Байланысты: 9-дәріс- Дәріс Құрмалас сөйлемді оқыту
Автордың ойынша, мұғалiм синтаксистiң негiзгi заңдылықтарын саналы түрде меңгерiп, бiлiп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбiр синтаксистiк тұлға мен тыныс белгiсiнен сапалы да терең теориялық бiлiм бере алады. Теориялық бiлiм берудегi негiзгi 15 түрлi ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар тек синтаксистi оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де салаларын меңгертуде қолданыла алады.

Ғалым, ең алдымен, оқушыларға берiлетiн теориялық бiлiм мұғалiмнiң түсiндiруiмен әңгiме, байқау әдiстерi, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсiлдерi мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлерi негiзiнде iске асырылатынын атап көрсетедi. Яғни мұғалiмнiң бiлiмдiлiгiне ерекше мән берiледi. Сыныптағы оқушылардың бiлiм өрiсi мен алғырлығына, жұмыс iстеу қабiлетiне байланысты өтiлетiн тiлдiк материалды әртүрлi деңгейде түсiндiруге болатындығына көңiл аударады. Бiр ғана теориялық мәселенi әртүрлi дәрежеде ұғындыруға болар едi. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбiрек ақпарат беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы орташа немесе нашар балаға өз дәрежесiне лайықтап қана түсiндiру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдiсi тиiмдi екенiн, әрi сабақ мазмұны қай дәрежеде болуы қажеттiгiн мұғалiм өзi таңдайды.