Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет83/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109
I. Табиғи құндылықтар-бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттелігі құндылықтары: ой,сезім,күш-жігер.
II. Жүре пайда болған құндылықтар-бұл адамның интеллектуалдылық және адамгершліктік тұрғыдан дамуы барысында меңгерілген құндылықтар:әдептілік,сыйластық,сыпайылық,сабырлылық т.б.
III.Абсалюттік құндылықтар - жалпыадамзаттық құндылықтар, уақытқа бағынбайтын,ортменқоғаммен,шектелмейтін,бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар болып табылады. [4]
Бүгінгі таңдағы тұлғаға адамгершіліктік білім берудің өзегі - Абсалюттік құндылықтар деп есептей келе «Өзін-өзі» тану пәнінің басты ерекшелігінің кілті Жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін меңгеруге бағытталғандығында.
«Өзін-өзі тану»пәнінің өзектілігі әр тұлғаның өзінің ешкімге ұқсамайтын тән мен жанындағы ерекшелікті айқындайтын «мен» концепциясының ақиқатын нақтылаудың барысын қарастырып, жеке тұлғаның өзіндік әлемін тануға бағыт көрсетеді.«Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағытының негізгі мазмұнын «адам», «табиғат», «өмір», «әлеумет», «қоғам»және т.б басты құндылықтардың мән-мағынасын жан-жақты ашып көрсететін білім негізін құрайды.Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры:
Ақиқат құндылығы-ителлектуалды аспекті;
Қиянат жасамау құндылығы - рухани аспекті;
Сүйіспеншілік құндылығы-адамгершілік аспекті;
Ішкі тыныштық құндылығы- эмоциялық аспекті;
Дұрыс әрекет құндылығы-физикалық аспекті.
Сондықтан, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Жалпы аталған құндылықтар адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» сабақтарының технологиясы мен жүргізу әдістемесі бар. Онда: сабақтың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі және оның құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі;

  • Тыныштық сәті;

  • Үй тапсырмасын тексеру;

  • Дәйексөз;

  • Әңгімелесу;

  • Шығармашылық жұмыс;

  • Топтық жұмыс; топпен ән айту,

  • Соңғы тыныштық сәт;бойынша пәнді оқыту жүзеге асады.

Қазіргі « Өзін-өзі тану» пәнінде әр сабақты міндетті түрде тыныштық сәтiнен бастайды. Олар тақырыпқа сай дайындалады. Бұл тәсілді пайдалану төмендегі мақсаттарды көздейді:
Оқушылардың әуенге қызығушылығы артып, олар әуенді түсіне бастайды. Тыңдау үшін біз көбіне тәжірибемізде классикалық немесе халық әуендерін қолданамыз. Ал, тыңдау барысында: көзді жұмып, сабырлы қалыпта әуенді тыңдау керектігін түсіндіру қажет. Әуен олардың жүйке жүйесін тыныштанады, денесін босаң күйге келтіреді, ішкі дүниесін үйлесімді етеді. Жалпы сабақта әуен арқылы жағымды күйгекелудіңтиімділігініңмаңызызор.[5]
Оқытудағы бұл өзгерістер қазіргі жаһандану жағдайындағы әлемдік өзгерістер,жаңартуларға және адамзат баласының дамуындағы рухани дағдарыстарға байланысты .«Өзін-өзі тану» пәнінің оқыту әдістемесінің жаңарып,толығуы,адамның құндылықтар жүйсін дұрыс түсініп,өз өмірінде,әр түрлі жағдаяттарда дұрыс пайдалана білумен сипатталады.Осыған орай «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді даму институтының қызыметкерлері «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнын интерактивті тұрғыдан жаңа қырынан қарастыруда.
Қорта айтқанда, «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыру, «Өзін-өзі тану» пәнін жылпы білім беретін мектептерде жаңа бағытта оқытуда басшылыққа алынған абсалюті мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар ізгілік педагогикасыныңөзегі болып табылады.Ақихат,сүйіспеншілік дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды өз ойы мен ісінде бірдей қолданған адам нағыз кемелденген ,рухани бастауға жекен адам деп саналады.Сондықтан әлемді құндылық тұрғысында ұғыну барысында өзін-өзі танудың рөлі шексіз арта түседі.Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның өміірдің мәнін,өзінің өміріндегі орнын түсінуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет