Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет76/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   109
3. Рөлдерді талқылау.Рөлдер таңдалғаннан кейін, студенттер топ ішінде олардың басты ерекшеліктерін айқындап, қандай позиция ұстанып, рөлдерді қалай ойнау керектігін талқылайды.
4. Өз ұстанымын дәйектеу.Топтар өз ұстанымын құрастыру үшін бірнеше беттік баяндама жасайды. Баяндаманы дайындау кезінде студенттер өз әрекеттерін таңдап алған рөлдері бойынша атқарады.
5. Жариялау. Әрбір рөлдік топ берілген тақырып (проблема) бойынша өз позициясын жариялауы керек. Бұл үшін топ атынан спикер берілген уақыт ішінде (5-8 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, оларға топ ұстанымын жеткізеді.
6. Пікірталас.Студенттер өз позицияларын негіздейді, дәлелдейді. Олар мұнда басқалардың пікірімен санасу, бітімгершілікке келу, мағыналы сөздерді демагогиядан ажырата білу секілді дағдыларды меңгереді.
7. Қорытындылау. Оқытушы рөлдік ойынның берілген тақырыпты (проблеманы) қандай деңгейде ашқандығы, бұл жұмыстағы студенттердің кәсіби деңгейі туралы ой қозғап, өзінің де позициясын келтіреді. Студенттер өз ұстанымдары мен рөлдері жайлы, ойынның қандай деңгейде өткендігі туралы пікірлерін алдымен ауызша келтіріп, соңынан жазбаша есеп береді. Егерде олар өзінің қателерін анықтап, оларды түзету үшін қандай білім мен дағды керектігін түсінсе немесе өз әрекеттерінің дұрыстығына көздерін жеткізсе, бұл жәйттер ойынның өз мақсатына жеткендігін меңзейді.
Қорытындылауда басты назарды практика үшін маңызды әрі қолайлы ойын нәтижелерін талдауға аударған дұрыс. Сонымен бірге қорытындылауда бүкіл ойын барысын талдап, оны ой елегінен өткізгенде, келесі әрекеттерді талқылаған орынды:

  • жеке, топтық, топ аралық ойлау әрекеттерінің өзгерістері;

  • тұлға аралық қатынастардың өзгеруі нәтижесінде туындаған ұжымдық пікірлердің қалыптасуы;

  • студенттердің пікірлері мен рөлдерінің өзгеруі, олардың қарым-қатынас динамикасы [1, Б. 212].

Осылайша, рөлдік және іскерік ойындар оқыудың белсенді әдісіне жатады, студенттердің белсенді шығармашылық іс-әрекеттеріне ықпал жасайды, мотивация және эмоционалдықты жетілдіреді. Оқытушы мен студенттердің қарым-қатынасын жақсартады, сыни ойлауды дамытады. Оқу үдерісінде студенттің лекция, семинар сабақарынан және өзіндік жұмыстарынан алған біліктілігін бекіту мақсатында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет