Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеудегі жаттығулар мен тапсырмалар және ойынның түрлері Аналитикалық жаттығулар. Мұнда талдау сипаты басым болады да, оқушылар құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігін ажыратып талдай білуге, теориялық білімді толықтыруға, бекітуге үйренеді. Үлгісі: Мәтіндегі сөйлемдердің құрылымын салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтаңдар. 1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды табыңдар. Тақырыбын қойыңдар. 2-тапсырма. Бірінші мәтіндегі жай сөйлемдермен құрылған ойды күрделендіріп қайта жасаңдар. Синтаксистік талдау жасаңдар. 3-тапсырма. Екінші мәтіндегі ойды әрі қарай өз беттеріңше жалғастырып, шешімін өздерің жасаңдар. Мұндай жаттығуларды орындау барысындағы оқушы міндеті: құрмалас сөйлемдерден берілген ұғымдардың грамматикалық заңдылықтарына назар аудару, талдау жасау. Нәтижесінде оқушы ойдың күрделене берілуін танып, оны дұрыс мақсатқа сай түрліше құрастыра білуге үйренеді. Тұжырым жасау дағдысын алады.
1-жаттығу. Дұрыс жауапты табыңдар. Тапқан жауаптарың бойынша дәлелдеме жазыңдар. 1.
а) Құрмалас сөйлемнің екі түрі бар.
ә) Құрмалас сөйлемнің үш түрі бар.
б) Құрмалас сөйлемнің төрт түрі бар.
2.
а) Салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болады.
ә) Салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болады.
3.
а) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланыса алмайды.
ә) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады.
б) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек қана іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады.
1-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді жасалу тәртібіне қарай бөліп жазыңдар. 2-тапсырма. Өздеріңнің туған жерлеріңдегі Ертіс өзені секілді немесе тау, орман, көл т.б. табиғат байлықтарының бірі туралы шығарма жазыңдар.
3-тапсырма. Табиғаттың сұлу көрінісінен тақырыбын өздерің тауып, өлең шумағын құрастырып көріңдер. 4-тапсырма. «Табиғат байлығы – адамның саулығы» деген тақырыпта ауызша ойтолғау жасаңдар. 5-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы баяндауыштары мен басыңқы баяндауыштарында қандай жақтық, шақтық ерекшеліктері болатынын анықтап, дәлелдеңдер. Мақсаты – өмірден алған білік-дағдыларына пайымдаулар жасату, ой түйіндерін жүйелі сабақтауға, алған теориялық білімдерін өмірден көрген-түйгендерін бірлікте ұштастыру.