариялар 

құдағиларына 

жамырай 

сəлем  беріп,  төргі  бөлмеге  жайғасып  отырып, 

əңгіме-сабақтап,  сөйлесіп  жатыр.  Үй  иелері  

ауқат    жағын  қарастырып,  қонақ  кəделерін 

қойып,  абыр-сабыр  түннің  бір  уағына  дейін 

толастамаған.  Мен  бірден  сол  үйдің  балала-

рына  барып  қосылдым.  Өзіме  керегі  де  осы 

еді.  Бауырларымды  кезек-кезек  құшағыма 

алып,  сүйіп  қоямын.  Олар  да  мені,  ауылды 

сағынып  қалыпты.  Түннің  бір  уағына  дейін 

алысып, ойнап ұйықтамадық. Үлкен кісілердің 

де  əңгімелері  жарасқан-ау  деймін.  Ертесіне 

əйтеуір  Сайлаубай  ағам  жымың-жымың  етеді. 

Қара  домалақтарының  бірін  арқасына,  бірін 

мойнына қондырып алған. Аулада əйт, шу, түйе 

ойнатып жүр. 

–  Шақырып  келтіре  алмайтын,  қадірлі 

қонағымызсыздар,  тағы  бірер  күн  жатып, 

малдың басын жеп қайтыңыздар, – деп аула ор-

тасына бір марқасқа, ақсарбас қойды жетектеп 

əкеліп, Алпамыс құда қариялардан бата сұраған. 

Əшірбек атам бата жасаған соң, үй ішіндегілер 

құда сыйдың əуресімен шұғылданып, əркім өз 

тіршіліктерімен болып кетті. 

Ақ тəтемнің кіші сіңілілері, бауырлары да 

баршылық  екен.  Мен  өзім  құралпылармен  тіл 

табысып,  ойнап  жүрмін.  Көзі  көк,  сары  шаш-

ты Айманкүл алтыншыда, сотқарлау бұйра бас 

бала Бауыржан төртіншіде оқиды екен. Оларға 

біздің  Арман,  Бейбіт,  Жеңіс,  Базаркүлдер 

қосылып, 

бəріміз 


ауыл 

орталығындағы 

дүкенге  бардық.  Қалтамда  атам  салып  берген 

аздаған  тиын-тебенім  бар.  Азық-түлік  дүкені 

біздікіндей  емес,  үлкендеу  көрінді.  Қанша  де-

генмен біз колхозда тұрамыз,бұл жер – кеңшар 

ғой. Дүкен сөрелерінде аузыңның суы құритын 

талай  нəрсе  сықап  тұр.  Мəссаған,  мынаны 

қара.  Біз  тек  жаңа  жылда  жейтін,  мектеп-

те  оқитын  балаларға  арналған  жаңа  жылдық 

сыйқапшыққа бес, алты түйірден салып беретін 

кəдімгі жаңғақ, өрік-мейіз мұнда толып тұр ғой. 

–  Əй,  сендерде  жаңғақ  көп  қой, – дедім 

Айманкүл  мен  Бауыржанға, – Бізде  мұндайды 

дүкенде  сатпайды,  Келіңдер  тойғанымызша 

жеп  алайық!  Қуанышымды  тіптен  жасыра  ал-

май  тұрмын.  Сөзімді  бағып  тұр  ма,  толықша 

келген дүкенші тəте де жымың ете қалды. 

– Қанша өлшейін, қызым? Алақанымдағы 

ақшаны  ұстата  салдым. «Келгенінше  жаңғақ 

өлшеп беріңіз» –  деп тəптіштеп қоямын. Тəтеміз 

бір дорба жаңғақ өлшеп берді. Кішкентайлар да 

алақайлап, қуанып жүр. Үш жасар Базаркүлдің 

тіпті  тілі  де  келмейді.  Біздің  «жаңғақ-жаңғақ» 

–  деп  шулағанымызды  естіп,  ол  да  өзінше 

қайталап «аңғақ-аңғақ» – деп қояды. 



12

Ақ  тəтемнің  бауырының  үйіне  қайтып 

келіп, бақшаға қойып кеттік. Бір дорба жаңғақты 

ортамызға 

алып, 

ересектеріміз 



жаңғақ 

шақтық.  Алдымен  шаққанымызды  іріктеп, 

кішкентайларымызға  береміз.  Базаш  пен  Аян 

ғой,  үйелменді-сүйелменді  кенжелер. «Аңғақ-

аңғақ», – деп құйтақандай алақандарын тосып, 

олар  да  қалыспай,  жаңғақ  дəндерін  кішкентай 

ауыздарына салады. Қызды-қыздымен бір дорба 

жаңғақты шағып, жеп тауыстық. Тоқ жеміс қой.

Меймілдеп жүре алмай қалдық. Расында, көзім 

тоймай, мен де көп жеп қойыппын. Түске қарай 

құсқым  келіп,  басым  айналып,  былқылдап 

піскен  етке  қарай  алмай  қалғанымды  көріп, 

Бүбина  апам: «Баламысың  деген,  жаңғақты  да 

сөйтіп  көп  жейді  ме  екен.  Күпті  болып  қалған 



 *«Үркер»*№72016

ғой,  қарағым.  Ештеңе  етпейді» – деп  біресе 

күліп, біресе ақыл айтып, жұбатып жүрді. 

–Бота  тəтем  бізге  «аңғақ»  əперді, – 

деп  кішкентайлар  да  апаларын  қаумалап 

əңгімелерін айтып, тауыса алмай əлек. 



PS. 

Сонау  бір  алаңсыз  балалық  шағымды 

ойға  алсам,  ауыл  үйді  шашау  шығармай 

ұстайтын  аяулы  əкелерім – кемеңгер 

қариялар,  ақ  тəтем  мен  апа  əжелерім,  басы 

қату  басталып,  аяғы  тəтті  аяқталған  осы 

бір  оқиға  есіме  түсіп,  еріксіз  жымиямын. 

Тойғанынша  «аңғақ»  жейтін  бауырларым 

қай түкпірде жүр екен? 

Айтулылар айтқан сөз

Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – 

ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, 

сынаушысы – халық, таусылмайтыны 

– арман, ардақтысы – өмір, ең тәттісі – 

сыйластық. 

Төле би  


13

ƞ ƸƹLj+ 1Ʈ11Ʈ+ ƴ ƸƳƱLj  ƺ ƹLj ƲLj  Ƹ,+,

Ƭ,ǭƮƷ,+ ƲƳ+ ƺ Ƹ +Ʈ Ƴ+Ƴ+ ƯƳƸLj 1ƮƸƮƷ?!

Поэзия


Рахат ƏБДІРАХМАНОВ 

1979  жылы  Қарағанды  об-

лысы 

Қарқаралы 



ауданына 

қарасты  қазіргі  Тоқтар  Əубəкіров 

ауылында    туған.  Е.А.Бөкетов 

атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі. 

Мамандығы психолог. 2006 жылы Қарағанды қаласындағы 

«Санат»  баспасынан  «Əдемі  менің  əлемім», 2009 жылы 

мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  «Жалын»  баспасынан 

«Жанымның жазба нұсқасы», 2015 жылы  «Жүрегім» атты 

жыр жинақтары жарық көрген.

Өмір-көше...

Жүрек өлең,жан өлең, ойым өлең,

Дүниенің ісім жоқ тойыменен...

Жалғыз өзім келемін жаяулатып,

Қатар-қатар тас үйлер бойыменен...

Кештер ұзап кеткен соң күзгі қоңыр,

Бір ғажапты күтеді ізгі көңіл...

Көңіл нені күтсе де, көше мынау,

Осы көше сияқты біздің өмір...

Көріп жүрген көп іске үнсіз налып,

Танытамыз əлі күн мұңсыз қалып...

Құнсыздардың құны артып баратындай,

Құндылардың барлығы құнсызданып!?

Қайдан табам пенденің пейілін кең,

Көңіл қалды, кей аға, кей інімнен...

«Қыздар, қыздар» дейді əне бір апамыз,

Қымыз сатып тұрғандай мейіріммен!

Сұлу сөзден бірдеңе құраған боп,



14

 *«Үркер»*№72016

Ақын деген атақты сұраған көп!

Өлермендеу болмасаң өңмеңдеген,

Өлеңіңе қарайтын бір адам жоқ....

Мына көше өзіндей жалған күннің,

Жалған күнде мұңға мұң жалғап жүрмін!

...Бəрін бітпей көшіріп тыныштық жоқ,

Маңдайыма жазылып қалған жырдың!

Бірі былай асыққан, бірі былай,

Тіршілікте ұғарсың тіріні қай?

...Жалғандағы жалғандық жан күйдіріп,

Өтіп жатқан беймаза ғұмырым-ай!

Жанарыңнан төгіліп небір арай,

Тылсым күйге түсірдің мені қалай?

Дүрсіл қаққан жүрегің төсіңді ұрып,

Шығайын деп тұр ма екен бері қарай?..

Ес қоймайтын есімнен керім жүзі,

Жетпес саған даламның небір қызы!

Жанар ма екем кеудеңде сезім болып,

Қалар ма екен қолымның беліңде ізі?



Жылама, жан қарындас!

Бүлдіршін ең бір мұңы аңғарылмас,

Адастырып кетті ме арманың рас?

Тамшы жасың тастан да ауыр тиді,

Жыламашы...Жылама...Жан қарындас!

Жауап іздеп маңайын мың шарлаған,

Наз көремін көзіңді бұрсаң маған!

...Арзан бақтың алдында сатылмайтын,

Қайран сенің жаныңды-ай кір шалмаған!

Бірі күн боп, жұлдыз боп бірі жанып,

Өзгертіпті кей құрбың түрін анық...

Биік тұрмын деп жүр ғой сенен олар,

Арларының үстіне шығып алып!

Адал жанның жүрегін бұза-жарған,

Қашамын деп жүр екен кім ажалдан?

Осындай боп кетті ғой адам біткен,

Осындай боп кетті ғой мына жалған!

Ғұмырыңның бұралаң жолдарында,

Көп жолыға бердің-ау сорға, мұңға!

Бақытты боп кетер ме ең, сен де ботам,

Сəл ақымақ, сəл ессіз болғаныңда!

Арам жолмен келгеннің бар ма əсемі?

Ұрлағанның бағыңды алда шері!

...Аппақ адал жаныңды сақтап жүрген,

Қатты жақсы көреді Алла сені...

***


Ес қоймайтын есімнен керім жүзі,

Жетпес саған даламның небір қызы!

Жанар ма екем кеудеңде сезім болып,

Қалар ма екен қолымның беліңде ізі?

Тағдырымнан келсе де еншіге алғым,

Ең басыңда отырсың сен шынардың!

Қарашығың құдай-ау қаратпайды,

Қара түске өртенген мен шығармын....

Сезім болса тəн деген өзі ермей ме?

Осыны айтшы, алма бет, гөзел бейне?

Жарты жанымды алдың ба бөліп менің-

Өн-бойыңды өзімдей сезем кейде!



15

Рахат ƏБДІРАХМАНОВ.  «

Дүрсіл қаққан жүрегің төсіңді ұрып,

 

 

 

 

Шығайын деп тұр ма екен бері қарай?!

»

Адастырып кетсе де арманың рас,

Жанға айналшы бір мұңы аңғарылмас,

...Тамшы жасың тастан да ауыр тиер,

Жыламашы...Жылама...Жан қарындас!

Сағынуға болмайтынды

сағындым

Сағат сайын арпалысқан сабыр, мұң...

Мұндай өмір кімге ұнайды...

Қадірлім?

Ұмытуға тиістіні ұмытпай,

Сағынуға болмайтынды сағындым!

Түсіме еніп таңнан сұлу түндер кей,

Өкінішке күйгенімді білгендей:

Қимайсың деп, ойлайсың деп тек мені,

Қинайсың кеп...

Мен жетісіп жүргендей!

Көңіл сынық...

Өмір мынау...

Күнде осы!

Мына шоқты өзің келіп үрлеші!

Құлап қалса, не боларым белгісіз,

Соңғы үміттің əрең тұрған іргесі!

Көңіл қалды көшедегі кісіден,

Араздастым бақыттың да құсымен!

...Мониторға тесілемін күні-түн,

Сен жүгіріп шығатындай ішінен!

Сағат сайын арпалысқан сабыр, мұң...

Мұндай өмір кімге ұнайды...

Қадірлім?

Ұмытуға тиістіні ұмытпай,

Сағынуға болмайтынды сағындым!



Хаттар

Бір сағынып...Бір жабығып...Басылып!

Cаған талай хат жаздым мен...

Жасырып!


Жүрек үні өз қолыммен жыртылған,

Анау жерде жатыр əні шашылып!

Осы айдың да

Өткен айдың үшінде,

Жаздым жəне көрген күні түсімде.

Сен түгілі, өз-өзіме айтпаған

Сырдың бəрі

Бəрі соның ішінде!

Жаз сияқты болмады ғой жаз мүлдем,

Баз кештім де базарлығы аз күннен,

Əлемдегі 3 миллиард арудан,

Сені ғана сүйемін- деп жаздым мен!

Ұшып-қонып кетіп жүрген қолыма,

Тағдырымның бағы да сен

Соры да!

Жанып-жанып күлге айналды өзегім...

Ақ параққа арқалаттым оны да!

Бірде сырмен, бірде жырмен гүл алар,

Болмысыңды тыңда-дағы, тына қал!

Жыртық хатты түсінбейсің енді сен,,

Осы өлеңді оқы-дағы, құрап ал!

Бір сағынып...Бір жабығып...Басылып!

Cаған талай хат жаздым мен...

Жасырып!


Жүрек үні өз қолыммен жыртылған,

Анау жерде жатыр əні шашылып!



Қымбат болып тұрсың ғой

Қымбат болып тұрсың ғой

Қымбат болып!

Жанарың жүр жап-жарық жұмбақ төгіп!

Шақырымдар араға жатып алды,

Шақырып ем қолымды бұлғап көріп...

Сендей адам жалғыз ғой...

Білуші ме ең?



16

 *«Үркер»*№72016

Сезімің бар ерекше, біріншіден!

...Сатып ала салатын зат емес ол,

Ханшатырдан...

немесе Үрімшіден...

Үйретсе де сынақтар үйретудей,

Бақыт келсе деп едім сүйретілмей...

...Жырларымды лақтырып тастамашы,

Жүріп кеткен пойыздың билетіндей...

Алтын деген алтын ба қолда барда...

Соны ұғасың əйтеуір соңғы амалда.

Тағдырыңа жазатын хаттарыңды,

Оқу керек екен ғой жолданарда..

Қымбат болып тұрсың ғой

Қымбат болып!

Жанарың жүр жап-жарық жұмбақ төгіп!

Шақырымдар араға жатып алды,

Шақырып ем қолымды бұлғап көріп...



Бақытты бол

Тартыспен өтіп жатыр уақыт түгел,

Біздің күй-жағдай ма жатып күлер?

Мен, жаным, бір амалын табамын ғой,

Сен жаным, өтінемін, бақытты бол...

Жақсылап жалғап алып үзіктерді,

Жарассақ қыспас еді жүзік қолды!

...Ең жақын болып жүріп,ел аманда,

Тым алыс кеткеніміз қызық болды...

Жарайды!Мен айыпты!Мен кінəлі!

Тарқайды...Жоғалады шер-мұң əлі!

...Қонбаймын өзге арманды құшағыма ап,

Болмаймын бұрынғыдай ендігəрі...

Соңғы үміт-соңғы жарық, соңғы қадам,

Сол үшін бойымды ойға көндіре алам!

...Мен əлгі....Құрсын,болды...

Мені қойшы...

Сен өзі жыламасаң болды маған...

Өзім де төзімділік мектебінен,

Таяғын мұғалімнің жеп келіп ем...

Мен жаным,бір амалын табамын ғой...

Сен жаным бақытты бол!

Тек...

Менімен...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет