Құрметті әріптес 2023-2024 оқу жылына дейін аман-есен болайық! Қысқа мерзімді жоспар-1



бет7/18
Дата30.03.2023
өлшемі1 Mb.
#77532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
382 бұйрықпен 6-сынып қазақстан 4-тоқсан-1

Қысқа мерзімді жоспар-4


Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы



Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы.
Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Сабақтың мақсаты

Есім хан кезіндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын анықтап, нәтежелерін талдау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
кезеңі



Ой салу:Тәуекел ханға қатысты сөйлем құрастырулары қажет.

  1. Абдаллах 2. Қазақ хандығы 3. Тәуекел хан 4. Ташкент

Миға шабуыл.
Орта жүздің биі Қазбектің Есім хан туралы цитатасы беріледі.Олар цитата бойынша сұраққа жауап іздейді.
Қазбек би: «Бүтін билікке Төле жеткен, Бүтін хандыққа Есім жеткен».

Сіздің ойыңызша неліктен Қазбек би «Бүкіл билікке Есім жеткен» деп жазды.


Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын/ОМ, жетістік критерийлерін хабарлау/анықтау.

Оқушылар Орта жүздің биі Қазбектің Есім хан туралы цитатасы бойынша өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Мұғалім презентациясы
Есім ханның портреті



Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс
Сабақтың зерттеу сұрақтары:
1)Неліктен Есім хан тұсында Қазақ хандығының біртұтастығына қауіп төнді?
2)Қазақ хандығының біртұтастығына ішкі шиеленістер көп қауіп төндірді ме, әлде сыртқы жағдай қауіптірек болды ма?
3)Қазақ хандығының біртұтастығын сақтауда, хандықты өркендетуде Есім ханның қай іс-әрекеті маңызды рөл атқарды?
Зерттеу мен талдау 1 тапсырма.
Оқушыларға Есім ханның сыртқы саясаты туралы дерек мәтіндері таратылады. Дерек мәтіндерін оқып, дерекпен жұмыс жасайды.
1. қай дерек сенімді?
2. деректердің қандай ұқсастығы бар?
3. деректердің қандай ерекшеліктері бар
4.деректің құндылығы/маңыздылығы қандай?
ЕББҚ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді
2тапсырма. Есім ханның ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Ақпаратты қолданып оқушылар Тұрсын ханның іс-әрекетіне «опасыздық, сатқындық, адалдық, елжандылық» ұғымдарын қолданып ауызша баға береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет