«Мaғaн aйтсаң, мeн oны ұмытып қаламын, көpсeтсең, eсiмдe сaқтaймын, ал өзіме істетсең, үйреніп аламын» дeгeн Кoнфyцийдiң сөзiн нeгiзгe aлa oтыpып, тәжipибeмe өзгepiстep eнгiздім [4].Енді төменде осы технология бойынша өткізілген сабақты ұсынбақпын.
СТО технологиясы бойынша сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «ми шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.
ІІ. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар: INSERT, кубизм.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, семантикалық карта еркін жазу, Sinkuein немесе бес жолды өлең, эссе т.б. стратегиялар қолданылады [5]. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады.
Енді осы бағытта өткізілген сабақ үлгісін қысқаша таныстырып өтейін.
Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті
Cабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға екі ел ақындарының рухани үндестігін түсіндіру, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету
ә) дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру
б) тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Барлық оқушылар:
Шығармаларға эстетикалық талдау үлгілерін жасай алады.
Шығарманың идеяларын қазіргі өмірмен байланыстырады.
Ақынның өзіндік қолтаңбасын таниды.
Кейбір оқушылар:
Ақынның стилін анықтайды.
Ақпарттық материалдарды пайдаланады.
Әдеби шығармалардағы қозғалған мәселелерді талдайды.
Тілдік мақсат:
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер: Абай мен Пушкин, Абай мен Крылов, Абай мен Лермонтов, әдеби терминдер, аудармалар, қазақи баламалар, ой-пікірлер
І. Ұйымдастыру сәті. (Амандасу, түгендеу, кабинет тазалығы)
Сабаққа қызығушылықты ояту. (Сергіту сәті )
Топқа бөлу. Топқа бөлу барысында сабақ тақырыбына байланысты тұлғалардың суреттері алынады. Сол суреттер арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларға осы мәселе бойынша сұрақтар қойылады:
Топқа бөлу барысында кімдердің суреттерін көрдіңіздер?
Неліктен дәл осы суреттер арқылы топқа бөліндік деп ойлайсыздар?
Бұл тұлғалар қай халық әдебиетінің өкілдері?
Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
(Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады).
Үй тапсырмасы: Алдыңғы сабақта алған білімдерін байқау мақсатында интерактивті тақтада сұрақтар беріледі.
Сұрақтар:
Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер?
Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар?
Абайдың өлең өрнегіндегі шығыстық белгілер?
Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер?
Шарты: 1 топ – 1 сұрақ алады, топпен бірлесіп топ көшбасшысы жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» тәсілі.
Жаңа сабақ.
1-тапсырма.
Абай мен орыс әдебиеті арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
Осы байланысты неге негіздер едіңіз?
Мұғалімнің сөзі: Білім қоржынына салынған сұрақтар арқылы Абай мен орыс әдебиеті байланысын топ ішінде зерттеушілік жұмыстарын жүргізу арқылы анықтаймыз. "Әр адам әрқайсысын оқытады" тәсілі арқылы топтық жұмыс.
2-тапсырма. Қорғау. Дәйектеу. Әр топ өздерінің тақырыптары бойынша жаңа тақырыпқа қатысты жасаған постерлерін қорғайды.
Абай және Пушкин
Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы өзара топтық бағалау. Әр топ өздеріне ұнаған топтың постерлеріне смайликтерді апарып жабыстыру арқылы өзара бағалау жүргізеді.
Кері байланыс. «Бағдаршам» тәсілі
Бүгінгі жаңа тақырып бойынша 4 топтың берген ақпараттарынан оқушылар өз түсінгендерін «Бағдаршамның» түсіне стикер жабыстыру арқылы өзін – өзі бағалайды.
Қызыл түс - түсінбедім
Сары түс – әлі сұрақтарым бар
Жасыл түс – маған бәрі түсінікті
Үй тапсырмасы. Эссе жазу.
Тақырып: «Абай аудармаларын оқығаннан кейінгі түйген ойым».
Бұдан кейін оқушылар рефлексия пирамидасын толтырады