Ринолалия (грекше «rhinos» — мұрын, «lalia» — сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы.
Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын — жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір — бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады.
Дауыстың күші мен жоғарылығын дамытуға арналған жаттығулар
Барлық жаттығуларда бастапқы жағдайда — отырып, дҧрысы —
тҧрып, ең дҧрысы-жатып. Иықтар жазылған, басты тік ыстау.
1-жаттығу. Терең дем алып, бір қалыпты әрі созыңқы түрде кезекпен мына дауыссыз дыбыстарды айтыңыз: «м», «л», «н»:
«м-м-м... л-л-л... н-н-н...».
2-жаттығу. Мына дауыссыздарға: «м», «л», «н» кезекпен мына
дауысты дыбыстарды қосыңыз: «и», «э», «а», «о», «у»,
«ы» («е», «я», «ѐ», «ю»):
«мми, ммэ, мма, ммо, мму, ммы, мме, ммя, ммѐ, ммю»;
«лли, ллэ, лла, лло» жəне т.б.;
«нни, ннэ, нна, нно» жəне т.б.;
Дыбыстар 1-ден 10-ға дейінгі сандармен ауыстырылуы мҥмкін. Бҧл
жаттығулар дауысты біртіндеп кеңейту арқылы еңсеріледі: алдымен
ақырындап, содан кейін қаттырақ, қатты — жəне, керісінше,
дауысты біртіндеп бəсеңдете отырып: қатты, ақырындау, ақырын,
өте ақырын, сыбырлап.