Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


-кесте. Салауатты өмір салтының негізгі құрамдастарын жіктеу



бет73/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109
1-кесте. Салауатты өмір салтының негізгі құрамдастарын жіктеу.

Денсаулықты күтумен салауатты өмір салтын сақтау шараларын жіктеу бөлімі

Қауіп-қатерлікті алдын алудың арнайы және жалпы жолдары

Тұтынатын тамақтың саны мен сапасын қатаң бақылау. Тамақтануға деген өз көзқарасынды өзгерту, қажет жағдайда емделу.

Артық салмақ. Тиімсіз тамақтану.

Сауықтыру және ашықтыру диетасын қолдану, сіз үшін ең оңтайлы тамақтануға көшу. Ағзаны мезгілінде тазалау, шлактар мен токсиндерді шығару, паразиттердің шоғырлануынан құтылу.

Қимыл белсенділігін арттыру жүйелі дене жүктемесі. Дене тәрбиесі мен спорт арқылы күнделікті қимыл тапшылығын толтыру.

Гиподинамия

Ағза үшін қолайсыз әсерлерді білу және алдын алу, зиянды әдеттерден, әрекеттерден, өмір салты мен ойдан арылу. Медициналық бақылау, гигиеналық күтіну, аурудың алдын алу.

Зиянды әдеттер

Күйзеліс себептерін талдау және алдын алу, бос уақытты белсенді демалыспен, ойынмен, серуендеумен толықтыру. Өзін-өзі реттеу әдістері, тыныс алу гимнастикасы және т.б.

Күйзелістер

Салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастыру ісі, ең алдымен, осы мақсатты тәлім-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын ұстаздарға зор міндеттер жүктейді. Осы себептен де мұғалімнің денсаулық жағдайының жақсы болуын ескеруіміз керек. Денсаулық – адамның ең ұзақ ғұмыры, бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, қоғамнан өз орнын дұрыс таңдай алатын, еркін ойлау қабілеті қалыптасқан, мәдениетті, іскер жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ең алдымен , ата-анасына, білім нәрімен сусындататын мектепке және қоршаған ортаға тікелей байланысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру күрделі, жүйелі үрдіс. Сондықтан оны жүзеге асыру төмендегідей мәселелерді шешілуін талап етеді:

  • Құқықтық ортамен қамтамасыз ету;

  • Ақпарат рөлін арттыру;

  • Салауаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданбалы зерттеулердің рөлін арттыру.

Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру төмендегідей мүмкіндіктер тудырады:

  1. балалар мен жастар денсаулығын нығайту;

  2. гигиеналық сауаттылықты арттыру;

  3. денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;

  4. салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;

  5. психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;

  6. өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;

  7. оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;

  8. түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан сақтандыру;

  9. ауырсындыратын әуестіктерге- темекі тартуға, алкоголь, есірткі заттарды пайдалануға жиіркенішпен қарауға үйрету [5].

Егер болашақ ұрпақтың денсаулығын ойласақ, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа осындай сана арқылы тәрбиелеген озық ойлы үлгілерді қазіргі кездегі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс. Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау- әр мектептің, әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың парызы деп білуге болады. Салауатты өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Сонымен еліміздің кез-келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді, салауатты болуы маңыздылық танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет