Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет74/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасы халықтарын сауықтыру бағдарламасы. Алматы. Білім, 1997, Б256
2 Сыздықова Ғ.С. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу- бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде. // Білім. №6, 2007, Б70-73.
3 Брехман И.И. Валеология наука о здоровье. М., 1980. - 120 с.
4 Қаплиева А.Қ. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. Ақтөбе, 2009, Б49-60.
5 Цабыбин С.А. Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе. // Волгоград: Учитель.- 2008.- 172с.
ШЕТЕЛ ТІЛІН МЕҢГЕРТУ БАРЫСЫНДА РӨЛДІК ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


А.Т. Абуова., Ph.D-докторы, доцент м.а.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматық., Қазақстан


Резюме:
Эффективность ролевых и деловых игр при изучении иностранных языков
В этой статье рассматривается методы обучения иностранному языку при помощи ролевых и деловых игр. Ролевые и деловые игры преумножают заинтересованность студентов, при помощи различных ситуативных упражнений студентам открывается более широкая возможность высказать свободно свои мысли на изучаемом языке. В статье даны краткие описания игр, методы развития речи на иностранном языке.
Ключевые слова: методы обучения иностранному языку, ролевые игры, деловые игры, профессионально-педагогическое мышление.
Summary
The effectiveness of role-play and business games in learning foreign language
This article provided by means of role-play and business games through the mastery of the language. Role and business games increase student interest, currently express thoughts in learning foreign language through situations. Professional pedagogical thinking of players is a prerequisite for the game. The purpose of this game is the creation of problematic language situations by means of their solution with different role-play games.

Қазіргі заманауи қоғамның ерекшелігі ондағы орын алатын экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, бұл өз кезегінде педагогикалық мамандарды даярлаудың принциптерін өзгертуге алып келеді. Білім жүйесінде жай ғана білікті оқытушылар ғана емес, сонымен қатар шығармашылыққа бейімі бар кадрлар мен мамандар да қажет. Шығармашылықты дамытатын әдістердің бірі – рөлдікжәне іскерлік ойындар. Рөлдік және іскерікойындар - тиімді интербелсенді әдістердің бірегейлері болып табылады.Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету – танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік және іскерлік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді.


«Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып, әрекеттердің спектакль түрінде көрсетілетіндігін меңзейді. Ал «рөлдік» сөзі әр қатысушының белгілі бір рөл орындайтынын және де бұл рөлдің басқа рөлдердің қатарында болып, олармен тығыз қарым-қатынаста болатындығын білдіреді. Бұл қарым-қатынас өмірде орын алған қарым-қатынастарды қайталайды, сол себепті де рөлдік ойындар қоғамда кең етек алған проблемалар мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат тұтады. Мұнда студенттер пікірталастағыдай өз түсініктері мен көзқарастарынан туындаған позицияларды ұстанбай, өздерін басқалардың орнына қояды. Сонымен қатар өзге тілді меңгеру кезінде сөз жаттау дығдысын қалыптастыруға және шетел тілінде тілін дамытуға бірден-бір таптырмайтын құрал боып табылады.
Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білім, практикалық тәжірибе, өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырады. Рөлдік және іскерлік ойындарда студент өзінің теориялық білімдерін өмірде (практикада) кездесетін ситуациялар мен жағдаяттарда қолданады. Ол мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны мен мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын қарастыру арқылы өзінің шығармашылық (креативтік) деңгейін дамытады [1].
Рөлдік ойындарды жүргізу алдында оқытушының әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын-ала мұқият талдап алуы керек:

  • ойынды өткізудің әдістемесі (ойын шарттары мен ережелері,мақсаттары, кезеңдері, қатысушылар, т.б.);

  • ойынның мүмкін нәтижелерін болжау;

  • ойынның нәтижелерін қорытындылау.

Рөлдік ойында студенттердің тобы бүкіл қоғамның кішірейтілген моделі немесе қоғамдық процестің бір көрінісі ретінде қарастырылып, оларға ойын түрінде қоғамдық қатынастарды (проблемаларды, ситуацияларды, т.б.) қайталау, модельдеу, имитациялау, «ойнап шығу» тапсырмасы беріледі. Сол себепті де рөлдік ойындардың басты тақырыбы – «қоғамды» ойнау, қоғам проблемаларын қарастыру және талқылау болып табылады.
Сонымен қатар, тіл меңгерту барысында көбінесе іскерлік ойындардың да орны бөлек, және оқыту кезінде оның мынадай модификациялары қолданылады:
- имитациялық ойындар (белгілі бір мекеме, ұйым жұмысы, жиналыстар, жоспарлық кеңестер т.б.);
- операциялық ойындар (конкретті операцияларды орындау, тренингтер өткізу, ұйымдастыру жолдары т.б.);
- рөлдік ойындар (конкретті бір рөлді сомдау, образға кіру т.б.). Рөлдік ойындарды өткізу үшін міндетті түрде жағаяттық модель пьесасын ойлап табу қажет.
- іскерлік театр ойыны (бұл ойында студент бар тәжірибесі мен білімін және біліктілігін көрсете алады.);
-психодрама және социодрама іскерлік театрға жақын, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда ортада өзін-өзі ұстауы, басқаларды қабылдауы және жағдайды түсінуі, тіл табысуы сияқты әрекеттерді қамтиды. Бұл ойын болашақ мұғалімдерді, әлеуметтік сала мамандарын, психологтарды даярлауда қолданылады.
Мұндай іскерлік ойындар әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және т.б. ойындардың түрлері байырға мәдениеттен туындаған. Алғашқы ойындардың бірі INTOP деп аталынды. 1963 жылы Чикаго қаласында қолданылды, 1995 жылға дейін 55 елде 160 шақты ЖОО қолданылды. Бұл ойында стратегиялық бағыттағы менеджмент, бизнесті оқытуда қолданылды, ойын барысында студенттер топтарға бөлініп, белгілі бір аймақ таңдайды. Бір-бірімен бәсекелес фирма болып өз өнімдерін сауда айналымында жетекші рөлге ие болуы үшін өз ойларын, идеяларын презентациялайды. Әр топ берілген өнімдері бойынша қаржылық, аналитикалық тұстарын берулері тиіс. Осылайша ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады[4].
Рөлдік және іскерлік ойындарда қатысушылардың топтары әртүрлі қоғамдық топтардың рөлдерін орындап, мәселен: мемлекет, өкімет, парламент, партиялар, бизнес өкілдері немесе субъектілері (компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар, банктар, жинақтаушы қорлар), жалдамалы жұмысшылар немесе әлеуметтік топтар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мемлекеттік бюджет тарапынан қызмет жасаушылар), әлеуметтік сипаттағы келесідей жағдаяттарды «ойнайды»:
- парламентте заң қабылдау немесе заңға өзгертулер енгізу,
-парламентте өкімет әрекеттерін партиялар мен әлеуметтік топтар тұрғысынан талдау және баға беру (мысалы, экономикалық дағдарыстан шығу саясаты),
- парламент немесе өкімет отырысында әлеуметтік топтардың ахуалын қарастыру,
- келісім шарт жасау (мемлекетаралық, мемлекет пен жекеменшік компаниялар, компания мен қызметкерлер арасында),
- қызметкерлерді таңдау (кастинг) және жұмысқа қабылдау,
- компанияның бір жылдық (тоқсандық) жұмысын талдау және бағалау,
- компанияның дағдарыстан шығу жолдарын талқылау,
- компанияның нарыққа шығу мақсатында өз өнімдерін презентациялау,
- компанияның даму мәселелерін талқылау және т.б.[2, 3].
Рөлік және іскерлік ойындар негізінен сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, шетел тілін меңгеру кезінде қолдануға үлкен септігін тигізеді. Ойында ойыншының кәсіби-педагогикалық ойлау образына енуі, ойынның басты талабы болып табылады. Мұндай ойынның мақсаты–проблемалық тілдік жағдаяттарды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық рөлдік жолмен шешудің жүйесі болып табылады. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармен салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып, ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасай отырып, алда болатын өзгерістерді жобалай білуі қажет. Әртүрлі педпгогикалық тілдік жағдаяттарды моделдеу арқылы тіл меңгеруші меңгеріп жатқан тілінде әрбір ойын кәсіби түрде толық жеткізе білуге бағыттайды. Осылайша ойлау қабілеті нәтижесінде ойыншылар педагогикалық образдарға толығымен ене отырып, қандай өзгерістердің болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық үрдіс моделінің біркелкі образы ойында болған әртүрлі жағдаяттар негізінде қалыптасады. Бұл модель жеке тұлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс-әрекетінің шеңберінде ойыншының өзін-өзі ұстай білуі, үйреніп жақан тілінде өз ойын еркін жеткізе білуін және де әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты да қалыптасады. Сонымен қатар, іскерлік ойындардың барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және де басқаларды да танып білу қабілеті де қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жоланда өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен де бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт. Яғни кезінде кеңес үкіметіндегі: «Біріміз үшін бәріміз, бәріміз үшін біріміз!» - деген ұран сияқты, тіл үйренушілер ойын барысында бір-бірін қолдаудау арқылы тілді меңгеруі мақсат етеді. Сонымен қатар, ойының негізгі шартты моделдері ойын арқылы және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер негізінде тілге деген жақындықтарын сезініп, қолданыс аясын кеңейте бастайды.
Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі көзқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез ұғынылады сондай-ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.
-Білім алу үрдісі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:
- ойын барысында: образ арасындағы қарым-қатынас кезеңі;
- қорытындылау кезеңінде: пікірталас кезеңі.
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.
А.А. Вербицкий өзінің еңбегінде іскерлік ойындарды маманның болашақтағы кәсіби жұмысының пәндік жіне әлеуметтік мазмұнын қалыптастырудың мазмұны ретінде қарастырады [5, Б. 145].
Л.В. Ежова іскерлік ойындар арқылы өндірістік мекемелерге мамандар даярлауға арналған ойындарды төмендегідей тотастырады: 1. Уақытқа байланысты: уақыты шектелген, уақыты шектелмеген, уақыты дәл нысаналы (дәл қазір), уақыты өлшенген (тығыз) ойындар. 2. Соңғы нәтижеге байланысты: талапты қатал ойындар (алдын-ала жауабы белгілі және ережесі қатал, мысалы: желілі график ойыны, түрлі викториналық ойындар және т.б.); ашық ойындар (алдын-ала жауабы жоқ және ережесі тұрақсыз). 3. Мақсатқа байланысты: оқуға арналған, бекітілген, ізденіске арналған ойындар. 4. Жүзеге асыру тәсілі бойынша: Лақтыру (көл, монополия т.б.); рөлдік ойындар; топтық дискуссия ойындары; имитациялық ойындар және т.б. Мысалы «Оқыту кеңесі» атты ойында қатысушылар реферат жазады, сосын араларынан төрт ең үдігі таңдалынып алынады. Студенттер өз жұмыстарын рецензенттер алдында қорғап шығады. Соңында рецензенттер шешімдері бойынша ғылыми дәрежені тағайындайды [6, Б. 75].
Сабақ барысында рөлдік ойынды келесідей ұйымдастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет