Құрмалас сөйлемді оқыту


Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі



бет7/15
Дата25.11.2023
өлшемі2,03 Mb.
#125753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
9-дәріс- Дәріс Құрмалас сөйлемді оқыту

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі

Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді.

Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігін мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екенін жай сөйлемді мысал ретінде алып, салыстырған дұрыс. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен де қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екенін жай сөйлемді мысал ретінде алып, салыстырған дұрыс. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен де қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет.

Ол үшін мынадай сөйлемдерді мысал ретінде алуға болады:

1. Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті.(М.Ә.).

2. Адамның ісі қандай болса, іші де сондай (Гегель.).

  • 2. Адамның ісі қандай болса, іші де сондай (Гегель.).
  • Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндіру қажет.

    Оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгендігін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн. Құрмалас сөйлемді оқытқанда, оның тыныс белгісіне де назар аудартылады.

Құрмалас сөйлемді оқытудағы тапсырмалар

  • Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы тапсырмалар
  • Оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге, ой тұжырымын жасауға үйрететіндей жұмыс түрлері:
  • құрмалас сөйлемнің түрлеріне топтау жасау, оны әрі қарай классификациялау;
  • құрмаластың түрлерін салыстырып, Венн диаграммасына түсіру; құрмалас сөйлем түрлерінің өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; мәтіндегі кейіпкерлерге сипаттама беру, олардың іс-әрекетіне көзқарасын білдіру, баға беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет