1991 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды, бірінші президент сайланды.
ІІ топ. «Тәуелсіздік» сөзіне дыбыстық мінездеме бер.
ІІІ топ. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.
V.Үйге тапсырма.
Автор:
Айжан КАНКУЛОВА, №1 орта мектеп қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Алакөл ауданы.
Сергіту:
Сілтеме: okulyk.kz -пен жұмыс (құрмалас сөйлем ережелерінің, тапсырмалардың оқулықта берілуі https://www.okulyk.kz/kazahskij-jazyk/375/ 9-сынып оқулығы 43-бет. Дәулетбекова Ж. немесе «Шалқар» радиосында берілген өз сұқбатымды тыңдату: Мұғалімнің сөйлеу әдебі 1 немесе 3-хабар, 2-хабар тыңдалды.
Құрмалас сөйлем бойынша талдау Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады.
Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.
Назарларыңызға рақымет!