Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры ҚР ҰҒА академигі Пірәлиев С.Ж



бет2/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры ҚР ҰҒА академигі Пірәлиев С.Ж.


Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың сөзі


Құрметті конференция қатысушылары!

Өздеріңізге белгілі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен 2015 жылы Түркіменстанда, «Түркі әлемінің мәдени астанасы» Мервте өткен Түркітілдес елдері Мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесінде Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрінің ұсынысы бойынша 2016-шы жыл – «Жүсіп Баласағұн жылы» болып жарияланды. Атаулы жылдың алғашқы шарасы 2016 жылы Ыстамбұл қаласында Түркия және Қырғызстанның Мәдениет министрліктерінің қолдауымен «Жүсіп Баласағұн жылының» ашылу салтанаты өтті. Көп ұзамай жыл бойы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Түркіменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сынды елдерде Жүсіп Баласағұнның туғанына1000 жыл толуына орай бірнеше іс-шараларды өткіздік.


Сондай-ақ, биылғы жылы түркітілдес мемлекеттер Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан өз Тәуелсіздіктерінің 25 жылдығын тойлап отыр. Осыған орай, ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28-ші наурызда Біріккен Ұлттар ұйымында, 29-шы наурызда Нью-Йорктағы Барух мәдениет орталығында, ал 1-ші сәуірде Вашингтонның Уорнер театрында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық мәдени іс-шаралар өтті. Осы жылдың тамыз айында Англия, Шотландия, Италияда өткен ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттері де, Германияда өткен ТҮРКСОЙ Жастар хорының қойылымдары да түгелдей түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Осы шаралар кезінде де кез-келген мінбеде түркі жұртының ұлы ақыны Жүсіп Баласағұнның мұрасына мән беріп, оның қанатты сөздерінен мысал келтіруге тырыстым. Мәселен, әлемдік саяси қауымдастықтың кіндігі – Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінбесіне шығып, 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұн жылын» бүкіл әлемге жариялағанымда: «oh human, be kind, for kindness does not grow old at all, it is eternal», яғни «уа адамзат, жақсылыққа ұмтыл! ескірмейді ешқашан ізгілігің, жыр болып төгіледі мәңгілікке...»,- деген ұлы бабамыздың сөзінен үзінді келтірген едім.
Жүсіп Баласағұн – рухани мәдениеттің әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғасы, түркі әлемінің ойшылы, әрі сөз зергері. Ғылыми зерттеулерге қарасақ, Жүсіп Баласағұн 1000 жыл бұрын қырғыз елі Тоқмоқ өңірінің оңтүстік жағындағы Бурана ескерткіші орналасқан көне Баласағұн қаласында дүниеге келген. Қазақ ғалымдары қазақ жеріндегі бүгінгі Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Ақтөбе қалашығын да ежелгі Баласағұн деп санайды. Арасы аса алшақ емес бұл екі қаланың қайсысында туса да ұлы ақын, әрі ойшыл бабамыз бүгінгі қазақ пен қырғызға, не ұйғырға ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ мақтаныш, оның еңбектері түгел түркі жұртының ортақ қазынасы деп білем. Ол өзінің атақты «Құтадғу біліг» атты туындысын 54 жасында ежелгі түркі тілінде араб әліппесімен жазып шыққан. Қашқардың билеушісі берген «Ұлы Хас Хаджип» атағы бүкіл шығыс халықтарына тарап, бүгінгі таңда көптеген елдерде ол осы «Жүсіп Хас Хаджип» есімімен белгілі.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны оқырманын рухани кемелдікке бастап, келер ұрпақты адамға және табиғат әлеміне құрмет көрсетуге үндейді. Кәміл адамға лайық көркем мінез, басшыға лайық мемлекеттік заңдар, қарапайым халыққа қажет қоғамдық тәртіп және кез-келген адамның өз-өзі жетелдіруі үшін қажетті құндылықтар егжей-тегжейлі сипатталады. Ұлы ойшылдың пайымы бойынша, адамзаттық ұғым – көркем мінездің шыңы, ғылым болса - дүниетанымның жолы. Сондықтан бұл туынды –бүгінгі күнде де зер салып оқылатын, өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын құнды дүние.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіген сайын түркі дүниесінің мәдениетіне ұланғайыр үлес қосқан Жүсіп Баласағұнның рухани дәрежесінің өсетіндігіне және болашақ ұрпақтың оның қазынасына ие болатынына сенемін.
Бүгінгі конференцияны ұйымдастырып, ұлы тұлғаның рухын асқақтатқан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті ұжымына, университет ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев мырзаға және конференция қонақтарына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы атынан алғыс айтамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет