Құрмалас сөйлемді оқыту


мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу



бет8/15
Дата25.11.2023
өлшемі2,03 Mb.
#125753
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
9-дәріс- Дәріс Құрмалас сөйлемді оқыту

мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу;

  • мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу;
  • мәтін кейіпкерлерін сомдаттыру (драмалау);
  • өлеңдерді өз сезімдерін, көңіл-күйлерін білдіре оқыттыру және неге олай оқығандығын түсіндірту;
  • әңгімені өз авторлығымен аяқтату;
  • мақал-мәтелдердің мазмұнына сәйкес құрмалас сөйлемдерді қатыстыра өмірден мысалдар келтірту, құрмаластың қай түрін қолданғанын дәлелдеттіру, мәтінде көрсетілген іс-әрекеттің пайдалы және зиянды тұстарына талдау жасаттыру;
  • мәтінде берілген құрмаластың түрлерін бір-біріне айналдыртып жаздыру т.б.
  • шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде мақсатқа жету үшін мұғалім тарапынан оқушыға көмек беріліп, жетелеп отыруы қажет. Сондықтан шығармашылық жұмыстарды орындау ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасы негізінде бірін-бірі толықтыру, қолдау көрсету жағдайында өтеді.

Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістері
Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі – әдістерді анықтап алу басты міндет. 
Талдау әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі, ал жинақтау – таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез – талдау барысында бөлшектенген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз. Жалпы мен жекенің бірлігі танылып, өзара байланыстағы тұтастық жасалады. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады.
Салыстыру әдісі – дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда салыстыруға негізделген тапсырма түрлері әртүрлі қырынан беріледі. Салыстыруға негізделген жаттығулардың мазмұны төмендегіше құрылды:
1. Екі-екіден берілген құрмалас сөйлемдерді салыстыру арқылы түрін ажыратып, жасалу жолын түсіндіру.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, бағыныңқы мен басыңқы сыңарларын салыстырып, құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасын анықтау.
3. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдерді салыстыра отырып, бағыныңқы сыңарларының астын сызу және бағыныңқы болып тұрған баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіру.
Құрмалас сөйлемдердің түрге бөлінуі олардың әрқайсысының іштей жасалу жолдарына қарай жікке бөліну жағдайларымен оқушы жіті танысып, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауда тиімді болды. Салыстыру әдісі бойынша инновациялық технологиядан Венн диаграммасын пайдалану өте тиімділік көрсетті. Шығармашылықпен оқыту оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін дамытумен қатар, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды шешуге талаптануына мол мүмкіндіктер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет