Қарлығаш ҮСЕНҚҰЛОВА,
Мұхтар Əуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті филология факультетінің
IV курс студенті
42
ҰЛТТЫҚ РУХ ӨРІСІ
Кґкжиек
Халықтық
педагогиканың
негізі
халықтық тəлім-тəрбие, өнеге, адамгершілік
сезім, достық, ынтымақтық, төзімділік,
байсалдылық
мұрасы
тұрғысында
құрылады.
Халықтық
педагогиканың
негізгі
мақсаты – ұлттық рухани деңгейі биік, іскер,
қабілетті, иманды, əдепті адам тəрбиелеу.
Этнопедагогика ұғымы халықтық пе-
дагогика ұғымының мəнін толық ашпай-
ды. Этнос үлкен халықтың арасындағы
ұлт өкілдері. Мұндай ұлт өкілдерінде
қалыптасқан
педагогикалық
талаптар
жан-жақты қарастырылмайды. Этнопеда-
гогика халықтық педагогиканың құрамдас
бөліктерінің бірі болып табылады.
Этнопедагогика – балаларды, этникалық
топтарды тəрбиелеу мен білім берудің от-
басы, ру, тайпа, ұлт пен ұлыстардың
моральдық-этникалық
жəне
эстетикалық
құндылықтарының ежелден жинақталуы –
эмпирикалық тəжірибесі жайлы ғылым. ұлттар
мен ұлыстардың өмір сүру дəстүрлері мен салт,
əдет-ғұрып, ырым-жоралғыларының қазақ
халқында бəріне бірдей санасында тұрақталып
қалған тəлім-тəрбиесі.
Этнопедагогика – тұлғаны заңдылық си-
паты бар əдет-ғұрып, салт-дəстүрге бейімдеуге,
əртүрлі əлеуметтік бірлестіктердің қарым-
қатынасының құндылықтарынан үйренуге,
ұлттық тəрбие ісіндегі жетістіктерді нақты
жағдайда пайдалануға бейімдейтін көп салалы
білімдердің ғылыми негізі.
Мəдениет – адамның қалыптасуының
жəне шығармашылығының жетілу шыңы.
Мəдениеті жоғары болмаса адамның адам-
зат
құндылығын
иеленуіне
мүмкіндігі
жоқ.
Қоғамдағы
біліктілік
адамзат
жаратылысындағы аса бай білім мен тəрбиені
меңгере білуді қажет етеді. Еңбек, тұрмыс,
сондай-ақ, адамдардың арасындағы берік
сақталған дəстүрлі қарым-қатынастар жоғары
мəдениетке жəне адамзат құндылықтарынан
тыс қалмауға бейімдейді жəне оларды жан-
жақты меңгеруге жеткізеді. Бұл процестердің
бəрі мектептерде, жоғары оқу орындарында
жəне жалпы қоғамда білімдендірудің стандар-
тына сай дифференцияланған модельдердің жа-
салуы нəтижесінде іске асады.
Ұлттың танымдық деңгейі – оның
ұлттық психологияны қалыптастыруға бірден-
бір себепші. Халықтық педагогиканың арна-
сы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге
дейін өшпей келген салт, дəстүр, ырымдар
мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми
негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын
ықшамдайтын дəрежеде болады. Сөйтіп, халық
педагогикасының нысанында этнопедагогика
ілімі туады. Дүниетанымдық пайым алдымен
өмір сүру тəжірибесінде сыннан өту арқылы са-
раланады.
Педагогикалық мəдениет халықтар ара-
сында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді
сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дəрежесі
жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жа-
сау. Қыз бала мен ер бала тəрбиесінің екі түрлі
болуы жəне т.б. атап өткен орынды. Этнопеда-
гогика – халықтық педагогиканың сабақтастық
қағидасынан сараланған ғылым деп түйін
жасауға негіз бар.
Этнопедагогикалық
мəдениет –
этнопедагогикалық
білім,
адам
қарым-
қатынасының үлгі-өнегесі жəне технологиясы.
Мəдениет
арқылы
этностың
тари-
хи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық,
əлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі
43
Е.ХОЖАХМЕТОВ. «Ұлттық рух өрісі»
көрініс табады жəне кез-келген мəдениетті
қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу
тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
Мəдениет өндіріс пен қоғамдық сананың,
білім мен тəрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі
сатыдағы даму дəрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мəдениет адам қызметінің
тəсілі мен нəтижесі арқылы көрініс табады.
«Этнос», «ұлт», «ұлыс», «ұлттық топ»
ұғымдары жоғарыдағы заңдылықтар негізіне
құрылған.
Осыған орай Əр ұлттың, халықтың
өзіндік ерекшелігі бар. Əрбір халықтың өзіне
тəн тəрбие жүйесін құру: тілдің əртүрлі болуы-
на, ұлттық сипатына, ұлттық санаға, дəстүрге,
салтқа, дінге сай орайластырылады. Қазақ эт-
нопедагогикасы қазақтың халықтық педагоги-
касын зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының
объектісі: ұлттық жəне тұрмыстық дəстүрі,
этнопедагогикалық мəдениет.
Қазақ педагогикасының пəні – қазақтың
этникалық тəрбиесі – адам өмірінің соңына
дейін үзіліссіз жүретін процесс. Нəтижесі:
этникалық құндылықтарды меңгеру, оның
этноəлеуметтік алатын рөлі, этникалық нор-
масы, этникалық сананың қалыптасуы, өз
халқына, оның тарихына, тіліне, мəдениетіне
сүйіспеншілігі.
Қазақ этнопедагогикасының мақсаттары
мен міндеттері: педагогика ғылым жүйесіндегі
қазақ этнопедагогикасының орнын айқындау
мен қазақ этникалық тəрбиесінің ерекшелігін
зерттейді, тəрбиеге этноұлттық тұрғыда
келудің мəнін ашып, ұлттық мінез-құлық,
ұлттық сананы қалыптастырудың ерекшелігін
зерделейді.
Негізгі қызметі: танымдық; ата-баба
тəрбиесі заңдылығының мəні, халықтық пе-
дагогика тəжірибесіне талдау жəне сипаттау,
мақсаттары, əдіс-тəсілдері жəне т.б.; ұлттық
дүниетанымын, ұлттық ділін қалыптастыру;
елжандылыққа, қазақ халқының тарихы
мен тіліне деген сүйіспеншілікті тəрбиелеу;
ұлттық
мəдени
құндылықтар
негізіне
тəрбиелеу. Отбасындағы этникалық жағымды
тəжірибелерді дəріптеу; қазақ халқының өзіне
тəн тұрмыстық дəстүрін сақтау.
Жалпы
ғылыми
əдістері:
талдау,
жинақтау, жалпылау, жалқылау, аналогын
табу, жаңа өзгерістерге бейімделу, салыстыру,
бақылау, өлшеу.
Қорыта келгенде, қазақ этнопедагогика
ғылымы халықтық педагогиканың бүгінгі күнге
дейінгі сараланған нысаны. Ол нысан белгілі
бір заңдылықтар мен қағидаларға жүгінеді.
«Тəрбие», «Дəстүр» ұғымдарында өзара
байланыс, ұқсастық бар. Бұл түсініктердің
негізінде белгілі бір ақпарат бейнеленген, олар
оқу орындары, отбасы жəне қоғам арқылы
санаға жетеді. Солай дегенмен дəстүрде
тұрақтылық бар. Бірақ, дəстүр тұрақтылығы
қоғамдағы, өмірдегі ерекешеліктерге орай за-
манауи жағдайда басқа ұлттардың, тұтас елдің
дəстүрлеріндегі ұқсастыққа байланысты бай-
ып, дамып отырады. Барлық елдерде ұлттық
дəстүрлер халықтардың адамгершілік жəне
эстетикалық құндылықтары ретінде ұрпақтан
ұрпаққа жетіп келеді. Дəстүр рухани жəне
материалдық құндылық, салт жəне кітаптар
арқылы ұзақ сақталады.
Этнопсихология – адамдардың
психикалық,
этникалық
ерекшеліктерін,
ұлттық мінез-құлқын, ұлттық сезім мен сана-
сын, ұлттық стереотиптерді жəне т.б. зерттейтін
ғылым.
Ұлттық
психология
мынандай
құрамдардан тұрады: ұлттық мінез, балаларға
сүйіспеншілік, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік,
қонақжайлылық т.б.
Ұлттық мінез-құлық – халықтың тарихи
тəжірибесінде қалыптасқан дағды жəне əдеттер
жиынтығы; барлық қасиет сапалардың бірлігі
(барлық адамға тəн) жəне барлық халықтың
қасиет сапаларының ерекшелігі. Ұлттық сана
– «біз, олар» деген ұғымды түсіну, адамдар
қауымдастығындағы өзінің орнын түйсінуі,
44
өз ұлтының шығу тегін білу жəне оған деген
сүйіспеншілігі, оның жетістіктерін қадірлеу,
əртүрлі тілдердің жалпы тілдің, халық
шығармашылығының қайдан шыққанын білу
жəне т.б.
Ұлттық салт-дəстүрлер – тұрмыстық нор-
ма, əлеуметтік, мəдени тұрақтылық болып та-
былады. Ұлттық сезім – халықтың қажеттілігіне
құбылыстар мен заттардың қарым-қатынасының
үйлесушілігі, үйлеспеушілігі; Ана тіліне
сүйіспеншілік; адамгершілік, эстетикалық,
интеллектуалды сезімдердің қосындысынан
тұрады. Этнопедагогиканың тірегінің негізі –
этнопсихология. Ұлттық психология халықтың
ділін анықтайды. Ұлттық психологияның та-
рихи өзгерістерге ұшырап отыратындығы
байқалады.
«Мəдениет» деген ұғым белгілі бір
халықтың ұлттық сипатына қатысты дара,
ұжымдық
іс-əрекетті
жүзеге
асырудың
сұрыпталған барлық құралдарының жүйесін
білдіреді.
Оны төмендегі жіктемемен айқындауға
болады:
1. Заттық мəдениет – зат-нəрсе, қару, киім,
тамақ, сəн, құрылыс, өсімдіктер.
2.
Рухани
мəдениет – білім,
адамгершілік, дəстүр, құқықтық норма, халық
шығармашылығы, діни сенімдер, адамның ми-
ына əсер ететін түрлі ақпараттар.
3. Мəдениет – түрлі социумдардың ділдік
негізі, оның өзіндік эквиваленті. Мəдениет
– жалпы халықтарға, этникалық топтарға
ортақтықты бөліп алушы нысана.
Этномəдени тəрбиесі адамдардың бойы-
на ізгілікті қабілет сеуіп, əртүрлі халықтардың
мəдени сəйкестілігін аңғару, сақтау мəдениетін
арттыруға септігін тигізеді.
Этникалық
мəдениет – халықтар
мəдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік
іс-əрекетіне қатыстылығын (Қазақ елінің
табиғатқа ыңғайланып, онымен үйлесімдікті
өмір сүруі, оны қорғауы) іске асыратын нысан .
Əр ұлттың мəдениеті оның жеріне, гео-
графиясына, ортасына, əлеуметіне, дəстүріне,
қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты
дамиды. Қазақ халқының мəдениеті өзінің
кəсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына
қарай өркендеп келеді.
Қорыта келгенде, этникалық мəдениет
ықылым
заманнан
жинақталған
мəдени
тоғындардың сұрыпталып, замана өзгерістеріне
қарай ұшталып отыруымен құнды.
Мəдениэтникалық білім беру кеңістігі əр
қоғамда əртүрлі дамиды. Мемлекеттік білім бе-
руге қамқорлығы мəдени мəртебенің деңгейіне
қатысты жүзеге асып отырады.
Ұлттық тіл жəне этникалық мəдениет
білімі – үйлесімді дамудың негізгі бөлімі
дей отырып, этномəдени білімінің мəні
айқындалынуы көзделеді. Білім берудің əлемдік
деңгейіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар
дəстүрі мен ұлттық тəлім-тəрбиенің жүйесін
қалыптастыру ұдайы этномəдениетке үстемдік
етеді.
Бүгінгі
таңда
қазақ
халық
педагогикасындағы
орындаушылық
өнер
арқылы тəрбие берудің ұлттық сананы
қалыптастыруға,
эстетикалық
тұрғыдан
кəмалатқа
жетілуінің
басымдылығын
қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Теория грек сөзінен алынған tyecorio
(энциклопедиялық, философиялық сөздіктерде)
байқау, зерттеу, сонымен қатар ұлттық сана-
сезімді, эстетикалық талғамды айқындайтын,
жинақтайтын дүниетаным, мұраттар жүйесі
деп көрсетіледі.
Мəдени
мұраның
бір
құрамы
орындаушылық өнердің қоғамдағы алатын
белгілері, тəрбиелік мүмкіндіктері ашы-
лып, жаңа əдіснамалық бағытпен қоғамдық
жұмыстарына
белсенділік
ұстанымда
ұйымдасуына жаңа жағдай жасалып отыр.
Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, педаго-
гика, психологоия, философия ғылымдарының
əр салаларында ең бірінші адамның тəрбиесіне
* «Үркер»* №7* 2016
45
Е.ХОЖАХМЕТОВ. «Ұлттық рух өрісі»
мəн береді. «Тəрбие тал бесіктен» демекші,
тəрбие сөзіне не жатады?
Тəрбие – ол халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақ бойына
сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-
қатынасын, дүниетанымын, білімін, өмірге де-
ген көзқарасын жəне соған сай мінез-құлқын
қалыптастыру ғой.
Тəрбие мен білім беру іс-əрекетінде
əннің, өнердің алатын орны бөлек. Əн айту
арқылы адам өзінің кейбір сезімінің кезеңдерін
сыртқа шығарады. Негізінде өнер қуу үшін əн
шырқалмаған. Серілік пен салдық дəстүрдің
нысаны болып келетін əн алдын ала жасалған,
құрылған жоспармен жүзеге аспайтыны белгілі.
Бүгінгі
зерттеушілер
мен
көнекөз
қариялардың айтуына қарағанда əншілік,
ақындар мен сал-серілік өнер арасын-
да
əжептəуір
айырмашылықтар
бар.
Серілердің сыртқы киім киістері салдармен
салыстырғанда əлдеқайда бірқыдыру тұрақты.
Олардың дəстүрінде елден оқшау киіну,
айшықты-айшық, əлем-жəлем сəнмен, жарқ-
жұрқ етпе көрініс-пішіннен бойларын аулақ
ұстау байқалады.
Ал, салдар болса, неғұрлым əшекейлі
киім кисе, соғұрлым өздерінің басқалардан
оқшау бағыт-бағдарын айқындай түседі. Ер
адам болғандарына қарамай, шалбарларының
балақтары кең болып, жарқылдақ моншақтармен
əрленіп, əлемішті жасаулары мен мұндалап
тұрады. Жалпы бас киімдерінен бастап,
барлық киімдері əртүрлі түстерден кең пішіліп,
сүйретіліп жүретін сəнде болады. Бас киімдеріне
қалың үкі қадап, қымбат тастармен көмкеріліп
келеді. Салдар серілермен салыстырғанда, топ-
тобымен, атқосшы-жолдастарымен жүретіні
байқалады. Əсіресе, ойын – сауық бар жерлерге
əуестігі аңғарылады. Оны біздер М.Əуезовтың
«Абай жолы» эпопеясындағы Біржан салдың
Абай ауылына келуінен байқаймыз.
Е.ХОЖАХМЕТОВ
Құрманғазы атындағы Қазақ
Ұлттық консерваториясы Халық музыка
факультетінің магистранты
Айтулылар айтқан сөз
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
Төле би
46
АПАТҚА ЖОЛ
БЕРМЕЙМІЗ
Жаѕєырыќ
Бізді, алматылықтарды, (бұл жерде автор Мəскеуде оқитын
қазақстандықтарды айтып отыр), Шыңғыс Айтматовтың сөзі ерекше баурады,
біздің республикаға байланысты ұлттық күрделі мəселелер оны толғандырмай
қоймайды.
Өз депутатымыз, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма басшысы Олжас
Сүлейменовтің сөзін де тағатсыздана күттік. Қазақ жерін жайлаған экологиялық
зардаптың Семей полигонындағы көріністері тұңғыш рет үлкен мінбеден айтыл-
ды. Осынау сынақтар республиканы жайлаған қатерлі ісік пен балалар кеселін
асқындырып жіберді. Бұнымен келісуге əсте болмайды!
Қазір бізде «Невада» қозғалысы басқаша бағыт алды, оның белсенділері
Қазақстандағы жарылыстарды қысқартуға жанталаса кірісіп жатыр. Осыған үндес
қозғалыстар Невада штатында, Америкада да басталды, біз оған «Қазақстан» деп
атау беруді ойластырып отырмыз.
Біздің екі жақты күресіміздің соңы бір шешімге келіп, адамзатқа қатерлі
қаруды тоқтатуға тиым салады деген үмітіміз бар.
Үміт алдамайды!
Біздің халқымызға таза ауа қажет. Ұрпағымыз таза ауамен демалып, дені-
басы сау өмір сүруіне біз мұрындық болмай кім мұрындық болады?
Қуандық ТҮМЕНБАЙ,
Кеңес Жазушылар одағының мүшесі.
«Неделя» апталығынан.
1988 жылғы 26-маусым.
Р.S. Мəскеу Əдебиет институтында дəріс тыңдап жүріп жазылған бұл тəмсіл
əлі де мəнін жойған жоқ дер едім. Шыңғыс Айтматов жазушылар құрылтайында
өзекті мəселе көтерді. Адамзатты апаттан құтқарып қалу үшін «Адамзаттың
Айтматовы» өз сөзін айтты, біз болсақ, алып кеменің соңынан ердік. Америка,
Семей, Қазақстан – байрағы желбіреген биік белес болды. Оңтайлы жерде ой
ұшқындарын айтып, «Неделя» секілді дуалы ауыз апталықта абыройлы сөз айту
ишараты бізге де бұйырып еді.
Айтматовтың əруағы риза болсын!
Апатқа жол бермейміз!
Редакция мекенжайы:
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғылы, 143, 6-қабат.
Телефондар:
бас редактор – 394-41-34,
бөлім
– 394-37-27
компьютер
бөлiмi
– 394-37-87
www.urkerkaz.kz
E-mail: Urker_2010@mail.ru,
Журнал Қазақстан Респуб-ли-
касы Мəдениет жəне ақпарат
министрлiгiнде 06.04.2009 ж.
қайта тiркелiп, № 10017-ж
куəлiк алған. Айына бір рет
шығады.
***
Басуға қол қойылды: . .2016
Қағазы офсеттiк. 4,2 баспа
табақ. Форматы 84х108/16.
Таралымы . Тапсырыс №1000.
Бағасы келiсiмдi.
***
Редакцияға түскен шығарма-
лар рецензияланбайды. Қолжазба
қайтарылмайды. Көшiрiп басқан
жағдайда «Үркерге» сiлтеме жа-
сау мiндеттi.
***
Жарияланған дүниелердегi де-
ректердiң нақтылығына автор-
лар жауап бередi.
***
«Үркер» журналында жар-
ияланған материалдардың ав-
торлық құқы «Қазақ газеттерi»
ЖШС-не тиесiлi.
***
Журнал «Қазақ газеттері»
ЖШС-нің
компьютер
орта-
лығында терiлiп, беттелiп,
«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық
полиграфиялық баспа комплек-
сінде басылып шықты. Алматы
қаласы, Гагарин даңғылы 93.
***
Тел. 394-39-22, 394-39-24
«Үркер», №7 (95), 2016 ж.
«Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты
жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси
«Үркер» журналы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
орай шығармашылық жастарды қолдау
мақсатында проза, поэзия, публицистика
жанры бойынша бәйге жариялауды
жалғастырады. Осы уақытқа дейін
шығармашылық бәйгеде бақ сынаған 10 талант
жеңімпаз деп танылып, «Үркердің» арнайы
дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтармен
марапатталған болатын. Сондай-ақ жүлдегер
шығармалар «Үркер» жаққан он шырақ» деген
атпен жеке кітап болып жарық көрді.
Бәйге шарттары:
Үміткерлер
проза
жанры
бойынша
1 әңгіме, поэзия жанры бойынша 5-7 беттік
шағын жанрдағы туындылар (дастандар мен
толғаулар қабылданбайды), публицистикалық
бағытта 1-2 мақаламен (көлемі 7 беттен
аспауы тиіс) қатыса алады.
Шығармалар Urker_2010@mail.ru
электронды мекенжай арқылы қабылданады.
Байланыс телефондары:
394-41-34, 394-37-27
Мобильдік байланыс
8-702-655-42-68.
Бәйге қортындысы
жыл аяғында Тәуелсіздік
күні қарсаңында жария-
ланатын болады.
Іске сәт, жас талант!
Бәйге Бәйге Бәйге
«Үркер» –
Үміт» бәйгесі
Мазмұны
Жадыра МЫРЗАБАЙ
Қайда кетіп барамыз? .............................................................................................1
«Алашұлы» тобы
Əн – қазақтың бойтұмары .....................................................................................3
Баян БОЛАТХАНОВА
Аңғақ ..........................................................................................................................7
Рахат ƏБДІРАХМАНОВ
Дүрсіл қаққан жүрегің төсіңді ұрып,
Шығайын деп тұр ма екен бері қарай?! ................................................................13
Нұрлан ҚҰМАР
Велосипед күнделікті көлікке айналмай тұр ........................................................18
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА
Жапон аңыздары ......................................................................................................22
Назерке ƏЗІЛБЕК
Əбіштің ақындық əлемі ...........................................................................................26
Сейдулла САДЫҚОВ
Көрінбейтін жұлдыздардың сəулесі ......................................................................30
Файзулла ТӨЛТАЙ
Көтеремін де жүремін ойларымның табытын ...................................................33
Қарлығаш ҮСЕНҚҰЛОВА
Аңызға айналған ақиық ақын ..................................................................................38
Е.ХОЖАХМЕТОВ
Ұлттық рух өрісі ......................................................................................................42
Қуандық ТҮМЕНБАЙ
Апатқа жол бермейміз ...........................................................................................46
Достарыңызбен бөлісу: |