Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,95 Mb.
#7327
1   2   3   4   5   6

Ергежейлі тайпасы

Хоккайдо префектурасының аңызы

Эдзо  жерін  айндар  мекендеген  кезден 

жеткен əңгіме. Ежелде бір үңгірде ергежейлілер 

тұрыпты.  Бұлар  коробоккуру  деген  бір  тайпа 

екен. Қар ерігенде, жерден аққайрақ өсімдігінің 

басы  көрінген  шақта  коробоккуру  да  үңгірден 

өріп  шығады  екен.  Токачи  жерінде  он-оннан 

бөлініп,  аққайрақтың  жапырағын  шатыр 

етіп,  тіршілік  етеді.  Бұлар  майшабаққа  құмар. 

Майшабақ  аулауға  шыққанда  саса  (аласа  бам-

бук)  жапырағынан  қайық  жасап  алады  екен. 

Бір  балық  қармаққа  ілінсе  бес  қайыққа  мініп 

келеді.  Жағаға он қайықпен тартып шығарады. 

Бір  ғажабы  бұлар  ергежейлі  болса  да  сондай 

үлкен китті де өлтіреді. 

Токачиге  айндар  қоныстанған  заманның 

оқиғасы. Бір кедей шалдың босағасында күнде 

таңертең  екі-үш  өзен  балығы  жатады  екен. 

Таңданған  қария  жайтты  ауыл  адамдарына 

айтады.  Ауылдастары    «Біздің  үйге  де  біреу 

балық  тастап  кетіп  жүр.  Таңертең  тұрғанда, 

тура  жастығымыздың  түбінде  жатады»  дейді. 

Бірде шал түні бойы ұйықтамай аңдып жатады. 

Кім болса да ұстауға бекінеді. Бір кезде есіктен 

кішкентай аппақ қол көрінді. Қол бір балықты 

еденге  қойды.  Содан  соң  тағы  бір  қол  екінші 

балықты  тастады.  Үшінші  қол  көрінгенде 

шал  шап  беріп  ұстап  алды.  Шыңғырған  дау-

ыс естілді. Қараса жерде тұрқы бір шяку (30,3 

см)  болатын  Коробоккуру  əйелі  жатыр.  Əйел 

тыр жалаңаш  екен. Аузының айналасына жəне 

қасына  өрнекті    татуировка  салған.  Шалдың 

коробоккуруды  алғаш  көруі  еді.  Ол  əйелді 

шючйоудың  үйіне  апарды.  Ұйықтап  жатқан 

шйючоу  орнынан  көтеріліп,  коробоккурудың 

əйеліне қарады. Ол ергежейлі келіншекке тесіліп 

тұрып: «Сен қайдан келдің? Айндарға не үшін 

балық  үлестіріп  жүрсіңдер?»  деді.  Шючйоу 

қанша сұраса да ергежейлі əйел жауап бермеді. 

Қысылып,  бұрышқа  тығылып,  жылаумен  бо-

лыпты дейді. Шючйоу əйелді сұрақтың астына 

алып отырғанда таң да атты. Ауыл айналасынан 

ұрандатқан дауыстар жетті. Ауылды мыңдаған 

коробоккуру  қоршап  алды.  Айн  шалының 

үйіне  балық  тастап  жүріп  ұсталған  ергежейлі 

коробоккуру  шючйоуының  қызы  екен.  Қызды 

қайтарып  алған  ергежейлілер  айндарға  қарата 

дұға  оқыпты  дейді.  Дұғасында  «Айндар  азап-

пен  өлсін,  жылдам  қартайып,  сақал-шашы 

ерте  ағарып,  күйген  кета  балығындай  күйсін»  

депті. Коробоккурудың қарғысы ме екен Тока-

чи жерінің айндары, ері де əйелі де қартайғанда 

азапты  ауруға  шалдығып  дүние  салатын  бо-

лыпты.  Токачи  өзені  де  жиі-жиі  тасып,  талай 

айн  ауылын  ағызып  əкетіпті.  Бірнеше  жыл 

өткенде  Токачиге  барған  басқа  аймақтың  айн-

дары шөп басқан жерден ауылдың да, адамның 

да ізін көрмепті дейді.    



Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА. «Жапон аңыздары»

26

Барлау


Назерке ƏЗІЛБЕК  

Алматы  қаласы, Алатау ауданы № 181 Жал-

пы білім беретін  мектептің  қазақ  тілі  мен əдебиеті  

пəнінің    мұғалімі.  Оның  заманымыздың  көректі 

суреткері,  Халық  жазушысы  Ə.Кекілбаевтің 

ақындық  қуаты  жайлы  жазылған  мақаласын 

назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 

ƯLjǀƺLj  Ʈ1,+Ʋ,1 

+Ƴ+Lj   

Қай  адамның  да  кісілік  келбеті  мен  



тағдырының    қалыптасуы      оның      балалық   

шағының   қалай  өткеніне  байланысты  бол-

са   керек.  Əкесі  соғыстан   оралмаған   Əбіш  

Кекілбайұлы  анасы  Айсəуленің   тəрбиесін  

көрді.  Əбіш Кекілбайұлының анасы Айсəуле 

Жұмабайқызы дəулетті, ел ішінде аты шыққан 

бидің отбасында дүниеге келіп, тəрбиеленген. 

  Бірақ      соған    қарамай        маңғаз  

Маңғыстаудан    шыққан    текті      ұл      майдан  

даласында    бір    төмпешік    болып      қалған  

əкесінің      аманатын    ақтағандай    ержетті.  

Əбіш  Кекілбаев  кішкентайынан   соғыстың   

залалын  көріп  өскен   ұрпақтың   өкілі. Ел  

басына  түскен  сындарлы  шақта  ол əкесінен   

айырылды.  Талайдын  тұлымдысын  жыққан   

сұрапыл  соғыстың   жалыны   балаларды  да  

шарпымай  өткен  жоқ.  Сондықтан  олар  ерте  

есейді. Бала  күнінде  көргендерінің  бəрі  жа-

зушы  Əбіш  Кекілбаевтың   жазушы  болып   

қалыптасуына  əсер етті.  Ал, Қалың оқырман   

қауым   жақсы біледі:  қазақ сөзінің қайраткері, 

халық      жазушысы    əдебиетке ақын болып     

келген қаламгердің 23 жасында   1962 жылы  

«Алтын  шуақ» деген атпен   өлеңдер  жинағы  

жарық   көрді.    Əдебиет  əлемінің  жеті  асқар  

биігіне   жеткен   ұлы  қаламгерді   қазақ  жұрты  

ақын    ретінде    қабылдаған.  Бұл    жинаққа 

«Арғымақ», «Абайла, 

бауырым,абайла», 

«Айым  сен    деп    жүр    едім», «Археология»,  

«Айдай аузы,  күндей  көзі  - шын сұлу», «Ай  

да    бір    сəт    қалжырап»,  «Адам    қолы    та-

лай   жауды   жайратқан»,  «Аласарып  кетер-

дей    көп    қой    қауіп»,  «Іңір    сембей    іргеге   

кеп  құлаған»   атты  өлеңдері   енген.  Жалпы 

поэзияда ең бірінші жинақта жарқ етіп көзге 

түсіп,  ауызға  ілігу    үрдісі  көп  емес.  Санама-

лап  қарасақ,  бұлардың  қатарында  Төлеген 

Айбергенов  пен  Жұмекен  Нəжімеденов, 

Тұманбай  Молдағалиев  пен  Қадыр  Мырза-



27

лиев, Сағи Жиенбаев пен Мұқағали Мақатаев 

секілді  қазақ  поэзиясының  ерен  жүйріктері 

бар.    Кекілбаев  жырлары  осы  көшке  заңды 

қосылған сыбаға еді.

Ақын  боп  туған  жаратылыс  ешқашан 

жоғалып та, жойылып та кетпейді. Қайта   ол 

проза   жазса да, тіпті əдебиеттанудың   тео-

риясы мен сынына қалам тартса да   жарқырап     

көрініп  жатады.   Ақындықтан      прозаға 

келудің   жақсы    жақтарын Əбіш Кекілбаев 

шығармашылығынан  үнемі  көріп,  сезініп 

отыратынымыз      сондықтан.   Жазушының   

көркем    прозасындағы шұрайлы тіл,   шырайлы 

теңеулер мен шынайы бейнелеулер алғаусыз 

ақындықтың  айқын  белгісі.   Сондықтан  да    

Əбіш  Кекілбаев  прозасы    өлеңдей  оқылып, 

тереңдей сіңіп, адамның сезім    айлақтарын 

шарпып кететінін  жұртымыз жақсы біледі.

Поэзия        зерттеліп    бітпейтін    дүние.  

Халық    барда        тіл    бар,   тіл    бар    да      əр  

халықтың   өзіндік  əдебиеті   бар.   Ал  əдебиет  

бар  да  поэзия   ешқашан   өлмек  емес. 

Қазақ  поэзиясында  Əбіш  Кекілбаевтың   

ақындық    орны      қандай?  Қай    тақырыпқа  

қалам  тартты?  Қандай шығармалар жазыл-

ды?  Қандай  келелі  мəселелер  көтеріп  отыр?  

Осы  сұрақтарға толыққанды   жауап   іздеп   

бағамыз. Əйтсе  де,  бір  сұрақтардың  арты-

нан    бір сұрақтың     жалғасып  кете  беруі   

заңдылық.  

Əдебиеттегі      əскери  тақырып  көбіне 

майдангер  жазушылардың  үлесінде  екені 

белгілі.  Əбіш    Кекілбаевтың    жастық  шағы, 

бозбала    кезеңі  бүкіл  халықтың      басына 

түскен  сұрапыл  соғыспен  тұспа  –тұс  келді.  

Оны көзімен көрген, басынан өткерген, қаны 

мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан 

кешкен  ұрпақтан  артық  білетін  жанды  табу 

қиын. Сондықтан өзегіне соғыстың сұрапыл 

шындығын  арқау  еткен  шынайы  шығарма 

жазуға екінің бірінің тəуекелі жете бермейді. 

Бүгінде  бұл  тақырыпта  үлкен  эпикалық 

шығарма  жазуды  айтпағанда,  шағын  өлең 

шығарудың өзіне үлкен батылдық керек.  

Қаламгер  өзін  толғандырған  қай 

тақырыпты да бостекі жырлай салмай, алған 

нысанына тереңдеп еніп, биіктен ой айтады:

  «Тажал  табан   ну  шалғынды  

жайпады,


Алда-майдан , алда – қаза,  алда  мұң»

Шойын  дене  жердің  тəнін  жаншыды

Сездіргендей  қасіреттің  салмағын.

Қара  жердің  таспа  тіліп  жонынан

Бара  жатыр   бауырымен  қамшы  өріп,

Жатыр  окоп қызыл  қанға  шомылған,

Жайрап  қалды , қанша   ғұмыр... 

қанша  өлік?  

Осылайша  екі    шумақ    өлеңмен,  көз  

алдымызға   соғыстың  суретін   салып   берді.   

Ол  соғысты  буыны бекіп,   бұғанасы  қатқан,   

қару    асынған    ересек    боп    көрген    жоқ,   

балалық  шақта,  сəби  күнінде  көрді.    Соғыс  

ақынның  дүниетанымын,  сезім  серпілісін,  

рухани      дидарын          қалыптастырды.  Өмір  

жолын    ащы    шындықтардың        бетпе  –бет  

айқасында  бастаған   ол  өлең  жолдарын  да  

ащы  шындыққа  құрды. Өлеңнен   əдемі  теңеу,  

əсем  тіркес,   артық  əшекей  кездестірмейміз.    

Мына   біздер  конфет   таңдап   

бір  ауық,

Үлкендердің   алған  жоқпыз   азасын,

Біздер  емес,ерке   бала  жылауық,

Көкесінен    тартқан  талай  жазасын. - 

Осы  бір  шумақ   өлеңде   жазушының  əкесінен   

ерте  айрылып, ерке  өспегенін   байқасақ:

Дей алмаймыз:

Күні  бойы  доп  қуып,

Көк  қойнына  күміс  шарлар самғаттым.

Онда  елдің  омырауын  от  жуып,

Жетпеді    ұлтан    етігіне    солдаттың.  

Мұндағы    «Ұлтан»  қазіргі  түсінігімізде — 



Назерке ƏЗІЛБЕК

«Əбіштің ақындық əлемі»

28

 *«Үркер»*№72016

аяқ  киімнің  табанына  салатын  қалың,  қатты 

былғары. Осыншама  сұмдықты  көріп  өскен  

ақынның      өмірдегі      щын    мен    жалғанның   

арасына      шек-шекара    қоймай,   немкетті  

қарауға,  көзі  көріп,  басынан өткенді  айтпай  

қалуға  қақысы  жоқ  сияқты. 

  «Төбемізге   талай  қатер   төнген-ді,

Жатқанда      ажал      ат    ойнатып,  дауыл  

сап.


Түсімізге  қоса    қабат енген-ді

Көкеміз  бен күрең  қызыл   бауырсақ.  

Бұл  да  бір сол   балалық   шақтың  əлі  де  

бояуы  ескірмеген      бір    көрінісі      болса  ке-

рек. Соғыс  зардабы  тым  қымбатқа  түсті . 

«Түсімізге  қоса    қабат енген-ді

Көкеміз  бен күрең  қызыл   бауырсақ» 

- деп, əке мейiрiмiне  жарымаған, балалығын  

соғыс жалмаған   балалар тағдырын   сурет-

теп  берді.

Қаламгер  үшін  өзі   өмір  сүріп   жүрген  

дəуірдің    суретін    салудан    өткен      жетістік  

болуы    мүмкін    емес.  Əбіш    Кекілбаев    

өлеңдерінен    соғыс    тақырыбына    жазылған   

өлеңдерді      жиі    кездестіреміз. «Жүректе 

əлі  жатыр  мұң», «Танктер» , «Қарындасым  

Нұрайша» өлеңдері.  

Қуантты  бізді   сол  күні

Сəбидің  тұңғыш  ащы  үні.

Жылатты   бізді  сол   күні

Почташының  қапшығы.

Көңілді   көктем  құшып  қап

Ажыратты  қыс  қайта,

Түске  дейін  құттықтап,

Бата  оқыды ел  түс  қайта,

Көз  көргендер  шын айтса,

Көкесінен аумайды.

Аумайды  ма  менен   деп,

Мазалап  жүр  талайды,

Көкешімді  көрем  деп,

Айнаға    көп    қарайды.  Əкесіз  қалған 

əрбір  ұрпақтың  жүрегінде  əкеге  деген  ұлы 

сағыныш  жатты.  Əкенің  жоқтығы  қалай  бо-

латынын зұлматты жылдардағы əр бала жан-

тəнімен  сезінді.  Бұл    соғыс    жылдарындағы  

əр  отбасында  кездесетін   жағдай  болғаны  

анық.  Ақынның    осы    соғыс      зардабынан  

əкесіз  өскенін   ескерсек,  бұл  өлең   қарындасы  

Нұрайшаның  емес,  өз   басынан да  кешкен  

жағдай  сияқты. 

Осы   бір  өлеңнің  жалғасы ретінде  1985  

жазылған   « Əкемді  аңсап» өлеңі:  

Əкемді  аңсап,

Баламды  тостым,

Жадырар  жаңа  заманды  тостым,

Бақ  күттім.

Көл-көсір  көктем

Көз ілмей  күткен

Кергіді ме

Келмеді. 

Бала  кезінен   танып –біліп  үлгермеген  

əкесін    осылай    аңсайды,  үмітін    өшіруге  

қауһарсыз  күйге  түсіп,  күтеді.

Суалды  суым, 

Көз алмай  жатып,  құм  басып

Қуарды  талым,

Көк  алмай  жатып  сор  шалып.

Аяусыз  арман, арбай  да  арбай

Алдап  кеттің, келмедің

Қайырсыз  жалған,

Қақсал  боп  алған

Қайтып алды  бергенін. 

Осы  ой,  осы  сарын,  осы  бір  мұң  мен 

ширыға  торығу  қаламгер              жырларында       

тіптен  молая  түскендей.  Бір  жалт  ете  қалған 

сезімнің  оты  өшпей  жүрегіңе  мəңгі  шырақ 

жағып  кеткендей,  өзек  тілген  өкініш,  əкеге 

деген  құштарлық  махаббат  құдіретін,  оның 

тылсым  сырын  жан  түкпірінде  оятқандай 

əсер етеді.  Өлең   оқырманның   болмысымен   

қабысып,    айтылар  ой  жүрекке  сəуле  болып  

құйылғанда  ғана    нағыз  көркемдігі    жоғары   

шығарма   болмақ. Бізге  осы  өлеңдегі   инто-


29

Назерке ƏЗІЛБЕК

«Əбіштің ақындық əлемі»

нация,  ырғақтың  өзі   сөзбен  сурет   салып  

тұрғандай    көрінеді.  «Аяусыз    арман,  арбай  

да  арбай

Алдап    кеттің,  келмедің»  деген  

жолдардың  өзінде   қаншама  ой,  сағыныш,  

үміт,  өкініш    жатыр.  Сөздің    құдіреттілігін  

көрсету  үшін  «қақсал»  сөзін  пайдаланған.  

Көп   оқырманға   түсініксіз  сөз   болуы  да  

мұмкін. Тiс қаққан, қу, залым  деген  мағынаны  

береді.  Ауыз    əдебиетімізде          кездесетін  

ұлттық    сипаты      мол  осындай      сөздерді  

өлеңдеріне  жиі  енгізеді. 

  Соғыс    тақырыбына    жазылған  

өлеңдердің  соңғы  нүктесі   ретінде  жазылған  

«Жүректе    əлі    жатыр  мұң»    өлеңі    соғыс  

біткеннен  кейінгі   қазақ  даласындағы  бейбіт,  

бірақ  мұңлы  өмірді  бейнелейді:

Күндерде  өтті  əлемнен

Өлімнің  селін  бүріккен.

Үндер де  өшті  əлемнен

Көңілден   күлкі   үріккен. 

Қайғыға  жұрттың  еті  өліп,

Күлкіге  енді  үйренді.

Сол  жылғы  бала  есейіп,

Сол  жылғы  қызға  үйленді.

Өмірдің  шалқып  бастауы

Тасыды  тағы  кенеле,

Бақшаға  бара  бастады

Атасыз  өскен  немере.

Құлпырып  қайта  сан  арман,

Иықтан  батпан  түсті   мұз.

Иін  босап  жамаудан, 

Бүтінделді  үстіміз,

Жүректе  бірақ , жатыр  мұң,

Жатыр сол  бір кесір  күн

Тыртығында  батырдың,

Əжімінде   жесірдің.

Ақын      осылайша    жүректегі      мұңын 

соғыстын    суығынан      қалған      батырдың   

тыртығы    мен      жесірдің    əжімінен  іздейді.  

«Жақсы  шығарма  тек  мұңнан  туады»  дейді 

қазақтың  Қадыры.  Ол    мұң – қайғы-қасірет 

емес,  мұң – ойланта  отырып,  санаңды  селт 

еткізер  жыр  тудыратын  сезім.  Соғыс  жыл-

дарында  еліміз 30 млн-ға  жуық  халқынан 

айырылғаны  белгілі,  одан  да  көп  болуы 

мүмкін.  Ұлттың   басына  түскен  зобалаңды  

жеткізе    білген    ақын  өлеңдері    соғыс  

жылдарындағы  нəубет   кезеңді   көз  алдыңа  

əкеледі.    Халықтың   зарына  бір  сəт   құлақ  

түріп,   соғыстың  аяқталғанына  қуанышын  

да   жасырып   қалмаған.  Соғыстың   елге ти-

ген  зардабын   жан  жақты  аша  білген.  Бұл 

сарынның  Ақтабан      шұбырынды,   алқакөл  

сұлама  жылдарындағы   туған   «Елім -  ай»  

əнімен ұқсастығын  аңғару   қиын  емес,  Əз  

Тəуке   заманында  өмір  сүрген  Қожаберген  

жырау   жазған  «Елім-ай»   жырымен  Əбіш  

Кекілбайдың    «Жүректе    əлі    жатыр  мұң»  

өлеңі      өзектес.  Екеуінің    де    мұраты – ел  

қамы,  жұрт    тыныштығы.  Бұл    ұқсастық   

ұрпақтар    сабақтастығының    бір  көрінісі 

іспеттес.    Соғысты  көрмесе  де,  соғысты   

көргендердің  мұң-қайғысын  естіп,  Кеңшілік     

Мырзабеков,   Ұлықбек      Есдəулеттердің    

буыны  да  лирикаға  жақын  болды..  Бізге 

əдебиет  шежіресі  осылай  жетеді.  Əбіш  

Кекілбаев  соғыстың ауыр зардабы туғызған 

лириктердің ішінде.          Лирика қай кезде де 

адам баласының жан дүниесіне үңілген таза 

сезім болып келеді.   Лирика дегенде тек қана 

үйлесімділік емес, адам жанының, қоғамның 

қайшылықтары да көрініс табуы керек. Əбіш  

Кекілбаевтың   соғыс  тақырыбына  жазылған   

өлеңдері      жас      ұрпақ    санасын    соғыстың  

қасіреті  мен  жеңістің  тəттілігін  сездіретін  

тамаша  лирика!



30

Мамандыєым –  маќтанышым 

Қаумалаған 

шəкірттердің 

ортасын-

да  жүріп,  ізгі  ниет,  пəк  көңілмен  ақ  қанатты 

армандардың  бастау-бұлақ  көзін  ашуға  де-

ген  əрекет-құлшыныстарыңның  нəтижелеріне 

шүкіршілік  етесің.  Мына  бір  жолдар  нышан 

бере  бастаған  хош  иісті  раушан  гүліндей  əсер 

қалдырады...  

«Сейдулла ағай!

Бүгін  қыстың  ең  соңғы  күні.  Қия  алмай 

қамығып  отыр  ма  екен,  аспан  ботадай  боздап 

ебіл-дебілі шығып жауындатып тұр.

Шəкірттік тілегім бар Сізге, аға, 

Бақ, Ырыс, Құт əкелсін көктем күні.

Даңқыңыз дария боп еленетін,

Қаламыңыз арттырсын берекесін.

Көгілдір көктем мəңгі күліп тұрсын, 

Көтеріп көңіліңіздің керегесін!».

                             (Лира Қоныс, 2002).

Қасиетті  Түркістанның  бір  азаматы 

ретінде  киелі  шаһардың  күнделікті  тыныс-

тіршілігінің  бел  ортасында  жүріп,  болашақ 

ізбасарларға тəлім-тəрбие беруден асқан бақыт 

бар ма?! Сол шəкірттерің ұстазына өлең арнап, 

жырдан  шашу  шашып  жатса  шуақты  сезімге 



Сейдулла САДЫҚОВ, 

Түркістан Қазақ-Түрік университеті

«Қазақ филологиясы» кафедрасының 

профессоры, Қазақстан Журналистер 

одағы сыйлығының лауреаты

КӨРІНБЕЙТІН 

ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ 

СƏУЛЕСІ


Ертең көктем.

Сіз  бір  мақалаңыздың  соңын: «Осынау 

қасиетті қалаға ақ қанат арман жетектеп келген 

шəкірттерім Адам болғай!» деп бітіретін едіңіз 

ғой,  мен  де  сол  шəкірттеріңіздің  бірі  ретінде 

ұстаздық іңкəр сеніміңізді ақтап, АДАМ бола-

тыныма сеніңіз. 

Ағай, 


мен 

Сізді 


ертеңгі 

көктем 


мерекесімен  құттықтаймын.  Алла  қашанда  өз 

мейірімімен қорғап жүрсін. 

Аман болыңыз! 

Ақиқатты ақ ту ғып өктем үні, 

Жаныңыздың кетпесін пəк тембілі. 


31

Сейдулла САДЫҚОВ. «Көрінбейтін жұлдыздардың сəулесі»

бөленерсің... Шəкірт жүрегінің лүпілін тыңдап 

көрелік...

Сейдулла аға көңілде гүл көктетіп,

Гүл көктетіп, шындығын іздеп кетіп.

Ақиқаттың арлы үні жаңғырады, 

Жалғандықтың көз жасын дірдектетіп.

Паң қырандай жүретін самғап та тік, 

Самғап та тік, сөз-тұлпар ойнақтатып.

Сейдулла аға туралы сыр айтады, 

Ескі сүрлеу, соқпақтар жайнап жатып.

Түймедей сөзі түйе жығатұғын, 

Сұмдықтың сырып тастап сұрапылын.

Көкейінен күн көрінген Сейдулла аға,

Шəкіртке арнап айтқан мың ақылын... 

Жаныма ұстаз құйған нұр талаппен, 

Нұр талаппен келемін күн санап мен.

Алуан түсті өлеңмен өрнек салып, 

Келбетіңді кестелеп жыр-сабақпен.

Қазбауыр бұлттай мұңды тұмшалаумен, 

Өр үні асқақ шығып мұнша даумен.

Шəкіртіңмін, ізетпен бас иемін, 

Өзіңдей мəрмəр шың боп тұрсам мен!..

Анықтама:  Бұл  жолдардың  авторы  Жур-

налистика бөлімін 2002 жылы бітірген  шəкіртім 

Лира  Қоныс  еліміздегі  айтулы  жазушылардың 

санатында, «Тарлан»  сыйлығының  иегері, 

бірнеше  кітаптың  авторы.  Евразия  Ұлттық 

университетінде  журналист  мамандарын  да-

ярлаумен  айналысып  жүрген  ұстаз,  филоло-

гия  ғылымдарының  кандидаты  Л.Қоныс  қазір 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада 

білім алып жүр.

Десте-десте жыр жолдары. Шəкірттердің 

ұстазға деген ыстық ілтипаты, шынайы құрмет 

сезімі.  Бұдан  артық  не  керек?!  Кей-кейде  осы 

жырларды  оқып  отырып,  жаным  күлтеленеді, 

сезім  моншақтарының  от-ағыны  өн  бойымнан 

жүріп  өткендей  болады.  Сонау  сағым  жыл-

дарды  сағынышпен  еске  аламын,  көз  алды-

ма  сүйікті  шəкірттерімнің  балаң  да  балғын 

жүздері  келеді.  Құдды  бір  шүпірлеген  сарыау-

ыз  балапандардың  таңғы  шықтай  мөп-мөлдір 

пəк көңіл көкжиектерінің керегесі түріліп бара 

жатқандай күй кешемін... Кезінде мына бір жыр 

жолдарын  шəкірттерім  журналыма  білдірмей 

қалдырып кетіп еді. Көз жүгіртіп көрейік...

Тұңғиық мынау зар заман,

Ізің бар бізге жалғаған.

Запыран құсқан ұлы аға, 

Шеріне ертең зар болам.

Өмір ғой мынау шерменде, 

Жырлауды бізге бергенде. 

Қазақтың бүкіл шерлі үні, 

Тірілді сізді көргенде.

Төрткүл дүние қаралы,

Дүрліге алып барады.

Кеудесін өксік тырнаған,

Ұстаздың жаны жаралы. 

Мейіріңе ыстық жылынам, 

Шырқырап тусын құлын əн. 

Қара сөздің қуып қаймағын,

Қолымды жайдым, құбылам.

Жалынам, жаным, тəңірім,

Тірліктің тыңдап бар үнін.

Арманға қарай қол созсам,

Жағып қой ұстаз сағымын.         

(Шəкіртіңіз Əділбай Бақытхан, ФЖК-011, 

1 наурыз 2013)

Ағатай, ағатай-ау...

Ағатай, ағатай-ау өктем демі,

Көңілім жадыраған көктем еді.

Өзіңе бір жырымды арнасам деп, 

Ойланып жүрген едім көптен бері.

Жат өлке жанға маза жай таппадым, 

Санамды суық жүздер шайқап қалдың.



32

Өзге орта жауратқанмен жылына алар,

Жылылық дидарыңнан байқап қалдым. 

Бұл неткен жайсаңдылық, жаның аңғал, 

Бойыңнан бар қасиет табыла алар.

Шынайы сезімдерді биік қойған,   

Өзіңдей бар екен-ау ағатайлар!

                                     (Шəкіртіңіз Ғалымжан 

Сəрсеков, ФЖК-011, 21 ақпан, 2011)

Ұмытпасам,  осыдан  он  бес  жылдай 

уақыт  бұрын  ғой  деймін.  Талантты  ақын  Бо-

лат Шарахымбайдың қойған сауалы əлі есімде. 

– Аға, - деген еді ол, - біздің «Қазақ əдебиеті» 

газетіне  жазғы  өндірістік  тəжірибеден  өтуге 

Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда секілді 

қалалардағы 

журналистика 

факультеттері 

мен  бөлімдерінің  студенттері  де  келіп  жата-

ды.  Солардың  арасында  Түркістаннан  келген 

студенттердің қабілет-қарымы, дарыны ерекше 

назарға ілінеді. Соның мəнін қалай түсінуге бо-

лады?

Адамзат 


баласының 

тарихында 

əлдеқашан  қалыптасқан  түркі  əлемі  де-

ген  қастерлі  ұғымның  түпқазығы,  рухани 

шаңырағы, ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидың 

Отаны – қасиетті  Түркістанда  бабалар  рухы 

мəңгі жаңғырығып жатыр. 

Біздің  басты  мақсатымыз - жүрек 

түкпірінде  иман  ұялаған,  бойларында  асқақ 

рух  бар,  ата-бабалар  дəстүрін  берік  ұстанған, 

Түркістанның  киелі  топырағына  табына-

тын,  туған  жерін,  елін  шексіз  сүйетін,  кəсіби 

мамандығына  адал  жастарға  заманауи  тəрбие 

беру.  Осы  ізгілікпен  көмкерілген  асыл  ой-

армандар  қасиетті  Түркістанда  жүзеге  асып 

жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! Біз осылай ой-

лаймыз.  Ақын  інім  Болаттың  сауалына  осы 

төңіректе жауап беруге тырыстық... 

Биыл 

университетіміздің 



шаңырақ 

көтергеніне  ширек  ғасыр,  ал  Журналистика 

бөлімінің  ашылғанына  жиырма  екі  жыл.Жур-

налистика мамандығын ашудың басы-қасында 

болғаным бағым болар...

Кезінде  қасиетті  топырақтағы  оқу 

орнының  табалдырығын  имене  аттаған  бала-

уса  шəкірттеріміздің  арасынан  тамаша  жур-

налистер,  талантты  ақын-жазушылар  шықты. 

Дəрістерімізді,  ұстаздық  ақыл-кеңестерімізді 

ибалықпен 

тыңдап 


өскен 

сол 


балғын 

шəкірттеріміздің жүздері əлі де көз алдымызда.      

Қазір  қалың  оқырманға  кеңінен  таны-

мал  болып,  əдеби  ортаны  мойындатқан  ақын-

жазушылар,  журналист-публицистер  Лира 

Қоныс,  Айгүл  Сейілова,  Жолдыбай  Базар, 

Гүлмира  Садықова,  Айдар  Құлжанов,  Нəзира 

Байырбекова,  Жадыра  Нармаханова,  Дəурен 

Əбдіраманов,  Əбдірахман  Қыдырбек,  Ғабит 

Сапарбек,  Мақсұт  Айтжанов,  тележүргізуші 

Ғани 

Жəпішев, 



радиожурналист 

Азамат 


Тілепов,  тағы  да  басқа  кезінде  өзіміз  үміт 

күткен  сүйікті  шəкірттеріміз  біз  аңсаған 

биіктен  көрініп  жүр.  Еліміздің  бас  басылы-

мы  «Егемен  Қазақстаннан»  бастап,  барлық 

республикалық  беделді  газет-журналдарда, 

«Қазақстан», «Хабар», «Қазақстан-Шымкент», 

«31  канал», « Таң»  телеарналарында,  Қазақ 

радиосында,  Ақпарат  агенттігінде,  Тəуелсіз 

басылымдарда  шəкірттеріміздің  абыроймен 

қызмет  етіп  жүргенін  ризалықпен  айта  ала-

мыз. Олардың қай-қайсысын болмасын қасиетті 

Түркістандағы ұлы бабалар рухы жебеп, қолдап 

жүргендей сезінеміз.

Жылдар жылжып өтіп жатыр. Кей-кейде 

жұлдыздары  жыпырлаған  түнгі  аспанға  ұзақ-

ұзақ қараймын. Миллион-миллион жұлдыздар. 

Ойлаймын:  көрінбейтін  де  миллиондаған 

жұлдыздар да бар-ау. Аспан дегеніңіз тұңғиық 

əлем ғой. Сол көрінбейтін жұлдыздардың аппақ 

нұры, алтын сəулесі бір-бірімен тұтаса келе ал-

тын белбеудей Құс жолын құрайтын болар. 

Ақ қанатты арман жетегінде жер-дүниені 

шарлап  жүрген  шəкірттерімді  көрінбейтін 

жұлдыздардың алтын сəулесі демей көріңіз...



 *«Үркер»*№72016

33

 К ТЕРЕМ ДЕ ЖҮРЕМІН 

ОЙЛАРЫМНЫҢ ТАБЫТЫН... 

Ќанатќаќты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет