Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтың еңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған
Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтың еңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған.
Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтыңеңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған.
Х.Арғынов синтаксисті оқытуда:
байқау,
түсіндіру,
әңгіме әдісі,
жаттығу,
кітапты пайдалану,
грамматикалық талдау әдістерін қолданудың тиімді екенін көрсеткен.
Б.Құлмағанбетова– қазақ тілі әдістемесінің синтаксис мәселелеріне ғылыми және практикалық жағынан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, елеулі еңбек еткен әдіскер-ғалым. Оның «7-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау», «Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері» еңбектерін атап өтуімізге болады.
Б.Құлмағанбетова – қазақ тілі әдістемесінің синтаксис мәселелеріне ғылыми және практикалық жағынан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, елеулі еңбек еткен әдіскер-ғалым. Оның «7-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау», «Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері» еңбектерін атап өтуімізге болады.
Әдістемелік нұсқаулықта оқулықта сөз тіркесі синтаксисі мен жай сөйлем синтаксисі туралы мағлұмат берілетіні туралы айта келіп, оқулық материалы «Қазақ тілі – социалистік ұлт тілі» деген кіріспе тақырыптан басталатыны, аталған тақырыпты мұғалім өз сөзімен баяндау түрінде де, оқушылармен әңгімелесу түрінде де өткізуге болатыны туралы кеңес беріледі. Әдіскер-ғалым тақырыпты қай түрде өтсе де, мұғалім оқушының тарих, әдебиет пәндерінен алған мәліметтеріне сүйенуі тиістігін ескертеді.
Ш.Л.Ерхожина «Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі» атты еңбегінде орта мектептің 8- сыныбында құрмалас сөйлемдерді оқыту арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесін қарастырды. Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеудің ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдап, оны оқыту ұстанымдарын ғылыми негіздеді.
Ш.Л.Ерхожина «Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі» атты еңбегінде орта мектептің 8- сыныбында құрмалас сөйлемдерді оқыту арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесін қарастырды. Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеудің ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдап, оны оқыту ұстанымдарын ғылыми негіздеді.