Ұйымдастыру
кезеңі
|
Сәлемдесу,түгелдеу, жайлы орта ұйымдастыру.
Ой шақыру:Оқушыларға киіз үй туралы қысқаша бейне ролик көрсету.
Не көрдіңдер?
Не білдіңдер?
Тағы не білгілерің керек? - туралы сұрақтар қойып оқушылардың ой пікірлерін біліңіз.
Киіз үйдің шығу тарихына қысқаша шолу жасау.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады
|
мадақтау
|
Мұғалім презентациясыhttp://e-history.kz/kz/contents/view/2032
|
Жаңа сабақ
|
Мәтінмен жұмыс
Зерттеу мен талқылау
Тапсырмалар:
киіз үйдің құрылысы (іші-сыртының үш бөліктен тұратынын анықтау керек).
киіз үйдің ішкі құрылысы (оң қанат, сол қанат, төр ұғымдарының мәнін ашу).
киіз ішінде тұратын дүниелердің жасалуын және қолдануын зерттеу.
шаңырақтың мәні мен мағынасын зерттеп және қазіргі күнмен байланысын зерттеу.
Интерпритация
«Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениеттің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?» деген сұраққа өз жауаптарын ауызша түрде дайындап, өзара талқылайды.
ЕББҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.
Венн диаграммасы: Қазақтың киіз үйі мен қазіргі үйдің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
Қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін көрсету мақсатымен танымдық ойын.
«Бұл не және кімге қатысты?» деген жарыс өткізу.
Киіз үйдің бүгінгі күнгі мәнін анықтау мақсатында сынып оқушылары ой – пікірімен бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бүгінгі күні киіз үйді қай жерден көруге болады?
- Қазіргі күні киіз үйдің қажеттілігі бар ма?
- Қазіргі заманғы сәулет өнерінде киіз үйдің элементтерін қолдануға бола ма? болса қалай?
Шығармашылық тапсырма
«1 минуттық эссе»
ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
|
Мәтінмен жұмыс
Дискрипторлар:
- киіз үйдің құрылысы анықтайды;
- киіз үйдің құрылысының мәні мен мағынасына талдау жасайды;
Дискриптор:
- Қазақтың киіз үйі мен қазіргі үйдің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;
Сыныптан бір оқушы ортаға шығып, ұсынылған суретті өзге оқушыларға көрсетпей, атын жасырып тұспалдап айтады. Жауабын тапқан оқушы келесі суретті алып жалғастырады.
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
«Бармақпен»
|
http://www.youtube. com/watch?v=xqGd4p52aj8
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010.
Казахи: историко-этнографическое исследование. – Алматы, 1995.
Сейдімбек Ақселеу.Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. –Алматы «Санат» 1997 ж.
|