Использованная литература 1Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 986. 2 О борьбе с коррупцией: Закон Республики Казахстан от 2 июля 1998 г. N 267 3 О государственной службе: Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 года № 453-I 4 О Концепции новой модели государственной службы Республики Казахстан: Указ Президента Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 119. 5 Ванновская О.В. Личностные детерминанты коррупционного поведения // Известия Российского государственного педагогического университета им. А.И. Герцена. – 2009. – № 102. – С. 323–328.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ «ӨЗІН-ӨЗІ» ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Әрінова Б.А., п.ғ.к.,дотцент,Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факултеті, Ғылыми жетекшісі Мүтәліп Ұ.,Педогоика және Әлеуметтік педогогика жіне өзін-өзі тану мамандығы 3курс студенті,Білім беру менджмент кафедрасы Резюме В статье рассматриваются новые методы в обучении предмету "Самопознание" в средней общеобразовательной школе. Заключение: Гуманная педагогика, программа духовно-человеческого образования, методы обучения, самопознание, новые направления в обучении, абсолютные и общечеловеческие ценности. Summary In this article provided new methods of ''Self-recognition'' on the general secondary schools Current, Self-recognation's core defined by manage absolute value of this sugject. Key words: humane pedsgogice,thе programe spiritually moral education,learning methods,self-knowledge,new directions in teaching,eternal universal values. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеологиялық бірлігінде»атты еңбегінде республиканың идиологиялық бірлігі жайында ой толғай отырып, «Аса маңызды идеологиялық міндетіміз-Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу,әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-екендігіне баса назар аударған.Осы тұрғыда бүгінгі Жалпы білім беретін орта мектептерде міндетті пәндердің бірі ретінде оқытылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны айрықша.
Ел басымыздың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік.Ешкімді кемсітпей,ешкімнің тілі мен дінін мұқатпай,барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз.Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз-Ел бірлігі болу керек.Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз»-деп аттап көрсетті . [1]
Қазіргі таңда білім беру жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр.Осы орайда елімізде білім беру жүйесін ізгілендіру,білім берудің үздіксіздігі,білім жүйесін ақпараттандыру,білім беру жүйесінде пән аралық ықпалдастыруды жүзеге асыру істері негізгі бағыттар болып,іске асуда.Жас өскелең ұрпақты тек оқытып қана қою біржақтылыққа алып келуі мүмкін,сондықтан оларға жаңаша дағдылар мен тәрбиелей білуде маңызды. [2,8-9 б]
Ресей педагогы «Еркін тәрбие»теориясының негізін салушылардың бір В.А.Сухомлинский адамның «Өзін-өзі» тануының маңыздылығын философиялық түсінігінде «Өзіңді-өзің бағындыруға,өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен.Құлқың соқпаған бірақ,қажетті істі істеуге өзіңді көндіре біл.Тиістіні тындыру-ерік-қайраттың бірінші қайнар бұлағы» -деп түсіндіреді.
XXI ғасыр жаһандану мен технология дамыған заманда рухани құндылықтардан моралдық құндылықтарды қажетсіну басымырақ байқалады.Қоғам дамып,өзгерген сайын,тәрбиенің де мақсаты өзгеріп отыратыны мәлім.Қазіргі өмірде басты мақсаттың бірі,ғылым негізін меңгерумен қатар жастардың бойына адами құндылықтарды:қайырымдылық,махаббат,қанағат,ізгілік,бақытты бағалайбіліуді талап етеді.Осыған байланысты қазіргі білім беру жүйесінде Жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарлап оқытуды мақсат ететін «Өзін-өзі тану»пәні.
Бұл пәнді 2002 жылданбастап С. А. Назарбаеваның авторлық жетекшілігімен әзірленген «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасының «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығы (ҰҒПБСО) жүзеге асырды.
«Өзін-өзі тану»пәнінің міндеті: еліміздің өркендеуіне үлес қосар жастарға рухани-адамгершілік тұрғыдан бағыт-бағдар беру;
«Өзін-өзі тану»пәнің көздеген мақсаты:
Адамдар арасында өзін белсенді көрсету мен өзін-өзі дамытуға үйрету;[3,29б]
Қазіргі қоғам үшін жылпы орта білім беруде жас ұрпаққа жасалған игілкті істің бірі ретінде ізгілік әлеміндегі жаңа бастама «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы.Бүгінгі таңда бұл бастамаға он бес жылдық тәжірибе жинақталған болып табылады.
Қазіргі білім беруде «Өзін-өзі тану» пәнінің жаңашылықтары мен ерекшеліктері өзкелең ұрпаққа қандай тәрбиелік ықпал ететіндігі өзікті.
Бүгінгі таңда пәнді оқытудың жаңа кезеңі:
«Өзін-өзі» тану пәнін жалпы білім беретін мектептерде,колледждерде оқытудың әдістемесі түбегейлі өзгерді.
Рухани-адамгершілікті білім мазмұнын меңгерту ізгіліктілік педагогикаға негізделінді;
Пән мазмұны жалпыадамзаттық абсалютті мәңгілік құндылықтарға құрылуды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаңа бағытта оқытуда-жалпыадамзаттық руханиқұндылықтарәр бір адамның ішкі әлімінің тереңінде жатқан құпия-құндылықтарын,ізгі амал-әрекеттерге ұмтылдыратын өмірдің идеалды формасы түрінде қарастырылады.
Ғалымдар бұл құндылықтардың ізгілік қасиеттер мен өзінің өзгелерге деген риясыз көңілін сезіндіруіне және сүйіспеншілікпен ұштастыратындығын дәлелдеген.
Пәнді оқытуда рухани-адамгершілік білім мазмұнының негізінде айналатын оқу материалдарының мазмұнын іріктеудің қазіргі кездегі гуманистік бағыты,жалпыадамзаттық мәні,маңыздылық деңгейі және жан-жақтылығымен ерекшеленетін Т.И. Петракова үшке бөліп қарастырған құндылықтар басшылыққа алынған.Оның ұсынған құндылықтар жүйесі төмендегідей үш жіктемеге байланысты қарастырылады: