Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Сізге ұсынылған Мархабат Байғұттың «Жоғалған жұрнақ»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.02.2023
өлшемі488,24 Kb.
#64759
1   2   3
Байланысты:
Жоғалған жұрнақ Мархабат Байғұт

 
* * * 
Қазығұртымыз кӛбінесе мұңды сағымға оранып тұрады ғой. 
Онысын біреу байқар, екеу аңғармас. Үш сыныпты артқа тастап, 
тоғызыншыда оқып жүргенбіз. Текеметтің тегістігінен тауға кӛп 
қарайтынбыз. Желтоқсан кӛтерілісіне басқаша бағалар беріліп, оған 
белсене қатысқандар нағыз батырларға айналды. Қайран Қонақбай 
ағайымыз бұл заманды кӛрмей кетті ғой деп, жанарларымыз 
жасаурағанымен, бұрынғыдай егіліп-тӛгілмейміз. Есейіп келеміз, 
қатайып барамыз, әрине. Ақ параққа кӛздерінің жастары тамып-
тамып кететін қыздар дағы кӛп емес. 
Сӛйтіп жүргенімізде, жаз шығып, қаз ұшып, Қазығұрттың 
мұңды сағымы сейіліңкіреп тұрған сәскеде Текемет кентінің 
орталық кӛшесінде Жұрнақ кӛке пайда болды. 
Текеметтің тұп-тура ортасындағы кеңшар кеңсесінің алдында 
таксиден түсті. Жанындағы жамағайын екі кісі оның үсті-басын 
сәл-пәл жӛндеген болды. Жұрт жиналып қалды. Ішінде біз де 
бармыз. Жапатармағай жабылып қолын алуға ұмтылдық. Пошымы 
марқұм мұғалімімізге біраз-біраз келіңкірейтіндей. Қонақбай 


ағайымыздың құнсызданбай, құныспай, шерленбей, шеменденбей, 
Мәскеудегі мықты оқуды бітіргелі тұрған баласын мақтан тұтар 
кезіндегідей бойшаң болмасадағы, бірталайдан биік кӛрініп, 
сорайып тұрыпты. 
Алғашқыда жапырлай қолын ала бастағандарға Жұрнақ кӛке 
жып-жылы жымиғандай қараған. Жынданғанынан жазылған екен 
ғой, жақсы бопты ғой деп ойлағандар аз болмаған. Біреулері 
айналып-толғанып, арқасынан қағып жатты. Екіншілері әкесіне 
кӛңіл айтуды да ұмытпады. “Қонақбай, Қонақбай ағай” деген 
сӛздерді естігенде Жұрнақ кӛке дӛрекілеу кейіпте ыржалаңдап 
күлген секілденді. Сәлем берушілер сәл-пәл состиыңқырап, 
шошыңқырап, шегіншектеңкіреп, шеттеңкіреп тұрысты. 
— Жұрнақ, айналайын, асылдың сынығысың ғой сен! — деді 
мектеп директоры Сағындықов ағайдың анасы оның басын иіп, 
бетінен сүйіп. — Келген қадамың құтты болсын, жарығым. Сәтін 
салса, жазылып кетерсің, шырағым... 
Біраз-біраз кісілер кӛздерін сүртісті. Соншама жұрттың ішінен 
Сағындықовтың шешесі ғана Жұрнақ кӛкенің бетінен сүйген еді 
сонда. 
Жынды Жұрнақ. 
Ол осылай атанды да кетті. 
Біз де бұрынғыдай Жұрнақ кӛке дей алмадық. 
Жамағайындары Жұрнақты Қарағандының жындыханасынан 
тауыпты. Онда қалай, қашан, қандай жағдайда түскенін айтуға 
болмайды екен. Бірақ жынданған боп есептелінгенімен, мұның ең 
басты ерекшелігі: ешкімге ешқандай зияны жоқ, кісіге күш 
кӛрсетпейді, зорлық-зомбылық жасамайды. Дәрігерлер соңғы екі 
жыл бойы ерекше зерттеу жүргізіп, осындай оңды қорытындыға 
келген. Ауылдарыңа алып кетуге әбден болады, арнаулы 
мекемелердің де келісімі, рұқсаты бар дескен. 
Желтоқсан 
кӛтерілісіне қатысқандарды жарылқайды-мыс 
дегенді естіп, іздеп шыққан, жынданып кеткеніне қарамастан, 
Текемет кентіне алып қайтқан ағайындарына мың да бір рахмет. 
Деп алғыс айтқандар аз емес-ті. Алайда, жынды Жұрнақты 


жамағайындарының ешқайсысы да жақындата қоймады, үй-
жайларына кіргізбеді. Қара жұмысты жапырып істейтін жігіттің 
күшін пайдаланып-пайдаланып алады да, арзымас қана ақша беріп, 
қалған-құтқан 
тамақпен 
алдаусыратып, 
арқасынан 
қағып, 
аулаларынан шығарып жібереді. Бітті. 
Жынды Жұрнақ ақшаның есебін білмейтін. Ол сорлыға он сом 
берсеңіз де, мың сом ұстатсаңыз-дағы, нәніпәтір. Бәрін “бір сом” 
дейді. Кейде ешкім жұмысын істетпей, кӛп күндер бойы кӛк 
тиынсыз қалғанында кӛшеден ӛтіп бара жатқан оқушыларға 
жалынып: 
— Е-е, балдар-е! Е-е, балдар-е! Бір сом! Бір сом беріңдерші-е! 
— деп келе жататын. Жалынып. Жалбарынып. Жұлқылау, жұлына 
жармасып, тартып алу дейтіндей жағдаяттар жынды Жұрнақтың 
кәперіне де кірмейтін сыңайлы. 
Бәріне де бірте-бірте бойыңыз да, ойыңыз да үйреніп, ең 
жаманы етіңіз ӛліп кетеді емес пе? 
Жынды Жұрнаққа да сӛйттік қой. Оны айтасыз, алғаш аяп, бой 
тартатындар, бірте-бірте, бара-бара оның жуастығын басынып, 
кӛпе-кӛрнеу мазақтайтынға айналды. Тірліктерін тап-тұйнақтай 
тындыртып алып, түк те берместен, дым да татырмастан, тепкілеп 
қуып жіберетіндер де табылатын еді. Алты шақырым жердегі 
Айқұмырсқа ауылынан Текеметтің орта мектебіне қатынап оқитын 
оншақты оқушы бүкіл сӛмкелері мен бар киім-кешектерін жынды 
Жұрнаққа артып қойып, қыраң асып, белең басып, билеп кетіп бара 
жататынына да кӛз үйренді. Ет ӛлді. 
Жынды Жұрнақ адамдарды бір-бірінен ажырата алмайтын, кісі 
танымайтын. Кімнің кім екенін мүлде білмейтін. Бірақ күндердің 
бір күнінде айналасын аң-таң етіп қойғаны тағы бар. Баяғы бетінен 
сүйген кейуана бірде жанына жасқанбай-ақ, жиіркенбей-ақ отырып 
алып, басынан сипап-сипап қойып, әбден жылапты да: 
— Әй, Жұрнақжан, сен осы Текеметтен, анау Айқұмырсқадан, 
мына мектептен біреу-міреуді танисың ба? Есіңе түсіріп кӛрші, 
айналайын жарығым! — депті. 


Жынды Жұрнақ жерді шұқылап-шұқылап отырыпты да, 
ыржалаңдап кеп күліпті. Аһылай күрсініп, уһілей түңілген 
директордың шешесі: 
— Жұрнақ, айтшы айналайын. Ең бомағанда бір адамды да 
білмейсің бе? Мына мені де танымайсың ба? — депті. 
— Жоқ, сізді танымаймын, бірақ бетімнен сүйгеніңізді білем ғой, 
неге білмеймін, — депті жынды Жұрнақ. 
Ана байқұс ал кеп еңіресін-ай сонда. 
— Мектептен дедіңіз бе, апа? — депті жынды Жұрнақ содан соң 
жер шұқылаған күйі. — Мектептен кімдерді танисың деп 
сұрадыңыз ба жаңа? Менен? Мына менен? 
— Иә-иә! — деп айқай сапты мектеп директорының шешесі. — 
Айтшы-айтшы, кімдерді білесің, айналайын жарығым? Жұрнағым?! 
— Са-Сағыныш апайды танимын. Са-Сағындықов ағайды 
білемін... Болды... Басқа бір де бір адамды білмеймін, апа. 
Ренжімеңіз... 
Кӛзінің жасы кӛл болып, ебіл-дебілі шыққан ана: 
— Айналайып кетейін Жұрнағым-ау, сол Сағындықов деген 
мектеп директоры менің балам ғой! Мені неге танымайсың? Ол — 
менің ұлым, — дейді. 
— Ой, апа! Кімнің баласы кім екенін, кімнің шешесі кім екенін, 
кімнің әкесі кім екенін мен қайдам білейін. Басымды қатырмаңыз, 
— деп, орнынан тұрып кетіпті жынды Жұрнақ. 
Ӛзі түнейтін, тұрақты мекен ететін Қамбар ата әулиеге қарай 
аяңдайды. Артынан мектеп директорының шешесі біразға дейін 
ілесіп, бірталай әңгіме айтып үлгермекке тырысқан. 
— Айналайын Жұрнақ-оу, — дейді кейуана кӛп-кӛп нәрселерді 
Жұрнақтың жадына түсіріп, ойына оралтпақ мақсатпен. — Сен осы 
ан-а-а-ау айқұмырсқа ауылында туғаныңды білесің бе? Қонақбай 
деген әкеңді білесің бе? Адамның адамы сол еді ғой, айналай-ен. 
Бейшараның жалғыздығы ғана жазығытұғын. Жалпы, оның арғы 
аталарынан қалған мұңды мұра жалғыздық екен. Қонақбай 
бейшараның әкесі де, әкесінің әкесі де, әкесінің әкесінің әкесі дағы 
жалғыз бопты, Жұрнақжа-а-а-ан. Қонақбай мына Шымкенттегі 


педагогика институтын бітіріп, дипломы мен келіншегін қатар алып 
келіп еді... 
Осы тұста ғана жынды Жұрнақ бұрқ етіп, бір бұрылған. 
— Келіншек дейсіз бе? — деген. 
Ӛз ойымен ӛзі болып, баяғы бір замандардың суреттерімен 
араласып кеткен ана: 
— Иә-иә, келіншегін қоса әкелген сенің әкең, дипломымен бірге, 
— деп, әңгімесін одан әрі жалғапты. — Бірталайға деуір бала 
кӛтермеді. Ақырында алты жылдан соң ба, жеті жылдан соң ба, егіз 
тапты. Екі бірдей ұл келді дүниеге. Әй, Жұрнақжан, саған айтам. 
Сені айтам. Қонақбай бүкіл дүниесін жұмсап, ұланасыр той 
жасаған сонда. Біріңе Жалғау, екіншіңе Жұрнақ деп ат қойған. 
Жалғау сенің сыңарың еді, Жұрнақ — мына сенсің. Жалғау мен 
Жұрнақ деп қойғанын жұрт мазақтайтын, ал Қонақбай мен 
келіншегі мәз боп күле беретін, күле беретін. Айқұмырсқа 
ауылында аз ғана үй қалып, кӛпшілігіміз Текемет кентіне кӛштік. 
Мұнда жаңа, үш қабатты, үлкен мектеп салынды. Қонақбай мен 
келіншегі де, менің қазіргі директор ұлым да осы мектепке 
жұмысқа ауысқан. Жалғау жастай шетінеп кетті. Айдай жайнап, 
күндей күліп жүретін шешең де кӛпке бармады. Жалғаулары жоқ 
болғанда, Қонақбай жүз жасқа қартайса, ана жүрек мың жасқа 
шӛгіп еді. Жа-а-алғыз қалғансың, Жұрнақ-жа-а-ан, сӛйтіп... 
Осы тұста жынды Жұрнақ кенет кідіріп, кілт тоқтасын да, 
жӛнделіп жатқан мешіт маңындағы жұмсақ топырақтан бір ұшы 
кӛрініп жатқан темір таяқты суырып кеп алсын. Қамшының 
сабынан аумайтын қоңыр бұжыр арматура кесіндісін бір қолымен 
суырып кеп-кеп алсындағы, екінші қолының алақанына салсын. 
Ары да қарасын, бері де қарасын. Қарап-қарап тұрсын-дағы, 
айқайға бассын-ай кеп-кеп. 
— А-а-а-а-а-а! — десін бір қолымен басын, екінші қолымен 
арматура таяқты қысып. Қалшылдап, кері бұрылсын сосын. 
— Апа-а-а-а-а! — деп, мектеп директорының шешесіне қарай 
тұра ұмтылсын. Бес-алты адымдап жетеді емес пе, әрине. 


Кейуана тайып құлады ма, жоқ әлде талып құлады ма, жынды 
Жұрнақ қоңыр бұжыр арматура кесіндісімен директордың шешесін 
ұрып жықты ма, не болып, не қойғанын әуелгіде ешкім білмейді. 
Бәрібір, адам дегеніңіз жаман ойлайды. Жақсылыққа бірден жорып, 
жолай қоймайды. Мешітті жӛндеп жатқандардың да жиған-терген 
имандары азырақ шығар, ақ пен қарасын айырмай жатып, жынды 
Жұрнақты жығып салып, жабыла тепкілеп, байлап тастайды. 
Милиция ӛкілі мен мектеп директоры Сағындықов та жылдам 
жетсін. Жағдаймен жан-жақты таныса бастасын. Аурухананың 
дәрігерлері де келіп, абыр да сабыр болсын. Кемпірдің ештеңесі 
жоқ, қан қысымы дұрыс, жүрек соғысы жақсы, еш жеріне жарақат 
түспеген, соққы түгілім титімдей нәрсе тимеген деген алғашқы 
қорытынды жасалсын. Жынды Жұрнақ оңбай таяқ жеп, тепкі кӛріп, 
байлаулы жатсын. 
— Мұнда неғып жүрсіз, мама? — дейді директор Сағындықов не 
айтарын ажырата алмастан, не күлерін, не жыларын білместен. — 
Не болды сізге? Неғып жығылып жүрсіз? Әлде... 
Сағындықов жынды Жұрнақ жаққа қарай беріп, кӛзін тайдырып 
әкетіпті. 
— Адам шошырлықтай айқаймен апаға қарай, ұрайын деп 
ұмтылғанын ӛз кӛзімізбен кӛрдік. Кӛрдік, — дейді мешіт 
жӛндеушілердің бірі. 
— Ұстап қалдық қой, әйтеуір, — дейді екіншісі. 
— Қолындағысы анау жатыр, — дейді үшіншісі кеспелтек темірді 
иегімен нұсқап. 
— Алып кетеміз, ауданға табыс етеміз, — дейді милициядан 
келген тығыншық-тапал майор Жұрнақ жаққа жұлқына ұмтылып. 
— Сӛйтіңіздер, — дейді мешіт жӛндеушілердің әуелгісі. 
Ортаға директордың шешесі шығады: 
— Қойыңдар! — дейді бұйрық райлы сӛйлеуге мәжбүрленіп, ӛз 
ұлына бір, ӛзгелерге бір-бір қарап. Жұрнақ екеуміз әңгімелесіп 
келше жатыр едік ғайыптан құлап қалдым. Ол бала мені ұрған жоқ, 
соққан жоқ. Не себептен алып кетесіңдер?! 


— Мына мешітті қалпына келтіріп жүргендер айтып тұр ғой, апа, 
— дейді тығыншық-тапал майор, мақар бойын ӛсіргісі келгендей, 
ӛкшесін қайта-қайта кӛтеріп. — Сізді ұрайын деп, арматураны ала 
жүгіргенін. Сол себептен тепкілеп байлап тастағанын. Айтып тұр 
ғой аналар. Айқай сала ақырғанын-н-н... 
Кейуана кемсеңдеп, кӛз жасын сорғалатып, жылап қоя береді: 
— Мен де айтып тұрмын, Жұрнақжан тырнағын да тигізген жоқ, 
айқай-ұйқайын да естімедң ғой бәрің. Таниды екен ол. Менің 
баламды таниды, анау ән-күй сабағынан беретін Сағыныш деген 
апайын да таниды екен. Сұраңдаршы қанеки, байлауын шешіп... 
— Шешіп жіберіп, ӛкініп жүрмейміз бе? — дейді мешітті 
қалпына келтірушілердің бірі. — Бой бермей, қашып кетіп, 
масқарамыз шықпасын. 
— Жарайды, шешіңдерші, апай айтып тұр ғой, — дейді мақар 
майор әлдебір шешуші шайқасқа дайындалғандай қомдана 
қомпиып. 
Жынды Жұрнақтың аяқ-қолы шешіледі. Аузы-мұрнының қанын 
сүртіп, анадай жерде жатқан арматура таяққа тұра ұмтылады. 
Майор мырза бастап, қалғандары қостап, бәрі жабылып ұстай 
алысады. 
— Айтпадық па?! Айттық қой! — деседі мешіт жӛндеушілер. 
Бәрің бірдей жабылмай-ақ, екеу-үшеуің ұстасаңдар да жетеді 
ғой,-депті Сағындықовтың анасы жынды Жұрнақтың алдына 
жасқанбай жетіп, жиіркенбей бет-аузын сүртіп. — Айналайын 
жарығым, Жұрнағым, айтшы қане? Осы тұрғандардан кімді 
танисың? 
Жынды Жұрнақ тұманытқан жанарын жұртқа аударып, біраз 
қадала қарайды да: 
— Сағындықов ағайды білем, — дейді, аузының қанын сүртіп. 
— Ол қайсысы, жарығым? — дейді директордың шешесі. — Қай 
жерде тұр? 
— Қара ӛріктің түбінде тұр ғой Сағындықов ағай, — депті 
жынды Жұрнақ. 


Жұрттың бәрі демдерін іштеріне тартып, тыныс ала алмағандай, 
тым-тырыстанған. Тыныштықты тағы да кемпір бұзады: 
— Тағы кімді танисың, Жұрнақжан? — дейді. 
— Сағыныш апайды білем, бірақ ол кісі кӛрінбейді мұнда, — 
дейді Жұрнақ. 
— Басқа ешкімді білмейсің бе? — дейді мақар майор ары-бері 
адымдай маңызданып. 
— Білем, — дейді жынды Жұрнақ. 
— Кімді? —дейді майор. 
— Анау арматураны! — деп жұлқынады сонда жынды Жұрнақ. 
— Тоқта! Неге жұлқынасың сен? — дейді Сағындықов осы 
мезетте әлденені түсінбегендей таңырқап. — Арматураға неге 
ашуландың, Жұрнақ?! 
Сол сәтте жынды Жұрнақ еңірей жылап қоя береді: 
— Ағатай-ай! Ағатай-ай! — дейді егілген жынды Жұрнақ 
етпеттей жығылып, жерді тоқпақтап. — Сағындықов ағай-ай, анау 
арматура таяқты әперіңізші маған-н-н-н... 
— Әперіңдер! — дейді мектеп директоры батыл шешімге белін 
бекем буып. 
— Ойбай, қойыңыз! Желтоқсаншыларды баяғыда мына біз 
сияқтылар да қуғындаған, маған тиісіп жүрмегей! — деп безілдепті 
мақар майор. 
— Қорыққандарың аулақ кетіңдер, — дейді директор. Жынды 
Жұрнақтың жанында шешесі екеуі ғана қалған. Арматураны 
директордың ӛзі әкеп берген. 
Жұрттың кӛбі қашықтау барып тұрған, мешіт жӛндеушілер мүлде 
қашып кеткен. Майор соларға ілескен. 
Жынды Жұрнақ арматура темірдің кесіндісін қос қолдап ұстаған 
күйі: 
— А-а-а-а-а-а! — деп айқай салған даусы батыс тұста басына 
бұлт қонақтаған Қазығұртқа, шығыс жақта Айқұмырсқа аулына 
жеткен. 


— Ал-ма-а-а-а-а! — деп, қыздың есімін қосқан екінші айқайы 
Жер-Ананың жүрегіне дейін жеткен шығар-ау, Сағындықовтың 
анасы жанарынан жас сорғалата: 
— Е-е-е, сорлы балам-ай, Мәскеуден Алматыға іздеп келген
сүйген қызының аты Алма екен деуші еді, ып-ырас екен дә-ә-ә-ә-ә, 
— деген бармағын тістеп. 
Жынды Жұрнақ ешкімге тиіспеген де, ешқандай қауіп те 
тӛндірмеген. Қамшының сабынан айнымайтын, алайда қоңыр 
бұжыр арматура таяқты сол екі айқайлағанында-ақ шеңберлей 
майыстырып, Қамбар ата әулиенің кесенесі тұрған биіктен терең 
жардың түбіне қарата лақтырып кеп жіберген. 
— Бәрі түсінікті болды, бұ Жұрнақ ешкімге тиіспейді, 
қорықпаңдар, жүре берсін, — деген мектеп дпректоры Сағындықов 
ағай. 
Байқадық. Естідік. Кӛрдік. Біразға дейін жынды Жұрнақ Қамбар 
ата кесенесінің маңайынан шықпай, таяқ тастам тұстағы мешітке 
де, мектепке де, балаларға да, тіпті жан баласына жоламай қойған. 
Ӛзімен-ӛзі боп, ӛзіне-ӛзі сӛйлеп: «Сол. Сол. Сол ғой, сол. Сол 
арматура... Менің басыма тиген... Алмаға тиген... А-а-а-а-а... Іштен 
тепті... Іштен тепті... А-а-а-а-а... Алманы... Ішінен тепті... Етпетінен 
жатқызды... Қыздардың бәрін... А-а-а-а-а... Етпетінен... Тұрғызбай 
қойды... А-а-а-а-а... Етпеттеген қыздар-ай... А-а-а-а-а... Шашы 
жұлынған Алматай... А-а-а-а-а... Арматура-а-а-а! — деп жүрді. Деді 
де жүрді. Деуден шаршамады. — Алма-а-а-та-а-ай...» 
Ол жазу біткенді керемет етіп кӛшіріп беретін. Бірте-бірте 
жалқау балалар жазу-сызуды да, есеп-қисапты да жынды Жұрнаққа 
түгел кӛшіртіп алатынға айналды. Ӛздігінен ойлап жаза да алмас, 
есеп те шығармас. Бірақ нендей күрделі нәрсені болсын, қаз-
қалпында кӛркем жазумен кӛшіріп бермекке шын шебер-ақ. 
Суретті де кӛшіріп салудан теңдесі табылмас. Текемет кентінің 
пысықайлары жынды Жұрнаққа небір ғажайып суреттердің 
кӛшірмесін жасатып алып, арзымас тиын-тебендерін беріп: «Бара 
бер, бір сом ғой, бір сом», — десетінге де жеткен. Жұрттың бәрінің 
жаман үйреніп кеткендігі сонша, жынды Жұрнаққа ескі-құсқы 


киімдерінің ӛзін қимасқа айналды. Қайта оған бірдеңе беруге 
намыстанатын болды. 
Қамбар ата кесенесінің сыртында үстіңгі беті бұжыр-бұжыр, 
қалған қабырғалары қожыр-қожыр ақшылтым тас жататын. Оны 
жұрт жынды Жұрнақтың тасы деп атап кетті. Кесенеге 
келетіндерлің кейбіреулері әлгі тастың бұжырларына бірен-саран 
тиын тастайды. Сол тиын-сиындар — жынды Жұрнаққа нәпақа. 
Сол нәпақасын ақтағысы келгендей-ақ ол әлгі ақшылтым тасты 
қашан кӛрсең де айнадай жалтыратып сүртіп отыратын. Бірте-бірте 
уақыт жылжып-сусыған сайын сол тас айрықша жарқырап, 
айналаға сәуле шашып тұратынға айналды. Сорына қарай, тиын-
сиындарды Жұрнақтан тартып алып кететіндер де табылатын. 
Ондайда жынды Жұрнақ мектеп тӛңіректеп, оқушылардың 
жазуларын кӛшіріп, сызуларын сызып беріп, олар дағы жарытпаған 
соң, соңдарынан салпақтап: «Е-е, балдар-е, балдар-е! Бір сом 
беріңдерші, е!» — деп жалынып кетіп бара жатады. 
Айқұмырсқа аулының балалары қоршап алысады: 
— Жынды-жынды, есекке мінді, — деседі. 
— Ойбай, мұның есегі де жоқ қой, ең ақыры, — деседі. — Ӛзі 
есек қой мұның. 
— Үйі де жоқ, — деседі. 
— Қонақбай ағайдың үйін ӛзбектер сатып алған ғой, әйтпесе 
сонда тұруына болатын еді, — деседі қыздар жағы сәл мейірленген 
кейіп кӛрсетіп. 
— Жынды Жұрнақ — ебелек, сен жындыға не керек? — деп 
сұрайды және бір оқушы. 
— Е-е, балдар-е! Е-е, балдар-е! Бір сом беріңдерші-е! — дейді ол. 
— Әй, жынды! — деседі Айқұмырсқа аулының балалары. — 
Мына сӛмкелердің бәрін саған артамыз, ауылға дейін апарасың. Бір 
сомды содан кейін аласың. Мақұл ма? 
— Анадағыдай алдайсыңдар ғой, е-е, балдар-е! — дейді Жұрнақ. 
— Жынды Жұрнақ! Қап-қара тырнақ! — деп мазақтайды 
шолжаңдаған шіркіндер. 


Кейде 
осындай-осындай оспадарсыз оқиғалардың үстінен 
шығасың. Шолжаңбайларды шырқырата қуып, сабап тастағың 
келеді. Мұны аңғарған мұрынбоқтар тырағайлап қашады. 
Қалтаңның түбін қағып, әлденелерді берген боласың Жұрнаққа. 
Жынды дей алмайсың. Дегің келмес. Кесілгір тілің тартынбайды, 
алайда. Кӛке де дей алмайсың. Шіркін-ай, дейсің жанарың ашып. 
Тағдыр-ай, деп жас тығылар тамаққа. Жұрнақ, мынау мүсәпір 
халдегі жынды Жұрнақ сол Жұрнақ па, шынымен?! Сезім 
сорлының сенгісі келмес, сана бейшараның қабылдағысы жоқ. 
Сенесің де, кӛнесің де. Қабылдамай, қайда барарсың?! Жұрнақ 
Қонақбайұлы ма бұл, шынымен?! Бір кездері Мәскеудің ең мықты, 
маңызды оқуын тәмамдап, Текеметке келгелі жатыр екен, бірер 
апта демалып, одан соң Алматыдағы Алма дейтін Қазақ 
университетінде оқитын, қара шашты, ақша маңдай, қызыл шие 
ерінді әдемі қызға үйленіп, әйдік қызметке тұратын кӛрінеді деген 
Жұрнақ кӛке осы ма ?! Иә-иә, тек Текемет кенті мен Айқұмырсқа 
аулы ғана емес, Қазығұрттың тӛңірегі түгелдей, ауданыңыздың 
айналасы тұтастай таңырқай мақтан тұтатын Жұрнақ кӛкеңді кӛріп 
тұрсың. Таңданба. Соқыр болғыр кӛзіңмен.
Ағып түскір жанарыңмен... 
Шырқырайсың жаныңмен. 
Жүрегіңмен жылайсың 
Амалың жоқ. 
Сол жылы сары күзде кеңшардың кеңсесі ӛртенді. Ауданнан ӛрт 
сӛндіргіш қанқызыл қос мәшине бажылдап жетті. Кешігіп келді. 
Кеңсені жалмаған жалын қоймаларды да қоймай бара жатқан еді. 
Екі мәшине екі шеттен ӛкіре тиісіп, ӛрт сӛндіруге кірісіп жатқанда, 
қайдан пайда болғанын кім білсін, Жұрнақтың даусы естілді: 
— А-а-а-а-а-а-а! — деді ол арматура кесіндісін тауып 
алғандағыдай. 
— Алма-а-а-а-а! — деді кеспелтек темір таяқты, алты адамның 
күші жетпес арматураны сақинадай орап алғанындай. — Алма-а-а-
та-а-ай... 


Анталай ұмтылған адамдарға қарамады, жолын кес-кестеген 
кісілерге бой бермеді. ӛрт сӛндіргіш мәшинелердің су атқылаған 
түтіктеріне кезек-кезек атыла секірді, қайта-қайта құшақтай 
күресті, оларды ұстап тұрғандарды олай да қағып құлатты, былай 
да қағып сұлатты. 
Бұл кезде, бірақ, ӛрт сӛндіргіш мәшинелердің мүлде қажеті 
болмай да қалған. Кеңшар кеңсесінің тамтығы түтіндеп, 
қоймалардың қалдығы бықсып қана жатқан. 
Жұрнақтың жағдайы және қиындады. Қиындайтын жӛні жоқ 
еді. Ӛрт сӛндірушілердің екеуін бе, үшеуін бе, олай-былай 
лақтырғанымен, олар жұмсақ жерге домалап қана түсіпті. 
Үстеріндегі арнаулы киімдеріне дейін бүп-бүтін. Сонда-дағы, 
Жұрнаққа жала жауып, тіпті ӛрттің шығуына дейін сол сорлыны 
себепкер еткісі келетіндер табылған. 
Обалы нешік, мектеп директоры Сағындықов ағай ауданға 
шапқылап жүріп, жынды Жұрнақты тағы да жаладан ажыратып, 
бәледен босатып, жындыханаға әкетуден сақтап қалды. Баяғы 
Брежнев алаңында кеспелтек арматура таяқтың да, ӛрт сӛндіргіш 
мәшинелермен қақаған аязда қазақ жастарына суық су шашқан, 
ажал 
атқылаған 
түтіктердің 
де 
қалайынша, 
неліктен 
қолданылғанын, Жұрнақтың ондай-ондайды кӛргенде қалай, неге 
қозатынын Қазығұрттың қой тастарындай қадап-қадап айтып, 
нақпа-нақ, нығыздай дәлелдеген Сағындықов ағайға мың алғыс. 
Ӛрт оқиғасынан кейін жынды Жұрнақ біраз уақыт Текемет 
кентінің орталығындағы ӛзбек Мірнияз-аканың үйін салысып, 
тамағын асырап, ас-ауқатын ажыратып жүрді. Қысқа қарата 
Мірнияз-ака Жұрнаққа қалыңдау қоңыр шапан берді. Сол ӛзбектің 
үйін салысқаны әсер етті ме, жоқ әлде Айқұмырсқа аулына барған 
кезекті бір сапарында туған үйінің орнын кӛргендігінен бе, әйтеуір 
Жұрнақ күн сайын дерлік ұзын, кең қоңыр шапанның етегіне тас 
толтырып алып, қыр асып бара жататын болды. Алғашқыда оның 
бұл қылығына жан баласы жӛндеп назар жықпаған. Кей-кейде ғана 
сұрайтындар табыла қалып: 
— Жұрнақ, тасты қайда тасып жүрсің? — дейтін кӛрінеді. 


— Айқұмырсқаға, — дейді екен ол. 
— Не істемексің онда? 
— Үйімнің орнын таптым ғой, там салам, — дейді екен Жұрнақ. 
Айқұмырсқаға ай тасыды ма тасты, жыл тасыды ма тасты, кім 
білер оны. Ешкім де білмейді. 
Текемет кентінің тӛңірегі, әсіресе Қазығұрт жағы үй-жайдың 
іргесіне қаланар қарақошқыл және сарғыштау тастардан кенде 
емес-ті. Ал, құй иланыңыз, құй иланбаңыз, Айқұмырсқа жақтан 
аттап бассаңыз болды, бір түйір тас табылмас. Тозғындау 
тӛбелердің, ажырық тұтасқан тегістіктердің, жүлге-жүлгеленіп, 
жылға-жылғаланып жататын майда сайлардың табандарына дейін 
тассыз, түйірсіз. 
Сол қыстың соңы да сексен жетінші жылғыдай қақап тұрған. Екі 
күн бойы Қазығұртыңыздың қойнау-қойнауларын суық үнді суыл 
мен уіл кернеп, пәлен жылда бір айналып соғып кететін бӛрі-боран 
ұлыған. Түнге қарата уіл мен суыл саябырсып, сықырлаған аяз бен 
сүйек сырқыратар суық жел алмаса алысқан. 
Үшінші күні Жұрнақ ӛліп қапты деген қаралы хабар бет қарыды. 
Рас екен. 
Ол Айқұмырсқадан кӛшпей қалған жеті-сегіз үйден сәл 
былайырақтағы Тақиятӛбенің тепсеңінде, ӛзі туған үйдің орнында 
шапанының етегінен тас тӛгіп отырған күйінде қатып қапты. 
Қатыпты да қапты. 
Тізерлеп отырып, қолдары сәл бүгілген күйінде... 
Тас тӛгіп отырып... 
Шапанының етегінен. 
Қатқан да қалған... 
Жұрнақ жымиып отыр екен десті. 
Жаман тұмағы жерде жатыр екен десті. 
Тастың жартысы жерде, жартысы етегінде екен десті. 
Мектебіміздің директоры Сағындықов ағай Жұрнақ кӛкені 
жӛнелту мәселесіне айтарлықтай мән берді. Оны шығарып салуға 
Қонақбай ағайды жерлегендегіден әлдеқайда кӛп адам қатысты. 


Жетісі ӛткен соң біраз сыныптастар барып кӛрдік қой. Онша 
қорқа қойған жоқпыз. Жұрнақтың ӛліміне де, ӛмірінің соңында 
кӛрген жан тӛзгісіз қорлықтарына да ӛзімізді кінәлідей сезініп 
жүрдік. Зерттеңкіреп қарасақ, Жұрнақ кӛке тұп-тура туған үйінің 
табалдырығына тізерлеген екен. 
Байқадыңыздар ма, Жұрнақ жынды бола тұра туған табалдырығына 
тізерлеп, кіндік кескен үйіне басын иген тәрізді. 
Ойландыңыздар ма, ол неге Сағындықов ағай мен Сағыныш 
апайымызды ғана есте сақтап қалған? Демек, оның санасында 
сағыныш атты ұғым ӛлмеген. Айнымаған... 
Біз, Айқұмырсқа аулында, Тақиятӛбенің түбінде осындай-
осындай ой түйгенбіз сонда. Жұрнақ жоқ енді. Жынданып кетсе де 
жарық дүние жалғанда оның орны бар екен дә. Дүние-әлемнің бос 
қалғандай сезілетіні неліктен дейсіз, әйтпесе?! Ұрпақ тұтас 
жоғалмаса-дағы, 
неге 
мұқым-мүлде 
жұрнақсыз 
қалғандай 
қоңыраямыз? Жоғалды Жұрнақ кӛке жер бетінен. Бәрімізге де бар-
барша зат, айналамыздағы ғана емес, ұғым-түсінігіміздегі күллі 
нәрсе жалғаусыз, жұрнақсыз, шолтиып қалғандай кӛрінді. 
Қарауыта қоңырайған Қазығұрттың кӛлбеп жататын жоталы 
жоны шорт кесіліп түскендей. 
Бір-бірімізге тіл қатыса алмаймыз. Тілдеріміздің ұшына келіп 
қалатын, айтылмай, кейін қайтатын сӛздеріміз де жұрнақсыз 
сияқты. Үйлеспейтін, үндеспейтін секілді. 
Бір қарасақ, біздің соңымыздан Сағыныш апай да келіп жеткен 
екен. Сағыныш апай сүйектен ӛтер сары аяз буған сайдың 
тепсеңіндегі қар басқан қара тас үйінділеріне ұзақ-ұзақ қарады. 
Жұрнақ кӛке тасыған тас екі-үш мәшинедей, яғни бір үйге толық 
жететіндей екен. «Балалар, — деді Сағыныш апай сонда. — Жоқ, 
сендер бала емессіңдер енді... Есейдіңдер ғой сендер... Бәрін кеш 
түсінетініміз, кешігіп ұғынатынымыз қандай ӛкінішті... Жұрнақты 
есте сақтаңдаршы...» 
Жұрнақ кӛке қатып қалған үй орнының жанында ұзақ тұрдық. 
Қонақбай ағай қайтыс болғандағыдай, мен ауырып жатқандағыдай, 


бір-бірімізді үнсіз ұғысып, үн-түнсіз егіліп-тӛгілеміз. Кӛз жасымыз 
қарға дыбыссыз тамады. 
Кенет аяқтарымыздың астындағы қардың құп-құрғақ шаң 
секілденіп, түк те, титімдей де ерімей, жылтырамай, жалтылдамай 
жатқанын аңғардық. Біздің жылы жақта, Қазығұрт қойнауларында 
құрғақ қар сирек қой. 
Айқұмырсқаның айналасында алашаңдақ ұйытқыды. 
Жұрнақ қатып қалған түні Қамбар ата кесенесі түбіндегі 
айналасына ақ сәуле шашатын ақшылтым тас түп-түгел қарайып 
кетіпті деседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет