Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет72/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109
Қабекенов Г.У ., Х.Досмұхамедов атындағы МУ доценті, PhDдокторы
Дүкенбаева М.Е ., Педагогика ғылымдарының магистрі


Резюме
В этой статье рассматривается педагогические-психологические особенности в формировании здорового образа жизни у учащихся.
Summary
This article discusses the pedagogical-psychological features in formation of healthy lifestyle among students.

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген улы заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлықтың көп таралуы.
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен [1].
Ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық педагогика құндылықтарымен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылдар Әбунасыр әл-Фараби (870-950) мен Ибн Сина (980-1037), Өтей бойдақ Тілеуқабылұлы, ал 1920-1930 жылдарда Х.Досмұхаметұлы және т.б маңызды ой-пікірлері, қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда. ХХ ғасырда салауаттылыққа баулу мәселелері әртүрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды. Қазақстандық ғалымдар
У.М. Мақанов, А.Мырзабайұлы, Д.Шардарбеков және т.б. еңбектерінде салауаттылық мәселелерінің прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған.
Жалпы, салауаттылық проблемасына 20 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап назар аударылып келеді. Бұл мәселелермен қазіргі таңда көптеген ғылым салалары: психология, педагогика, медицина, валеология, философия, әлеуметтану т.б. салалы ғылымдар айналысуда. Мәселен, психология ғылымы-салауаттылық адамның ішкі жан дүниесінің дұрыс қалыптасуында десе, философия ғылымы-салауаттылық адамның өмір сүру дүниетанымында дейді.
Ал, медицина ғылымы салауаттылық- денсаулықты, тән гигиенасын сақтау, валеология ғылымы - салауаттылық салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтану ғылымы - тұрмысты жақсарту, тәуелсіздікті қалыптастыру деген анықтамалар береді. «Салауаттылық» ұғымын тұңғыш рет ағылшын психологы И.И.Брехман ұсынды. Денсаулықтың негізгі компоненттері:

  • Соматикалық денсаулық- органдардың ағымдағы күйі мен адам организмінің жүйесі.

  • Физикалық денсаулық- органдардың дамуы мен өсу деңгейі.

  • Психикалық денсаулық – жанның ыңғайлы жағдайы.

  • Құлықтық денсаулық- қызметтің мотивациялық және қажетті-ақпараттық сипаттамалар кешені.

Денсаулық физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып 3-ке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Физикалық (соматикалық) денсаулық- ағзаның барлық мүшелері мен жүйелердің өзара үйлесімді және қоршаған ортамен өзгермелі тепе-теңдіктегі жұмысы оның өзін-өзі толық реттеп тұрғандығын айғақтайтын, мүшелер мен жүйелердің барлық қызмет ету көрсеткіштері жас және жыныстық нормаларға сай болатын табиғи күйі.
Әлеуметтік денсаулық- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамзаттың әлемге деген күнделікті қарым-қатынасын білдіреді.
Психикалық денсаулық- адамның денсаулығының негізгі компоненті, рухани жағдайының тұрақтылығы. Ол адамның өзін-өзі бағалау тұрақтылығын бақылау, еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыруы мен оның қоғамдағы қарым-қатынасын қамтамасыз ету шамасы [2].
Психолог И.И.Брехманның айтуынша «Салауаттылық бұл- мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп түсіне білу» деген ұғым.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда түрткі ерекше орын алады. Басқа адамның немесе өзінің іс-әрекетін түсінуде ең алдымен әрекетке тән себептерді іздестіреді., яғни іс-әрекет түрткісі. Бұл ретте мотивтерді екіге бөлуге болады:

  1. Тікелей мотивтер:

  • белсенділікке байланысты қанағаттанушылық сезімге деген қажеттілік;

  • икемділік, шапшаңдылық, тапқырлық, әсемдікке деген қажеттілік;

  • қиын өмірлік және төтенше жағдайларда өзін көрсетуге тырысу.

  1. Жанамалы мотивтер:

  • мықты, дені сау болуға ұмтылу;

  • денелік жаттығулар арқылы өзіңді практикалық өмірге дайындау.

Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы- ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз.
Ақыл-ой – бұл қоршаған әлем мен өзіңді тану қабілеті, болған оқиғалар мен құбылыстарды талдау, өз өміріне негізгі ықпал ететін аса ықтимал оқиғаларды болжау, қойылған міндеттерді шешуге, өз мүдделерін, өмірін және шынайы қоршаған ортаның саулығын қорғауға бағытталған үлгі жасай білу. Парасат жоғары болған сайын оқиғалар дұрыс болжанады. Өзінің өмір сүру жоспары нақтырақ, жүйкесі төзімді, тән саулығының деңгейі жоғары болып келеді.
Тән саулығы- бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыруы және тосын, төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабілеті. Жан және тән саулығы баланың жалпы жеке денсаулығының ажырамас бөлігі болғандықтан ұдайы үйлесімді бірлікте болуға тиіс. Тән саулығы жан саулығына ықпал етеді және рухани бақылау тән саулығын сақтау үшін қажетті шарттарды жасайды [3].
Оқушыда құлықтылық сапаларды қалыптастыру – денсаулықтың іргетасы болып табылады. Ол үшін балада мейірімділік, достық, шыдамдылық, мақсаттылық, батылдық, өмірге деген белсенді қарым-қатынас, қуаныш сезімін, өзін бақытты болуға сезіну, өз күшіне және өмірге сену секілді қасиеттерді дамыту қажет. Егер оқушы үрей мен қорқыныш сезімінен арылып, сенімділікпен өмір сүрсе, жандық үйлесім, жағымды өзіндік талдау сапаларының қалыптасуы пайда болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру- үздіксіз процесс. Салауатты өмір салты- бұл денсаулықты сақтауға, нығайтуға, қалпына келтіруге ыңғайлайтын өмір салты.
Салауатты өмір салтында қазіргі заманғы адам денсаулығына қауіп-қатер тудыратын негізгі факторларды және олардың бастапқы алдын алу шараларын ескеру қажет (1-кесте). Кестеде келтірілген қазіргі заманғы адам денсаулығына қауіп-қатер ықпалдардың теріс әсерлерінің алдын алу шаралары көрсетілген және ол ықпалдарға арнайы және жалпы әсер ету жолдары бойынша топтастырылған. Зерттеудегі әрбір белгіленген салауатты өмір салтын құрайтын бөлшегінің арнайы әсер ететін жолы кестеде қарсы көрсетілген қауіп-қатерді алдын алуға бағытталған негізі бар, бірақ та олар кешенді түрде де әсер етеді. Мысалы: жүйелі реттелген дене жүктемесі гиподинамияның алдын алу мақсатында ғана емес, күйзеліспен, артық салмақпен, зиянды әдеттермен күресу үшін иммунитетті нығайту мен ағзаның климаттық, экологиялық немесе басқа қарқынға бейімделу мүмкіндіктерінің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін маңызды. Ал сауықтыру және ашықтыру диетасын қолдану, ағзаны мезгілінде тазалау, шлактар мен токсиндерді шығару, паразиттердің шоғырлануынан құтылу тек қана артық салмақты түсіру мен тиімсіз тамақтану әдетіне тыйым салуға ғана емес, сонымен қатар, ол зиянды әдеттің бір түрінен құтылу тәсілі, гиподинамиялық, климаттық және экологиялық өзгерістерінен, күйзелістерінен пайда болатын жойқын ықпалдарына қарсы адам ағзасының тұрақтылық бейімділігін нығайтады, денсаулықты қалпына келтіру мен сақтауға көмектеседі, ауру қоздырғыш шоғырларынан құтылуына жол салады [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет